А жалпы қолданылатын ыдыстар; б арнайы қолданылатын ыдыстар


Химиялық зертханалық ыдыстарды жуу



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі27,22 Kb.
#93235
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Химия2
химия 6, Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары
Химиялық зертханалық ыдыстарды жуу
Химияда ыдыстың тазалығы өте маңызды болып табылады.Сондықтан химиялық лабораторияда ыдысты жууға көп көңіл бөлінеді. Бұл аналитикалық жұмыс техникасының өте маңызды бөлімі. Егерде ыдыстың ішінде ешқандай тамшы және кір байқалмаса, ыдысты абсолютті түрде таза деп атауға болады. Ыдыс жуу ерекше дағдыны талап етеді. Ыдыстарды жұмыс жүргізіп болғаннан соң бірден жуу керек. Ыдысты жуу механикалық, физикалық және химиялық болып бөлінеді. Алғашқы екі тәсілде кірді щетка және ертіндімен жуады. Химиялық әдістер ластанған заттармен реакцияласып, оларды ерітіп сумен оңай жуылатын жағдайға келтіреді. Ыдыстарды жуу және кептіру Ыдысты алдымен су құбырындағы сумен, содан соң ыстық сумен жуады. Сумен кетпейтін дақтарды арнайы ершикпен немесе астыңғы жағына резеңке кигізілген шыны таяқшалармен жуады. Егерде дақ ершикпен кетпесе, ыдысты 10­15%­тік сода ерітіндісі, сабын ерітіндісі және жуғыш ұнтақтармен жуады. Кейін ыдысты сумен жақсылап жуып, ең соңында дистильденген сумен шаады. Егер ыдыс суда ерімейтін органикалық заттар және шайырмен ластанған болса, кірді кетіру үшін органикалық еріткіштер (спирт, эфир, бензин, бензол, дихлорэтан, т.б.) пайдалану қажет. Осы аталған әдістермен ыдыс жақсы жуылмаса, ішкі қабырғаларында тамшылар қалса, оны хром қоспасы деп аталатын затпен жуады. Хром қоспасын дайындау үшін фарфор стаканға 10 см3 су құйып 5,6г калий бихроматын К2Сг207 ерітіндісін алынған ерітіндіге абайлап 100 см3 концентрлі күкірт қышқылын құяды. Ыдыстың ластанған бөлігіне дейін хром қоспасын құйып, оны біраз уақыт (5 минут) қойып қояды. Содан соң хром қоспасын қайтадан склянкаға құяды. Оны түсі өзгеріп, жасыл болғанша бірнеше рет қолдануға болады. Хром қоспасының орнына 0,1 М тең көлемдегі КМnО4 ерітіндісімен концентрлі күкірт қышқылы қоспасы, сондай­ақ КMnО4 сілтілік ерітіндісі мен NаОН және КОН спирттік ерітінділерінің қоспасын пайдалануға болады. Тұз (немесе сірке қышқылы) ерітіндісімен 3,6%­тік сутек пероксидінің қышқылданған қоспасын қолдануға да болады. Ыдыстарды жуу кезінде келесі негізгі ережелерді сақтау керек: 1. Ыдысты пайдаланылып болғаннан соң тез жуу; 2. Жуу әдісін тандау кезінде ластану құрамымен санасу керек; 3. Ыдыс жууды неғұрлым жай және тиімді әдіспен бастау; 4. Ыдыс жуу кезінде міндетті түрде резеңке қолғаптар кию керек; 5. Дәл анықтаулар жүргізуге арналған ыдыстарды жуып болғаннан соң бірнеше рет дистильденген сумен шаю керек. Ыдысты ауада кептіру үшін арнайы қиғаш тақтай қолдану ыңғайлы. Кептіруді тездету үшін 100­120° С температурадағы кептіргіш шкафтар қолданылады. Лабораториялық шынымен жұмыс істеу Лабораториялык құрылғыларды жинау және приборларды бір­бірімен байланыстыру үшін шыны түтікшелер қолданылады. Шыны түтікше және таяқша кесу үшін кесілетін жерді сумен сулап, пышақпен немесе егеумен сызып жасайды. Кейін түтікшені екі қолмен ұстап майыстыру керек, осы кезде түтіктің сызат түскен жері әдетте сынады. Түтікшені бүгу үшін сол бүгілген жерді үзбей айналдырып отырып қыздырады. Шыны жұмсарған кезде түтікшені жалыннан суырып алып, тез суымай тұрғанда қажетті бұрыш жасап бүгеді. Тығындар және олармен жұмыс істеу Заттарды буланудан және ластанудан қорғау үшін көптеген ыдыстарды шыны, резеңке және қабыршақты тығындармен жабады. Шыны тығындарды мұқият қарау керек болған заттарды жабуға арналған. Әрбір шыны тығын өзіне сәйкес шлифке кигізіледі, сондықтан шыны тығындарды шатастыруға болмайды. ыдыстардың герметизациясы үшін кедір­бұдыры жоқ жұмсақ тығындар тандау ұсынылады. Қабыршақты тығындар құралды жинау үшін қолданылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет