Химия факультеті


Сутек.Оттек.Сутек пероксиді



бет3/11
Дата12.04.2022
өлшемі168,5 Kb.
#139051
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МЕТОДИЧКА новый
обнв н, Аралық бақылау 1, УМК РЯ уровень А2 2019г, Лекция 6, 3 апталық, 6 апталық, 563fc7ecb6ff2dfbc33269187491836b Character-practice-sheet WORD , 1. Ðåñåéäåã³ 1917 æûë?û ?àçàí ò??êåð³ñ³ æ?íå îíû? ?àçà?ñòàí?à û?, Бірөлшемді жиымдар есептер
2. Сутек.Оттек.Сутек пероксиді

Сутек алу




Металдың қышқылға әсері

Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, тығын, шыны воронка.


Қажетті реактивтер :мырыш, күкірт қышқылы.


Құрылғыны жинау (33 – сурет). Пробиркаға мырыштың 8 – 10 түйірін салып, 5 мл 20%-ті күкірт қышқылы ерітіндісін құйып, оны ұшы жіңішке түтігі бар тығынмен мықтап жабу. Сутектің тазалығын тексеріп алып, тек содан кейін оны жанған шырағданмен тұтату (оқытушының көзінше). Сутек жалынына суық шыны воронка төңкеру. Не байқалады? Реакция теңдеуін молекулалық және электронды- иондық түрде жазу.


Күркiреуiк газдың консерві банкісіндегi жарылысы

Қажетті құрал-жабдықтар: конснрві банка, шырпы.


Қажетті реактивтер :сутек.


Сутектің консерві банкісіндегі жарылысын демонстрациялау Шағын консерві банкісі түбін (35 - сурет) диаметрі 1 – 1,5 мм болатындай етіп тесіңіз. Сутек көзінен алысырақ банканы үстелге түбін жоғары қаратып қойыңыз, банканың түбі үстелге тығыз жанаспау үшін шырпыны және сутегі көзімен қосылған түтікшені астына салыңыз. Содан соң, банкінің астындағы саңылауды жауып, оны сутегімен толтырыңыз. Газ келтіруші түтікшені алып, ұзын шырпы арқылы банка түбінің саңылауындағы сутекті жағыңыз. Сутек өте әлсіз, елеусіз жалынмен жанады. Сутегінің жануы өзіндік гуілдеумен жүреді және оның үні бірте-бірте жоғарлай түседі. Сутегінің жануымен бірге банкаға төменнен ауа өтеді. Банкада сутектің концентрациясы жоғары болғанда, күшті жарылыс байқалып, банка жоғары секіреді.


Сутек пероксидінің қасиеттері
Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка,

Қажетті реактивтер : чсутек пероксиді, марганец оксиді, H2SO4, CH3COOH6, калий иодиді.


1. Сутек пероксиді құйылған пробиркаға марганец (IV) оксидін салу. Қандай газ бөлінді? Марганец (IV) оксиді қандай роль атқарады? Реакция теңдеулерін жазу.


2. Сутек пероксиді ерітіндісіне бірнеше тамшы қышқылданған (H2SO4 не CH3COOH қосып) калий иодиді ерітіндісін құю. Не байқалады? Ерітіндіні сумен сұйылтып, оған 1 – 2 тамшы крахмал ерітіндісін қосу. Не шықты? Реакция теңдеуін молекулалық және электронды – иондық түрде жазу.
3. Қорғасын тұзы ерітіндісін аммоний сульфидімен әрекеттестіріп, қорғасын сульфиді тұнбасын алу. Декантация әдісімен сумен жуылған тұнбаның аздаған мөлшерін сутек пероксиді ерітіндісімен өңдеу. Тұнбаның түсі неге өзгереді? Реакциялар теңдеуін жазу. Сутек пероксиді осы және жоғарыдағы реакцияларда қандай қасиеттер көрсетеді?
4. Күкірт қышқылы қосылған калий перманганаты ерітіндісіне сутек пероксиді ерітіндісін құю. Не байқалады? Реакция теңдеуін молекулалық және электронды – иондық түрде жазу. Бұл реакция сутек пероксидінің қандай қасиеттеріне нұсқайды?


Оттектің қасиеттері

Қажетті құрал-жабдықтар: пробирка, қасық, болат сымы.


Қажетті реактивтер :күкірт, ағаш көмірі.


1. Қасыққа бұршақтың үлкендігіндей күкірт салып, жанарғы жалынымен жағу (тартпа шкаф астында). Жанып жатқан күкірттің түсі мен мөлшеріне назар аудару. Жанған күкіртті оттек 142 бар ыдысқа енгізу. Күкірттің жануында қандай өзгеріс байқалады?


2. Қасыққа кішкене ағаш көмірін салып, қыздырып, оттек бар ыдысқа енгізу. Көмірдің оттекте жану қарқыны қалай өзгереді?
3. Болат сымын шиыршықтап қасықтың шетіне бекіту. Сымға қабық тығынын өткізу. Тығынды жағып, сымды тез оттек бар ыдысқа енгізу. Не шығады? Реакция теңдеуін молекулалық және электрондық түрде жазу. Жасалған тәжірибелер негізінде оттектің қасиеттері туралы қандай қорытынды жасауға болады? Заттар жану қарқынына оттекті ауамен ауыстыру қалай әсер етеді? Ол немен түсіндіріледі? Оттектің балқу және қайнау температуралары неге төмен?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет