14. АТОМ ФИЗИКАСЫ ЖӘНЕ АТОМ ЯДРОСЫНЫҢ ФИЗИКАСЫ. АТОМДАҒЫ ФИЗИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР
Атомдық спектрлердегі заңдылықтар. Сызықтық спектрлер. Бальмер (1885 г.) – атомдағы спектр сызықтары группалар құрайды- оларды спектрлік сызықтар сериялары деп атайды. Сутегі атомының спектрінің барлық сызықтарының жиіліктерін келесі формуламен өрнектеуге болады:
(14.1)
R – Ридберг тұрақтысы , n –бүтін сан, m саны берілген болса, m + 1 санынан бастап барлық бүтін сандарға иеленеді, m = 1 – Лайман сериясы, m = 2 – Бальмер сериясы және басқалар (14.1- сурет).
Томсон атомының моделі (1903 г.) Атомның мөлшерін бағалау. Резерфорд тәжірибесі. Атомның ядролық моделі (1911 г.) Ядроның мөлшерін бағалау. Бор постулаттары. (1913 г.). Атомның ядролық моделі классикалық механика және электродинамика заңдарымен қосылып не атомның, не атомдық спектрлердің заңдылықтарын түсіндіре алмады. Мұндай қиын жағдайдан шығу жолын Дания физигі Н.Бор көрсете білді, бірақ, бұл жол классикалық физика қағидаларына қайшы келді. Бордың екі постулаты:
1. Электрондар ядро айналасында дискреттік стационарлық орбиталар бойымен қозғалады, осындай орбиталарда қозғалғанда сәуле шығарылмайды.
14.1-сурет
2. Электрондар бір стационарлық орбитадан екінші стационарлық орбитаға ауысқанда сәулелер -энергия кванты түрінде шығарылады немесе жұтылады
(14.2)
Франк – Герц тәжірибесі (1914 г.). 2 суретте тәжірибе схемасы
14.2-сурет
көрсетілген. I- сынап парымен толтырылған үшэлектродты лампаның вольтамперлік сыйпаттамасы (14.3-сур.). Токтың максимумдары сетка потенциалының келесі U мәндерінде пайда
болатыны көрініп тұр. Франк – Герц тәжірибесін атомдардың энергия
деңгейлерінің тек қана дискретті болатыны арқылы түсіндіруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |