Ойын шарты: Балалармен жеке немесе екі топқа бөлініп өткізуге болады. Тәрбиеші сөзді айтады, балалар, сөйлемді тез аяқтайды. Мысалы:
Алма .
Сәуле .
Шар .
Менің .
Ойын соңында женімпаз бала немесе жеңімпаз топ анықталып аяқталады.
Тіл дамыту
№ 18. «Біз де» ойыны
Мақсаты: Ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, зейінділігін арттыру. Қарым-қатынастың негізгі түрі – диалогты меңгерту.
Ойын шарты: Ойын бастаушы бала ортаға шығып, сөз айтса басқалар «Біз де» деп қосылып айтады, балалардың қосылмайтын сөзі болса, «Үнсіз» отыруы тиіс.
Ортаға шыққан бала:
Мен көлге барам.
Балалар:
Біз де,
Одан үйрек ұстаймын.
Біз де.
Үйректің жарымын күшігіне беремін.
Осы кезде біреу, «Біз де» деп қалса, ойын тоқтайды. «Біз де» деген бала айыбын төлейді. Ойын әрі қарай жалғасады.
Тіл дамыту
№ 19. «Гүл».
Мақсаты: Балаларға күлтелердің түстерін атату. әр күлтеге сөз ойлау арқылы баланың ойын есте сақтауы қабілетін дамыту. Түрлі сөз таптарын, теңеулерді қолданып, байланастыра сөйлеуді үйрену. Балалардың сөздік қорын молайту.