Қысқа тұйықтағыш – бұл электр тізбегінде жасанды ҚТ тудыру үшін арналған коммутационды аппарат.
Қоректену желісінің релелік қорғау әсерінен жасанды ҚТ тудырған соң бұзылған трансформаторды өшіруін қамтамасыз ету үшін қосалқы станцияларда қысқартылған схемаларында қолданылады. 35кВ қондырғыларында іске қосылғаннан кейінгі жасанды екіфазалы ҚТ пайда болатын екі полюсті қысқа тұйықтағыштар қолданылады. Жерге қосылған нейтралі бар қондырғыларда (110кВ және одан жоғары) қысқа тұйықтағыштың бір полюсі қолданылады. КЗ-35 қысқа тұйықтағыштың конструкциясы 1 суретте көрсетілген.