А жалпы қолданылатын ыдыстар; б арнайы қолданылатын ыдыстар



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі27,22 Kb.
#93235
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Химия2

Химиялық воронкалар сұйықтықты фильтрлеу үшін бір ыдыстан екіншісіне құюға түтіктер. пайдаланылады. Химиялық стакандар әр түрлі сыйымдылықта /50,100,200,250,500 және І000 см3, кейде 2000см3/ тұмсығы бар, кейде жоқ болатын жұқа шынылы цилиндр. Бөлгіш воронкалар араласпайтын сұйықтықтарды бір­бірінен бөлетін, көбіне органикалық заттарға қолданылатын цилиндрлі және конусты формада болатын ыдыстар. Түбі тегіс колбалар ерітінділерді дайындауға және сақтауға қолданылады. Олар мойыны шлифтен жасалынған болады. Жуғыш дистилденген су құйылатын, аузы тығындалған, екі түтікпен жабдықталған колба. Түтіктің біреуі колбаны түбіне тиіп тұрады, ал басқасы — бұрыш жасап майысады. Екінші түтік колбаның ішіне 3­5см­дей кіріп тұрады ал түтіктің сыртқы бөлігі сүйір бұрыш жасап майысуы керек. Конусты колбалар — сыйымдылығы 1см 3 — тан 2дм З­ге дейінгі аузы тығындалған немесе тығынсыз болып келетін ерітінділерді титрлеуге арналған ыдыстар. Бунзен колбасы —жоғарғы жағы вакуум насоспен жалғасқан,төменгі қысымда фильтрлеуге арналған қалың шыныдан жасалынған конусты колбалар. Кристаллизаторлар — жұқа немесе қалың шыныдан жасалынған әртүрлі сыйымдылықта және диаметрде болатын жалпақ цилиндрлі ыдыстар. Бұл ыдыстарда заттарды кристалдауы және булайды.
Мұздатқыштар — қайнаған немесе қыздырылған әртүрлі заттарды салқындатуға арналған приборлар. Мұздатқыш 2 бөлімнен тұрады , әртүрлі формадағы салқыңдатқыш түтіктен (форлитос) және буды салқындатуға су жіберілетін көйлектен (муфта) тұрады. Олар түзу және қайтымды болады. Шыны аяқ табақ, бюкс және тубусты склянкалар. Шыны аяқтабақтар химиялық жұмыс жүргізуде кеңінен қолданылады. Шыны аяқтабақтардың келесі түрлері дайындалады; кристаллизацияланған, кристалданған, түбі тегіс, сфералық, ұзын қақпақты биологиялық (Кох шыны аяғы) т.б. шыны аяқтар. Бюкстер — заттарды өлшеуге және сақтауға арналған, қақпақпен тығындалған ұзын және қысқа стакандар. Тубусты склянкалар — ерітінділері сақтауға қолданылады. Склянкалар ағызғышы бар резеңке тығынды тубустан және ағызғыш конустан және резеңке тығынды тубустан құралады.
Эксикаторлар - ылғал тез жұтатын заттарды сақтауға және оларды кептіру үшін қолданылады. Ол үшін эксикатордың төменгі жағына су тартқыш заттарды: СаСI2 (сусыз); H2SO(конц), Р2ОсаладыОсы су тартқыш заттардың үстіне фарфордан жасалған арнайы тесіктері бар қондырғы салады (қояды), оның үстіне заттары бар бюкстерді , тигельдерді қояды.
Егер эксикаторға ыстық тигельдер қойылса, эксикатор ішіндегі ауа қызып, эксикатор ішінде аздаған вакуум пайда болады. Сол кезде эксикатор қақпағын жоғары көтеріп ашпайды, жанына қарай ығыстырып ашу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет