Химиялық ыдыстардың жіктелуі? Арнайы ыдыстарға сипаттама беріп және қолданылу ретін түсіндіріңіз? Химиялық ыдыстармен жұмыс істеу ережесі? Өлшеуіш ыдыстарға сипаттама? Бөлгіш және тамшылаушы сузгіштер не үшін қолданады? Мүздатқыштар не үшін қолданады? Эксикатордың қақпағын қайтып дұрыс жауып, ашады? Кипа аппартапен қайтып жұмыс істейді? Оны не үшін пайдаланады? Ыдыстарды жүғанда қандай әдістерді қолданады
Зертханада қолданылатын ыдыстар негізінен:
а) жалпы қолданылатын ыдыстар; б) арнайы қолданылатын ыдыстар; в) өлшегіш ыдыстар; г) фарфор және отқа төзімді ыдыстар болып бөлінеді.
Арнайы қолданылатын ыдыстар: дистилляцияғақолданылатын колбалар;аллонждар – ілмекті түтіктер (суытқышты сұйықтықты қабылдағышпен қосады); дефлегматорлар (фракционды айдауда қолданылады); Кипп аппараты(газдар алу үшін қолданылады); Кьельдаль қондырғысы (азотты анықтау үшін қолданылады); Тищенко шынысы; пикнометрлер; ареометрлер; дөңгелек түпті колбалар; арнайы суытқыштар; заттардың қайнау және балқу температураларын анықтайтын құралдар; эксикаторлар (баяу суыту үшін және ауадан ылғалды, газдарды жұтып алатын заттарды сақтау үшін қолданылады).
Кьельдаль колбасы.
Кьельдаль колбасы алмұрт тәрізді, ұзын мойынды, оларды негізінен азотты анықтау үшін қолданады. Кьельдаль колбасын қиын балқитын, термотұрақты шыныдан (пирекс) жасайды.
Сұйықтарды айдау үшін арнайы колбалар (Вюрца колбалары, Кляйзен колбасы, Арбузов колбасы) қолданылады.
Вюрца колбасы 50мл-ден 1-2л көлемге дейін болады. Жұмыс орындағанда резеңке пробкаға термометрді отырғызып, колбаның мойын жағына (аузына) орналастырады, термометрдің ұшы бүйрегіндегі трубканың тесігіне дәл келіп тұруы керек. Бүйрегіндегі трубкаға пробканы отырғызғанда трубка ұшы суытқышқа қосылған жерінде 4-5 см шығып тұруы керек
Клайзен колбасы Вюрц колбасынан айырмашылығы оның 2 мойны болады, оны көбінесе органикалық қосылыстарды айдау үшін қолданады
Аллонждар – шыныдан жасалған иілген трубкалар, оларды айдау процесі кезінде суытқышты айдалған сұйықтықты қабылдайтын ыдыспен қосу үшін қолданады. Аллонждың кең жағына пробка арқылы суытқыш жалғағанда суытқыш ұшы (форштос) 3-4см шығып тұруы керек, яғни суытқыш аллонж ішіне 3-4см кіріп тұрады. Аллонждың жіңішке ұшын сұйықтықты қабылдайтын ыдысқа түсіреді
Пикнометр - грек тілінен «тығыздық, өлшеймін» деген сөз, физика-химиялық құралғы, шыны ыдыс, қатты, газтәріздес және сұйық заттардың тығыздығын өлшеуге қолданылады. 1859 жылы Дмитрий Иванович Менделеев ойлап тапқан.
Заттың тығыздығын анықтау үшін пикнометрді белгісіне дейін (негізінен сұйық заттарды) затпен толтырып, массасын анықтауға негізделген. Қатты заттың тығыздығын анықтау үшін қатты затты пикнометрдегі сұйықтыққа батырып, анықтайды. Газ тәрізді заттардың тығыздығын арнайы жасалған пикнометрлерде (шар тәріздес т.б.) анықтайды.
Тығыздықты пикнометр арқылы анықтаудың негізгі жетістіктері:
өлшеудің жоғарғы дәлдігі (10−5 г/см³ дейін);
заттардың аз мөлшерін қолдану мүмкіндігі (0,5 - 100 см³);
пикнометрдегі сұйықтықтың аз көлемі оның ұшып кетпеуін және ауадан ылғал жұтпауын қамтамасыз етеді; термостатта ұстау операциясы мен өлшеу операциясының бөлек жүрілуі
Ареометр - сұйықтықтың меншікті салмағын немесе тығыздығын тез арада анықтауға арналған құралғы. Заттың меншікті салмағы арқылы оның ерітіндідегі пайыздық мөлшері анықталады
Ареометр - шыны түтік, өзіндік ерекше пішіні бар, түбі кішкене металл кесектерімен ауырлатылған шыны құтыдан тұрады. Құтының жоғары жағы тығыздықтың градуриленген шкаласы орналасқан жіңішке түтікше пішінді өзекке жалғасады. Ареометр сұйық ішінде тік қалқып жүзе алады.
Судан ауыр не судан жеңіл сұйықтықтардың тығыздығын өлшеуге байланысты ареометрлер және олардың шкалалары әр түрлі болады. Шкалалар ерітіндінің тығыздығын немесе градус бойынша күшін көрсетеді.
Ерітіндінің тығыздығын анықтау үшін ерітіндіні цилиндрге құйып, ареометрді ақырындап батырады, ареометр цилиндр ортасында тұруы керек, оның қабырғаларымен жанаспау керек (23-сурет).
Ареометрлерді қолданғанда мына ережелерді сақтау керек:
оны сұйықтыққа батырмай тұрып, жақсылап жуады да, құрғақ, таза сүлгімен сүртеді;
тығыздығы өлшенетін сұйықтықты алдымен жақсылап араластырады;
жұмыс біткен соң, ареометрді сумен жуып, сүртіп, футлярына (қабына) салып қою керек
зертханалық ыдыстар дәл градуирленген, сондықтан оларды қыздыруға болмайды.
Өлшегіш ыдыстар да барлық химиялық зертханалық ыдыстар сияқты көлемдері, диаметрі және пішіндері бойынша ажыратылады. Оларға: пипеткалар – сұйықтықтарды (0,1-100мл) және газдарды (100мл жоғары) алу үшін; бюреткалар (1-100мл) – титрлеу үшін және дәл көлемді өлшеу үшін (микробюреткалар, көлем өлшейтін, салмақ өлшейтін, поршенді және газды бюреткалар болады); өлшегіш колбалар (10-2000мл) – сұйықтардың көлемін өлшеуге және сұйық заттардың белгілі көлемін сақтау үшін; өлшегіш мензуркалар мен цилиндрлер (градуирленген, бірақ дәлдігі төмен) жатады.