Қол еңбегі
Аптасына 0,5 сағат. Жыл бойы 17 сағат
1. Түсіндірме жазба
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
3. Оқу бағдарламасы оқытупроцесі оқушылардың пән салалары бойынша қолжетімді білім меникемділіктердімеңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу әрекетінің тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін, әлеуметтік-мәдени кеңістікте бағдарлау икемділігін барынша дамытуғабағыттайды.
4. Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім берупроцесінұйымдастырудың инновациялық тәсілдерімен үйлесімді сабақтасқан. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.
5.Құндылыққа, іс-әрекетке, тұлғаға бағдарлық коммуникативтік тәсілдер білім берудің классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру процесі нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылып, оқу бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
6. Қазіргі кезеңде оқушының өздігінен білімді игеруі үшін оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.
7. Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осылайшакүшейту білім берупроцесінде барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интербелсенді әдістерін қолдану кезінде мүмкін болады.
8. Оқу процесінұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдері оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылықпроцесіндегіқарым-қатынасүлгісінеайналдырады.
9. Пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.
10. Оқу бағдарламасында мұғалім оқушыларды оқытудың жекебағдарламасын құрудабасшылыққа алатын жәнеоқу пәнінің мазмұнын анықтаудың негізі болып табылатын оқыту мақсаттарының жүйесіқалыптастырылған. Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары оқушыны өзін-өзі оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретінде тәрбиелеуде оқу пәннің қосатын үлесін айқындайды.
11. Пән бойынша күнделікті білім беру процесініңмазмұны оқу мақсаттарына бағынады және оқушылардың меңгерген білім, икемділік және дағдыларын кез-келген оқупроцесіндежәне өмір жағдаяттарындапайдалану даярлығын қалыптастыруға бағдарланған.
12. Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттердің дамуы: «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты білім берудің басты құндылықтарына оқушыларды дағдыландырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |