Сабақтың тақырыбы:№20 Коллаж құру, әсерлерді пайдалану.
|
Мұғалімнің аты-жөні: Джурабаев Х.
Күні: 04.02.2017
|
СЫНЫП: 11 ҚГБ А, Б
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспаған оқушылар саны:
|
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
|
Коллаж, әсерлерді пайдалану
|
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну):
|
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасында коллаж, әсерлерді
пайдалану туралы түсіндіру;
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау, безендіру және зейіндік қабілеттерін
дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.
|
3 деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу
|
Тілдік мақсат:
|
Таржимаи калимахои нав ба ёри google переводчик
|
Ресурстар:
|
Е.А. Вьюшкова Информатика 11 ҚГБ
|
Пәнаралық байланыс:
|
Расм, сызу.
|
Алдыңғы оқу:
|
№ 19 Фотосуретті өндеу. Басып шығаруға дайындау
|
САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт
|
Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер
|
Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
|
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3 минут
|
Психологиялқ ахуал қалыптастыру.
Сыныпмен сәлемдасу.
Сыныпты ұйымдастыру.
|
|
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
Өңдеу үшін қандай жағдайда Мөртаңба мен Емдік қылқалам қолданылады?
Мониторды колибрлеу не үшін қажет?
|
Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Кескінді басып шығаруға дайындау кезеңдерін атаңдар.
Фотосуретті басып шығарудың қандай стандартты жақтар қатынастары бар?
|
Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
|
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
Қалай ойлайсыңдар, осы уақытқа дейін неге фотокамералар мен басып шығаратын қурылғыларда кескіннің әртурлі жақтар қатынасы туралы мәселесі қозғалады?
|
Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
|
ЖАҢА САБАҚ
12 минут
|
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру);
Коллаж — бірнеше фотоэлементтерді бір суретке біріктіріп қосу. Бұл сөз бізге француз тілінен келді, аударғанда «жабыстыру» деген мағынаны білдіреді. Бағдарламада арнайы суреттерді өңдеу, оларға нәр беру, оларды сәндеу, көркемдеу, ескі суретті жаңарту, құжатқа түскен суреттерді монтаждау, арнайы жазу стильдерін қолдану, шақыру билетін жасау, арнайы тапсырыспен суреттерді көркемдеу, плакат, визит карточкаларын жасау, арнайы жарнамаларды суретпен сәндеп, көркемдеп, арнайы анимацияны қолдану тағы басқа көптеген мүмкіндіктерді қолдануға болады.
Коллаж жасауға керекті суретті және фонды ашамыз. Бізге керекті суретке өтеміз де, « Тік төртбұрышты ерекшелеу» аспабының көмегімен суретті ерекшелеп аламыз.
Кейін Редакторлеу →Көшіру командасын орындаймыз.
Фоны бар қыстырмаға өтеміз де Редакторлеу →Қою батырмасын басамыз. Міне, енді суретіміз фонға орналастырды. Енді өзімізге ыңғайлы бағытқа орналастыру үшін, Редакторлеу → Масштабтау батырмасын басып, фотоны керекті орынға тартамыз.Сонымен бірге масштабты таңдамай-ақ, сол бөлімдегі «бұрылыс» функциясының көмегімен суретті кез-келген градуста орналастыруға болады.
Қалған суреттермен де ұқсас операцияларды істеу керек. Барлық фото фонға апарылғаннан кейін, «Слои» бөлімінде тұрып, тышқанның оң жақ батырмасымен фонды басу керек және «Объединить видимые» немесе «Выполнить сведение» командаларын таңдау керек. Осыдан кейін дайын коллажды сақтай аламыз.
|
|
САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
Клондауға жүргізілетін ауданды қалай беруге болады?
|
Жұптық жұмыс.
Дұрыс жауаптарға 1 балл қойылады.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Мөртаңба құрал түрлерінің әрқайсысың қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері неде?
|
Дұрыс жауаптарға 2 балл қойылады.
|
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
|
Мониторды қандай шарттарда баптауға болады?
Фотосуреттердің қандай өлшемдері жиі кездеседі?
|
Дұрыс жауаптарға 3 балл қойылады.
|
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
5 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
|
(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасату)
Коллаж дегеніміз не?
|
Тапсырманы орындағанға «3» баға қойылады.
|
2-деңгей
(қолдану, талдау):
|
Коллаж сөзі қай тілден енген және қандай мағынаны білдіреді?
|
Тапсырманы орындағанға «4» баға қойылады.
|
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар)
|
Коллаж жасау үшін қандай әрекеттер орындалады?
Бағдарламаның мүмкіндіктерін атаңдар.
|
Тапсырманы орындағанға «5» баға қойылады.
|
БАҒАЛАУ
|
3-5 балл жинаған оқушыларға «3» баға қойылады.
6-8 балл жинаған оқушыларға «4» баға қойылады.
9-12 балл жинаған оқушыларға «5» баға қойылады.
|
|
КЕРІ БАЙЛАНЫС
|
Үш қадам сұрақ
Сабақта саған не қиын болды?
Не барынан қызық болды?
Барынан не оңай болды?
|
|