05В01110 «Информатика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған физика пәнінің оқу-әдістемелік кешені



бет215/320
Дата18.03.2017
өлшемі25,66 Mb.
#11959
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   320

Жарықтың (абсорбциясы) жұтылуы Жарық толқыны басқа зат арқылы өткенде сол затты құрайтын атомдардың электрондарын еріксіз тербеліске келтіреді. Оған жарық толқынының біраз энергиясы жұмсалады. Сөйтіп, жарық толқыны бірте-бірте өше береді. Осы процесті жарықтың әлсіреуі деп атайды. Сонымен қатар жарық толқынының келесі бір бөлігі энергияның басқа түріне айналып кетеді.

Жарық толқыны энергиясының заттың ішкі энергиясының басқа түріне айналып кетуін жарықтың жұтылуы деп атайды. Біртекті ортаға сәулелерін параллель түсіріп тұрған монохромат жарықтың жұтылуын П. Бугер мен И. Ламберт анықтап берді: Өте кішкене бірдей қалыңдықтағы (d) жарықтың азаюы (dI) осы қашықтыққа және жарықтың күшіне (I) тура пропорционал болады;

,мұндағы α — жұтылу коэффициенті, ол заттың табиғаты мен толқын ұзындығына байланысты. Қалыңдығы -ге тең денеден өткенде жарықтың жұтылу теңдеуі:

бұл Бугер-Ламберт заңы деп аталады, мұндағы I0 – жарықтың денеге түскен кездегі интенсивтігі, I – жарықтың денеден шыққаннан кейінгі интенсивтігі.

Электромагниттік сәуле әсерінен заттың электррондар шығаруы сыртқы фотоэффект деп аталады. Электромагниттік сәуле әсерінен электрондардың сыртқа шығып кетпей жартылай өткізгіш немесе диэлектрик ішінде байланысқан күйден бос күйге көшуін ішкі фотоэффект деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет