Умирзакова Х
Тарих пәнінің мұғалімі
Бесікті орта мектебі
Атырау қаласы, Бесікті селосы
Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың білімдік мақсаты:
Қазақ хандығының құрылуы, алғы шарттары, қазақ жұртының өзбек ұлысынан бөлініп шығуы, Алаш атауы, қазақ хандығының нығаюы туралы жан-жақты түсінік беріледі.
Дамытушылық:
Шығармашылық ой қозғау арқылы тарихи құжаттарды оқу арқылы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін дамыту.Білім, білік дағдыларын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:
Қазақ хандарының мемлекет құрудағы көреген саясатына оқушылардың назарын аударып, өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыратын саяси сауатты, өз отанының патриотын тәрбиелеу.
Сабақтың негізгі ұғымдары:
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ хандығының құрылуының тарихи қажеттіліктері. Өзбек ұлысы, Керей мен Жәнібек Алаш мыңын бастап Жетісуға бет алуы.Сыр бойындағы қалалар үшін Мұхаммед Шайбани ханмен соғысы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, тірек конспект
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, пікір алмасу, интерактивті тақтамен жұмыс, тірек конспект
Сабақтың түрі: Ақпараттандырылған сабақ
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Жаңа тақырыпты меңгертуге дайындық
Оқушыларды топқа бөліп, міндеттерімен таныстыру
Жаңа білімді меңгерту кезеңі
Жаңа сабақ жоспары:
Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.
Қазақ жұртының өзбек ұлысынан бөлініп шығуы.
Алаш мыңы, Алаш атауы)Қадырғали Қосымұлы деректері.
Қазақ хандығының құрылуы. Жәнібек пен Керей қазақ хандығының негізін салушылар.
Қазақ хандығының нығаюы. Қазақ хандарының Сырдария мен Қаратауға өз құқықтарын жүргізу үшін күресі.
“Ой қозғау”
Қазақ хандығының мемлекеттік тарихынан
президенттік басқаруға дейінгі билік түрі
Қаған
Хан
Патша
Хатшы
Президент
Шығармашылық ой
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары (анықта)
Қазақ жұртының өзбек ұлысынан бөлініп шығуы (зертте)
Алаш мыңы, Алаш атауы Қадырғали Қосымұлы деректері
(талдау жаса)
Қазақ хандығы құрылуы.Жәнібек пен Керей қазақ
хандығының негізін салушылар (мінездеме бер).
Қазақ хандығының нығаюы.Қазақ хандарының Сырдария
мен Қаратауға өз құқықтарын жүргізу үшін күресі
(сипаттама бер)
Кіріспе сөз
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары.Қазақстан аумағында құрылған Ақ Орда,Моғолстан, Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы сияқты мемлекеттік құрылымдар Алаш атанған қазақ ұлтының негізгі өмірлік сұранысын қажетін өтей алмады.
1 оқушы:
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары.
Қазақ жерінде мемлекеттердің өзара қырқысуы, жер үшін таласуы саяси бытыраңқылықты одан сайын күшейтті.Бұл хандықтар саяси экономикалық жағынан да тұрақты болған жоқ. Халыққа біртұтас мемлекет құру қажет болды.
Біртұтас ұлттық мемлекет болудың басты бір белгісі- оның халқының этникалық құрамының бірыңғай болуы тиіс. Қазақ жеріндегі ру тайпалар тілі, ділі, діни әдет-ғұрпы, салт-саналары жағынан бір-біріне ұқсас болды. Қазақстан жеріндегі өмір сүрген ру тайпалардың бірігіп мемлекет құруының маңызды шарты болды.
Біртұтас ұлттық мемлекеттің құрылуы тайпаларда негізгі экономикалық факторға байланысты болды. Қазақ жеріндегі ру-тайпалар мал өсіру жер шаруашылығымен айналысқан. Ру тайпалардың шаруашылық жағынан ұқсастығы олардың экономикалық дамуы жағынан бір-біріне туыс екендігін көрсетті.
Керей мен Жәнібек Батыс Жетісудан Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп 1465-1466 ж. Қазақ хандығын құрды
Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті.
Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы талас тартыстар толастамады.
Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Сөзімді қорытындылай келе, Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуында қай фактор маңызды роль атқарды десек, соның ішінде экономикалық
А) саяси
Ә) экономикалық
Б) этникалық
2 оқушы:
Қазақ жұртының өзбек ұлысынан бөлініп шығуы.
Жәнібек пен Керей сұлтандар бастаған қазақ ұлтының өзбек ұлысынан жарыла көшуі, алауыздықтың, Шыңғыс ұрпағы арасындағы билік үшін таласынан айқын аңғаруға болады.
(1312-1342)
“Өзбек” атауы шығуы Өзбек ханның 30 жыл бойы хандықты басқаруына байланысты болған.
Кейін XV ғ. Орта шенінде Әбілхайыр хандығы “Өзбек ұлысы”, “Өзбек хандығы”, “Шайбани ұлысы” деп аталған. Өзбек ұлысы 92 ру-тайпадан тұрған. Тарихшы Рузбиханның жазуы бойынша, бұл хандық негізгі үш халықтан шайбани, қарақалпақ, қазақтардан тұрған. Соның ішінде ең көп саны жағынан қазақтар.
Көшу себептері
XV ғ. Орта шенінде Әбілхайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қан төгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болатын.
XVғ. Басында 1456-1457 жылдары Әбілхайыр ханның ойраттардан жеңілуі, оның ел ішіндегі беделін түсірді.
Керей мен Жәнібектің Әбілхайыр хандығынан бөлінуіне, көшуіне себеп болған негізгі жағдай халықтың арасынан ықпалды топтардың ішінде мақсатты түрде мемлекет құруға бағытталған әрекеттің орын алуы.
Қазақ жеріне, соның ішінде Жетісу мен Шу өңіріне сырттан төнген қауіп еді. XV ғ. Ортасында ойраттарды бір мемлекетке біріктірген Тоған тайшының ұлы Есен тайшы Моғолстан мен Жетісу жеріне назар аудара бастайды. 1542 ж. Есен тайшы Моғолстанға басып кіріп, Жетісуға еніп, Сыр бой өңірін, Түркістан, Ташкент, Отырар орталықтарын тонап, Сығанаққа жақын жерде Көккесене деген жерде Әбілхайыр хан әскерімен кездесіп оны жеңеді. Ойраттардың бұл жорығы 1455 жылы аяқталады. Есен тайшы бұл кезде қайтыс болған болатын. Бұл оқиға Есенбұғаныда, Алаш жұртында терең ойға батырады. Есенбұға Жәнібек пен Керейге қолдау көрсетіп, Шу бойындағы Қозыбасыдан жер бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есенбұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары қазақ хандығын құрады.
3 оқушы:
Алаш мыңы, Алаш атауы Қадырғали Қосымұлы деректері.
Жәнібек пен Керей “Алаш мыңын” бастап Жетісуға бет алды.
Қадырғали бидің шежіресі бойынша “Алаш мыңы” одағының қалыптасқан мезгілі ХІІІғ. Соңы мен XIV ғ. бас кезі.
Айтулының ұлы би жолын иемденген мезгілі Орыс ханның (1361-1376/77 жж.) билік құрған уақытынан кейін болған, XIV ғ. соңы Қадырғали би Айтулы биді “Орыс ханның ұрпағы хандығында ұлы әмір болған”,-дейді. Олай болса, Қараша мен Тоңқа бидің ұлы би жолын алып жүрген мезгілі XV ғасырдың орта тұсы мен ІІ жартысы.
Тоңқа би тұсында “Алаш мыңы” одағы Өзбекиядан бөлініп шығып, Қазақ хандығын құрды. Тоңқа би соңғы биі. Осыдан кейін “Алаш мыңы” өзінің маңызы мен өзектігін жоя бастайды.
“Алаш мыңы” одағының орнына жаңа қауымдастық- мемлекеттік ұйым келген еді. Қадырғали би Тоңқа биден кейін “Алаш мыңының “ бас биі болған адамның есімін атамайды.
“Алаш мыңы” ішіндегі үш халық кейінгі қазақ болып қалыптасқан ұлттың құрамындағы үш жүздің халқы болып енді. Қазақ халқының негізін құраған үйсін, дулат, қаңлы, арғын, найман, қыпшақ, алшын тайпаларының болғандығы айқын.
Сөзімді қорытындылай келе, жаңа мемлекеттік жүйе құру аса күрделі міндет. XVI ғасырда Алаш мыңы одағы да бас билік мәртебесі өз мәнін, маңызын жоғалта бастайды.
4 оқушы:
Қазақ хандығының құрылуы
Керей мен Жәнібек
Біз үшін қай замандағы тарихымыз болмасын қымбат. Айтулы кезеңде ту ұстаған батырларымыздың барлығы да құрметті, бірақ сол тарихи кезеңде орны бөлек екі тарихи тұлға бар десек, олар Керей мен Жәнібек. Екеуі де дана, екеуі де ер тұлға. Алаштың асыл туған ұлдары.
КЕРЕЙ
Қазақ ордасының тұңғыш ханының азан шақырып қойған есімі жазба деректерде Гирай, Герей, Кирай түрінде де кездеседі. Қазақша-Керей. Тарих зерттеушілері тұңғыш ханымыздың есімі түп-төркіндік екі түрлі мағына бар. Гарай деген көне монғол сөзі деседі. Бірінші мағынасы-”биік”, “еңселі”, “алып” болса, екіншісі- “ержүрек”, “батыл”, “еркін”, “берік”” деген ұғымда. Ал қазақ халқын құраған көне тайпаның бірі Керей екені және бұл есімнің түбінен түркілік мағына іздеген зерттеушіні әзірге кездестірмедік.
Керей ханның шығу тегі
Шыңғыс хан- Жошы хан-Орда Ежен хан-Сартақай хан-Баян хан-Сасыбұқа хан-Ерзен хан-Шымтай хан- Орыс хан-Тоқтақия хан-Болат хан-Керей хан. (Керейдің ұлы Бұрындық хан 1511 жылы тақтан түсіп, Самарқан қаласына кетеді. Сонымен, бұл әулетте хандық үзіліп, ұрпақтары өзбек арасына сіңеді.)
ЖӘНІБЕК
Әбілғазы ханның “Түрік шежіресі” бойынша Жәнібектің азан шақырып қойған аты- Әбу Саид. Ол Ақ Орданың соңғы ханы, атақты Барақтың Мір-Саид, Мір-Қасымнан кейінгі кіші ұлы. Сол себептен болу керек, XVI ғасырда өмір сүрген қазақ тарихшысы Қадырғали бек Жалайыр оны “Кіші Жәнібек хан” деп айтады. Керей мен Жәнібек- Орыс ханнан тараған шөберелер, ата-баба әулетінен хандық билік үзілмеген. Керей мен Жәнібектің бабалары XIII-XV ғасырлар аралығында қазақ ұлтының, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуына зор еңбек сіңірген , Дешті Қыпшақтың саяси тарихында өз орны бар адамдар.
Жәнібек ханның шығу тегі
Шыңғыс хан- Жошы хан-Орда Ежен хан-Сартақай хан-Баян хан-Сасыбұқа хан-Ерзен хан-Шымтай хан- Орыс хан-Қойыршақ хан- Барақ хан-Жәнібек хан(Әбу Сейіт)
Жәнібек ханның ұрпақтары
Жәнібек ханнан - Жиренше, Махмұд, Әдік, Қасым хан, Жәдік, Жаныш, Қамбар, Тыныш, Ұзақ(Үсек).
Қасым ханнан-Мамаш хан-Хақназар хан.
Әдіктен- Тахир хан - Әбілқасым, Бауыш, Бұйдаш хан, Қожаш.
Хақназар ханнан-Тұқым, Бөкей, Шығай хан, Жәнебатыр, Мәлік.
Ұзақтан-Бөлекей,Батыр хан.
Батыр ханнан-Айшуақ-Ырыс-Нияз-Әбілқайыр хан.
Әбілқайыр ханнан - Нұралы хан, Ералы хан, Қожа Ахмед, Айшуақ, Әділ, Шыңғыс, Қаратай.
Нұралы хан-Бөкей хан-Жәңгір хан.
Жәңгір ханнан - Сейіткерей, Құбайдолла.
Шығай ханнан-Сейітқұл-Ондан - Тәуекел хан-Есім хан-Шахмұхаммед-Әли-Сұлым-Ибрахим-Шәкім-Күліш-Абылай-Бүрсейіт.
Есім ханнан-Жәнібек хан, Салқам Жәңгір хан, Сырдақ.
Салқам Жәңгір ханнан-Уәли(Бақы), Әз Тәуке хан.
Уәлиден(Бақы)-Абылай-Уәли.
Уәлиден-Көркем Уәли-Абылай хан(Әбілмансұр).
Әз Тәуке ханнан-Тұрсын-Мұрат- Болат хан-Сәмеке хан.
Болат ханнан -Әбілмәмбет хан.
Абылай ханнан(Әбілмансұр)-Қасым-Уәли.
Қасымнан-Кенесары хан.
5 оқушы: Қазақ хандығының нығаюы.Қазақ хандарының Сырдария мен Қаратауға өз құқықтарын жүргіу үшін күресі.
Жәнібек пен Керей хандардың мақсаты: Шығыс Қыпшақ даласының далалаы аудандары мен Сыр бойының орта сағасындағы қалалы орталықтарды өзіне қарату үшін әрекет етуі.
XV ғасырдың 70-80 жылдарында басталды.
Себептері:
Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды.
Өзбек ұлысы ішінде кеңінен етек алған берекесіздік орын алды.
Алтын Орда хандығы ыдырап кетті.
1) Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы бұрыннан қалыптасқан тәртібін қайта қалпына келтіру.
2) Сырдария бойындағы қалалар Шығыс пен Батыс арасындағы сауда керуен жолы үстінде орналасқан Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы(Түркістан) қалаларын қазақ хандығына қарату.Ол қалалар экономикалық саяси, рухани орталық міндетін атқарып келді. Мал шаруашылығы мен отырықшы егіншілік қалыптасқан өңірі болды.
3) Қазақ хандарының Сыр бойындағы қалалар үшін өзбек ханы Мұхаммед Шайбанимен 30 жылдан астам соғыс жүргізді. (Мұхаммед Шайбани Әбілқайырдың немересі) 1470 жылы Керей хан Түркістанға, Жәнібек хан Созаққа шабуыл жасайды. Шайбани Бұхарға кетті. Созақ пен Сауран Қазақ хандығына қосылды.
4) Сыр бойындағы қалаларға Әмір Темірдің мұрагерлері мен Моғол хандары таласты. Ташкент, Сайран қалаларына Моғол ханы билік етті.
5) XV ғ. Соңында қазақ хандары мен Шайбанилықтардың арасында күрес Түркістан мен Қаратау өңірі үшін болды.
6) Орталық және Оұңтүстік Қазақстанның далалы аймақтарын мекендеген халықтарды өз биліктеріне қарату үшін қазақ хандарының күресі басталды. Күрес нәтижесінде Жетісу, Түркістанның солтүстік бөлігін, Қаратау мен Сырдың төменгі ағысын қазақ хандары осы аймақтағы халықтарды өзіне қарата бастады.
7) Шайбани Түркістанның тек оңтүстік бөлігін иемденді.
Сөзімді қоыытындылай келе Керей мен Жәнібектің өз алдына қойған мақсатына жетуі үшін маңызды шараларды атқарған тарихи кезең болды. Мұхаммед Шайбани хан атасы Әбілқайырдың ұлысын қалпына келтіре алған жоқ. ХІ ғасырдың бас кезінде Шайбани хан Мәуереннахрды Әмір Темір ұрпақтарынан тартып алды. Батыс Қазақстан, Жетісу, Орталық Қазақстан өңіріндегі көшпелі тайпалар қазақ хандығының төңірегінде топтасты. Мәуераннахр билеушілерінің Қазақ хандығына жасаған жорығы(1503-1570 ж) нәтижесіз аяқталды. Мұхаммед Шайбани Иран Шахымен болған шайқаста қаза тапты. Қазақ хандығының тағына келген Қасым хан 1513 жылы Сайранды, Ташкентті қазақ хандығы құрамына қосу міндетін атқарып шықты.
Сабақты бекіту
«Үш өлшем» тапсырмасы
I.Блум кестесі. Тарихқа саяхат
Қазақ хандығы
|
Қазақстан мемлекеті
|
Қазақ хандығы қашан құрылды?
|
Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?
|
Қазақ хандығының алғашқы хандары кімдер?
|
Қазақстан мемлекетінің басшы, бастаушысы кім?
|
Қазақ хандығын құрған ру тайпаларды атаңдар?
|
Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
|
Қазақ хандары қандай елдермен қарым-қатынас жасады?
|
Қазақстан сыртқы саясатта қандай мемлекеттермен байланыс жасайды?
|
Қазақ хандығында қоғамдық қатынастарды бір жүйеге түсірген заңдар жинағы қалай аталады?
|
Қазақстан мемлекетінің Негізгі заңы қалай аталады?
|
«Блиц – турнир» кестесі
1465-1466
1452
1503-1510
1511-1518
1465-1466
1361-1376
1470
1510
1428-1468
Жан-жақты білімді жетілдіру
1.Қазақ хандығы алғашында Қазақстанның қай аумағында құрылды?
а) Батыс Жетісу жерінде
ә) Орталық Қазақстанда
б) Шығыс Қазақстанда
в) Орта Азияда
2. XVғ Әбілхайыр хан кімдерден жеңіліске ұшырады?
а) Орыс жерінен
ә) Қытай
б) Моғол хандығы
в) Ойрат
3.Моғолстан ханы кім?
а) Мұхаммед Шайбани
ә) Әмір Темір
б) Убайдаллах
в) Есен-бұға
4.Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды?
а) Әл Марвизи
ә) Идриси
б) Мұхаммед Хайдар Дулати
в) Рашид ад-Дин
5.Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?
а) 20 ж
ә) 30 ж
б) 25 ж
в) 10 ж
6.Керей хан Түркістанға қай жылы шабуыл жасап, қаланы Қазақ хандығының қол астына қаратты?
а) 1470 ж
ә) 1482 ж
б) 1485 ж
в) 1466 ж
Бағалау
Үйге тапсырма. Қазақ хандығының құрылуы
Достарыңызбен бөлісу: |