Тірек сөздер: СӨЖ, сандық технология
2022 - жыл мақалалары 5-ші журнал.
Тақырыбы: «Химия пәнінен қазіргі білім беру процесінде қашықтықтан оқыту элементтерін қолдану»
Авторы:
Ахметова Ф., Ергазиева Г.Е. – Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жану проблемалар институты
Аңдатпа: Бұл мақалада 2019 жылы басталған инфекциялық эпидемия кезінде оқушылар қауіпсіздігі үшін қабылданған шаралардың бірі қашықтықтан оқыту туралы қозғалады. Мақалада қашықтықтан оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері айқын жазылған. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 формасы келтіріледі. 3 форма «онлайн, оффлайн, жәнеде вебинар» туралы жан-жақты мәліметтер келтіріледі. Қашықтықтан оқытудың субьектісі ретінде оқытушы танылып, оқытушыға қойылатын талаптардың біршама мысалын кетірген. Химия пәнін қашықтықтан оқыту барысында зертханалық жұмыстардың іс жүзінде жүргізілмейтіні бір кемшілігі ретінде жатқызылған. Қорытындылай келе, автор мақала қорытындысында қащықтықтан оқыту жүйесі 20-ғасыр талаптарынан шығатын ең бір сапалы, ірі жүйе деп есептейді.
Тірек сөздер: қашықтықтан оқыту, онлайн, оффлайн, вебинар, оқыту
2022 - жыл мақалалары 6-ші журнал.
Тақырыбы: «Бағдарламаның жаңартылған мазмұнына сай «Атмосфера химиясы» пәнінен практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік-нұсқаулық құрастыру»
Авторы:
Бейсеғул К.Е., Бейсембаева Л.К. – Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Химия және химиялық технология факультеті, 2-курс магистранты
Аңдатпа: Мақалада жоғары оқу орында жаңартылған мазмұнға сай «Метеорология» мамандығының 2курс студенттеріне, «Атмосфера химиясы» пәнінен практикалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық құрастыру мәселесі қарастырылады. Ұсынылған практикалық жұмыстар студенттердің ізденушілік қабілеттерін арттыруға, теория жүзінде меңгерген білімдерін зерттеу жұмыстарында қолдануға мүмкіндік береді. Мақалада практикалық жұмыстың бұрынғы форматына мысал келтіре отырып, бағдарламаның жаңа мазмұнына сай форматтағы практикалық жұмыстың ерекшеліктері көрсетілген.