05В01110 «Информатика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған физика пәнінің оқу-әдістемелік кешені



бет206/320
Дата18.03.2017
өлшемі25,66 Mb.
#11959
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   320
толық шағылады.

Түсу бұрышы iшекті>i1 > π/2 болғанда, сәуле сынбайды, яғни түскен жарық бірінші ортаға толық кері шағылады, шағылған және түскен сәулелердің қарқындылығы бірдей болады. Жарық оптикалық тығыздығы артық ортадан тығыздығы кем ортаға өткенде байқалатын осы құбылыс жарықтың толық ішкі шағылуы деп, ал iшекті бұрышы толық ішкі шағылу бұрышы немесе шекті бұрыш деп аталады. Шекті бұрыш мына қатынас арқылы анықталады:






Сөйтіп, толық шағылу заттың сыну көрсеткішіне байланысты. Мысалы, жуықтап алғанда ауаға қатысты судың n =1,33, сонда оның шекті бұрышы iшекті = 490, ауаға қатысты кәдімгі шынының n = 1,5, оның шекті бұрышы iшекті = 420. Сонымен, ақ жарық кәдімгі шынының бетіне түскендегі түсу бұрышы 420-тан үлкен болса, онда жарық шыны бетінен толық шағылады, ауаға өтпейді. Толық ішкі шағылу құбылысы толық шағылу призмалары мен жарық тасымалдағыштарда қолданылады.



Екі жағынан қисық бетпен шектелген мөлдір дене линза деп а

талады. Дербес жағдайда бір беті жазық болуы мүмкін. Сыртқы пішініне қарай линзалар мынадай түрлерге бөлінеді: қос дөңес, жазық дөңес, қос ойыс, жазық ойыс, дөңес-ойыс. Егер линзаның қалыңдығы линзаны шектеуші беттердің қисықтық радиустарынан әлдеқайда кем болса (d < r1), (d < r2) ондай линзалар жұқа линзалар деп аталады. Әдетте оптикалық жүйелерде линзаларды екі бағытты тілшелермен белгілейді. Дөңес бет үшін қисықтық радиусы R > 0, ал ойыс линзалар үшін R < 0. беттердің қисықтық центрі арқылы өтетін түзуді бас оптикалық өсь деп атайды.



Линзаның оптикалық центрі деп – әдетте оны (0 деп белгілейді) негізгі (ұлы) оптикалық өсьте жататын және одан өткен сәулелер сынбайтын қасиеті бар нүктені айтады.

Жанама оптикалық өсь деп – линзаның оптикалық центрі арқылы өтетін, бірақ негізгі оптикалық өсьпен сәйкес болмайтын түзуді айтады.

Линзаның F фокусы деп – ұлы оптикалық өсьте жататын, осы ұлы оптикалық өське параллель таралатын параксиалді сәулелер қиылысатын нүктені айтады.

Фокальдық жазықтық деп - линзаның фокусы арқылы өтетін, негізгі оптикалық өське перпендикуляр жатқан жазықтықты айтады.

Фокустық ара қашықтық f деп – линзаның оптикалық центрі О мен линзаның F фокусы арасындағы қашықтықты айтады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет