05В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы үшін


Лекция №12 Мектепке дейінгі балаларда уақыт аралыға туралы түсініктерді қалыптастыру



бет61/81
Дата07.02.2022
өлшемі260,12 Kb.
#83635
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
Байланысты:
071d3acd-7f13-11e5-8348-f6d299da70eeФЭМП каз

Лекция №12
Мектепке дейінгі балаларда уақыт аралыға туралы түсініктерді қалыптастыру


1. Екінші сәбилер тобында тәулік бөліктерін ажыратуға және атауға үйрету
Тәулік бөліктері төртке бөлінеді. Олар: таң, түс,кеш, түн.Тәуліктің бөлінуі бір жағынан қоршаған ортада болып жатқан өзгерістермен байланысты мысалы, күннің, айдың,жұлдыздардың пайда болып жоғалуы,екінші жағынан адамдардың тәулік бөліктеріне байланысты еңбек етіп және демалуының алмасуы.Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасында екінші сәбилер тобымен таныстыру ерекшеліктері көрсетіледі.Бұл кезеңде бала төрт тәулік бөлігін сөзбен айтуды және ажырата білуді үйренеді.Балаларға қарапайым іс-әрекеттер арқылы түсіндіруге болады.Ол үшін балаларға қарапйым сұрақтар қойып әңгімеге тарту.Мысалы, балалар сендерді аналарын оятқанда балам тұр таң атты дейді.немесе балабақшада түскі ас іштіңдерме?деп айтуға болады.Балаларға картина және сөздік ойындарды қолдануға болады. « Бос орындағы сөзді тап.», Біз таңғы асты таңда ішеміз ал түскі асты ... ішеміз».
«Тәулік» ұғымын меңгеру үшін ойындарды қолдану керек.Балаларға таң, күндіз, кеш, түн ұғымдарын қалыптастыруға үйрету қажет, бұлар тәулік ұғымын меңгеру үшін қажет. Жоғарғы топтарда тәулік ұғымын қалыптастыруда әр түрлі мысалдар келтіруге болады. Тақтаға 4 сурете бейнеленген пейзажда тәуліктің 4 мезгілін көрсету. Әр суреттің қай тәулік мезгілінде болатының сұрау. Осы суретте бейнеленген тәулік мезгілдеріне қарап тәулік ұғымымен таныстыру. Балалардан сұрау: Қанша тәулік мезгілдері мына суреттерде бейнеленген? Барлық төрт тәулік мезгілдерін біріктіріп қалай атауға болады? Балалар әдетте «Күні бойы» «Бір күн» деп жауап береді. Бұл жағдайда тәуліктің төрт мезгілі тәулік деп аталатынын атықтап алу қажет. Кейін тәулік нешше бөлікке бөлінетінін, олар қалай аталатынын, қандай тізбекпен келетін қалалап алу қажет. Балаларға олардың белгілері мен символдарына байланысты топтастыруды ұсыну, және осы уақыттырды бір сөзбен айтуды ұсыну. Тәулік ұғымы тақырыбын толықтыру үшін келесідей ойындар ойнау ұсынылады: «Көршісін ата» ойыны.Бұл ойында тәулік ұғымдарының көршілерін атау қажет. Мысалы таңның көршісі кім? Олар: түн мен күндіз. Себебі таң түннен кейін келеді, ал таңнан кейін күндіз келеді. Сол секілді тәрбиеші түннің көршілерін атауды сұрайды. «Тәуліктің барлық бөліктерін ата» ойыны. Тәрбиеші балаларға: Балалар, мен тәуліктің бір бөлігін атаймын ал сендер сол тәулік бөлігінен кейін келетін бөліктерін атайсыңдар, сонда бір тәулік шығу қажет дейді. «Күндіз» , ал одан кейін қай тәулік бөлігі? Балалар: «Кеш» деп жасап береді. Осы ойындардан басқа, сұрақтар қойып әңгімелесуге де болады: Қазір тәуліктің қай уақыты? Тәуліктің қандай бөліктері болады? Алдыңғы күнінен кейін не келеді? Түн болғандығын қайдан білеміз? Күндізден бастап барлық тәулік бөліктерін атап шық? Бұл тапсырмалар жалпы тәулік ұғымы туралы түсінігін қалыптастырады және тәулік бөліктері туралы білімдерін бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар балаларда тәулік бөліктерінің кезектесіп және тоқтаусыз өзгеріп отыратындығын көрсетеді.
Балалардың тәуліктің бөліктерінің кезектесуі білімін бекітуге арналған ойындар. Балаларды тәуліктің бөліктерімен таныстыру «мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағдарламасына сәйкес екінші кіші топтан бастап таныстырылады. Бұл жаста балаларға тәуліктің төрт бөліктерін ажыратып және белгілерін анықтау үйретіледі. Балаларға таң, күндіз, кеш, түн ұғымдарын қалыптастыруға үйрету қажет, бұлар тәулік ұғымын меңгеру үшін қажет. Жоғарғы топтарда тәулік ұғымын қалыптастыруда әр түрлі мысалдар келтіруге болады. Тақтаға 4 сурете бейнеленген пейзажда тәуліктің 4 мезгілін көрсету. Әр суреттің қай тәулік мезгілінде болатының сұрау. Осы суретте бейнеленген тәулік мезгілдеріне қарап тәулік ұғымымен таныстыру. Балалардан сұрау: Қанша тәулік мезгілдері мына суреттерде бейнеленген? Барлық төрт тәулік мезгілдерін біріктіріп қалай атауға болады? Балалар әдетте «Күні бойы» «Бір күн» деп жауап береді. Бұл жағдайда тәуліктің төрт мезгілі тәулік деп аталатынын атықтап алу қажет. Кейін тәулік нешше бөлікке бөлінетінін, олар қалай аталатынын, қандай тізбекпен келетін қалалап алу қажет. Балаларға олардың белгілері мен символдарына байланысты топтастыруды ұсыну, және осы уақыттырды бір сөзбен айтуды ұсыну. Тәулік ұғымы тақырыбын толықтыру үшін келесідей ойындар ойнау ұсынылады: «Көршісін ата» ойыны.
Бұл ойында тәулік ұғымдарының көршілерін атау қажет. Мысалы таңның көршісі кім? Олар: түн мен күндіз. Себебі таң түннен кейін келеді, ал таңнан кейін күндіз келеді. Сол секілді тәрбиеші түннің көршілерін атауды сұрайды. «Тәуліктің барлық бөліктерін ата» ойыны. Тәрбиеші балаларға: Балалар, мен тәуліктің бір бөлігін атаймын ал сендер сол тәулік бөлігінен кейін келетін бөліктерін атайсыңдар, сонда бір тәулік шығу қажет дейді. «Күндіз» , ал одан кейін қай тәулік бөлігі? Балалар: «Кеш» деп жасап береді. Осы ойындардан басқа, сұрақтар қойып әңгімелесуге де болады: Қазір тәуліктің қай уақыты? Тәуліктің қандай бөліктері болады? Алдыңғы күнінен кейін не келеді? Түн болғандығын қайдан білеміз? Күндізден бастап барлық тәулік бөліктерін атап шық? Бұл тапсырмалар жалпы тәулік ұғымы туралы түсінігін қалыптастырады және тәулік бөліктері туралы білімдерін бекітуге көмектеседі. Сонымен қатар балаларда тәулік бөліктерінің кезектесіп және тоқтаусыз өзгеріп отыратындығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет