Этнопедагогикалық ойлардың тарихы Ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері. Ж. Баласағұн, Әбу-Насыр Әль-Фараби, Қожа Ахмед Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымда-малары



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі264,64 Kb.
#88645
  1   2   3   4
Байланысты:
21.10.20.этнопедагогика


Этнопедагогикалық ойлардың тарихы
Ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері.Ж.Баласағұн, Әбу-Насыр Әль-Фараби, Қожа Ахмед Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымда-малары

Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ  ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи мұра ерекше аталады. Оның біріншісі – 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.


Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.
Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.

  • Қайқаус өзінің «Қабуснамасын» ұлы Гиланшахқа, ол арқылы бүкіл адамзат баласына арнап жазады. Ол – “Алла тағаланы тану туралы”, “Пайғамбарлардың қасиеті туралы”, “Ата-ананы құрметтеу туралыдан” бастап, өнер, қарттық, жігіттік, нəпсіні тыю, қонақ күту, дүние-мал жию, саятшылық, соғыс өнері, дем алу, дос таңдау, бала тəрбиесі, жаза беру, кешірім жасау, дəрігерлік емдеу, жұлдыздар ғылымы, падишаға қызмет ету, жомарттық туралы т.б. қарапайым тіршілік тынысынан бастап, ел билеу биігіне дейінгі аралықтағы өмір- тəжірибесін, тəлім-тəрбиесін ұрпағына өсиет еткен атаның ұлына арнаған ғибрат сөздер жинағы болып табылады.

«Падишалықтың шарттары мен әдеті туралы» бөлімін оқығанда мынандай зор даналықпен айтылған қағидаларды кездестіреміз:«Ей, перзентім, егер падиша болсаң, өзіңді жаман істерден аулақ ұстай білген. Жан дүниең таза болсың. Әр істі бастасан ақылдың бұйрығына сүйеніп баста, ақылға сыймайтын іске қол ұрма. Падишаның ақылшылары – уәзірлері олармен ойласып жұмыс істе. Көңілің істі ұнатса, жұмысты қалай аяқтауды ойлағын!».

  • Дәулет ертелі-кеш келуі де, кетуі де мүмкін, барлық жағдайдың алмасып және өзгеріп тұруына таңданба. Яғни шаттық кетіп, қайғы келсе; қайғы кетіп, шаттық келсе, оған мән берме.

  • Халық не үшін бір рет опық жеген істен қайтадан опық жейді? Егер бір істі істеп, өкінішті жағдайда болсаң, оны екінші қайталама.

  • Өнерсіз жанмен дос болма, өйткені өнерсіз адам достыққа да, дұшпандыққа да жарамас.

  • Өзін дана санаған наданнан түңіліп, сақтанғын.

  • Сырыңды дұшпан білмесін десең, досыңа айтпа.

  • Наданның өзіне істеген ісін ақылды жан дұшпанына да істемейді.

  • Әр адамның білімі болғанмен ақылы болмаса, ол білімі өзіне зиян келтіреді.

  • Халық үшін істеген еңбегің босқа кетпесін десең, саған халықтың істеген еңбегі босқа кетпесін.

  • Егер дос-жарансыз қалғың келмесе, кінәмшіл болма.

  • Егер қайғысыз болғың келсе, қызғаншақ болма.

  • Өміріңді қиналмай өткізгің келсе, қол жеткен табысыңды қолдан берме.

  • Егер өзіңді азаптан құтқарғың келсе, бітпейтін іске қол ұрма.

  • Егер өзіңді қайыршы деп айтпауын тілесең, табылмайтын нәрсені іздеме.

  • Егер абыройдан айрылғың келмесе, жақсылық жасауды ұмытпа.

«Қорқыт тарихи дәуірлерде Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпаларының ортасынан шыққан данышпан қария, ақылшы батагөй, асқан ақын (ұзан), болашақты болжап сөйлеген сәуегей кісі болған. Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыз-легендалар, ән-күйлер қазақ пен түркімендерде көбірек жолығады». Ә.Марғұлан

  • Қосымша дерек: «Қорқыт ата кітабы» — түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын, байырғы тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын эпикалық, әрі тарихи мұра. «Қорқыт ата кітабының» бір қолжазбасы Германиядағы Дрезден қаласында, екінші қолжазбасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба 6 жырдан құралган (жалпы толық қолжазба 12 жырдан түрады).

  • Қорқыт ата сөйлейді: «Жердің соны жөнін киік білер, жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер, айырым-айырым жол сүрлеуін түйе білер, жеті бұлақтың хош иісін түлкі білер, түнде керуен көшкенін қара торғай білер, ұлдың кімнен туғанын ана білер, ердің батқанын ат білер, ауыр жүктің таухыметын тұлпар білер, қай жерде сулы саз барын бөкен білер, қапелімде бастың ауырғанын ми білер»

  • «..Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті, сақалы ағарған баба көрікті, сүйікті ағайын-туған көрікты, үлкен шаңырақ үйдың қасына тігілген келіннің отау үйі көрікті, жібек шатыр үйдің нәзік жібі көрікті, өнегелі бала көрікті»

  • Енді жырау айтқан үйдің тіреуі дейтіні мынадай:

  • Алыс қырдан, жапан дүзден үйге бір жолаушы келсе, ері үйде болмаса да, ол оны ішкізер-жегізер, үйден шығарып салар. Бұлар Айша, Фатима нәсілнен үлгі-өнеге алғандар, олардың үрім-бұтақтары өсіп-өнсін, ошағыңызға осындай әйел кез болсын.

  • Кепкен ағаштай дегенге келейік: таңертең жатқан жерінен тұрып, беті-қолын жумастан тоғыз шелпекті бірден ауызға салып, толтыра тыққыштап, тойғанынша баса жейді, бір көнек айранды ішіп, жалап-жұқтап, екі бүйрін таянып алып, былай деп айтар еді: «қараң қалғыр осы үйдің қожасына келгенен бері қарным бір тоймады, аяғымнан жыртық шәркей түспеді, жүзіме рең кірмеді»,«аһ» деп налыған болады. «Ерім өлсе, басқа біреуге барсам, қандай қолайлы болар еді дейді». Ол тәріздінің үрім-бұтағы өсіп-өнбесін, сыздың ошағыңызға ондай әйел келмесін.

  • Енді үрген доптай дегенге келейік: жұлқылап оятқанша орнынан тұрмайды, беті-қолын жумайды, үйінің ошағының ар жағынан бір, бер жағынан бір шығып, бұрқыратып жатады. Өсек айтып, есік-тесіктен сығалап, тыңдап, түске дейін ауыл қыдырады. Түстен кейін үйіне оралады, келсе ит кіргенін, тайынша-бұзау жүргенін көреді, тауық пен сиыр қораның да ұйқы-тұйқысы шыққан. Көршілеріне келіп айқайлап, зілденеді: «ау, Зылиқа, Зүбәйдә, қайдасыңдар?! Мен-ақ өлейін, көзімді құртайын да кетейін, төсек орнымның да быт-шыты шығып жатыр» деп ренжіиді ол. «Көрші хақы, тәңір хақына менің үйімді қарай салсаңдар неменелерің кетер еді» деп көпіреді. Бұл сияқтылардың үрім-бұтақтары өне көрмесін, сіздің ошақ басыңызға мұндай әйелді келтірмесін».

  • Енді қанша айтсаң да міз бақпас баяғыдай дейтінге келейін. Алыс қырдан, жапан түзден бір сыйлы қонақ келсе, қожасы үйде болса былай деиді:

— нан әкел, өзіміз де желік, бұ да жесін, қатып қалса нанның нәрі болмас, жемек керек, десе, қатыны оған:
— бұл қараң қалғыр үйде ұн жоқ, елек жоқ, түйе диірменнен келмеді, дейді,
— не әкелсе де берерім жоқ деп, теріс айналып, қожасына қос саусағын көрсетеді. Бір сөйлесе қоймайды, қожасының сөзі құлағына қонбайды. Ол Нұһ пайғамбардың есегінің нәсілінен болар, сізді тәңірім осындайлардан аман сақтасын! Ошағыңызға мұндай қатын келмесін!

  • Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті

Өлгендер қайтып келмейді, шыққан жан қайтып енбейді
Қанша қалың жауғанмен, қар көктемде қалмайды.
Гүл жайнаған шалғын да, қара күзге қалмайды

  • Ұлдың күні күн емес — атадан мал қалмаса,

Ата малы пұл емес — баста ақыл болмаса

  • Қанша байлық жисаң да — бұйырғаннан артық жей алмайсың

  • Ұл ақылды хош көрмес — ата үлгісін көрмесе,

Қыз жарытып ас бермес — ана үлгісін көрмесе

  • Ат жемейтін ащы шөптің — шыққанынан шықпағаны игі,

Адам ішпес ащы судың — аққанынан ақпағаны игі
Атасының атын шығармаған жігерсіз ұлдың — туғанынан тумағаны игі

  • Сауыттың қасиеті қылышпен ұрғанда, аттың қасиеті жаудан алып шыққанда көрінер

  • Әбу Наср әл-Фараби — Аристотельден кейін дүние жүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым. Туған жері – ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Сырдария бойындағы Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» (түрікше Қарашоқы) деп атаған. Қай жерден шыққанын білдіру ішін аты-жөніне өзінің туған мекенінің атауын тіркейтін сол заманның дәстүрімен ұлы ұстаз Фараби аталған. Ал оның мұсылманша

толық аты-жөні – Мұхаммед ибн Узлағ Тархани.
Әл-Фараби:

  • «Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу».

  • «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады» деген.

  • Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт:

  • Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;

  • Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;

  • Сабақ процесінің алатын орны.

  • Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.

  • Әл-Фарабидің педагогикалық іліміндегі әдіснамалық ұстанымдар мен дидактикалық принциптердің өзара байланысы

Әдіснамалық негізі

Оқыту принциптері

Білім топтамасы мен мазмұны туралы ілім

Жүйелілік пен бірізділік

Парасат жайындағы ілім

Саналылық

Заттардың адамның сезім мүшелеріне әсері туралы ілім

Көрнекілік

Ғылыми білімнің теориялық және эмпирикалық мәні туралы ілім

Теория мен тәжірибенің байланысы

Таным теориясы

Ғылымилық

Ізгілендіру ілімі

Оқытудың тәрбиелік сипаты

Әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
Тәрбие заңдылықтары

  • «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі»;

  • «Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды»;

  • «Адамдар туралы айтсақ, оларды қосатын, байланыстыратын дәнекер, тұтқа – адамгершілік болып табылады. Сондықтан адамдар адамзат тегіне жататын болғандықтан, өзара бейбітшілік, татулық сақтауы ләзім».

  • әл-Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні, тәрбиенің мақсаты: «Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы керек. Ол үшін ақылгөй ұстаз керек».

  • Тәрбиенің мазмұны: Адамгершілік, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой, патриоттық, имандылық, дене тәрбиесі.

Ислам әлемінде ғана емес бүкіл дүние жүзіндегі дәуірінің ең ұлы ғалымы болған Бируни 973 жылы Хорезмде туылған. 1049 ж Ғазнада қайтыс болған. Есімі Мұхаммедбин Ахмед әл-Бируни, лақабы Әбу Райхан.

  • Әбу Райхан әл – Бируни – энциклопедист ғалым. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т. б. ғылым салаларынан 150 – ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ғұламаның атақты «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» (“Әл-асар ул-Бақия ан әл-құрун әл-һалия”), «Асыл таста» еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.

  • Қазақстан географиясы, оны мекендеген түркі тайпалары, олардың әдет-ғұрпы, салт-жоралғылары жөнінде құнды деректер беріледі.

  • Әбу-Райхан әл Бируни (973-1048) астраном, математик, этнограф, дәрігер. Бирунидің еңбектері әлі де зерттелу үстінде. Тәрбие туралы, оқыту туралы көптеген алғы сөздер айтып кетті. Үндістан ежелгі мәдениетті ел Ариабхатта, Варахамихира, Павлис және басқа да ғалымдары математика және астраномия ғылымдарында өшпес із қалдырған.

  • «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші» еңбегінде ақиқат және жалғандық, қайырымдылық және зұлымдық, білімділік және надандықұғымдарының мәнін ашады. Еңбек — жеке тұлғаны қалыптастырудың негізі болғандықтан ол мұратқа жеткізеді деген.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет