05В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы үшін


Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістікті бағдарлау түсінігін қалыптастыру үшін «тірі» суреттерді қолдану



бет70/81
Дата07.02.2022
өлшемі260,12 Kb.
#83635
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Байланысты:
071d3acd-7f13-11e5-8348-f6d299da70eeФЭМП каз

Мектеп жасына дейінгі балаларда кеңістікті бағдарлау түсінігін қалыптастыру үшін «тірі» суреттерді қолдану.

Кеңістікті бағдарлау (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, алдында, артында, алыс, жақын, арасында, қасында) туралы білімдерін бекіту.Қағаз бетінде (ортасында, оң жақтағы жоғарғы бұрышта, сол жақтағы жоғарғы бұрышта, оң жақтағы төмен бұрыш, сол жақтағы төменгі бұрыш, төменде, жоғарыда, оң жақта, сол жақта) бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру. Заттың қай жерде, қалай, өзіне немесе қай затқа жақын орналасқандығын ауызша жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру. Белгілі бір бағытта келе жатып, белгі бойынша бағытын өзгерте білуге жаттықтыру. Сыңғыр – сыңғыр ойыны.Мақсаты: Кеңістікте бағдарлану, дыбыс бағытын анықтай білу, есту қабілетін бағыттауды дамыту.Қажетті құралдар: Қоңырау.Ойын барысы: Бала көзін жұмады, ал тәрбиеші тым-тырыс оның жанына (сол, оң, артынан) келіп қоңырауды сылдырлатады.Бала көзін ашпай дыбыстың, қайдан шыққан бағытын анықтауы қажет.Егер бала қателессе, онда тағы шешеді. Ойынды 4 – 5рет қайталайды. Баланың көзін ашпауын қадағалау керек. Бала дыбыс қайдан шықты, сол жерге бетімен бұрылып, дыбыстың бағытын көрсете білуі керек.Қоңырауды баяу сылдырлату керек.Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта ойыны.Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.Қажетті құралдар: қарындаштар, таяқшалар.Ойын барысы: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын - қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған көзін жұмғызып, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықтатады.Ойын бірнеше рет қайталанады.Тез ойла ойыны.Мақсаты: 1.Балалардың заттарды салыстыру, оң жақ, сол жақ түсініктерін дамыту. 2. Кеңестікті бағдарлай білуге үйрету. 3. Ойын арқылы шапшандыққа, тез ойлауға баулу.Қажетті құралдар: Топтағы заттар.Ойын барысы: Тәрбиеші балаға өзінің алдында, оң, сол жақтарында нелер тұрғанын айтқызу. Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет