1.1. «Абай жолы» романындағы Абай бейнесі
М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының дүниетанушылық маңызын жоғары бағалай отырып, әдеби сын бұл шығарманың революцияға дейінгі қазақстан тарихы туралы энциклопедиялық ғылыми еңбекпен мейлінше туыстас – тамырлығын сан рет атап өткен. Алайда. М.Әуезовтің эпикалық туындысы ғылыми еңбектен көркемдік сезіну – қорыту, сол дәуірдегі халық өмірін әр қырынан танытатын алуан түрлі адамдар мінезі құбылысын бейнелу, сомдау сияқты тарихи шындықты зерттеу әдісіндегі өзгешеліктермен айырықша дараланбақ.
Әдебиетші ғалымдар ортақ бір тұжырымға келгеніндей, қазақ әдебиетінде: «Әлемге бейтаныс дерлік ғаламат бай халық өмірін классикалық биіктен жарқырата ашқан...» құдіретті сөз зергері М.Әуезовке дейін ешкім де жаңа дәуір қарсанындағы ұзақ жылдар сілемін, сахара тіршілігіне ерекше көркемдік қуатпен жан-жақты, терең суреттеу мүмкініне ие болған емес.
Абай туралы романның осынау аса маңызды даралық қасиетіне шет елдік сыншылар да әлсін-әлсін көңіл аударды. Олар үшін М.О.Әуезов эпопеясы өзіндік тарихы, экономикасы, рухани мәдениеті бар белгісіз халықтың ашылуы сияқты ғаламат жаңалық, шынайы өнер табысы саналғаны аян.
«Абай жолы» эпопеясын зерделей қарау бұл шығармада ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғасының бүкілболмысы, халық тұрмысындағы терең қойнауындағы тарихи процестің күрделі, ішкі қайшылықтары шынайы ашылғандығы қоғам дамуындағы соңау алыс заманындар рухын сергек бейнелейтін жетекші заңдылықтар көрінгеніне көз жеткізді /31. 77/.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарына дұрыс пайымдау роман қамтыған бүкіл материал табиғаты, бейнелеу сипатын да жете айқындаған, авторға феодалдық - патриархалдық қарым-қатынастардың ыдырауы орын алды.
«Абай жолы» эпопеясының тарихи өрімі дәуір тынысын тарихи нақты нанымды суреттеуден, заманның қалың қыртыс қатпарларын әлеуметтік қайшылықтар негізінде қапысыз ашу мұратынан айқын аңғарылады. Романның сюжеттік даму өрісіне қияли ой әсерінсіз бұл мақсаттардың орбаздық, көркемдік шешімі табылмас еді. Алайда жазушының шығармашылық қиялы өз тұсындағы тарих, әдебиеттану, экономика, этнография және ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас шеніндегі Қазақстан тарихындағы қатысты басқа да сабақтас пәндер саласында жинақталған білімдер деңгейінен көріне білген /19. 102/.
Романда М.Әуезов тарихшының дәлдігі мен суреткердің ұшқыр ойын шебер ұштастыру арқылы тарихы шындық пен көркемдік шындықтың, қиял мен нақты деректің бірегей тұтастығына жетті, шырғалаң дәуірдің өзек жарды мырын мейлінше айқын да нанымды бедерлеп, шынайылық қуаты сол кесек характерлер мүсіндеді.
«Абай жолының» ауқымдылық тынысы халық өмірін, оның жарты ғасырлық тарихи тағдырын әр алуан тұрғыдан зерлей зерттеп бейнелеу тереңдігімен танылады. Эпопея сюжеті тарихтың өз шындығынан өсіп-өнген, халық тіршілігінің алуан түрлі, терең сырлы ағымы, адамдар адамдар тағдыры мен оқиғалар көрінісінің қат-қабат өрілімі, прогрешіл күштерм мен реакциялар түнек бұлтының шарпысуы сияқты шырғалан факторларға негізделген.
Тарихи заман әлеуметтік қайшылықтары, еңбек пен күрес арқылы айқындалар халық өмірінің реалды болмысы ретінде суреттеу шын мәніндегі көркемдік жаңалық болып табылады тарихи роман үлгілерінің озық дәстүрлеріне сәйкес эпопея халық – тарихты жазушы, ең басты қаһарман ролінде көрінеді. Әуезов туған халқының алуан қырлы алып бейнесін сомдап қана қойған жоқ, сонымен бірге оны болашаққа ұмтылыс үдесінен көріп, тарихи істер үшін оянған халықтың алып күшін, рухани құдірет қуатының қалыптасу даму процесін шынайы суреттейді /29.69/.
Халық өмірін қаз қалпында бейнелеу, оның тарихи ағымдағы шешуші рөлін ашу, содан көрінетін эпикалық тыныс кең ауқымдылық дәстүрін меңгерген тарихи романның басты ерекшелігі, жазушы даралығы мен жаңашылдығы да жоғарыда айтылғандай, бір шығарма дейгейінде аса зор шығармашылық тұлға бейнесін халық тағдырымен, оның жарты ғасырлық тарихымен біте қайнастыра айшықтау шеберлігінде.
Қаһарманның өз дәуірімен, халықмен бауырластыра суреттей отырып, Әуезов терең идеялық – эстетикалық сезімталдықпен Абай образы арқылы қазақ халқының барша жарқын қасиеттерін көрсетті. Кейіпкердің ұлттық характерін күрделі барша болмыспен жан-жақты мүсіндеу - сол арқылы халықтың ұлттық өзгешелігін ашу боп табылса, олсана өз тарапынан көркем шығарманың ұлттық өрнегін де айқындайды. «Белгілі бір ұлттың аса қастерлі қасиеттерін бейнелейтін қаһарманын ұлттық характерінен ерекшеліктерді тану басталары күмәнсіз» деген пікір дұрыс айтылған.
Уақыт келбетін сипаттаудағы тарихи шындық «Абай жолын» жарты ғасыр өресінде өсу, өзгеру құбылысымен көрінген қазақ елінің қоғамдық, экономикалық өмірін қадағалауға қорытындылар жасауға бай материалдар беретін бұлтартпас тарихи мәліметтердің қайнар көзіне айналдырады /14. 47/.
Халық өмірін қаз қалпында суретеуге қатысты көркемдік мұраттар М.Әуезов қажырлы шығармашылық жұмыспен бірге, тарих қойнауын үңіле зерттеу үшін, ғылыми ойлау өрісін зерделей түсуді де талап етті.
Эпопеяны жазу барысындағы М.Әуезов жүргізген зерттеушілік еңбектің жай-жапсарлық бағдарлағанда, шығармаға тірек болған тарихи концепция ғылыми кітаптардан көшіріле салмай, негізінен ұзақ жылдарға созылған тынымсыз ізденіс, қисапсыз деректерді шығармашылық тұрғыдан қорыту, дербес ой елегінен өткізу нәтижелері екенін аңғарамыз.
«Абай жолы» роман–эпопеясының бас қаһарманы ағартушы – демократ, ақын Абай Құнанбаев халықпен қоян-қолтық табысу, бауырласу жолдарын шынайылықпен көрсететін М. Әуезов қазақ халқының тұрмыс тіршілігіндегі рухани факторлар атқаратын белсенді қызметті, ақын мен поэзиясының алғаш рет терең де табиғи тиянақтады /18.55/.
Тарихи кейіпкер жасау мақсаты да осынау шығармашылық принциптермен тығыз байланысты. Автор тарихи процестің негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күштерін аша отырып, Абай поэзиясы мен тұлғалық болмысының дүниетанымының қалыптасуын ол өмір сүрген тарихи әлеуметтік жағдайларды егжей-тегжейлі, қаз-қалпында бейнелеу арқылы айқындалады. Абай тарихи дәуірдің жүрек тұсында тұрғандай: ол- заманының бел баласы, жаңа мұраттарының рухани жаршысы. М.Әуезов суреттелер уақытқа жазушы ғана емес, ғалымның көзімен де қараған.
М.Әуезов бүкіл саналы шығармашылық еңбегінде Абай өмірі мен өнерін сарыла зерттеумен айналысқаны аян. Сондықтан да суреткер ретінде оның бір ерекшелігі осы ізденістерін іштей тоқайластыра табыстырып, дамытып, көркем шығарма мен ғылыми ойды шебер иұштастыра білуінен болса керек. Соның нәтижесінде қаламгер бірінші болып жасампаз ақынның тарихи тұлғасын халық өмірімен тастүйін тұтастықта толық толғай алды.
Абай образын жасаудағы деректік нұсқаларды пайдалану тәжірибесі басы ашық, нақты сәттерді пайымдауда, оны көркем олбразда айналдыруда жазушы қандай принциптерге сүйенді, ратихи тақырыпқа арналған туындыда, тарихи шындық пен көркем шындықтың ара-қатынасы қандай деген сауалдарға жауап бермек.
Бұл орайда қарама қайшы тарихи мәліметтердің анық-танығына жету, дәуір заңдылықтарымен олардың байланысын ашу, қолданған материалды сұрыптап, екшеп, көркемдік типтендіру жолымен тарих қойнауынан өнер еншісіне айналдыру бағдарындағы М.Әуезов еңбегі ерекше қызықты. Эпопея табан тіреген тарихи бастау арналар тарихи романдағы көркемділік қиял өрістің суреттелер заманғы тән деректі негіздермен тамырластық сырын ұғуға жетерлік хақ.
Кәкітәй Ысқақов жазған ақын өмірбаяны мен баспасөз бетіндегі бірлі –екілі мақала, хабардан басқа Абай туралы жарияланған мағлұматтар аз болғаны белгілі. Әдетте тарихи қайраткерлер өмірін зерттегенде арқа сүйейтіндей күнделік, хат, мемуар тәрізді жазба мұралардың мүлдем жоқтығынан Абай өмір жолын бейнелеуде негізінен тек засмандастары естелігі ғана шешуші мәнге ире болғанын көреміз /19.69/.
М.Әуезов оқытушылар семинариясында, кейінннен университет қабырғасыенда білім алып жүрген кезде Абай есіміне, құмарта бастағанын айтады. Сол жылдардың өзінде де болашақ эпопея авторы Абайға қатысты қор жинап, қызықты куәліктер табады. Жас таланттың әңгіме дүкен құрған адамдары: Абайдың әйелдері Әйгерім мен Ділдә, Құнанбайдың кейінгі зайыбы – Нұрғаным, ақын Көкпай т.б.
Алайда ол тұста М.Әуезов өзінің бұл ынта ықыласын сонша маңызды іс снай қойған жоқ екен. Соңынан ол «Биограф ретінде Абай өміріне қатысты материалдар жинаумен 1930 жылдан кейін айналыса бастадым. Өйткенше орай бұл кезде ақынды жүзбе-жүз танитын адамдардан бірен-саран қариялардың ғана көзі тірі еді»- деп жазады /20.58/.
Жазушы 1939-40 жылдары ақын еліне, Семей облысының Абай ауданына бара жүріп, Абай Құнанбаев өмір сүрген дәуір мен өмірі жайлы замандастарынының аузынан қағазға түсірген әңгіме естеліктері бар. Ол М.Әуезовтің өз архивінде сақталғанг.
Автор шығармаға кіріспес бұрын Абай туралы ұзақ уақыт материал жинастырудың қиындығын былай жеткізеді: «Жалпы бұл кезеңдегі романға байланысты жұмыс сипатымды мен әлдеқашан көшіп кеткен керуеннің жұртына келіп, сөнуге айналған ошақ орнынан әлсіз қызуы бар соңғы шоқты тауып алып, оны демімен үрлеп қоздатып, жалынды адауға айналдырмақ болған кееуіл шаруашының харакетімен салыстырар едім. Көне көз қариялардың күнгірт тартқан зердесі мені Абайдың жас аәуіріне жетелеп, жол көрсетіп отырды, алпысты алқымдаған Әйгерімнің жүзінен мен оның ақын жүрегін жаулаған балғын замандағы сұлу ажарын елестетуге тырыстым».
Жазушы Абай заманын суреттеуде белгілі тарихи деректерді кеніне қажетіне жаратса, ақынның өз өмірі мен қоғамдық іс әрекеттерін бейнелеу үшін оның өмірбаянынның тек аян болған басты – басты мәліметтеріне ғана иек арттырып, кейіпкер мен қоршаған орта тірлігін мейлінше шыунайылықпен кестелеуге тиіс болды.
Абай туралы әдебиеттерден белгілі маңызды мағлұматтар эпопеядағы ақын өмірімен салыстырғанда жазушының толығынан ақын жайында барынша басы айқын, нақты материалдарға жүгінгенін көреміз Ол кен заманның аса ірі тұлғасы хикая бәлкім қазіргі заманға көшірілгендей тым еркін бейнелеу көрінісіне айналып кетер еді.
Эпопеядағы замандастар естелігі мен тарихи деректер негізінде мүсінделген Абай өмірінің кейбір сәттеріне назар аудару дәуір тынысына айғақ нақты куәліктерді шығармашылық тұрғыдан игерудің авторлық әдіс-амалдарын айқындауға мүмкіндік береді. Мұндай рухтағы талдауөмірлік деректерге құрылған шығармада тарихи ақиқат пен өнер мүддесінің тоғысуын жете ұғынуға жол ашады.
Абай өмірінің соңғы жылдары туралы замандастары мен олардың ұрпақтары жадында көп нәрсе қалса, ал ақынның бозбала дәуіріне байланысты тиіп қашты қауесеттен, жас жігіттің сүйген қызы Тоғжанға арнаған санаулы өлең жолдарынан басқа ешбір дәйекті сөзді табу мүмкін емес-ті.
Қарамоладағы съезде Абайдың төбе би сайланғаны тарихи анық нәрсе. Осы дерекке сүйеніп, жазушы генерал-губернатордың Абайды әлгі қызметке Ұсынуына себеп болған ахуалдарды топшылай бастайды. Автор бұл тұста Абайдың қыр халқы үшін беделін, патша әкімшілігінің ол жаймен есептеспеуі қиын екенің логикалық әрі көркемдік тұрғыдан нанымды бейнелейді /21.96/.
Романдағы Абай әрекет үстінде, сол уақыттың реакциялық күшетерімен, атап айтқанда күрес барысында көрсетілген.
М.Әуезов белгілі тарихи деректерге сүйене отырып, Абай өмірі мен заман ерекшелігін терең түсіну арқылы бар құбылысты ойша дамытып, одан мүмкін деген табиғи қорытындылар шығарады, сюжет желісін, мінездер құбылысын, өзгерісін белгілейді.
Көркемдік қиялға ерік беру правосын ұтымды пайдаланылатын жазушы Қазақстанға тарай бастаған исламизм уағызына қарсы Абайдың өткір идеялық күресін заңды логикалық шешімімен жеткізеді. Қаламгер абайды қаладағы бас мешіті дін иелерін жақтаушылармен ашық дауласуға алып келеді. Олар қазақ елін өзіне «жат та жау муфти үстемдігіне» бағындырпуды көздейтін ұлттық буржуазия мен ұлтшылық аңсардағы интеллигенция өкілдері болатын.
Қазақ қоғамындағы әйелдердің ереіксіз, қайрансыз халі, оның жеңілдету күресі, семья неке жөніндегі ескі қарым қатынас, осының бәрі. Абайды бірде мұнайтып, бірде күйзелтіп, ашындырған наразылыққа көтерген мәдін мәселелер. Жазушының мұндай тараптағы материалдарлды іріктеп алуы да кездейсоқ емес. Абай эпопеяда сан рет әйел тенсіздігін қорғаушы кейпінде көрінеді. Салиха қыздың дауына байланысты ол төбе билік айтып, арызданушыны шариғат заңымен маталған қалаусыз некеден босатады. Абай өзін пана тұтып, даладан қалаға қашқан екі жас Мәкен мен Дәрменге де батыл араша түседі.
Бұл оқиғалар Абай өмірбаянынан орын алатын рас жағдайаттармен тығыз байланысты Хадиша қыз туралы екі ру таласында Абайдың төбе билік айтуы хақында дерек көрінеді /12.96/.
Естеліктерде Абайдың Хадиша қызды өзі қаламаған некеден босатып, азаттық әперуі ақынға қарсы феодалодық топтың қастандық әрекет жасауына әкелетін қатерлі қадам болғаны баса айтылады. Абай өміріне қаскүнемдік расында да, 1897 жылғы, Көшбике деген жерде жүзеге асқан. Дұшпан қауымының ұйтқысы – старшин Оразбай Аққұлов пен Абайға соншалықты тісін қайраған дала шонжарларының бір тобы .
Эпопея авторы бұл оқиғаның кей қырларына айрықша назар аударған. Атап айтқанда, жау тобының ішінен біреу ақын өмірі үшін қауіптеніп, соққы басталғанда Абайды өз денесімен жауып, қорғап қалуға тырысқан: «Абайды сабағанда үстіне жығылған. Оны талқан қып ұрған. Бір ай қалжа жеп жатып тұрған».
Абайдың дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани аяда кемелденген, толысуына саяси тұтқындаремн достығы көп ықпал етті. Бұл байланыс сарыны романда, ең алдымен орыс достары Михайлов, Павлов образдарынан көрініс тапты. Нақты тарихи прототиптер Михаэлис, Болгополов болғанымен, Әуезов Абайдың революциялық-демократтық қозғалыс өкілдерімен кенірек байланысын ескеріп, аталмыш бейнелерге жинақтаушы, жалпылық сипаттар дарытады.
Қорыта айтқанда, жоғарыда келтірілген жекелеген мысалдар біздің түсінуімізше, заман келбетін кескіндеуде мейлінше тарихи дәлдік пен табиғилыққа жету таталабы ешқашан тұсау салмайтынын, қайта керісінше, дұрыс пайымдалған тарихи шындықпен жарасымды бір өміршендік сипат дарытатынын жете дәлелдейді. «Абай жолы» эпопеясындағы тарихи дәйектілік сол дәуірдің аса мәнді жанашылдық қасиеті – тарих пен бүгінгі күн тамырластығы жайлы да терең түсінік алуға мүмкіндік тудырады. Романдабұл міндетті шығармашылық тұрғыдан шешуде өз заманының озық тенденцияларын ту қылып ұстап, рухани еркіндік дабылын қаққан Абай образы басты роль атқарады.
Шығармада Абайдың шырғалан өмірі мен қайраткерлік әрекетін, кертартпа реакциялық күштермен күресін қазақ халқын орыстың революциялық демократтық мәдениетімен, еңбекші бұқарасымен жақындастыруға жұмсаған жігер қайратын көркем кестелей отырып, жазушы сол арқылы тарихи болашақ бағдарын айқын елестете алған, эпоеяға бүгінгі замандық рух дарытқан. Абайдың көркем бейнесі енді міне уақыт сынынан өтіп, мән-маңызы тарынша айқындалған тарихи шынайылы, кесек, тұлғалық бар болмысымен көзімізге оттай басылып, көкірегімізге мәнгі бақи орныққан.
1949 жылы романның бірінші кітабы аяқталуына байланысты радиодан сөйлеген сөзінде М.Әуезов былай деп еді: «Абай Белинский пікірімен топшылағанда, өз заманы туралы өлмес туынды берген, ел аңсаған мұрат тілегі жағынан болашақпен тілдесер ақындардың бірі болды.
Ол болашақ абай үшін бүтін халықтарға еркіндік пен қайта өрлеу әкелген біздің заман. Абайды біздің дәуірге терең үндес, біздің ұрпақтарға түсінікті де жақын, демек, өзінің өлмес жырларындағыдай етіп көрсету – менің ақын тұлғасына шығармашылық аяда көңіл бұруымдағы ең ізгі, ең жауапты міндеті».
Абай поэзиясы Абай есімі М. Әуезовке бала кезінен таныс болғаны белгілі. Оның өлеңін Мұхтар ес білгелі-ақ үлгі-өнеге тұтқан. Ұлы ақынның жарқын образы болашақ жазушының жас жүрегіне ата тәрбиесімен еніп, берік орнауы, жазушының көп зерттеп, ұзақ толғанып кіріскен. « Абай жолы» романын М. Әуезов он бес жылға жуық жазды. Бұл жазушының көп саласы бай творчествосының байтақ арнасы жансүйер туындыларының шырқау биігі. «Абай» және «Абай жолы» романының төрт кітабының кезеңінде автордың барлық жағынан кемелденіп төселіп, білім де, дүниетану тұрғысы да, таланты мен тәжірибесі де, толысып, молыққаны сөзсіз. Мұны романның өн бойына өрлеп отырған идеялық, реалистік, көркемдік дәрежесінен аңғаруға болады.
Кейін «Абай жолы» деп аталған төрт томдық роман-эпопеяның алғашқы екі кітабы «Абай» деген атпен шығып, бірінші кітабы 1942 ж. жарық көрді. Ал соңғы екі кітабының біріншісі «Ақын аға» деген атпен 1950 ж., «Абай жолы» деген атпен 1952 ж. жарияланды. Абай романы үшін 1949 ж. СССР Мемлекеттік, ал, барлық төрт томдық «Абай жолы» эпопеясы үшін 1959 ж. Лениндік силық берілді. Бұл шығарманы талдап, құнарлы пікір айтқан еңбектер әдеби сын очерктерде, монографиялық зерттеулерде кең орын ала бастады.
Қазақтың ұлы ғалымы Қ.Сәтбаев «Абай» романын жарты ғасыр «қазақ өмірінің энциклопедиясы» деп бағалаған. Бұл бағада үлкен пікір түйіні бар /28.53/.
Мұнда біріншіден, романда мезгіл жөнінен Абай өміріне байланысты жарты ғасыр уақыт қамтылғаны ескерілсе, екіншіден, Абай өмірімен қатар, жарты ғасыр бойындағы тұтас қазақ өмірінің суреті көрсетілгендігі, «Абай» романының сюжеттік құрылысына қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың материалдарын түбегейлі өзек ете отырып, М. Әуезов сол тұстағы қазақтың қоғам өмірін күресін, тұрмысын, әдет-салтын зор шыншылдықпен кең қамтып, терең суреттеген, ұлы реалистік шығарманың, әрі дүние танытқан, әрі эстетикалық қасиеті, оны халық өмірінің энциклопедиясы деп бағалауға, толық сәйкес келеді.
«Абай жолы» эпопеясының төрт кітабына енген оқиғалар мен эпизодтар саны, қатысушы адамдар саны ұшан теңіз, көп. Олардың бәрі өзара сабақтас шығарманың ұзақ сюжеттік желісін шашау шығып тұрған бірде-бір құбылыс таппайсыз. Әрқайсысы өз орнында қажет қасиетін атқарып, композициялық құрлысқа кірпіш боп қаланғандай. Керегесі кең жайылған алып шығармадан, ұлан- асыр қоғам өмірі өріс тауып, орын тепкен. Абай өмірі де тікелей не жанама түрде байланысты. Осындай байланыста Абай образы халық өмірінің үлкен бір дәуірін көзден өткеріп суреттеу үшін, өте қолайлы жағдай болғанын, жазушының өзі де жақсы түсінеді.
«Абай жолы» эпопеясының ішкі сарайы кең, образдары мен характерлері, психологиялық тереңдігін, диалектикалық даму заңдылығын сақтаған саңлақ та тұлғалы болғандықтан, мұнда басқа компоненттермен қатар, кең құлашты эпостың аясында шиеленістер мен монологтар, тебіреністер мен толғаныстар, махаббат күйлері жарасымды бірлік тапқан. Мысалы, бір жағынан эпикалық кең жоспарда ас, той, барымта, төбелес, жұт, індет, съезд, сайлау сықылды ірі оқиғалар баяндалып жатса, екінші жағынан солардың арасында бұрқ етіп шыққан дау талас, тартыс, кісі өлімі сықылды драмалық және трагедиялық жайлар суреттесіп жатады. Үшінші жағынан, романның бас қаһарманы, сүйікті ақын Абайдың көңіл-күйі, жан құбылысы, жарқын ақындық сезімге бөленген табиғат, махаббат сырлары оқушы жүрегіне мөлдір бұлақтай құйылып, адамның ең нәзік эстетикалық сезіктерін оятып жатады /22.74/.
Бұл М. Әуезовтың көреген суреткер, әрі күрделі сюжет пен композицияның шебері екенін көрсетеді. Оның суреткерлігі адам характерінің, тұрмыстық және табиғаттың көркем картинасын, бейнесін,кескін келбетін, өзінің нағыз ақиқат пішінінде суреттеуінен байқалса, ал, композицияға шеберлігі, осының бәрін белгілі тәтіппен бір шығарманың тұлғасына сыйғызып, оларға жан беріп, өмір беріп, жүйке, қан тамырларымен шыға алатындығынан байқалады.
Қысқасы, эпопея әдебиеттің барлық жанрынан да жетілген жазушының серпінін танытатындай. Бірде, лирик ақынның риясыз таза көңілінен ақтарылған нәзік жүрек сырын, біресе эпик әңгімешінің шымырлаған дария ағасындай, шалқи толқыған сабырлы хикаясын, біресе жалынды драматургтің от шашып түтіккен өткір де уытты диалогін кездестіресіз, біресе туған дала табиғатының әр мезгілдегі құлпырған көп бояулы көріністерін, тамаша пейзаж картиналарды көресіз, біресе, эпопеядағы есебі жоқ көп алақұла адамдардың әрқилы характерлерін, аз сөзбен қысқа қайырып, шебер түйетін, дәлме-дәл мінездемелерді табасыз.
Көркем әдебиеттің бірден-бір өзімдік құралы және көркемдіктің де басты белгісі-тіл. Ал «Абай жолының» тіл байлығы мен тіл қолдану шеберлігі туралы қалай айтса да сыяады. Ол-қазақ халқының сөйлеу тілі мен фольклор, жазба әдебиетінің сөздік қорын мол қамтып, бойына сіңірген тіл. Сол себепті бұл шығарманы сөз байлығы жөнінде, қазақ тілінің қымбат қазынасы дей аламыз. Бұрын көп оқушыларға белгісіз сөздер М.Әуезов романы арқылы қазақ әдеби тілінен заңды орын алып, кең пайдаланып келеді. Сонымен қатар, бастапқы мағынасынан ажырап, көнерген сөздер де жазушының қолдануында жаңа мағынаға ие болып, жаңғырып шыққанын білеміз.
Табиғат суреті мен адам портретін жасау жөнінде, жазушының шеберлігі ерекше. Бірақ, осының ешқайсысын жазушы дербес мақсат етіп алмайды. Мұның бәрі, жазушының образ жасау мақсатына бағынышты. Белгілі бір оқиғаның жағдайын, кейіпкерлерінің бейнесін, көңіл-күйін аша түсу үшін қажет болған тұста ғана автор табиғат көрінісін, адам пішінін, геройының психологиялық жан құбылысына ұштастыра суреттейді.
М. Әуезов суреттеген Тоғжан, Керімбала, Салтанат, Салиха, Үмітей сықылды сұлу қыздардың портреттері де біркелкі емес, алуан түрлі. Оның себебі, сол қыздардың образ ерекшелігіне, характер әрекеттеріне байланысты екені сөзсіз. Тоғжан мен Әйгерім ұқсас. Бұл ұқсастық Абай махаббатының логикасынан туған қисынды қажеттік еді. Басқаларында мұндай ұқсастық жоқ, өйткені, суреткер көз бітімін характер өзгешелігіне сабақтас етіп, алып қарайды. Мысалы, Тоғжан мен Әйгерімнің көздерін « әдемі қара көз »,... «кішілеу қара көз », « ұялы қара көз », «нәркез көз», «сыпайы қарайтын, ойлы, нұрлы көз» деп сипаттаса, Салтанаттың «сәнді салмақпен, баяу төңкеріле қарайтын, үлкен қой көздеріндей назды, нәзік сүйкімділік бар»,- деп түйеді. Осы қыздарының бет-бейнесіне сәйкес образдары да ұйқас. Бұл да «Абай жолы» эпопеясының көркемдік ерекшеліктері бұл шығарманың үздік таланттан туған жеміс екенін танытумен қатар, жазушының көп қыры мен сарқылмас мол мүмкіншіліктерін аңғартады. «Абай жолы» романында шынайы шыншылдықпен бейнеленген қыруар картина, образ характерлерді айқындай түсіп, эстетикалық әр әсер беретін айрықша бір жылы леп пен көтеріңкі сарын бастан аяқ үзілмейді. Ол, Абай бейнесінің арқауы етіп алынған лиризм мен романтикалық арман-қиял. Бұл қасиеттер, бір жағынан Абай жанының диалектикасын Абай поэзиясының сырын сезінуге жәрдемдессе, екінші жағынан, Абай арманын болашақ шындықпен сабақтастырады. Баста Тастақты жеңіп шыққан Шыбық Шынардың образы мен романның ақырында өсіп, қартайып, бұтақтарынан айырылып мерт болған, кейінгіге тек ұрығын қалдырған бәйтерек Шынардың образы да, осы мақсатты көздейді /29.71/.
Эпопеяның алғашқы кітабы жарық көргеннен кейін іле-шала орыс тіліне аударылды.
А.Никольская, Т.Нұртазин аудармасы «Л.Соболев» редакциясы бойынша 1945 ж. Москвада жарияланды. 1949-50 ж.ж. Москвада, 1958-60 ж.ж. төрт кітапты толықтай Анна Борисовна Никольская, Николай Иванович Анов, Зоя Кедрина, Л. С. Соболев сияқты жазушылар арқылы орыс тіліне, орыс тілінен әлем тілдеріне аударыла бастады /17.85/.
Абайдың есімі мен идеясын қараңғы түнектен алып шығып, келешек ұрпаққа жеткізген, Абай арманын, халық мұратын біздің заманның алтын арай таңымен ұштастырып, қазақ халқын әлемге танытқан М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын әлем әдебиетінің ұлы классиктері аса жоғары бағалай отырып мынандай пікірлер айтады. «Юманите» газеті «Абай» романы француз тіліне аударылған тұста: «Абай арманға бөлейтін кітап, «Абай» қазақтың «Иллиадасы» деп тамаша тауып айтқан. « Правда» газеті «Абай» романы қазақ әдебиетінде ғана емес, бүкіл совет әдебиетінде үлкен оқиға.» десе, М. Шолохов оны « совет әдебиетінің нағыз таланты шығармаларының бірі» - деп бағалады. Всеволод Иванов оны «поэзиялық туынды, ұлы құбылыс ән-жыр туралы роман» - деп пікір айтса, Луй Арагон: ( француз жазушысы) «Мен оның (М. Әуезов) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды, өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман «Абай» , менің ойымша, ХIХ ғасырдың ең үздік шығармалардың бірі... Бұл шығарма совет әдебиеті туындыларының маңдай легінен орын алады деу аздық қылады. Әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын.»
Л. Соболев : « Мемлекеттік сыйлық алған бірінші қазақ романының Абай Құнанбаев жанындағы роман болуының ерекше маңызы бар. Өз кезінде Абай сахынаға Пушкин Татьянасын әкеп, өз халқын орыс әдебиетімен таныстырған еді, оның ұрпақтарының бірі. Қазақ жазушысы Абайдың өзін көп миллиондаған орыс оқушысына таныстырып отыр.»- деді Канадада шыққан «Абай» романы мен оның авторы туралы « Нозен Нейборг» журналы, қазақтың ұлы ақыны Абай туралы ағылшын тілінде шыққан ғажайып романның бірінші басылуын мақтанышпен ұсынып отырмыз. «Өзгеге көңілім тоярсың, өлеңді қайтіп қоярсың.» -деп жалынды жыр жазады екен ақын. Абзал жанды ақынның халқы ұйып тыңдаса керек. Қазақ дегеніміз қандай, ер жүрек, неткен кең пейіл, өнерлі халық /17. 45/.
Романның осы айтқан жан толқытарлық, керемет көркемдік қасиеттері, шындылықтың ақиқатын суреттеу шеберлігі, өмір құбылыстарын адам характері арқылы терең де толық бейнелеуі, оның шынайы халықтық шығарма екендігі – осының бәрі қазақ эпопеясының барлық жерде құдіретті ықпалы мен әсерлігінің ең басты себебі болып табылады. М. Әуезов « Абай жолы» эпопеясы бұрынғы кеңес одағы халықтарының барлық тілдеріне аударылды. Орыс тілі арқылы эпопея Ағылшын, Испан,Чех, Поляк Иран, Түрік, Жапон, Қытай т. б. тілдерге аударылды. Дүние жүзінде оны білмейтін прогресшіл ел жоқ.
Абайдың 125 жылдығы қарсаңында Москваның «Прогресс» баспасы әлденше шетел тіліне тағы аударылып шығарылды. 200 томдық « Бүкіл әлемдік әдебиет кітапханасында» М.Әуезовтің «Абай жолы» /1/ романы жарық көрді. Қазақ халқы өзінің Абайы мен Мұхтарын мәңгі мақтаныш етеді.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма. Абай.
Романның бірінші бетінен соңғы бетіне шейін алдымен терең ақындық сыр шертіледі, ақындық үн. Әуен естіледі, ақындық тыныс, ырғақ сезіледі. Шығарманың өн бойында оқушының өзінің ұзақ өмір жолының куәсі еткен ұлы ақын он үш жасынан бастап, ол өлгенше одан ешбір сырын бүккен емес, ақынның барлық бастан кешкен арман – мүддесі, қуаныш-сүйініші, қайғы қасіреті, толғаныс – тебіренісі өз басыңнан кешкендей әсер аласың. Романның соңғы кітабын оқып болғаннан кейін де көпке дейін Абай бейнесі көңіліңнен шықпайды, көз алдыңнан ктпейді, оның өлімін өзіңнің өмір бойы сырлас досыңның өліміндей сезінесің. Ол осы күнге шейін қыр басында кірпігін ылғал шалған жіті көзін қиырға тігіп, келешек ұрпақтарға қол слзып тұрған сықылды көрінеді. Оның сыры, үні, лебізі жүрек пен құлақтан мәңгі үзілмейтін сияқты. Енді көркем шығармадағы бейнесіне тоқталайық.
«Абай жолы» эпопеясындағы көптеген ұнамды образдар – Абай, Тоғжан, Әйгерім, Ербол, Зере, Оспан, Базаралы, Оралбай, Байдалы, Сейіт тағы да басқалары идеалды образдар дәстүрінде жасалған. Идеалды образдар жасауда, оқиға әрекет сол заманның дәстүріне, мерзіміне айақталған, тізе бүкпей, сол ниетінде оқиғаны сұрыптап, биіктетіп алады. Осы оқиғада реалистіктен гөрі романтикалық сарын басым болуы тиіс. Бұл орайда Абай бейнесі аса түсінікті келеді. Он үш жасынан ел басқаруға араласқан Абайдың бар ісінде бір кері кеткендік жоқ, бәрі де халықтың үлгілі дәстүр тұрғысынан тиянақталады. Сонда жазушы оның әрекеттерін қолмен қойғандай, оп-оңай ете алмайды, тек оның әрекеттерінің жүйелілігін дәлелдейді, логикасын нанымды етеді 32.74/.
М. Әуезов бұл шығарманы халықтық роман туғызу ниетінде жоспарлаған да, солай етіп шығарған. Онда ол образдарды барынша мол қатыстырып, жеке адамды өз тобының ішінде басқалармен қатар қою арқылы ерекшелендіре түсу тәсіліне барады. Біріне-бірі ұқсамаған образдар, персонаждар жаппай өріп, тартыста жүр. Сан құбылыста бейнеленген образдар ықпалындағы оқушы эпопеяны қанша рет оқыса да ылғи жаңалық ашып, тамаша тартыстарды қызықтап, естен кетпес әсер әлемінде қалады.
Әрине, мұнда негізінен екі топ бар. Ескі қоғамды жақтаушы өкілдер – Құнанбай, оған қарсы өсіп келе жатқан жаңа көш – Абай тобы.
Ұлы Абай жасаған қауымды, соның бірге өмір сүрген үзеңгілестерінің, жолдастарының айналасындағы абайлық тамаша туындылармен бойын, ойын сылау, қабылдап өсті. Мұның өзі – жазушы үшін бастау қайнары еді. Бірақ М. Әуезов бір Абайды, немесе оның әулетін, ағайындық айналасын ғана жазып отырған жоқ қой, ол бүкіл қазақ халқын, оның ішінде сол ұлы адамның ХIХ ғасырдағы бүкіл тұлғалық бейнесін, халықтың бүкіл халықтық салтын жасады. Енді сол образдардың біразын талдап көрейік. Оның ішінде үлкен екі топ жетекшілері: Құнанбай мен Абайды жеке сөз етіп, қалған образдары өзінің типтес топтары шеңберінде қарастыралық.
Көп қыртысты, бүлікшіл қайсарлығымен прогреске қарсы іштегі сыры өмірі жібіместей шаққа жеткен қастандығы мен кесірлігі айналаны түгел былғайтын озбыр атқамінер, өмірде бола алатын барлық сұмдықтардың нешеме түрлерін ішіне жиған қас көй кеуде иесі - Оразбай. Өзі Есболат руының бел ортасынан шыққан Барынша бай, шұбар төс. Абайға деген жерге бар жанын сала ұмтылатын жалғыз көзді оспадар.Бұл –баяғыда Ералыда Базаралымен бірге тентек ояздан таяқ жейтін,қатты сабалатын,сол жерде Абайдың ерекше әрекетімен босанып,аман қалатын,оның жазаланғанын бүркелегендігі үшін қамалатын оқиғаның Оразбайы. Сол Оразбай Абайдың болыс- билерді, атқамінерлерді түйреп жазған өлеңдерін естіп: - Осы заман бұзылды-ау, бұзылғалы тұр-ау, монда бұзатын сен боласың - ау, қажы баласы – деді /1. 120/.
Ал Оспанның асығып киліккен қызба ісінен кейін Оразбай мүлдем басылмайтын болып алды. Асқындап кеткен бұзық Оразбайдың ауылына барып, Оспан съезд өткізбек болып, хабар беріп отырғанда, Оразбай оны орындамай, сол бойы қашып, шаһарға кетіп қалады. Ашуын баса алмаған, жауына жауша қарай алатын Оспан одан айласын асырып, ояздың кеңсесінің ішінде тұрып, оны қолына алдап түсіріп, ауылына дейін арбасының артына байлап әкеліп, езілген елдіңде, Абайдың да, оқушының да кегін бір алып беріп, асыра сілтеушілік істеді. Оразбай содан кейін, кекшілдік дауылын асқындыра түседі, өйткені оны Абайдың істетіп отырғаны деп түсінеді. Тек байланып отырған жерінен босатып, ат беріп, аузына су тамызғаны үшін Тәкежанмен достасады. Сонда ол айтқан:
- Құнанбай баласы, не осы жерде өлтіріп, қара сорпамды ішерсің, болмаса, ахретке дейін екі қолым жағаңда,- деген. Ол өлгенше сонысымен кетеді.Ал,Абайдың ізіне өкшеленіп түсу үшін, оның туысы Әзімбаймен, Тәкежанмен құда болысып, жақын төңіректен тор құрып, Абайды тапжылмай ториды.
Қысқасы, Оразбай кейін шыққан, прогрестің қандай түріне болса да аянбай, шабалана қарсы үріп ұмтылады, адамгершілік дегеннің дәмін татып көрмеген, қаскөйлектің бар түрін қатаң ұстанып баққан-адамшылық бақшасына шыққан нағыз сұңғылының өзі. Бұл жағынан ол-ерекше дараланып, нағыз жексұрындығымен жеке-дара айқын тұратын тип.
Тәкежан - Құнанбайдың өзіне тартқан баласы. Өзі сықылды мансапты да, феодализмді де, өлердей жақсы көретін қырыс. Жалын тартып, атқа отырған күннен бастап, атқамінерлік мансапты айдарлы арманындай ұстанып, сол жолда одан өзге ниетті құрбан еткен жеткіншек. Тәкежан тікелей басшылықша болмағанымен, өмірін ат үстінде өткізеді. Идея жағынан әкесіндей биік қиялға көтерілмегенімен, соның үзеңгілестік жүрісін құдірет көріп, мұра тұтынады.
Кедей жатақтарға қырғидай тиюі, Балағаз, Базаралыларды айдатуы, қара шығынды зорлықпен жидыруы, мал біткенді жақсы көруі сол мал үшін баласы Әзімбайдың айтқанын істеп Еркежанға үйленуді өршелене қолға алуы, алыстан қонақ болып барған Абайларға дұрыс тамақты да астыртпауы-осының бәрі, малсақ пасықтығын соның құлы болуды әбден мойындап алғанын аңғартады. Бірақ соның алдындағы Құнанбай үлгісіндей етіп, еркін меңгере алмайды. Әрине, ол үшін үлкен шеберлік, ақылдылық, батыл қажырлық, мол қарымдылық керек екендігін де аңғара алмаған сойылшы.
Осындай шоғыр-шоғыр, топ-топ болған үйірлі болыстар, атқамінер-партияшылдардың ішінен бұлардан басқа да талай-талай мықтылар кездесе береді. Тіптен олардың аяғы біртіндеп саябырлап барып қана сейіледі, немесе олар бірден тоқталып қалмайды.
Мысалы, романның ішінде әржерде, әр түрлі жағдайда Сәмен, Рақыш, Әбділдә, Есентай, Нүрке сықылды атқамінерлер де көрініс беріп отырады.
Сәмен – Қоңыр көкшенің баласы Абай дегенде, Рразбайдан бетер өші бар болыстың бірі. Әзімханға айнала жалтақтап, жалынып, жағалайды. Сөйте отырып, Абайды жамандайды. Ақыры, Абайға қастық жасауға бекініп,болыс сайлау үстінде Абайды бас салып дойыр қамшымен сабап, оның әзәз басынан қан шығаратын жауыз, бүкіл елдің намысын келтіретін қан құйлы – осы болатын /43. 96/.
Рақыш – нағыз екіжүзді, жағымпаз, бетсіз, бейнесіз, тек болыстың шені болмаса, сонымен көңілін тоқ етіп, оның қасына адамгершілік керек деп білмейтін адамның өзі. Келген жанарал ұлыққа бірінші болып, қол созған Керей болысы Рақыш оқ тигендей бүгіліп, ентіге ұмтылып, аузы сөз айтуға келмей: «Здрасти, тақсыр» дегенмен тынған еді.
Міне, «Абай жолы» романында көрінетін атқамінерлердің, ел басқарушылардың, солардың ішінде халықты ел ету үшін емес, сорлатып жеу үшін, оларды өзінің рахаты, мансабы үшін, өз ұамы, пайдасы үшін ғана басқарып жүргендер.
Осындай оқиғалар Абай үшін соққы еді. Жағылған үстіне жұдырық еді. Бұған саясаттың ісі, саяси күдік араласқанда, Абайдың басындағы хал түсінікті болады. Россияда жұмысшылар қозғалысы күшейіп, ескі дүниенің іргесін солқылдатқан дүмпу үдеп келе жатқан кезеңде әрі үрейлі,әрі ызалы патша үкіметі революциялық – демократтық ұранға үйлесіп кетеді деген әрбір үнді тұншықтырып тастауға әзір еді. Сол үкіметтің сеніп қойған адамдары жаңашыл Абайға қырын қарады. Оның прогрессивтік әрекеті ұлғайған сайын қаһарлана түсті. Семей қаласының полицмейстері қасына жандарм отрядтарын ертіп Абайдың ауылына дүркін – дүркін тінту жүргізді. Соңғы тінту, 1904 жылы жүргізіледі.
Осындай сұмдықты күнілгері де, кейін де сезген, болжаған, байыптаған ақылды Абай ғайбатшыл күндегіштері: «Қазақтың қайсысының бар санасы? Қылт етерде дап-дайын бір жаласы; пысықтықтың белгісі – арыз беру, жоқ тұрса бес бересі, алты аласы», - деп тайға таңба басқандай әшкерлейді. Әшкерлеу арқылы саналыларға сыр шертіп, мұң шығады. Абайдың маңдайға біткен соры да осы мінезі еді, өзгеден озық атағы, дарған даңқы еді. Көрнеу күнәсін, қалтарысты қылмысын таба алмаған мәртебелі ұлықтар оған күдікпен қарасады. Бұрын Абайдың біліміне, эрудициясына тәнті болған, «Осындай да қазақ болады екен-ау?» деп таңданған генерал – губернатор көз қимас Абайды шарасыз қуғандамақ болады. Бірақ халықтан сескенеді. Беделдің күші Абайды осындайлық екі ұдай күйге ұшыратады.
Семей әкімдері Абайдың достарын- Долгополов, Михаэлистерді басқа жаққа жер аударып жібереді.Ал, дала шонжарлары Абайға қастандығын тыймады. Ағайын-жақындарын азғырып, алауыз етті. Абайды қоршаған талантты жастарды қудаласты. Тобықтының соқталы жуандарының бірі – Оразбай Аққұлов өзге озбырлармен бәтуаласып, топ құрды да, 1898 жылғы Семей оязына қарасты болыс-билердің қайта сайлауында Абайға таяқ тигізуден шімірікпеді. Күншіл, бақасшыл тобырдың қиянаты ақын көңіліне қаяу салып, қайратын қажады. Ұстаз есепті болған орыс достарынан қол үзіп, кәдімгідей жалғызсырап қалған Абай дала жуандарының жауыздығымен жалғыз алыса-алыса қажыды. Рухани жалғыздыққа ұшырап, ішқұсталыққа бой алдырған Абайдың дүниеден торықпасқа шарасы жоқ еді. Ол асқына торығады, хаққа мойын ұсынады.
Осы тақылеттес қаніпезерлерді Абай «көздің жасы, жүректің қаныменен ерітуге болмайды ішкі мұзын» деп бейнелегенде, бастан кешірген қианатты жазған. Дүние жүзіндегі мемлекеттер тарихында у берушілік мансап – лауазым тартысына, қарай шәркездігіне байланысты болушы еді. Қазақ топырағында болыстыққа таласқан әке мен бала, аға мен іні қандасуға шейін барушы еді. Сол жағымсыз құлықты шенеген, қалың қазақты игілікке баулыған періште ақынның ғұмырына қастандық жасау-құлақ естімеген құбыжық.
Абайдың шорт сынып, морт отырып қалуына сонау Оспанның, одан бергі Әбдірахманның, ең соңғы Мағауяның өлімі себеп болды деген болжау мен үшін иланымсыз. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» деп еміріне қам жеген қайраткер Абай, Оспанның өліміне «бергішім-ой!» деп дауыс салған ағайынды «алғышым-ой!» деп қаза үстінде әжуалаған сыншы Абай, бауыр мен баланың қасіретін көтерсе керек-ті. Рас, жалпақ жұрттың аңызы Мағауя өлгенде Абай: «Қырық күннен қалмай артыңнан барармын, қарағым!» - депті деседі /38.81/.
Эпопеядағы образдар тобын қалыптастыруын байқайсың. Үстем тап, атқамінерлер тобы; болыс, старшиналар, билер, шабармандар олардың көмекші қолшоқпарлары: Байдалы, Қаратай, Сүйіндік, Сүгір, Байсал-осылай кете береді. Ұлы Абай жасаған қауымды, соның бірге өмір сүрген үзеңгілестерінің, жолдастарының айналасындағы абайлық тамаша туындыларымен байып, ойын сылап қабылдап өсті. Мұның өзі – жазушы үшін бастау қайнары еді. Бірақ М.Әуезов бір Абайды, немесе оның әулетін, ағайындық айналасын ғана жазып отырған жоқ қой, ол бүкіл қазақ халқының, оның ішінде сол ұлы адамның ХIХ ғасырдағы бүкіл тұлғалық бейнесін, халықтың бүкіл халықтық салтын жасады. Енді сол образдардың біразын талдап көрейік.
Романдағы Абай бейнесі – образдар ішіндегі ең жарқын ерекше сомдалған тұлға. Абай – қанша ұнамды болса да жазушы оны одан да ұнамдырақ, бізге жақынырақ, жанымызға жылырақ ете түскен. Ол екі әдәспен: бірі Абайға бұрын әдебиетте болмаған тың әрекет жасаттырумен, екіншісі – Абайдың жеке даралық та даналаық тұлғасын лайықты уақиға арқылы тұлғалаумен тұтастырады.Абай бейнесін теңдесіз эстетикалық биікке көтереді /44. 102/.
Романның «Қайтқанда» деген тарауында қаладан елге қайтып келе жатқан шәкірт бала – жолда қайта – қайта шауып, озып кете береді. Баланы Жұмабай «ұры бар» деп қорқытса, Абай шын ұрының қалпына өзі түсіп, кісілердің өзін қорқытады. Мұнда жалаң ойынға салыну емес, кісілермен ермек ету бар. «Жол ұзақ, ұйқы ашар болсын деп ем. Ғайыпқа бұйырмаңыз Жұмеке» деп ол әрекетінің ұятын мойындайды. Ауылына келгенде де әжесінің құлағы естімей қалғанын пайдаланып, дем салу орнына өлең айтады, баласының қылығынан қауіптене сұраған Ұлжанға «Апа, енді бақсы-құшынаш боп,елтіре жиғанша, ақын болып, Төрекеңе тартқаным көш ілгері емес пе?» деп Абай іле жауап береді. Жас баланы өз есебімен Құнанбай Қодар ісі билігінің ішіне алады, бірақ Абай ол істі Құнанбайша түсінбейді.Абай Қодар өлімінің үстіне барғанда оны құтқаруды ойға алады. Қодарды таспен атқылап жатқан Жексенге барып «О, малғұн, не істеп жатырсың?» дегендей балағаттай береді. Бұл да сенімді жасалған бейнелеу.
Абайдың қаралы көшке жолығуы; Бөжейге бата оқырға баруы, әкесінің тапсырмасымен ел басшыларының аралауы, Сүйіндік, Құлыншақ, Байдалылардікінде болуы,ондағы ойлары, сөздері, толқулары; Бөжей асына қатысуы, бұдан соң жатақтарға жәрдемдесуі, Базаралы, Байдалылардың пайдасы үшін Тәкежанмен айтысып, қалаға баруы, тағы басқа көптеген істерге әділет үшін араласуы жалғасады. Кітаптың өн бойында, жас Абай ауыл өмірінің қайнаған ортасында жүреді. Оған әсер ететін жағдай шан- шытырық, ала-құла. Оның бір жағында Күшікбайлар билеп-төстеп тұрған феодалдық-патриархалық қоғамының қатал тәртіп, қара күші, сол күш жел берген зорлық-зомбылық, шақ-шық ру тартысы, қанды төбелес, барымта, жұт, ұрлық, пара, өтірік, өсек, күндестік, қызғаныш..., екінші жағында қаналған, езілген қалың бұқара. Осының ортасында болған балғын жас Абайдың таза жаны, Қодардың өлімі сақталды, Құнанбайдың қым-қуыт қылмысты қылықтарынан тітіркеніп, оның сезімтал үлкен жүрегі тек жақсылыққа, әділетке, адамгершілікке ашылады. Ақиқат пен әділдік туралы жырлаған халық ақындары, игілік аңсаған еңбек адамдары, сүйгеніне қосыла алмай, аһ ұрған арманды жастар, зәбір көрген жетім-жесірлер, нашарлар, міне Абайдың ұстаз тұтып үйренген, ұйып тыңдаған, жаны ашып аяған, қол ұшын берген аяулы жандары - осылар. Абай бойына игі әсерін дарытқан осылардың өзі, олардың мұңы, жыры, күресі. Абай жанын тебірентіп, Абай жүрегіне асыл сезімдерін оятқан, туған жердің табиғаты, туған халықтың өнері, әдебиеті, ән-күиі, ойын-сауығы, жастықтың жарқын үміті, жалынды арманы. Міне, осы жағдайлардың романда көрініс табуы, оған ұлы ақынның араласып, барлық жағдайда бірге болып өз басынан өткеруі.
Абай бейнесінің кереметтей күрделі де көркем бейнесін сомдайды.
«Абай» романының бірінші кітабы бүгінгідей сол ортаның шындығын суреттеп, сол ортада ер жеткен есейген Абайдың жарқын романтикаға бөленген сүйкімді образын бейнелейді. Әуелі Абай айналасындағы дүниеге албырт жастың романтикалық назарымен қызыға, еліге қараса, жүре келе өмірдің сұмдық көріністерінен суынып, толғана бастайды. Осыған орай Абай өмірінің жастық шағы көктем таңындай ашық әсем, көрікті болуларымен суреттеле бастайды да, бірте-бірте күңгірт тарта береді, өйткені барлық дүние романда Абайдың көңіл-күйіне, жан құбылысына байланысты өзгеріп отырады /41. 76/.
Романның бірінші кітабы болашақ ақынның балалық, жігіттік кезеңдерін қамтып, оның жаратылысындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ашты, оың әке баласы емес, адам баласы, халық ұлы болып өскенін көркем тілмен жария етті. Сөйтіп, кітәптің соңында жиырма төрт жасқа келген, характері қалыптасқан естияр Абайды көреміз.Ол енді алдағы өмір күресіне әзір екенін аңғартқандай. Сүйікті геройының бұл күйін автор, мынандай ойды образбен түйеді: «Қияға қадам басқаны рас. Бір күндерде жалаң құздың басындағы тақыр құммен тастақты жарып, әлсіз ,нәзік шешек атып, жас шынар пайда болған .Сондай бір өмір гүл шашқан. Енді бұл күнде, сол шыңға шыққан жалғыз шынар балғын тартып, жас қуатқа толыпты. Қазір оған қыс пен аяз да, тіпті тау дауылы да қатер болудан қалған еді.» Абай бейнесінің символы ретінде алынған шынар ағаштың образын оқушы төртінші кітаптың соңында қайта көреді. Бірақ онда ол басқа күйде. Екінші кітаптың басынан бастап Абай әрекеттерін үлкен, ірі кісінің істері етіп, толғандыра бастайды. Кітап ашылғанда, Абай түні бойы қағазға үңіліп отырады; ол кітаптағы жазу арқылы Меккеге атанып бара жатқан Құнанбайға Меккеге апаратын жоды жазып беріп жатыр. Мұның өзі де – ережеге теңізшілердің тірлігін былай қойғанда, одан бергі жердегі картасыз, сөзбен, жобамен жол іздеудің ерекше ұмтылысы. Бұның соңын ала Дәркембайды Майбасар мен Тәкежанның жұлмалауынан босатып, Дәрменді адам етуді, өз мойнына алады. Әкесі алып берген Ділдәдан іргесін аулақтатып Тоғжаны болып көрінген Әйгерімге үйленеді. Бұл өз жолын тауып өмір сүре бастағаны. Бұл уақыттар ішінде Абайдың білім, ой өрісі құлашын кез сермеп шалқыған кезі. Гоголь кітапханасында өзін кекетпек болған чиновникті керемет қуаты бар сықақпен қағытады. Чиновник мырза, түие кірсе, несі бар, мұнда ол түгіл, есекте отырыпты ғой- деді. Мынандай жауап табу үшін тек таудай талап, білім, өткір тіл қажет.
Абай әрекеттері-ағартушылық істер маңына жинақталған, адуындылыққа, басымдылыққа қарсы. Адамгершілік, тыныштық көздеген оқиғалар желісінде Абай көзқарасының әрекеттері адам сезімін терең толқытқан драмалы- лирикалық сарында өрбиді.
Абайдың талай-талай кітаптар аударыстырып, әлем әдебиетінің біз білмеген, есімеген туындыларды оқығанын аңғарамыз. Абайдың оқығандарының ішінде орыстың, Батыс Европаның, Шығыстың шығармалары көп кездесіп отырады.
Прогресшіл шығармаларды былай қойғанда, Абай кішкене молдамен « Құранның» аяты жөнінде айтысып, жеңіп шығады. Осыдан бастап Абай кітап оқу жанын Михайловпен ақылдасып барып, оны жүйелі етуге ден қойып алады. Онда Михайловтың сандаған кеңестері, талай-талай мәліметтерді, Чернышевский туралы, патша туралы, революционерлер әңгімелері орын алады. Содан бастап ұлы ақын орыс классиктерінен үйренуі, оқуы олрдың шығармаларын қазақша аудара бастауы басталады.
Автор Абайды адам баласына деген мейрімділікте ұлы ағартушылық аясында, ақылгөй қамқоршылықта, әркімге ой салар даналық түйіндеулердің төңірегінде ұстайды. Бұл қасиет образы басталғаннан-ақ оқушыны баурап алады.
Мысалы, ұры болып қорқытқаны үшін Жұмабайдан кешірім сұрап, Сүйіндіктің төрелігіне сүйенуін, Бөжейге сәлем беруін, Бөжей асындағы Байдалыға айтқанын тағы да басқа сөздерін еске алайықшы, немесе, Тойғұлының үйінде дінарлар: « Біздің заманымыз, өзгені қойғанда Пайғамбар заманына жақынырақ...» - деп ісіп, кеуіп отырғанда, Абай, « Сіздер Пайғамбарға Әбутәліптен жақын емессіздер. Ол - әкесі еді. Бірақ Әбутәліп кәпір болатын.»- деп, діншілердің аузын жапқызады. Нақ сондай етіп, әкесі мұның да көңілін басуға, далаға алып шығып айтқаны: ағайыншыл емессің, терең емес таязсың, орысшылсың деп кінә қояды.Сонда Абай керемет өзінің үш жауабын береді .Осы үш айтқаныңның үшеуіне де дау айтам, әке, өзімдікі дұрыс айтам деп,оның үш кінәсі де дәлелсіз екеніне көз жеткізеді. Жай сөзбен емес, терең толғанысты, байсалды оймен. ... Абай елдің өнерлі болуына, жастардың өнер иесіне айналуына қоса түсті.Тіптен жеке жастардың хал –жағдайына, олардың көңіл күйлеріне, тұрмыстарына көп уақыт бөліп тұратын болады. Байсүгірді Майбасар сабағанда, Майбасарды тиып тастайды.Оралбай мен Керімбала қосылғанда, оларға сайыс бергізеді. Мақұлбай қайтыс болғанда, өзі жазып, Әйгерімге жоқтау айттырады. Ол болса, өнерді сыйлағандығы, ел еңсесін көтермек болғаны еді.
Ералы оқиғасына араласуы, Абайдың азаматшылық ойларының өмірден орын тебуінен көріне беруі еді. Абай елді үгітпен, насихатпен, ақыл айтумен ер айыбын өзіне, көп айыбын көзіне айтумен, елді ағарту жолына түсуді өзіне арна етіп алып, соны өрістетуге әзірленеді. Абай бірмезгіл ел басқару ісіне, болыс сайлауға қатысады. Үш болысқа үш інісін сайлаттырады, өзінің таратып жүрген үлгілерінен бір нәрселер алған болар деп ойлап еді, сөйтсе, олай еместігін байқады. Енді тікелей күреске өзі шығады. Айқын күрестің, үлкен арнаның алды етіп, Абай әкесімен Әмір жөнінде өмір-өлім айқасына түсіп, біржола араны ажыратып алды да, алыс-айқастың үлкен майданына аттанды. Бұл кезде Абай орыстың ұлы классиктерімен бірге батыс Европа, Америка әдебиеттерімен таныса бастады.
Сөйтіп, романның екінші кітабына адамгершілігі, ақындығы, халықшылдығы шексіз тұтасып, ұлы тұлға жасаған Абай бейнесінің қазақ даласына сәуле түсіргені көңілге қонымды көрсетілген. Осы кітаптың эпилогында Абай жолының алғашқы кезеңін түйген мынандай толғау түйін бар: «Өмірдің беліне шығыпты. Сол арттағы жолда жоғалтқаны көп пе, тапқаны көп пе? Рас, жоғалтқанының көбіне өкінбейді. Жақыннан әке-Құнанбай кетті жат болып. Туыстан Тәкежандар кетті жауығып. Оразбайлар, Жиреншелер де бірі артынан бірі шұбылып кетіп жатыр. Үзілсін бұдан,кетері кете берсін. Әлі де кетер табылар. «Бірақ халық қалса, халыққа жолымды, жанымды қосар қолымдағы жарық қалса жеткені» деп,өзіне өзі осы отырыста құпия бір ант-серт айтқандай бекінеді» /35. 46/.
Міне, өмірінің «Абай жолы» романында суреттелген екінші кезеңіне ұлы ақын осылай енлі. «Алда өмір тартыс. Сол тартыста бұл жалғыз шыға келсе, жапа-жалғыз. Рас, оның бір қуаты, бір үміті бар екені рас. Қуаты-ақындық, үміті-халық.»
«Абай жолы» романында суреттеген тарихи шындық ХIХ ғасырдың ақырғы кезіндегі 20-25 жыл уақытты қамтиды. Бұл қазақ тарихындағы өте бір маңызды дәуір.Сонымен бірге ол Абайдың ақындық творчествосының толысқан, жазушылық қызметінің, халыққа көсемдік, қамқорлық еткен және дұшпандарымен белсене күреске түскен қайраткерлік қызметі мен елінің болашақ тағдыры үшін көп толғанған ойшылдық қызметінің әбден өріс алып, кемеліне келген кезі.
М.Әуезов Абай бейнесін шындыққа лайық тарихи процеспен, халық өмірімен тығыз байланыста алып жетілдіреді. Образды бұлай алу, реализмнің ежелгі дәстүрі. Тарихи жағдайды алсақ, ХIХ ғасырдың екінші жартсында қазақ даласында өзгеріс, жаңалық аз болған жоқ. Жазушы «Абай жолы» романында осы өзгеріс, жаңалықтарды көрсетіп, отаршылдық саясаттың ауыр зардабын, асқындаған қайшылықтарды, әлеуметтік теңсіздікті, шиеленіскен таптық күресті баса суреттейді. Сонымен бірге қазақ халқы мен орыс халқының достық қарым-қатынастың күшейіп, қазақ жастарының орыс мәдениетіне деген ықыласының арта түскені баяндалады /7. 89/.
Эпопеяның үшінші, төртінші кітаптары Абайдың ел ағасы, ақындар ағасы, еркіндік бастаушысы болғанын аиқындайды. Ақындарға ақыл айтудан « ақиқат деген не, ақын нені жырлауы керек, өмір шындығы не?» дегеннен басталған кеңес, айтыс, маслихат, қызықтары ұлғая, кеңейе береді. Төртінші кітапта Абай елдің ағартушысы ретінде, округке, ірі әрекет істерге кіріседі. Олар, Семейдегі оба ауыруының шығуы, елді одан сақтап қалу үшін Абайдың ұйымдастырған істері. «Абай жолы» романында қала, базар, завод көріністері, ондағы патша үкіметінің чиновниктері, қала байлары, саудагерлері, діни адамдар, кедейлер, жұмысшылар, интеллигенция өкілдері көбірек назар аударады. Алғашқы романда ру тартысы басым болса, соңғысында әлеуметтік теңсіздікке негізделген тап күресі басым, алғашқысында Абай үстем-тап өкілдерімен, Дәркембай, Базаралы сықылды жатақтармен, Михайлов секілді, бірен-саран жер ауған халықшыл демократтармен ғана пікірлес болса, соңғысында Павлов сықылды революционерлерімен, Сейіт сықылды жұмысшылармен, Сармолда сықылды « діннен шыққан» прогресшіл адамдармен, Әбіш, Дәрмен сықылды жаңашыл жастармен пікірлес болады. Бұл жолы ол енді ауыл кедейлерінің үстіне қала жұмысшыларымен орыс шаруаларымен еңбекші бұқарамен байланысты болады.
Ғасырлар бойы саяси, шаруашылық,мәдени мешеулікте келген қазақ халқы тағдыр тізгінін ұлы орыс халқына тапсырып,тарихи прогресс жолына түскенде,феодалдық ортада тұрған данышпан ақын, ұлы ойшыл Абай өз табынан саналы түрде сытылып шығып, еңбекші халық келді. Тұрған халқын орыс халқымен достыққа, орыстын мәдениетін үйренуге шақырып болашақққа нұрлы сеніммен мезгеді. Бір-бірімен тоғазқан осы екі жол қазақ халқының тағдырын оның бақытына шешкен. Ұлы тарихи мәні бар қиын да күрделі процесс еді. Осы процеске батыл барып, терең бойлап, жігі зерттеп, керемет көркем туындыны Абай бейнесі оның іс-әрекеті арқылы көрсету ұлы суреткердің ғана қолынан келеді. Осы «энциклопедиялық» характер, «эпопеялық» кең құлаш, тұтас алғанда, Абайдың өз творчествосына тән еді /32. 47/.
М.Әуезов Абайды көп салада туындының өзекті образы етіп ала отырып, ұлы ақынның өз творчествосында қолданған салалы да өрелі реалистік принципін тұтынып, оның осы дәстүрін одан әрі дамытты.
«Абай жолы» эпопеясының мәні мен құны Абайдың тарихи адамның өмірін, іс -әрекетін, ой-пікірін, сана –сезімін, көңіл-күйін тарихи оқиғалармен орынды ұштастыру арқылы тұтас бір дәуірдің шындығын кең суреттеп, дұрыс бейнелеумен ғана шектелмейді. Абайдың атақты лирикалық және сатиралық өлеңдерінің қандай жағдайда, қалай туғанын романның сюжеттік желісінде орын тапқан оңды суреттер мен образдардан анық аңғарамыз. Мысалы, «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Жазды күні шілде болғанда», «Желсіз түнде жарық ай», «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» тағы басқа өлеңдерін алсақ, бұлардың бәрі М.Әуезов романындағы қызықты оқиғалар мен эпизодтардың сырын түйіп, көптеген психологиялық сарындарға, көркем картиналарға романның терең лиризміне азық болған.Осы негізде Абай образының обьективтік мән мағынасымен бірге оның эмоциялық әсері де керемет күш алғанын айту керек. Абай образының осыған орай тағы бір маңызды ерекшелігі – оның интеллектік қасиеті. М.Әуезов көрсетуінде есейген Абай – ақындығымен бірге білімді, парасатты философ адам. Ұлы ақынның бұл қабілеті оның әрбір қадамынан көрінеді, не нәрсенің терең сырын, мағынасын, себебін түсінуге тырысу, не істесе, сол істің баябына барып, пайымдап, топшылап алып іске кірісу, айтыс,талас, тартыстарда логиканы қару ету, халқының қазіргі және болашақ тағдыры туралы толғану, өлеңдерін ұдайы философиялық, даналық ой-пікірге негіздеу – осының бәрі жазушының шебер суреттеуінде ұлы Абайдың бойына жарасқан, Абай образының салмағын, көркін, мән-мағынысын мықты көтерген сипаттар. Бұл сипаттардың Абай табиғатына терең ұялауына, оның орыс досы Павлов та, сүйікті баласы Әбіш те көп еңбек етеді. Абайдан тәлім-тәрбие алған жаңашыл жастар, оның ішінде әсіресе Дәрмен сықылды таланты шәкірт ұстазының поэзиялық шығармаларымен қатар, оның осы интеллектік қасиетін философиялық өсиеттерін үлгі, өнеге тұтады. Абай бейнесі романда өзінің осындай қасиеттері айқын, әсерлі түрде аша отырып жалпы типтік қасиеттерін де жақсы ашқан.
Абай – ақын және жай ақын емес, егер қазақ халқы әлемдегі ақын халықтарының бірі болса, Абай-сол елдегі ақындық жиынтық, халықта ежелден келе жатқан салтты жаңа сатыға көтерген, жаңа дәстүрді ие еткен нағыз ақын. Халықтың ақындығына революция жасаған данышпан ақын, халқының тілегін таба білген, өз талантын таныта білген құдіретті ақын. Халқының құлағына өлең деген сөз келсе, «Абай» деген құдіретті елестетіп, немесе «Абай» естілсе бойды шымырлатқан сезімдік қайнардың сарыны естілгендей көркемдікті орнықтырған ақын /22. 96/.
Ұлы жазушы М.Әуезов ақынды, осындай ақындықты бейнелеуге, сондай ерекше өмірде өскен адамның образын жасатумен өтті. Онда жазушы өз өңірінде халық ұлы болып кеткен ұлы ақынды, дананы ұлы кемеңгер ағартушыны, оның өмірін бүтіндей тұтас тұлғаланта бейнелеп береді.
Абай образы- барынша жан-жақты, барынша жетілдіре жасалған образ. Абай образы әр кітап барысында жетілдіріп, мүсінделіп отырылады.
Абай сықылды жан- жақта жетілген, халық ұлын көркемдік биіктіктен ашып берген образ. Қазақ әдебиетінің ішінен табылуы өте сирек. Өйткені Абай образы бір неше жеке ғана емес, бірнеше ондаған характерлерден құралған. Шын мәнінде жете айтқанда, Абай образы бірінші кітаптың өзінде-ақ, өзінің жетілгендік тұлғасын тапқан болатын дедік, бірақ онда ақылдың көп қырлы жақсы жігіттің ғана образын иеленді. Оның бейнесі екінші кітапта да барынша жетілгендіктен көрінді. Мұнда Абай елдің әділетті ағасы ретінде бейнеленді. Ал үшінші, төртінші кітаптарда Абай – ақындар ағасы, ел ағасы, халықтың қамқоршысы болғандықтан тағыда шартарапты әрекеттерден, характермен қалыптасады /35. 71/.
«Абай жолы» эпопеясын зер салып оқыған адам Абайдың кім екенін таниды. Абай ұлық, Абай кішік, Абай сері, Абай пайғамбар, Абай пенде. Бірақ, Абай өз ортасының арасындағы үстемтап өкілдерінің қас жауы. Сол үшінде Абай басынан кешкен механат, қорлық оның өмірінің соңғы кезінде қайрат күшін кемітіп өкінішті өмір кешуіне әсер етті.
«Ерте оянып, ер жеткен, етек басты көп көрген» Абай өнегесі сарқылмас мол дария. Дербес шаруашылық жүргізуге тырысатын қатардағы қарапайым кедейлердің күйзелген хал-жайы Абайдың мұңлы ойға шомуынан көрінеді.
Өмір бойы кедейлікті жоқтықты, қорлық-зорлықты көп көрген еңбекші жұртшылықтың басты адамдары романда жанды реалистік образдар арқылы шебер көрсетілген, олар: Дәркембай, Базаралы, Абылғазы, Балағаз, Иса тағы басқа ауыл кедейлерінің образдары. «Дәркембайдың Құнанбай Меккеге жүргелі тұрғанда Қиясбайды ертіп барып айтқан «кешке құдіретті аға-сұлтан боп жүріп ең, енді Құнанбай қажы боп алып жүргізем деп барады екенсің. Білім, Құдай жолы емес... тағы да Құнанбайлық жолыңды жақтап барады екенсің ғой. Өлтірт, тилат мына бөлтіріктеріңе». «Желкем жауыр, әукем тозып, сірі болды», «жеті бірдей атамнан жеті лақ алмастан, ұлардай шулап, тағы қалдым» /28. 46/.
Халықтан шыққан қаһарман, еңбекші ер адамның характері Абайға шексіз ұнағандықтан, ұлы ақын өмір бойы онымен дос болып өтеді, көп нәрсені оған үйретсе, көп нәрсені одан, халық адамынан өзі де үренеді. Абай оның қайыспас қайратынан, таптың кекшілдігінен, алмастай өткір уытты тілінен үйренеді.
Жасы жетпістен аса қайтыс болғала жатқан Дәркембайдың өмірі мен мінездемесі халық ұғымында қандай екенін Базаралының Абай алдында толғаған мына бір сырлы сөздарімен түю қиын емес. « Қай қамауға түспеген Дәркембай еді. Бірақ, адам темір емес қой. Көңіл қйраты болғанымен, кесене шекпен етке лыпа бола ма ? Өр кеудесін имейін дегенмен қара қара дауыл қоя ма ? Кәрілік, жоқшылық, әлсіздік, жүдеулік, аштық деген сияқты қамаған қасқыр көп қой». Осыны айтып отырған Базаралының образы да романда айрықша орын алады. Оның ел ішіндегі әрекеті Тәкежан жылқысын барымталауы, « ит жеккенге» айдалуы адам келген соңғы тіршілігі тікелей Абай көз алдынан өтіп жатқан құбылыс. Абай оны тентек, сотқар, бұзақы деп бағаламай, әділетті ісі үшін үнемі қолдап, қорғап отырғаны белгілі.
Романды езілген, қаналған, кедей адамдарының сөздерінде ащы шындық, халықтық кек, уыт, ыза, мірдің оғындай өткір теңеу, баламалармен айтылған ғой. Осындай шынайы халық өніммен қоян- қолтық араласып, дос- тілектес болу, ойшыл ақын Абайдың көп қырлы бай характерінің халық негізінде бекуіне өзіндік себебін тигізуі сөзсіз /39. 48/.
«Абай жолы» эпопеясындағы «Көшбике» оқиғасы Абай өміріне жасалған қиянат қана емес, нағыз қастандық еді .
Сәл сескеніп, үнсіз қарап қалған Абайға Сәмен тура басып, адымдап кеп қатты сұмдық бір боқтық айтты, «Соңымнан қаласыз ба, жоқпысыз ба ?!» деп, қамшымен бастан тартып жіберді. (М.Әуезов. «Абай жолы».)
Міне, мұндай сұмдық, сорақы уақиға Абай үшін ауыр азап, үлкен таңба еді: «Қалың елі қазағының жақсыменен, жаманды айырмаған». Надандық әрекеті. Не үшін, неге таяқ жейді, өз тұстары мен ел ішіндегі атқамінер шонжарларға неге жақпай қалды? Ол әрине белгілі жағдай, әділет, шындық, адами қасиет, адамдардың теңдігі үшін күрескен Абайдың аса зор асыл азаматтық қасиеті үстем тап өкілдеріне жақпады. Абайдың тілі өткір, Абайдың білімі зор. Абайдың заң тәртібін толық білетін заңгер, әділетті жақтаушы, адамды тапқа бөлмейтін, азаматтығы жоғары, парасатты, өз ортасының ғана емес бүкіл қазақ сахарасындағы Ыбырай атағыда үстем тап өкілдерінің қызғанышын тудырғаны ақиқат. «Ерте оянып, ойлаған, етек басты көп көрген» - Абай, өзінің бір сөзінде: «Мен өзім тірі болсамда, анық тірі де емеспін. Сыртым сау болса да, ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын, сөйлегенім өз сөзім емес, күлгенім өз күлкім емес, бәрі де әлдекімдікі» - деп торығады /33. 56/.
Абай – бар ойдың, сезімнің жетегімен ойға ұшан-теңіз қиялға бөлініп, үлкен мұң, көп арман арқалаған. Ішіне сөз сиқыры, сезім дертін жинаған. Осының бәрін сыртқы көзге көрсетіп, іштегі арман мен өкінішіне аз тыныс, аз мағына ем болатын нәрсе ақындық болады, өлең болады.
Абай шығармаларының басым көпшілігі ақын өмір сүрген заманының кертартпа, әділетсіз қоғамдағы үстем тап өкілдерін сынай отырып, жұмысшы, шаруа өмірлерінің азар халін суреттеуге арналған.
Абай - өз заманында киер киім, ішер тамаққа мұқтаж болмаған, шынжыр балақ, шұбар төс ортаның, Құнанбайдан феодалдық баласы болса да, бар саналы өмірін ел болашағы үшін арнаған Данышпан абыз ата былай деп ой толғаған екен: «Сал демеймін сөзіме ықыласыңды, қайғылы өлең ететін өз басымды» /23. 79/.
Абайдың шыққан тегі туралы бір шама дүниелер жазыған. Солардың арасында ең беделдісі әрі толығырақ жазылғаны Шәкәрім Құдайберді ұлының «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» деп аталатын еңбегі. Бұл еңбектің «Орта жүздегі Арғынның» деген тарауда көптеген мәліметтер, деректер келтірілген. Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбай ұлы 1804 жылы дүниеге келіп, 81 жасында, яғни 1885 жылы тамыз айында дүниеден көшеді.
Шешесі Ұлжан Қаракесек арғы бабалары Қаз дауысты Қазыбек биден тараған атақты би, Алшынбайдың немересі, Тұрпанның қызы. Абай 1845 жылы тамыз айында Семей облысы қазіргі Абай ауданында туып, 1904 жылы қайтыс болған. Абай алты ағайынды-«Атадан алтау, анадан төртеу...» едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын,философ, ағартушы, композитор, аудармашы Абай жас кезінде сабырлы мінезіне, кең пейіліне сай, ел анасы аталған «кәрі әжесі» Зеренің ақыл ертегілерін естіп, тәрбиесінде болған / 25. 73/.
Абай сегіз жасында әуелі сол «Ескі там» медресесінде дәріс алып, ауыл молдасы Ғабитханнан оқыған. Әкесі оның зеректігін байқағаннан кейін,он жасқа толғанда Семейдегі Ахмет Риза медресесіне береді. Онда үш жыл оқыған. Медресенің үшінші жылында ол осы қаладағы «Приходская школаға» да қосымша түсіп, онда үш ай ғана орысша оқыды.
М.Әуезов өзінің әлемге әйгілі «Абай жолы» эпопеясын осы тұстан бастап жазады. Абай үш рет некелі болған. Бәйбішесі Ділдәдан – Ақылбай, Әбдірахман, Күлбадан, Әкімбай, Мағауия, Райхан; екінші әйелі Әйгерімнен- Тұрағұл, Мекайл, Ізкайл, Кенже. Келіндей алған әйелі Еркежаннан – ұрпақ көрмеген /89. 70/.
Қазіргі кезде тікелей Абай ұрпағы - Ақылбай, Әлімқұл, Баһбұр, Айдар, Айдос бар. Ал, қыздарынан тараған жиендері баршылық.
Құнанбайдың шешесі Зере найман ішіндегі Матай руынан. Дәулетті от басынан шыққан, мұсылманша тәрбие алған, жарға адал, обал-сауапқа тақуа, қолы ашық, жомарт есті кісі болған. Зере Абай жиырма сегіз жасқа шыққан кезінде, сексен сегіз жасында қайтыс болған.
Зере зерделі немересінің көкірек көзі ерте ашылуына зор септігі тиген нағыз халықтық үлгідегі ұлы педогог болған. Немересінің құлағына халықпен ғасырлар бойына қосыла жасасып келе жатқан неқилы ескі әңгімені, қисса, өлең, жырларды төгілдіріп айтып отырады екен. Жас Абай әжесінің әңгімесін естіп есейген. Абайдың шешесі Ұлжанда Зере енесінің тәрбиесін көп көрген.
Ұлжан кең, сабырлы,мықты мінезді кісі болған.Құнанбайдың екінші әйелі, Қаракесек ішінде Бертіс бидің тұқымы болады.Абайдың нағашылары Күнтай, Тонтай Орта жүзге қалжыңымен тегіс аты жайылған, белгілі мысқылшыл, тапқыш күлдіргілер болған. Бұл әдет Бертіс, Шаншар руына түгел жайылған мінез. Шаншардың мысқыл, мазаққа ұста болып, тауып айтқыш өткір тілділігінен туған нәрсе. Қандай жанның болса да мінін таппай қоймайды, мінін тауып алса түңілігін ұшырғандай қалып айтады. Сөз шабуылымен кімнің де болса есін шығарып, есеңгіретіп кетеді екен.
Абайдың алғаш ақ некемен қосылған бәйбішесі Ділдә адуындау, біршама сабырсыздау кейіпте көрінгенімен, оның сонау Қазбек биден үзілмей келе жатқан тәрбиеден тәлім алған текті адам болғанын ешкім де теріске шығара алмақ емес.
Ділдәнің тұңғышы Ақылбайдың мына бір өлең жолдарын айта кеткен жөн сияқты. «Арғы атаң ер Қазыбек Әулие өткен, Дүниеден опасы жоқ ол да кеткен, «Я бабам, қолдай гөр» деп сыйынғанда, Аруағы сол сағатта келіп жеткен. ...
... Алшынбай – атасынан сары қасқа, Бір адам сөз айтпастан одан басқа.... Өзіме мырза Түсіп-Нашы ата, Сөзімде, кешіріңіз болса қата. Атаңды арғы- бергі түгел айттым, Аруағын нағашымның тонға сатпа» /1. 189/.
Абайдың нағашы жұрты арғы аталарынан бері билік үзілмеген. Орта жүз ғана емес бүкіл алты алашқа әйгілі Қазбек биден тарайды екен. Абай ақын өзінің әйгілі қара сөзіндегі мына жолдары өзінің ататектері нағашы жұртымен ел жақсыларына арнап айтқан болар. «Дүние- үлкен көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпеннен өлінер, баяғыдай көрінер»
Достарыңызбен бөлісу: |