Б. Ақдоңов БҚО, Қаратөбе ауданы



Дата05.06.2017
өлшемі86,48 Kb.
#18016


Б.Ақдоңов

БҚО, Қаратөбе ауданы

Үшағаш негізгі орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі.

Халықты қамықтырған қаралы жылдар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға 1930жылдардағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмір ,зиялы қауымды қудалау,жазалау және концентрациялы лагерьлер туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық:Оқушыларға тапсырмалар бере отырып, өз бетімен оқуға,ізденуге дағдыландыру,сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларға қазақ халқының басынан не бір азап өткенін, қанды қырғын кешкенін айта отырып,осындай қиындық көре отырып,тәуелсіздікке жеткенін ұғындыру.

Типі: Жаңа тақырыпты меңгерту;

Түрі: Ойын сабақ;

Әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,әңгімелесу,СТО;

Пән аралық байланыс:География,әдебиет;

Көрнекілігі:Тірек-сызба,карта, Алаш қайраткерлерінің портреті,слайд, т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу,түгендеу,оқушылар назарын сабаққа аудару; І.Қызығушылықты ояту.

І. «Кім жылдам,кім алғыр» ойыны.

1. «Ауылды кеңестендіру» ұранымен Қазақстанда «жаңа революция» жүргізудің идеялық-саяси негізін жасаған: Ф.Голощекин.

2.1928жылғы Қазақ АКСР-дегі мал саны: 40,5млн.

3.1928-1929ж.ж. астық дайындау барысында жазаланған шаруалар саны: 31мың

4.1927 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялаған съезд: ХVсъезд.

5.1932жылдың ақпанында 150км жерден көшіріп әкеліп 400киіз үйден «қала» үлгісі жасалған аудан: Шу ауданы.

6.Ғ.Мүсірепов, М.Ғатауллин, М.Дәулетқалиев, Е.Алтынбеков, Қ.Қуанышев («Бесеудің хаты») ашық хатты жазды: Ф.Голощекинге.

7.Қазақстандағы аштық туралы 1933жылы наурызда Сталинге ашық хат жазған:Т.Рысқұлов.

8.Ұжымдастыру кезінде көтеріліске қатысқан, шаруалары түгелдей қырылып тасталған аудандар: Қарқаралы округінің Абыралы,Шыңғыстау,Шұбартау.

9.Ұжымдастыру жылдары лаңкестік әрекеттерді, өрт салуларды есептемегенде,республика аумағындағы толқулар мен көтерілістер саны: 372.

10.Ұжымдастыруға қарсы бүлік шығарған Алматы округінің едәуір ауылдары көшіп кеткен ел: Қытай.

ІІ.Картамен жұмыс.

ІІІ. «Бұл кім?»

1.Ф.И.Голощекин; 2.Т.Рысқұлов; 3.С.Сәдуақасов; 4.С.Сейфуллин; 5.С.Қожанов; 6.Ж.Мыңбаев; 7.И.В.Сталин.

ІV. «Мен саған,сен маған» ойыны.
ІІ.Мағынаны тану.

1930жылдардағы қоғамдық-саяси өмір.
І.Топтастыру.

Ж.Аймауытов


Қуғын – сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары

Ә.Бөкейханов С.Сейфуллин

Б.Майлин

І.Жансүгіров


М.Жұмабаев М.Дулатов А.Байтұрсынов. т.б.


ІІ. «Insert»/түртіп алу/

«V»бұрыннан білемін.

«+»мен үшін жаңалық.

«?»мағына түсініксіз.

«-»келіспеймін.

V

+

?

-












Жеке адам құқығы аяққа басылып,балама пікір айтқан адам «халық жауына» жатқызылып,жазаланды.

1928жылдың соңында 44 адам –бұрынғы «Алашорданың» қайраткерлері «буржуазиялық ұлтшылдар» деген кінәлаумен тұтқындалды./А.Байтұрсынұлы,М.Дулатұлы,М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов.т.б./

Құрамында М.Тынышбаев,Х.Досмұхамедов,Ж.Ақбаев,К.Кемеңгеров,Ж.Күдерин, Қ.Тоқтабаев бар 40адамнан тұратын екінші топ 1930жылы қыркүйек-қазан айларында ұсталды.

1930жылғы 4сәуірде кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовты (1889-1930) атуға үкім шығарылды.

1930жылғы сәуірде Міржақып Дулатұлыны(1885-1935)ату жазасына кесіп,кейін 10жыл қамауға ауыстырылды.М.Дулатұлы Слоловки лагерінде қайтыс болды.

1930жылы Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937) Архангельск облысына жер аударылып,1934жылы Е.Пешкованың өтініші бойынша босатылды.1937жылғы 8қазанда А.Байтұрсынұлы қайта қамауға алынып,атылды.

1937-1938жылдары лаңкестік жаппай сипат алды.Ұлт зиялылары «халық жаулары»деп айыпталып,сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты.

Жазалау шаралары:

-жеке адамды,халықтарды жер аудару;

-Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау;

-КСРО-дан тыс жерлерге қудалау.


Қазақстан аумағында орналасқан концентрациялы лагерьлер.
Степлаг-Далалық лагер.

Қарлаг-ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері.

ЧСИР-Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь.

Алжир-Отанға опасыздық жасағандар әйелдерінің Ақмола лагері.

ГУЛАГ-Лагерьлер Бас Басқармасы.

Үштіктер-үш адамнан құралған комиссия.

БМСБ(ОГПУ)-Біріккен мемлекеттік саяси басқарма.


Карлагта азап шеккендер

Степлаг пен Алжирде азап шеккендер

С.Сейфуллиннің,Т.Жүргеновтің, С.Қожановтың әйелдері, Т.Рысқұловтың әйелі мен қызы.

Ғалым А.Л.Чижевский, профессор В.Л.Пржецлавский,академик В.С.Пустовойт,ғалым Н.В.Тимофеев-Ресовский, Т.М.Людвиг.


ІІІ.Ой-толғаныс.

І.Тест.

1.Лаңкестік жаппай сипат алды:

а)1941-1945ж.ж.

ә)1937-1938ж.ж.

б)1927-1931ж.ж.

в)1931-1933ж.ж.

2.1931жылы Қарағанды облысының,Осакаров ауданында негізінен пайда болды:

а)25қоныс обсервация.

ә)35қоныс обсервация.

б)45қоныс обсервация.

в)55қоныс обсервация.

3.101мың Қазақстандықтар ГУЛАГ азабынан өтті, олардың ішінде атылғандары:

а)27мыңнан астамы.

ә)37мыңнан астамы.

б)47мыңнан астамы.

в)57мыңнан астамы.

4.1930жылы Қазақ АКСР БМСБ атуға үкім шығарды:

а)Қ.И.Сәтбаевты.

ә)Ғ.Мүсіреповты.

б)С.Сәдуақасовты.

в)Ж.Аймауытовты атуға үкім шығарды.

5.Лаңкестіктің құрбаны болған,қазақтың тарихи білімінің негізін салушы:

а)Ғ.Мүсірепов.

ә)Қ.И.Сәтбаев.

б)С.Сәдуақасов.

в)С.Асфендияров.



ІІ.Қасіретті жылдар:

1932-1933ж.ж.

1920-1922ж.ж. 1937-1938ж.ж.
Қасіретті жылдар


1941-1945ж.ж.

1916ж.
1986ж. 1950ж.

Қорытынды.

Қазақ халқы өзіне тән бауырмалдықпен сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болғандарға көмек көрсетті.Олармен қолда барын бөлісті отбасынан орын берді,олардың жаңа ортаға бейімделіп кетуіне жәрдемдесті.Қазақ халқы ерекше қонақжайлық және төзімділік таныта білді.Жер ауып келгендердің көпшілігі қазақ жерінде тұрақты өмір сүруге қалып қойды.

Сталиннің кезіндегі қуғын-сүргін,жазалау шаралары Гитлердің жазалауынан асып кетпесе кем түскен жоқ.Жаулап алған жерлердегі тұтқындарды екінші дүние жүзілік соғыс кезінде гитлерлік жазалаушылар өртеп жіберсе, ал Сталин жендеттері кеңестік миллиондаған тұтқындарды жер-ананың түкпір-түкпіріне жасырып көмген болатын.Солардың ішінде Алаш деп ұрандап,тәуелсіздік жолында құрбан болғандары қаншама.

Сонау Ескендір Зұлқарнайын, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір замандарын еске алсақ та,дәл осындай тарих қайталанбаған шығар.

1997жылы Жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды.Сол кездері ашылмаған,айтылмаған тарихи шындық зерттеліп,Сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлт зиялыларының қасіреті ашылып айтылған болатын.

31мамыр-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.



Бағалау, күнделікпен жұмыс.

Үйге тапсырма: Ұлт зиялылары туралы мәлімет, мәнжазба.

/деректер жинау./

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет