Бақылау және қайталау сұрақтары.
Кулон заңын жазыңыз. Зарядтың өлшем бірлігін айтыңыз.
Электр өрісінің кернеулігінің анықтамасын беріңіз. Оның өлшем бірлігін жазыңыз.
Кернеулік векторы ағынының анықтамасын беріңіз. Остроградский-Гаусс теоремасын дәлелдеңіз.
Электр өрісінде зарядты тасымалдағандағы жұмыс неге байланысты болады?
Зарядталған шексіз жазықтықтың кернеулігі неге тең болады?
Потенциалдың физикалық мәні неде және оның өлшем бірлігі қандай?
Кернеулік пен потенциалдың арасындағы байланыс қандай?
Өткізгіштің электр сиымдылығының физикалық мәні неде және де ол неге байланысты болады?
Зарядтың сақталу заңының мағынасы неде?
Ортаның диэлектрлік өтімділігі нені көрсетеді?
Электрлік ығысу векторының формуласын жазыңыз.
Электр өррісі энергиясының формуласын жазыңыз.
10.ТҰРАҚТЫ ЭЛЕКТР ТОГЫ
Электр тогы. Ток күші.
Электр тогы деп электр зарядтарының тәртіпті (бағытталған) қозғалысын айтамыз. Мысалға, металда токты тасымалдайтын теріс зарядты бос электрондар, электролитте – оң және теріс зарядты иондар, газда және плазмада – иондар мен электрондар, шалаөткізгіште – электрондар мен кемтіктер атқарады. Токтың бағытына оң зарядтардың қозғалу бағыты алынады.
Токтың негізгі сипаттамасына ток күші алынады. Ток күші деп бір уақыт бірлігі ішінде өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін зарядтарды айтады. Егер ток тұрақты болса, онда ток күші , ал жалпы түрде
(10.1)
Ток күшінің өлшем бірлігі – ампер (А). .
Егер токтың бағыты да шамасы да уақыт өткен сайын өзгермейтін болса, ондай токты тұрақты ток дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |