инверсия нүктесі деп атайды. Инверсия нүктелерінің жиынтығы инверсия қисығын түзейді.
Газдарды сұйылту
Газдарды сұйылту үшін төмендегі әдістер пайдаланылады:
1. Джоуль-Томсон эффектісі. 2. Газдың сыртқы күштерге қарсы жұмыс атқаруы. 3. Сұйықтарды буландыру.
Джоуль-Томсон эффектісі арқылы газды суыту алғаш рет Линде машинасында жүзеге асырылды.
8.12-сурет
Суретте К –компрессор, Х – суытқыш, ТО – жылу алмастыратын камера, Др – дроссель, СД – Дьюар ыдысы (термос).
9. ЭЛЕКТР ЖӘНЕ МАГНЕТИЗМ. ЭЛЕКТРОСТАТИКА
Табиғатта электр зарядының екі ғана түрі бар: оң (теріге ысқыланған шыныдағы) және теріс таңбалы (жүнге ысқыланған эбониттегі). Электр заряды дискретті, яғни кез-келген денедегі заряд Кл элементар электр зарядының бүтін еселігі болып табылады:
, (9.1)
мұндағы бүтін сан.
Оң және теріс элементар зарядын тасушы элементар бөлшектер – протон (кг) және электрон (кг).
Әр түрлі таңбалы зарядтар бір-бірін жойады. Зарядталудың кез келген процесі зарядтың ажырауы арқылы жүзеге асады. Соның нәтижесінде денелердің біреуінде (дененің бір бөлігінде) артық оң заряд, ал екіншісінде (дененің басқа бөлігінде) – артық теріс заряд пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |