Сабақ жоспары тақырыбы: Тас дәуірінің кезеңдерін, табиғатын, ескерткіштерін, шаруашылығын т,б, қайталау сабағы



Дата08.09.2017
өлшемі38.21 Kb.
түріСабақ
БҚО Орал қаласының М.Б.Ықсанов атындағы №36 мектеп

Садыкова Жанар Амангельдиевна

тарих пәнінің мұғалімі


САБАҚ ЖОСПАРЫ

Тақырыбы: Тас дәуірінің кезеңдерін, табиғатын, ескерткіштерін, шаруашылығын т,б, қайталау сабағы.

Мақсаты: Тас дәуірінің кезеңдерін, ескерткіштері,ерекшеліктері, адамдары жайында біледі.Археология мамандығымен танысады.Елін, жерін сүйетін патриоттық сезімін ояту. Тақырыптан алған білімдерін бағалау.

Күтілетін нәтиже: топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағытталады, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады; тақырыпты талдау арқылы сыни ойлау, өз көзқарасын жеткізеді, дәлелдей білу, өзгені тыңдай, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;

Түйінді түсініктер: Тас дәуірінің кезеңдерін толық меңгеру.Терминдермен жұмыс. Археология мамандығымен таныстыру.

Көрнекілігі:АКТ, карта, флипчарт, түрлі-түсті стикерлер,


Кіріспе бөлімі:

Уйымдастыру

Топтастыру (Оқушыларға 3 түрлі смайликтер беріледі. Сол смайликтер арқылы 3 топқа бөлінеді. Берілген смайликтертен көңіл-күйді көрсетеді, бірдейлері бір топқа топтасады)

  1. Палеолит

  2. Мезолит

  3. Неолит

Бағалау парақтарын үлестіру


Алғашқы адамдардың пайда болуы жайында ой қозғау.

Алғашқы адамдардың өмірі жайында түсіндірілім көрсету (презентация)

Оқушыларға алғашқы адамдардың өмірі жайында не білетіндіктерін сұраймын. оқушылар пікірін тыңдаймын


  • Алғашқы адамдардың пайда болуы?

  • Алғашқы адамдардың кәсібі?

  • Алғашқы адамдардың баспанасы жайында не білесіз?

  • Алғашқы адамдардың отты пайдалануы жайында не білесіз?

Негізгі бөлім: 1-тапсырма.

Әр топқа бөлінген тақырып атына сай сипаттама беру. (Палеолит, мезолит, неолит). Сол заманға сай археологтардың тапқан еңбек құралдары, құмыралар т.б. көрсетіледі.

Постерге жазу


  1. Сол заманның хронологиясы

  2. Климаты және табиғат жағдайы

  3. Тұрғындары

  4. Қоғамдық құрылысы

  5. Ескерткіштері, ерекшеліктері

2-тапсырма. Әр топқа сандармен жұмбақ жолданады. «Жұмбақ жылдар, жұмбақ сандар»

«Палеолит» тобына сұрақ.
1. Б. з. б. 2, 6 млн.- б. з. б. 40 мың жыл. (ерте палеолит кезеңі)
2. Б. з. б. 3000 – 1800 жыл (энеолит кезеңі)
3. Б. з. б. 3 - 2 мыңж. (Ботай тұрағының мерзімі)

4. 1 млн. 750 мың (епті адам)
5. 1-2 см еңбек құралы (микролит)

«Мезолит» тобына сұрақ.
1. Б. з. б. 2, 6 млн. – 800 мыңж. (олдувэй кезеңі)
2. Б. з. б. 40 - 12 мыңж. (кейінгі палеолит кезеңі)
3. Б. з. б. 12 - 5 мыңж. (мезолит кезеңі)
4. 100 метрге ұшатын қару (бумеранг)
5.1938 жыл Тесіктас үңгірі- (неандерталь баласы)

«Неолит» тобына сұрақ.
1. Б. з. б. 5 – 3 мыңж. (неолит кезеңі)
2. Б. з. б. 40 – 35 мыңж. («саналы адам»)
3. 1856 ж. ( неандерталь адамы табылды)
4.15 гектар, 158 тұрғын үй, б.з.б. 3-2мыңжылдық (Ботай тұрағының аумағы, тұрғын үй саны)
5. 2 жағынан өңделген қарапайым шапқыш тас құрал (бифас)

3-тапсырма. «Бұл мәлімет шындық па? әлде жалған ба?» «Иә» немесе «жоқ» деп жауап беру

(интербелсенді тақтаға сұрақтар жасыру, шындық немесе жалған екенін айту.)


  • Мыс-тас дәуірі б.з.б. 3000-1800ж қамтиды? (иә)

  • Ең алғашқы қолданылған металл – қалайы? (жоқ)

  • Энеолит заманында еңбек бөлінісі қалыптасты? (иә)

  • Шебір энеолиттік ескерткіш? (иә)

  • Пиктография тасқа түсірілген хат-суреттер?(иә)

  • Фетишизм – шығу тегін жануармен байланыстыру? (иә)

  • Бойтұмар – фетишизмның ең көрнекті түрі? (иә)

Қорытынды:

Шығармашылық тапсырма:

Соңғы сөзді мен айтайын......(диалогтық оқыту). Сабақты оқушы ойымен аяқтау.

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

Бұл сабақта мен үшін не қиын болды?

Бұл мен үшін неге қиын болды?

Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердім/ еңсере аламын?



Әр топ оқушыларын өзара бағалау парағы арқылы бағалату.

Үйге тапсырма: Тас дәуірін қайталау.
Каталог: uploads -> doc -> 078a
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
078a -> Сабақ дәйектемесі Тақырыбы: «Волейбол. Допты ойынға тура жоғарылата, жоғарыдан қосуды игеру»
078a -> Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі ( падеж имен существительных) Сабақтың мақсаты
078a -> Абылай хан үш жүздің ханы ретінде танылған дарабоз тұлға” Тарихи кеш
078a -> Экологияның адам ағзасына әсері. Адам


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет