Мотивациялық-қозғаушылық
|
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр екен. Қонақтармен амандасып алайық.
Біздер жақсы баламыз,
Өсті ақыл санамыз.
Қонақтармен ең алғаш,
Амандасып аламыз
Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Hello!
- Енді көзімізді жұмып ертегілер еліне саяхатқа шығып келейік.
Көзімізді ашайық, ертегілер еліне келдік.
Кіріспе әңгіме:
Мысық Мақта қыздан құйрығын құйрығын қайтарып беруді сұрайды.
- Апа құйрығымды берші?- деп жалынады.
Қыз: Сен менің тапсырмаларымды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтып беремін - дейді.
|
Өлең жолдарын айтып, мәтін мазмұнына сәйкес қимылдар жасайды
Ақбота С (Мақта қыз) мен Жасұлан (мысық) келеді.
Мысық келіседі. Мысық балалардан көмек сұрайды.
|