Әдебиетші ғалымдар ортақ бір тұжырымға келгеніндей, қазақ әдебиетінде: «Әлемге бейтаныс дерлік ғаламат бай халық өмірін классикалық биіктен жарқырата ашқан » құдіретті сөз зергері М



бет2/3
Дата20.10.2022
өлшемі58,03 Kb.
#154157
1   2   3
Байланысты:
Абай

ҚОРЫТЫНДЫ
Абай халқымен мақтанса, қазақ халқының Абайымен мақтануында осындай мән бар. Басында саңылау, жүрегінде сезім бар қазақ Абай есімін пір тұтады. Пір тұта тұра, онымен сырласады. Туған табиғат құлпырса, шалқыса, түнерсе біз Абайды еске аламыз. Әлденеден қиянат кезігіп, күдер үзілсе, үміт торығып, көңіл қамықса қасымызда уһілеген Абай тұрғандай болады. Жақсылыққа сүйсініп, жамандыққа қапалансаң, опасыздан опық жеп, жақсылыққа жақсы ниет білдірсең, ауызың алғысқа, көңілін қарғысқа барса, Абай есіңе түседі. Бұған еш бір жиын-той, сұқбат-мәжіліс Абай жырынсыз, Абай әнінсіз өтпейтінін қосыңыз. Осындай қасиеттері арқылы Абайдың кім екенін жыға танисыз. Абай қазақ елінің көш бастаушысы, көрегені, қамқоры, ақылгөйі, мақтанышы. Оның бір өзінің қазақ халқының рухани қаншалықты құнарлы қызмет атқарғанын уақыт дәлелдеп келеді. Осы арада атақты ғұлама ғалым Қ. Сәтбаевтің пікірін келтіре кетейік: «Абай жолы» эпопеясын іждаһатпен оқып шықтым, ғалым-филолог бұл кітаптан қазақ әдеби тілі мен сөздігін, қазақ басуы мен қалыптасуын көреді, ғалым – этногроф құс салып, салт құрған, қыз ұзатқан, ас берген, өлім жөнелткен, билер айтысын, қазылық өнердің нешеме ғасырлық салт-санасын көз алдынан өткізеді. Ғалым-экономист сахараның ХIХ ғасырдағы малшылық, диқаншылық кәсібінің негізін біледі, тап қайшылығын тереңірек ұғады. Ғалым- юристтер шарихаттан бастап, билер кесіміне дейінгі даланың заң- жобаларынан құнды мағлұматқа қинады».
Әрине, бұл пікір «Абай жолы» эпопеясының маңыз-мазмұнына байланысты айтылып отыр. Романның негізгі сюжеті көп ретте Абайдың ішкі жан дүниесімен астасып жатса, сонымен бірге ақынның шығармалары негізінде жазылған. «Абай жолы» эпопеясында шынайы шыншылдықпен бейнеленген қыруар картина, образ, характерлерді айтқандай түсіп, эстетикалық әр әсер беретін айрықша бір жолы леп пен көтеріңкі сарын бастан аяқ үзілмейді. Ол – Абай образының арқауы етіп алынған романтикалық арман, қиял.Бұл қасиеттер, бір жағынан, Абай жанының диалектикасын, Абай поэзиясының сырын сезінуге жәрдемдессе, екінші жағынан, Абай арманын болашақ шындықпен сабақтастырады.
Қазақ халқының елдік тарихы, тағдыр жолы, мінез-сипаты, ақыл-ойы, тұрмыс-ахуалы, қоныс-мекені, өнер-өрісі бәрі де Абай сөзінде тұнып тұр. Сондықтан да ол – бүкіл ұлт тұлғасын қамтыған, нағыз ұқлттық көлемдегі ақын. Абай тану дәуірі ұзаққа ұласатын, ұрпақтан-ұрпаққа кететін, үздіксіз дамып, кеңи беретін құбылыс. Абай – сол ұрпақтардың бірге жасайтын құдірет иесі. Солай болса қазақ көркем әдебиеті мен оның аса бай тілі, сұлу поэзиясы үнемі алдындағы биік нысана – Абайды еске түсіріп отыруы хақ. Абай тану үлгісі, ғылымы да Абайдың соңғы қазақ әдебиетінің, Абайға деген алғыс сөздерінен, соларды білдіретін өлең шығармаларынан бастау алса керек. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирикалық қаһарманның ой- сезімі, тағдыры өз заманының арман-мүддесіне, тілек-талаптарымен неғұрлым терең байланысты суреттелсе, сол ғұрлым ол типтік қасиеттер мол, содап жасалған ірі тұлғаға айналып, дәуірдің көрнекті өкілі болып шығады.
Көркем әдебиеттегі Абай бейнесінің сомдалуы бұл әдебиеттану ғылымында бұлын-соңды қарастырылмаған. Біздің бұл еңбекте М.О.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай бейнесі, дәуір жыршысына арнаған ізбасар ақындар арнауларындағы Абай бейнесі, Абай поэзиясындағы ақын тұлғасы саралап танумен бірге өзара байланыстырылды.
Ақынның поэзиядағы бейнесі мен халық бейнесі деген ұғымдардың арасында да жалғастық, сабақтастық өлең жолдары мысалдарымен беріліп сараланды. Қаһарманның өз дәуірімен, халықмен бауырластыра суреттей отырып, Әуезов терең идеялық – эстетикалық сезімталдықпен Абай образы арқылы қазақ халқының барша жарқын қасиеттерін көрсетті. Кейіпкердің ұлттық характерін күрделі барша болмыспен жан-жақты мүсіндеу - сол арқылы халықтың ұлттық өзгешелігін ашу боп табылса, олсана өз тарапынан көркем шығарманың ұлттық өрнегін де айқындайды. «Белгілі бір ұлттың аса қастерлі қасиеттерін бейнелейтін қаһарманын ұлттық характерінен ерекшеліктерді тану басталары күмәнсіз» деген пікір дұрыс айтылған.
«Абай» трагедиясын шоқтығы биік ететін қасиетті Абай образынан іздеу керек. Себебі, шығармаға өзек болған мәселе екі жастың жеке бастарын қорғаған жан қияр күресі ғана емес, Абай секілді көзі ашық, зор тұлғалы қайраткердің Нарымбет, Оразбайлар секілді халықыты қан қақсатып отырған күшті үстем тап өкілдеріне қарсы «мынмен жалғыз алысқан» күресі. Үлкен әлеуметтік, келелі де мағыналы күресі. Оның үстіне Айдар мен Ажардың өзі – көзі ашық жастар. Олар да бас бостандығы үшін қаһармандықпен Абай бастаған азғантай жаңашыл топтың аясында екі дүниенің бітіспес арпалысына астастырады. Алдағы жаңа дүниенің жаршысы, жоқтаушысы болған әлсіз топ скі дүниенің пәрменді күшінен әзірше женіліс табады. Айдар жауларының уынан өледі, Әбіш пен Мағауия қыршынынан қиялады, Долгов қысымға түседі, көп ұзамай қиянатшыл өмір азабынан Абай да қаза табады. Бірақ бұлардың сенімі қдген жоқ. Ескі дүниенің күні санаулы екенін, жаңа дүние алі-ақ женіп, әділеттік олрнайтынын Абай тобының әрекеті де, сөзі де, рухы да анық аңғартылады. «Туар ертең жаңа жыл ... Келер ертең жаңа төл ... Ең ақырғы сағатым ... соңғы ғана тынысым ғой ... Оны достарыма .. достыққа бердім, дұшпаным емес, еліме, еліме, берем», - дейді Абай. Осы сенім оқушы жүрегіне де ұялап, кемеңгер Абайдың оптимистік өсиеті кейінгі ұрпақтарға ұсынған жеңіс эстафктасының хабары секілді естіледі. Абай мен Долговтың достығы да қазақ пен орыс халқының болашақ достығының жыл құсы тәрізді танылады.
Абай өсиетінің нанымды да әсерлі болу себебі, жоғарыда айтылғандай алддымен пьесаның идеялық-көркемдік кұшінен. Абай құр ғана өсиетші, жалаң риторик боп көрінсе, оның үгітінің болжамының да әсер, ықпалы жүрмес еді, әсіресе сол тұста қазақ арасында да етек ала бастаған панисламизмге қарсы айтқандары бос сөз болып шығар еді. Жоқ, пьеса олай болмаған. Абай сөздері оның драмалық күрес үстінде сомдалған образына, ашылған терең харакетіне лайық айтылады. Сондықтан да олар нанымды, көңілге қонымды, Абай тобындағы жастардың да, қарсы топтағы Оразбай, Нарымбет, Тәкежан, Кәрімдердің де образдары дара сипаттармен өзіндік мінез, тіл ерекшеліктерімен танылып, шиыршық атқан күрес желісін, тартқан да, бір дәуірдің өмір шындығын ашып көрсеткен.
Абай образы және Абайдың достары мен дұшпандарының образдары алғаш «Абай» трагедиясында драматургия өнерінің тілімен бой көрсетіп, ендігі кезектегі роман-эпопеяға алдын-ала әзірлік болып табылады.
Абайдың бейнесі, оның ақындық, адамшылдық, өз заманының озық ойлы данышпандық іс-әрекеттері әр басылымда, ауызекі әңгімелерде көп айтылғанымен, оның бейнесін көркем әдебиетте бинелеп, бүкіл әлемге танытқан М.Әуезов болды. Оның «Абай» трагедиясы мен «Абай жолы» эпопеясы арқылы, қазақ халқы өзінің қасиетті данышпан Абайы арқылы таныс болды.
Абай трагедиясы ұлы ақынның бейнесін сахнада тұңғыш бейнелеген шығарма. Мұнда Абай өмірінің соңғы шағы көрсетілген. Ол данышпан ақынның, кемеңгер ойшылдық шытырман өмір кешіп келіп, кемелді кезіне жеткен шағы еді. Сонымен бірге ол сұм заманның зорлық - зомбылығына, сорақы әділетсіздігіне қарсы тұрған қайраткерлігін ескіліктің дүлей қара күштерімен күресіп, жұлқысып келіп, ақыры ұлы өмірдің зардабынан жаны, тәні өртеніп қаза тапқан шағы болатын. «Абай» пьесасы, міне шақты көзге елестетеді. Авторлар Абай өмір сүрген заманның шындығын терең пайымдап, Абай бейнесін ең бір трагедиялық кезінде алғанда,өнер тілімен көрсеткен. Шыншыл терең идея, өткір өмірлік конфликт, оның табылған драмалық шиеленісі мен шешімі, от шашқан шақпақ диалогтар мен жан тебірентер ойлы да жалынды монологтар, Абай характерін терең ашып, Абай бейнесін ұтымды баяндайды /17. 86/.
Ақын өзінің ой сезімінің барлық өлеңде біркелкі өз атынан тура айтпай, кейде кейіпкерлердің, яғни өзі сипаттап отырған басқа біреудің сөйлеуі – монологы арқылы немесе біреуді мінездеу арқылы жеткізу де кездесіп отырады. Ақын автор ойын өз атынан айтқанның өзінде де, әр түрлі баяндау, суреттеу тәсілдерін қолдана алады. Ақынның бейнесі сөздің мән мағынасы арқылы да, өлеңнің көркемдік тәсілдері арқылы нақтылы көрініс табады.
Ақын бейнесі әр өлеңде әр қырынан, әр түрлі көркемдік тәсмілдер арқылы нақтылы көрініс табады. Поэзиялы ақын тұлғасы көбәнесе жинақталған лирикалық бейне қалпында көрінеді. Үйткені ақын өлеңінде үнемің басынан кешкен, өзі көрген немес өз өмірінде болған жайларды ғана айтпайды, болатынды, болу мүмкін жайларды да айтады. Сондықтан өлеңдегі лирикалық тұлға автордың, ақынның бейнесін танытады. Ол оның поэзиясындағы көркемдік көрінісі, екенің ұмытпай қажет. Екеуінің түпкі негізі бір, мүлде ажыратып, бөліп алуға келе бермейді десек те, осыларджы екі түрлі ұғым деп түсінген жөн. Бұл жзерде басқаны былай қойып, лирикалық тұлға әсіресве сыршылық, сипаттағы және ой толғаныс түріндегі өлеңдерде айқын бой көрсетсе, автордың бейнесі лирикалық тұлға арқылы да, сонымен бірге басқа қандай да бір адамдымінездеу, соның өзін сөйлету, ал сюжетті поэзияда шығармада уақиғаны баяндау арқылы да танылатынын айтсақ та жеткілікті. Ақынның бейнесі дегеніміздің өзі де ылғи бір қалыпта бір келкі суреттелмейді. Көптеген өлеңдерінде ақын өз көңіл –күйін тікелей білдіріп, ойын тура айтады. Өлеңдері кейде сұхбат, сырласу, кейде насихат, кейде ойға шому, ой толғау түрінде әр алуан болып келсе, ал кейде ақын өлеңін өз атынан, бірінші жақтан айтқанымен өмірде жинақталып жасалған лирикалық тұлғаның көзімен қарайтыны байқалады. Поэзияда ақын өмірде болғанды ғана емес, болатын, болу мүмкін жайларды жинақтап, шындыққа сәйкестендіріп айтатындықтан өлеңдегі ақынның бейнесі кейде осындай лирикалық тұлға қалпында көрінеді. Әрине, лирикалық тұлғаны ақынның өз бейнесінен мүлде бөлектеп, ажыратып алу қиын, бірақ одан өзіндік айыормасы, барлығын көрмеуге болмайды. Сол айырманы ескеріп, ақын өмірде болмаған, бірақ болатын болуы мүмкін, шындық жағдайды өз атынан айтса, мұнда өзіндік көркемдік заңдылықтар бар екенін ұмытпау қажет.
Соныме, қорыта айтқанда көркем әдебиеттегі Абай бейнесін зерттеу жұмысы аса күрделі толыққанды зерделеуді қажет ететін мәселе.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет