02 «А» Тіл дамыту «Сандық» «Не артық»



бет11/14
Дата10.10.2020
өлшемі24,42 Kb.
#64132
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Көрнекіліктер: Зообақ торлары, әр түрлі жануарлар аңдар, құстар.

Ойын шарты: Зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торларға орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян, тиін, т.б. кіші торға орналастыруы керек. Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен, қоян кіші, сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтып ол туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтарын айтады.

Тіл дамыту

14. «Көктем».

Мақсаты: Балаларды берілген тапсырманы ойлана отырып шешуге тапқырлыққа, төзімдікке баулу. Ойын шартын түсініп ондағы жәндіктер, құстар, аңдарды дұрыс, анық айтуға үйрету. Сөздік қорын молайтып, тапсырманы орындауда достыққа, қамқор болуға тәрбиелеу. Балаларға әңгімелету арқылы байланыстырып сөйлеуін дамыту.

Көрнекілік: Жәндіктер, құстар, аңдардың суреттері.

Ойын шарты: Теледидардан көктем суреті көрсетіліп, көктемдегі өзгерістер туралы айтқызылады. Балаларға құстардың, жәндіктердің, аңдардың суреті таратылады. Кімде жәндіктер дегенде, жәндіктердің суреттері бар балаларорындарынан тұрады. Онан кейін құстар да, аңдар да топтасып орындарынан тұрады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер еңгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы қайда көргенін (зообақ, теледидар) айтқызады.

Тіл дамыту

15. «Қарама-қарсы сөздер».

Мақсаты: Антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет