Сабақ Тақырыбы: «Ө ө дыбысы мен әрпі»



Дата25.06.2017
өлшемі47,34 Kb.
#19904
түріСабақ
Ембі қаласы №1 орта мектебі


Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Ө ө дыбысы мен әрпі»
1 «Б» класс

Ембі қалалық№1 орта мектептің бастауыш пәнінің мұғалімі-Уйкасова Жанна Амангельдиевна



2010-2011 оқу жылы
Тақырыбы: Ө ө дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

1.Ө дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуды үйрету.

2. Ө дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту.

3. Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, оны қорғауға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: сызбалар, суреттер, кеспе буындар, дидактикалық материалдар.

Түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық

Ал, балалар, қанеки,

Парақтайық әліпби.

Талай қызық күтуде,

Бәрімізді әлемде.

Жалықпа,сен, жалықпа,

Оқы, тоқы, арманда.

Бәрін білген балаға,

Жақын болар алыс та.

(Әнімен айту)


ІІ. Өткенді қайталау.
1. Сызбаны сөйлету.


  • З з қандай дыбыс?

  • Қандай түспен белгілейміз?




  1. З дыбысына сөздер ойлап, буынға бөлу

  • З дыбысы сөздің қай жерлерінде келеді екен?




  1. – Енді балалар, үйге берілген «Мұз айдыны» мәтінін оқимыз.




  • Жеке оқушыға оқыту

  • Хормен оқу

  • Тізбектей оқу

  • Мәтінді 2-3 оқушыға әңгімелету.

4. – Балалар, мұз айдынында қандай ойындар ойнауға болады?

- Шана, шаңғы, коньки тебеміз. Хоккей ойнаймыз.

- Олай болса, біз де ойнайық. Ол үшін ұнаған (шана, коньки, шаңғы, клюшка) суретті таңдап аламыз. Олардың артында сөздер бар, бірақ ол сөздердің бір әріптері түсіп қалған соны тауып, сөзді оқып, тақтаға жазамыз.

Мысалы: қар...ыз, қо...ы, м...з, таз... .
5. – Жарайсыңдар! Қыс мезгілі келеді. Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?

- Суық болады. Қар жауады.

- Қолымызға қолғап киеміз ғой.

Қазір біз де өзімізге қолғап таңдап аламыз. Ол үшін «Жұбын тап» ойынын ойнаймыз.


Са - ғат шы – ны

Мақ – та қы – зыл

(түсіндіру)


6. – Енді, балалар, сәл демалайық.

Сергіту минуты.


ІІІ. Жаңа сабақ.
1. – Қазір, балалар, екі балаға мен бір нәрсе беремін, олар сол затты бізге жасырады. Тауып алайық. (өшіргіш, өрік беру)

2. – Осы сөздердің алғашқы дыбысы қандай екен?

- Олай бала, бүгін бізге Ө ө әрпі қонаққа келіпті. Бәріміз қайталап айтамыз.

- Ө қандай дыбыс деп ойлайсыздар?

- Дұрыс. Ө ө дауысты, жіңішке дыбыс.

- «Сөз ойла, тез ойла!» ойынын ойнап көрелік. Ө дыбысы бар сөздер айтайық.

- Жақсы. Ө дыбысы сөздің қай жерінде келеді екен?

- Балалар, Ө дыбысы сөздің басында, ортасында келеді. Сөз соңында болмайды. Тек бірінші буында келеді.

- Ө әрпімен таныстыру.
ІV Оқулықпен жұмыс
1. Суретпен жұмыс.

- Мынау ненің суреті?

- Өзен не үшін керек?

- .....


- Балалар, өзен адамға, жануарға, өсімдіктерге өте қажет. Адамдар оны ауызсуға, бау-бақша және егістерді суаруға пайдаланады. Жануарлар мен малдар өзеннен су ішеді. Сондықтан өзенді ластамай, жағасына қоқыс тастамай таза сақтау керек.

- Осы «өзен» сөзіне дыбыстық талдау жасайық (бір оқушы оқып, талдайды).

4 = 2 + 2

дауысты дауыссыз


2. – Бағандағы сөздерді мұғалімнің оқуы

- хормен оқу

- түртіп алу (түсініксіз) сөздерді айту (мағынасын түсіндіру)
3.

* «Өркеш» мәтінін мұғалімнің оқуы.

* 3 оқушыға оқыту

* әңгемелету.

* сұрақ-жауап (мәтін бойынша)

- Әңгіме нелер туралы?-

- Неге «Өркеш» деп аталған?

- Өркеш қай жануарда болады?

- Ол неге керек екен?
(өркештің қажеттілігі туралы айту)
V. Дәптермен жұмыс.


  • Ө әрпін ауада жазып үйрету

Дәптерімізді ашамыз,

Қолға қалам аламыз.

Салақтықтан қашамыз,

Тап-таза етіп жазамыз.



  • Үлгі бойынша Ө ө әріптерін жазу


VІ. Бекіту.


  • Балалар, қазақ халқы қонақжай. Келген қонақты құрметтеп, сыйлаған. Бүгін біз де келген қонақтарға дастарқан жаямыз. Дастарқанға әуелі не қоямыз?

  • Әр заттың артында сөздер бар соны оқып, ілеміз.

Нан (ө - ріс), кесе (өр – нек),



Шайнек (кө - мір), алма (көр – пе)

  • Сонымен бүгін қандай дыбыс пен таныстық?

  • Ол қандай дыбыс?

  • Сөздің қай жерлерінде келеді?


VІІ. Бағалау.
Мадақтама арқылы бағалау.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет