4.Позициялық санау жүйелерінде сандарды көбейту және бөлу. Ежелгі Мысыр тәсілімен сандарды көбейту ережесін қарастырайық:
Екі қатар бағаннан тұратын кесте құрамыз;
Сол жақ бағанға 1-ден бастап екі еселенген сандарды, оң жақ бағанға екінші көбейткіштен бастап екі еселенген сандарды жазамыз;
Әрбір келесі сан алдындағы санның екі есесіне (өзіне-өзі қосқанға) тең;
Сол жақ бағандағы соңғы сан бірінші көбейткіштен артпауы тиіс;
Сол жақ бағандағы сандардың ішінен қосындысы бірінші көбейткішке тең болатын сандарды төменнен жоғары қарай сайлап алып, солардың тұстарына көлбеу сызықтар қою керек;
Көлбеу сызықтар жүргізілген сандарға қарсы тұрған екінші қатардағы сандарды қосу керек.