05В011000 «Физика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған



бет27/44
Дата28.01.2018
өлшемі4,92 Mb.
#34337
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44

Егер бұған (25) формуланың (sina = l) болған жағдайын пайдалансақ, онда мынау шығады:

mv/2 = qBv немесе R = mv/qB (26)

Бұл формулада барлық шамалар тұрақты, демек, радиус R -дің шамасы да тұрақты. Басқаша айтқанда, магнит өрісі бөлшектің кинетикалық энергиясын өзгертпейді; егер бөлшек өріске индукция векторына перпендикуляр бағытта ұшып кірсе, онда бұл бөлшек одан әрі радиусы R шеңбер бойымен (26) өріске перпендикуляр жазықтықта қозғалады (43,6-сурет).

Егер бөлшектің жылдамдық векторының бағыты өрістің бағытымен сәйкес келсе (немесе қарама-қарсы болса), онда (24) формуладам көргеніміздей, оған күш әсер етпейді, ол инерция бойынша қозғалады. Егер a бұрышы нольге тең болмаса, онда жылдамдық векторын екі құраушыға жіктеу керек (43,6-сурет). Демек, бұдан бөлшектің спираль траектория, яғни бұрандалы траектория бойынша қозғалатынын аңғару қиын емес. Бөлшек магнит өрісінен шығысымен-ақ, одан әрі инерция бойынша түзу бағытпен қозғалады.

Электрондық приборларда магнит өрісінің әсері қолданылады, мысалы, электрондар шоғында (осциллографтың электронды-сәулелік түтігінде, электронды-сәулелік индикаторда, магнетронда) кеңінен қолданылады.

Егер қозғалыстағы электр зарядына электр және магнит өрістері бір кезде әсер етсе, онда Лоренц күші зарядқа әсер ететін электр және магнит өрістері күштерінің геометриялық қосындысына тең болады, яғни:

Ғ=F э +Ғш (27)

Бұл күштерді параллелограмма ережесі бойынша қосу керек.

Егер электр өрісі мен магнит өрісі өз ара перпендикуляр болса, онда оларды Ғ және Ғм күштері қарама-қарсы бағытталатындай етіп бағдарлауға болады. Сөйтіп, өрістердің кернеулігін өзгерте отырып;

Fэ = Fм


болатындай жағдайға келтіруге болады. Сонда

qE= qBv немесе v= E/B. (28)

Мұны зарядталған белшектердіқ жылдамдығын өлшеу үшін пайдаланады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ. ЕСЕПТЕР. 1-4 ПАРАГРАФТАРҒА

Заттағы электронның қозғалысы классикалық электрондық теория тұрғысынан қандай заңға бағынады?

Электрондық теория еткізгіштің электрлік кедергісін қалай түсіндіреді?

Металдағы ортақтастырылған электрондарды идеал газ молекуласына ұқсату қандай қайшылыққа келтіреді?

(11) формуланы пайдаланып, металдың меншікті кедергісін түсіндіруге болады ма?

Металдағы өткізгіштік электрондар концентрациясы сыртқы жағдайға байланысты бола ма?

Ом заңының қолданылу шекарасы туралы не айтуға болады?

Классикалық электрондық теория қайшылықтарының түптамыры неде?

Шала өткізгіштердіқ меншікті электр өткізгіштігінің мәнін түсіндіріңіздер.

Кемтіктерді он, зарядты деуге қандай негіз бар?

Температура жоғарылағанда шала өткізгіште өткізгіштік электрондар мен кемтіктердің қозғалғыштығы артады. Соның өзінде олар жиі рекомбинацияланады. Олай болса, жоғары температурада шала өткізгіштің электр өткізгіштігі металдың электр өткізгіштігіне не себепті жақындайды?

Ток 1 А болғанда металл өткізгіштің көлденең қимасынан секунд сайын неше электрон өтеді?

Ұзындығы 10 м мыс сымның ұштарына 0,4В кернеу түсірілді. Өткізгіштегі токтың тығыздығын есептеңіздер.

Күміс өткізгіштің қимасы 0,5 см2. Электрондардың реттелген орын ауыстыруының орташа жылдамдығы 10-5 м/сек, ал күмістегі электрондардың концентрациясы 6 • 1028 м3. Осы өткізгіштегі ток күшін анықтаңыздар.

Шала өткізгіштерде абсолют нольден жоғары температураларда, соның ішінде бөлме температурасында, өткізгіштік электрондардың болатындығын қалай түсіндіруге болады?

Донорлық қоспалар деп кандай қоспаларды айтады?

Акцепторлы қоспа деп қандай қоспаны айтады?

Зоналық теория шала өткізгіштердін қоспалы электр өткізгіштігін қалай түсіндіреді?

Шала өткізгішті диодта жаппалы қабаттың электр кедергісі, шалаөткізгіш кристалының электрондық және кемтіктік аймағының кедергісінен неліктен көп?

Электронды-кемтікті ауысуды п және р типтес шала өткізгіштерді механикалық тиістіріп қана алуға бола ма?

Тура ток дегеніміз не? Kepi ток деген не?

Шала өткізгішті диодтың вольт-амперлік характеристикаларының түзу сызық болмайтындығын тусіндіріңіздер.

Транзистордьң жұмыс принципін баяндап беріңіздер.

Шала өткізгіште электр зарядын тасушылардың кайсысы - негізгі, қайсысы - қосалқы деп аталады.

Шала өткізгішті материалдар металмен контактілескенде токты шала өткізгіштен металға қарай өткізгеннен гөрі, металдан шала өткізгішке қарай жақсы өткізетіні белгілі. Осыны қалай түсіндіруге болады?

Егер ток көзінің оң қысқышын - шала өткізгіштің электрондық аймағына, ал терісін - кемтіктік аймағына қоссақ, онда жаппалы қабат не күйге түседі?

Кернеулігі 100 В/м электр өрісінде тұрған, температурасы 273° К шала өткізгіштегі электрондардың концентрациясын аныктаңыздар. Шалаөткізгіштің бұл температурадағы меншікті кедергісі 300 сим/м, ал электрондардын реттелген орын ауыстыруы - 0,6 м/сек.

Мына деректер бойынша, миллиметрлік қағазға лекалоның көмегімен Д9Г диодының вольт-амперлік характеристикасын салыңыздар:




(U 1 U I U I U lull в) (ма) (в) (ма) (в) (мка) в) (мка) (о) J (мка)

0,8 60 0,4 7,0 0 0—1 —10 —10 -45 0,6 16 0,2 2,5 -0,5 —5 —2 —18 -20 -80



Алынған характеристика бойынша:

а) Тек бір ғана тура және кері кернеудегі (мысалы, 0,5 в) тура және кері токты анықтап, оларды өз ара салыстырыңыздар.

ә) Тек бір ғана тура және кері кернеудегі электронды-кемтікті ауысудың кедергісін есептеңіздер. Алынған мәліметтерді өз ара салыстырьщыздар.

б)Тура ток 10-нан 30 ма-ға дейін өзгерген кездегі тура кернеудің өзгеруін анықтаңыздар. Кернеудің өзгеруін токтың өзгеруіне бөліп, диодтың тура бағыттағы дифференциал кедергісі деп аталатын шаманы табыцыздар.

в)Алдыңғы жаттығуды кері ток 20-дан 80 мка-те. дейін өзгеруі үшін қайталаңыздар. Кері бағыт үшіп дифференциал кедергіні табыңыздар.

Коллектор-база кернеуі Uк=6е, ал эмиттер-база кер-неуі Uэ=0,4е. Коллектор-эмиттер кернеуін табыңыздар.

Электрондық эмиссия деп нені айтамыз?

Сіздерге эмиссияның қандай түрлері белгілі?

Электро статикалық эмиссия қалай жүретінін айтып беріңіздер.

Ферми деңгейі дегеніміз не?

Толық шығу жұмысы дегеніміз не? Эффективті шығу жұмысы дегеніміз не?

Металл бетіндегі қос зарядталған қабаттың электрондық эмиссияға қандай ықпалы бар?

Вольфрамнан электрондардың толық шығу жұмысының 13,7 эв-ке тең екені эксперимент жүзінде тағайындалған. Вольфрамдағы ортақтастырылған электрондардың 0°Қ температурадары максимал энергиясын анықтаңыздар (Ферми деңгейі).

Мырыш үшін Ферми деңгейі 11,76 әв-ке тең. Толық шығу жұмысын анықтаңыздар.

Цезиймен қапталған вольфрам пластинкаға толқын ұзындығы 3000 А° ультракүлгін сәулелер түсірілген. Бұл жағдайда электрондардың эмиссиясы байқала ма?

Танталдан ұшып шыққан фотоэлектрондардын максимал жылдамдығы 10см/сек. Түскен жарықтын, толқын ұзындығы қандай?

Термоэлектрондық эмиссия дегеніміз не?

Катодтын. кеқістіктік зарядтары термоэлектрондық эмиссияға қандай ықпал жасайды?

Эмиссия тогынын катод температурасына тәуелділігі қандай?

Меншікті электрондық эмиссия деп нені айтамыз? Катодтын, эффективтілігі дегеніміз не?

Қандай катодтар қарапайым, ал қандайы күрделі деп аталады?

Катодтарды не үшін активтендіреді? Жауап беру үшін таблицадан қажетті мәліметтер келтіріңіздер.

Шала өткізгішті катодтардың артықшылығы мен кемшіліктері қандай?

Шотки эффектісі дегеніміз не?

Диодтың волт-амперлік характеристикасын сипаттап беріңіздер. Диодтың бір жақты өткізгіштігін түсіндіріңіздер.

Триодтағы тордың ролі қандай?

6Д6А диодының анодтық тізбегінде анодтық кернеудің жоқтығы 15 мка токта байқалған. Анодқа секунд сайын түсетін электрондардың санын анықтаңыздар.

Ұзындығы 2 см, диаметрі 0,2 мм металл қыл сым түрінде жасалған катодтың эмиссия тогы 0,4 а. Қатодтын меншікті эмиссиясын есептеңіздер.



Қатодтың эффективтілігі 50 ма/вт, қыздыру тогы 0,9 а, қыздыру кернеуі 6,3 в болса, онда ондағы токтың шамасы кандай?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет