Үштілділік –білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі факторларының бірі Сартбайқызы Ақсәуле



Дата04.01.2022
өлшемі62,41 Kb.
#109512
Байланысты:
ғылыми конференцияға
қауіпсіздік ережелері Дзюдо, 8 сынып презентация 3 тоқсан 5 сабақ, 8 сынып презентация 3 тоқсан 5 сабақ, 8 сынып презентация 3 тоқсан 5 сабақ, 8 сынып презентация 3 тоқсан 5 сабақ, ғылыми конференцияға, ғылыми конференцияға, Рубежка 1, Рубежка 1, Рубежка 1, тарих 109, тарих 109

Үштілділік –білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі факторларының бірі

Сартбайқызы Ақсәуле

Жүзімдік жалпы орта мектебі МКМ-сі

Эл.пошта:Sartbaikyzy.1982SA@mail.ru

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті бір жолдауында: «Әр қазақстандық өмір бойы білім алуды өзінің жеке кредосына айналдыру керек деген» .Олай болса күннен-күнге прогресшіл дамып келе жатқан біздің ғасырда адамзаттың барлық дүниеге қолжетімділігі орынды. Халыққа білім беру ісін дамытуда педагогикалық фактордың да әсері бар. Дамыған мемлекеттер сияқты Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орын иеленуге өзінің үлесін қосады.Білім берудің ең негізгі мәселесі - жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және рухани, күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау, жеке адамның және эстетикалық тәрбиесін дамыту.Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай қоғамдық салалардың барлығын ақпараттандыру, оқу үдерісін қарқындандыру негізгі жалпы білімді жаңғырту. Мұндай таудай биік мақсаттардың орындалуында тілдердің үштұғырлылығының берері мол. Қай заманда, қай кезеңде болмасын барлық нәрсе белгілі бір қажеттіліктен туындайды. Адамды адаммен теңестіретін білім болса, сол білімді саналы, сапалы түрде өмірде жүйелі қолдану, жан-жақты ізденісті қажет етеді. Осы орайда қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті тұлға дайындау екендігін ескеріп, мектептерде пәндерді кіріктіре оқыту,оның ішінде жаҺандық даму талаптарына сай, әртүрлі білім салаларында нақты қолданыстағы тіл -ағылшын тілін кіріктіре оқыту қажеттілігінің туындағанын айтқым келеді.

Елбасымыздың «Білімнің салтанат құруы» жаңғыруында да болашаққа жол бастайтын бірнеше басымдықтары ішінде, қоғамның тұтастығы және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртуда үш тілде білім беру маңыздылығы өзекті екендігі айтылған. (1) «Терең білім - тәуелсіздік тірегі» деген Н.Ә.Назарбаев « Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаhандану алдында ұлт ретінде жойылып кептеуі үшін ұлттық мүддені сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ел болуымызға маңызы өте жоғары деп білемін. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу- біздің қанымызда бар қасиет» делінген. Мұның астарында кез келген мемлекетпен иық тірестірер күш қайратымыз білімде екендігі жатыр. «Қазақстан әлемде жоғары білімді, халқы үш тілді де: қазақ тілін- мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін- ұлтаралық қатынас тілі ретінде және ағылшын –жаhандық экономикаға нәтижелі өтудің көмекші тілі ретінде еркін меңгерген ел болып танылу керек». Тілдердің үш тұғырлылығы туралы идея бұрынырақ туындап айтылғанмен, араға бірнеше уақыт салып, нақты басымдыққа ие болып міндеттелді.

Кіріктіріп оқыту дегенде ең алдымен сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды қарастыру маңызды екені ескеріледі. Тіл мен пәнді пәнаралық байланысты жүзеге асырып оқыту танымдық міндеттерді, ұсыныстар жасауды, оқушының шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көп жағдай жасалады. Жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқытуконтексінде Қазақстандағы ең маңызды тіл-ағылшын тілі болып саналады, сондықтан да кіріктіріп оқытудың негізін ағылшын тілі сабақтары алады.Ағылшын тілін оқыту үрдісіне кіріктіруді енгізу- ең алдымен, оқушының сабақ үстінде дамуы мен оның психологиялық жағдайын ескере отырып, оқытуды нығайту мүмкіншіліктеріне бағытталған. (2)

Жалпы сабақтарды кіріктіре отырып өткізуде ұтарымыз көп.Білім беру мазмұнын жаңарту негіздерінің бірі, үштілді білім беруде заманауи CLIL әдісін белсенді қолдану тиімділігі жоғары. Мақсаты пәнді оқыту арқылы тілді оқыту, тілді оқыту арқылы пәнді оқыту. Бұл әдіс арқылы оқушы екі пәннен білім алады. Нәтижесінде жоспарланған сабақтың барлық кезеңдерінде ағылшын тілін қолданады. Мен өзім дәріс беретін физика пәнін меңгертуде 7,8,9 сынып жоспарына сәйкес кейбір сабақтардың қысқамерзімді жоспарына ағылшын тілін кіріктіре өткізіп жүрмін. Атап айтар болсам, 7 сыныптағы «Серпімділік күші, Гук заңы» тақырыбындағы сабақ барысындағы негізгі ұғымдармен шамаларды, кесте түрінде ұсыну оқушылардың тілдік айтылым сауаттылығын пәнмен қоса меңгеруге мүмкіндік берсе, Гук заңы, деформация, серпімділік күші, пластикалық, қатаңдық, динамометр ұғымдарымен танысады . Қолданылуы туралы танымдық дағдылары қалыптасады.


Ағылшынша

Орысша

қазақша

The resilient force

Сила упругости

серпімділік күші

plastic

Пластический

пластикалық,

Hookes law

Закон Гука

Гук заңы

Сонымен қатар берілген суреттерге қарап сабақтағы маңызды мәліметтердің кейбірін ағылшынша әңгімелеуге тырысады. Бірі-бірінің білімін толықтырады. Осы кезде «Bilimand» порталынан осы сабаққа байланысты аудио және видео ресурстар қосып тыңдатуға болады. Оқушы тыңдалым бойынша өз білімін тексере алады.



8 сыныптағы «Жарық,жарық көздері» тақырыбындағы сабақта ұйымдастыру, сабақтың басы кезеңінде оқушыларға 5 ағылшын тілінде жазылған бүгінгі тақырыпқа байланысты мақал –мәтелдер ұсындым. Мақсатым оқушылар мақалды қазақшаға аударып, жарыққа байланысты сөзді тауып, тілдік мақсат бойынша сөздік қорларын мол ету. «Go home with light» - «Отаны бардың оты жарық»

«Day of education lighting» - «Білімдіге дүние жарық» Әрине оқушылар бірден білмеуі мүмкін, дегенмен әр сабақ барысында жиірек қолданып отырсақ, әрі мақал-мәтелді ағылшын тілінде жаттау дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар сабақ барысында АКТ қолданып, тірек сызбадағы жарық көздерінің ағылшынша аудармасын жасап терминологиямен танысады. Не себепті мұндай түрлері бар екенін ағылшынша медианысаннан көреді. Бірнеше әдіс тәсілдерді жүйелі қолданып, пәнді меңгертуде кіріктіре оқыту тиімділігінің жоғары екендігі даусыз.

Қай халық болмасын келешегін ең алдымен өз ұрпағымен байланыстырады. Осы орайда қаншама ойға орамды, жүйелі тауып айтылған өсиет сөздер еске түседі. Оған дәләл Шәкәрім атамыз мына бір сөзінде: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады,олар барлығынан үстем болатын адал еңбек,мінсіз ақыл,таза жүрек. Мұның барлығына адамның алған білімі басшылық жасайды. Біз айтқан үш тілде білім беріп кіріктіре оқыту,әр бала бойындағы дарындылықпен өзіндік қабілеттерін дамыта отырып оқытуды жүзеге асыруға, еңбектенуге үйретеді. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді, білімнің сапасын арттырады. Баланың білсем, көрсем, үйренсем деген талап тілегін қанағаттандыру ұстаздан үлкен еңбекті талап етеді. Олай болса, ұлттың болашағы- өскелең ұрпақты жан-жақты дамыту үшін аянбай еңбек етуге, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» «Ұлт жоспарының 79-қадамын және «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын» іске асыру шеңберінде үштілді меңгеріп атсалысуға барлық әріптестерімді шақырғым келеді.

Пайданылған әдебиеттер тізімі:

1.Аталар сөзі газеті, №7 14 сәуір, 2018

2. Білім шыңы журналы, №3 наурыз 2018



3. МАН көшбасшылық

4.Интернет ресурстары (Білімланд порталынан аудио, видое жазбалар)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет