Химиялық ыдыс



Дата13.02.2022
өлшемі16,3 Kb.
#131639
Байланысты:
Химиялық ыдыс


Химиялық ыдыс — химиялық лабораторияларда тәжірибе жасауға керектішыныкварцкәрленплатина, т.б. материалдардан жасалатын бұйымдар. Химиялық ыдыс түрлі реагенттер әсеріне, температураның ауытқуына төзімді, оңай жуылатын болуы керек. Сондықтан химиялық ыдыстар шынының арнайы сорттарынан жасалынады. Химиялық шыны ыдыстар өлшеуіш, жалпы және арнайы белгіленген ыдыстар болып бөлінеді.
Өлшеуіш химиялық ыдысты қыздыруға болмайды, ол сыйымдылығы, диаметрі, түрі жағынан әр түрлі болады, сұйықтар (0,1 — 100 мл) мен газдарды (100 мл және одан да артық) бөлетін — тамшуыр, титрлеуде, көлемді дәл өлшеуде өлшеуір (микробюретка, көлемдік, салмақтық, поршеньді, газ бюреткалары), өлшейтін және белгілі көлемдегі сұйықтарды сақтайтын — өлшеуіш колбалар (10 — 2000 мл), өлшеуіш мензуркалар, цилиндрлер, жалпы қолданылатын химиялық ыдыс — сынауық (5 — 25 мл), стакан (5 — 1000 мл), колбалар (10 — 1000 мл), реторта (3 л-ге дейін), жай және бөлгіш құйғы, суытқыш, кристалл түзгіш шөлмектер, т.б.
Жеке тәжірибелерге арнайы белгіленген химиялық ыдыс: дистилляцияға арналған — колбалараллонж — иілген түтікшелер, дефлегматорэксикаторКипп аппараты, тамшылатқыш таяқша, Тищенко сауыты, әр түрлі түтікшелер, т.б. шыны ыдыстар қолданылады, кварцтан жасалынған ыдыс таза заттар алуда, сондай-ақ, 1200C-қа дейін қыздыруға қажет. Платина ыдысы негізінен фторлы сутек қышқылымен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Алтын мен күмістен жасалынған тигель әр түрлі заттарды сілтімен қосып 1200 — 3000C температураға дейін қыздыру үшін отқа берік материалдардан (алунд, корунд, т.б.) жасалған тигель қолданылады. Химиялық өте тұрақты полимер материалдардан полиэтилен, фторпласт, т.б. ыдыстар дайындалады. Мұндай ыдыстар химиялық активті қосылыстармен (мысалы, балқытқыш қышқыл) жұмыс жасағанда қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет