05В01110 «Информатика» мамандығы бойынша оқитын 3 курс студенттеріне арналған физика пәнінің оқу-әдістемелік кешені


ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР



бет235/320
Дата18.03.2017
өлшемі25,66 Mb.
#11959
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   320

4.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

2. «Математикалық маятник көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау»

Жұмыс мақсаты: Математикалық маятниктің тербеліс периодының теориялық формуласын тексеру.Тәжірибелік қондырғы тербелістің периодтар санын және осы тербелістердің толық уақытын өлщеуге мүмкіндік жасайды. Қондырғыда маятниктің ұзындығын және тербеліс амплитудасын өзгертуге болады.

Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқауға сәйкес өлшеулер жүргізіп, мына сұрақтарға жауап беріңдер:

1. Математикалық маятник дегеніміз не?

2. Маятниктің қозғалысын анықтау үшін қандай күштерді ескереді?

3. Математикалық маятниктің тербеліс периодын есептеу үшін қандай жуықтаулар қолданылады?

4. Математикалық маятник қозғалысының сипаттамалары?

5. Математикалық маятникті қолдана отырып, графикалық әдіспен еркін түсу үдеуін есептеудің негізі неде?

3.« Айналмалы қозғалыс динамикасының негізгі заңын тексеру»

Жұмыс мақсаты: айналмалы қозғалыс кинематикасы мен динамикасы заңдарының орындалуын тексеру

Л
абораториялық жұмыстарды орындауға арналған нұсқауға сәйкес өлшеулер жүргізіп, мына сұрақтарға жауап беріңдер

- Маятниктің айналу осіне қатысты керілу күшінің моменті қалай бағытталған (сур.қар..)?

- Обербек маятнигінің бұрыштық үдеу векторы қалай бағытталған (сур.қар.)?

- Күш моменті векторының бағытын көрсет.

- Тангенциаль және и бұрыштық үдеу арасындағы математикалық өрнекті жазыңыз.

5. «Стокс әдісімен сұйықтың ішкі үйкеліс коэффициентін анықтау»

Жұмыстың мақсаты: сұйықтың тұтқырлығын анықтау, дененің тұтқыр ортада қозғалысын зерттеу.Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:


  1. Тұтқырлық деген не ? Динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттерінің өлшем бірлдіктерін атаңыздар.

  2. Сұйықта қозғалған шар тәрізді денеге әсер ететін күштер?

  3. Шардың қозғалыс жылдамдығының оның өлшемдеріне тәуелділігі?

  4. инамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттерінің байланысы?

  5. Біздің өлшеулерде есептеу формуласына түзетулер негізі қажет пе?

6. «Ауаның жылу сиымдылықтарының Ср / Сv қатынасын Клеман-Дезорма әдісімен анықтау»

Жұмыстың мақсаты: ауаның жылу сиымдылықтарының Ср / Сv қатынасын эксперименттік тәсілмен анықтап, нәтижені МКТ қорытындыларымен салыстыру. Лабораториялық жұмысты орындау нұсқауларына сәйкес өлшеулер жүргізіп, төмендегі сұрақтарға жауап беру:

  1. Газды екі атоды деп есептеп, нәтижені кестелік мәнімен салыстырып, алшақтықты түсіндір.

  2. Заттардың меншікті және мольдік жылу сиымдылықтарының байланысы қандай?

  3. Газ қысымын n есе арттыру үшін қай кезде көп жұмыс атқарылады?Адиабаталық процесте ме, әлде изотермиялық процесте ме?

  4. Еркіндік дәреже санының жылу сиымдылықтарға тигізетін ықпалы қандай? газдардың жылу сиымдылығының температураға тәуелділігін қалай түсіндіруге болады?



  1. СОӨЖ ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Студенттердің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) деп олардың оқытушы тапсырмасымен және оның бақылауымен, тікелей қатысуынсыз, арнайы бөлінген уақыт ішінде жасайтын жұмысын айтады. Біз СОӨЖ – нің теориялық тапсырманы меңгеру және есеп шығару формасын таңдап алдық.

Мұндағы негізгі мақсат- студенттердің физикалық білімдерін жетілдіру (оларды нақтылау және тереңдету), білімді практикада қолдану іскерлігін қалыптастыру.

Есеп шығару бойынша СОӨЖ – нің негізгі мақсаты – жаңа ұғымды анықтай түсу, оның бұрын қалыптасқан басқа ұғымдардан ара- жігін ажырату, ұғымдар мен заңдарды шығармашылық сипатты есептер шығаруға қолдану іскерлігін қалыптастыру.

СОӨЖ дайындық кезінде пән бойынша әдебиетті пайдаланып берілген тапсырманы орындау қажет. Қысқаша конспект жазып, түсініксіз сұрақтарды белгілеп отыру керек.



1тақырып:Траектория, жол, орынауыстыру. Жылдамдық, үдеу, қозғалыстың тәуелсіздігі туралы принцип. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

2тақырып:Бұрыштық орын ауыстыру. Бұрыштық жылдамдық, үдеу. Сызықтық және бұрыштық шамалар арасындағы байланыс. Тербелмелі қозғалыс. Гармоникалық тербелістер. Тербелістің амплитудасы, жиілігі және фазасы.

3тақырып:Нюьтон заңдары. Күш. Импульс. Импульстің сақталу заңы. Маериалық нүктенің импульсінің моменті, күш моменті, инерция моменті. Материалық нүктенің моментінің сақталуы.

4тақырып:Кинетика және потенциалық энергия. Энергияның сақталу заңы. Гук заңы. Үйкеліс күші. Құрғақ үйкеліс заңдары. Үйкелістің табиғаттағы және техникадағы маңызы.

гироскоптардың қозғалысын импульс моментінің өзгеру заңы негізінде түсіндіру. Ггироскоптық күштердің табиғатын түсіндіру.



5тақырып: Бүкіләлімдік тартылыс заңы. Ауырлық күші, салмақ. Кеплер заңдары.

6тақырып: Сұйықтар менгаздағы қысым. Паскаль заңы. Архимед күші.

7тақырып:Газдардың кинтеикалық теориясының негізгі теңдеуі. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ішкі энергия. Еркіндік дәрежелері. Молекулалардың жылдамдыққа байланысты үлестірілуі.

8тақырып:Жылу сыйымдылығы. Изопроцестер.



9тақырып: Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрісі. Өріс кернеулігі.Суперпозиция принципі. Зарядты тасымалдаудағы өріс күшінің жұмысы. Потенциал. Электр сыйымдылық. Конденсатор. Электр өрісінің энергиясы.

10тақырып: Зарядтың электр рісіндегі қозғалысы. Электр тогы. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы. Бөгде күштер. ЭҚК. Тұйық тізбек үшін Ом заңы. Кирхгоф ережелері. Тұрақты ток тізбегіндегі жұмыс және қуат. Джоуль-Ленц заңы. Металдардағы, ертінділергдегі және газдардағы токтың табиғаты. Кедергінің температураға тәуелділігі.

11 тақырып: Ампер заңы. Магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі. Лоренц күші. Электромагниттік индукция заңы. Магнит өрісінің энергиясы.

12 тақырып: Фотрметрия. Жарық шамаларының өлшеу бірліктері. Дифракциялық тор. Жарықтың поляризациясы. Поляризаторлар. Малюс заңы және Брюстер заңдары. Поляризациялау жазықтығының айналуы.

13 тақырып: Геометриялық оптиканың егізгі заңдары. Толық ішкі шағылу. Жұқа линзалар. Линзаның оптикалық күші. Жарықтың дисперциясы. Эйнштейн өрнегі. Жарықтың қысымы.

14 тақырып: Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық-ядролық үлгісі. Сутегі атомының спектрі. Бор постулаттары. Атомдардың қозуы және сәуле шығаруы. Кванттық механиканың негізгі идеялары. Кванттық сандар. Элементтердің периодтық жүйесі. Рентген сәулесінің табиғаты Мозли заңы. Де-Бройль толқындары. Электрондардың дифракциясы.

15 тақырып: Атом ядросы. Ядроның құрамы, негізгі сипаттамалары. Ядролық күштер. Изотоптар. Радиактивтілік. Радиоакивтіліктің ыдырау заңы. Тізбекті раекция. Реактор. Ядролық энергетика.

6. СТУДЕНТТЕРДІҢ ФИЗИКА ПӘНІ БОЙЫНША ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ (СӨЖ) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Студенттерге физикадан берілетін жеке үй тапсырмасы олардың осы пән бойынша орындайтын өзіндік жұмысының бір түрі болып табылады. Студентердің өзіндік жұмысы деп, олардың оқытушының тапсырмасымен және бақылауымен, бірақ оның қатысуынсыз, ол үшін арнайы бөлінген уақыт ішінде орындайтын жұмысын түсінеді. Мұнда студенттер ақыл-ой жігерін қолдана және ой мен қимыл әрекеттерін қандай да бір формада (мысалы, есеп шығарғанда оның мазмұнын талдау, мазмұнды қысқа ұтымды тәсілмен жазу, шешудің оңтайлы әдісін таңдап алу және т.б.)білдіре отырып қойылған мақсатқа саналы жетуге ұмтылады. Студенттер әдебиеттермен, оқу-әдістемелік құралдармен, анықтамалық әдебиеттермен өз беттерімен жұмыс істегенде, меңгерілетін оқу материалының негізгісін айыра білулері керек. Осы мақсатпен студенттерге меңгерілген оқу материалының жалғасы ретінде, үйге өз баттерінше орындаулары үшін конспектілер, рефераттар беріледі.



1 тақырып (конспект): Қозғалыстың салыстырмалылығы. Траектория, жол, орынауыстыру. Жылдамдық, үдеу, қозғалыстың тәуелсіздігі туралы принципі. Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар.

2 тақырып (конспект): Нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық шамалар арасындағы байланыс. Тербелмелі қозғалыс.Математикалық және физикалық маятиниктер.

3 тақырып (конспект): Ньютонның І-заңы. Күш. Масса. Ньютонның ІІ-заңы. Импульс. Импульстің сақталу заңы. Ньютонның ІІІ-заңы. Импульс моменті, күш моменті, инерция моменті.

4 тақырып (конспект): Кинетикалық және потенциалдық энергия. Энергияның сақталу заңы. Қатты денелердің серпімділік қасиеттері. Серпімді деформация түрлері. Гук заңы. Үйкеліс күші.

5 тақырып (реферат): Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші, салмақ, салмақсыздық. Тартылыс өрісі туралы түсінік. Кеплер заңдары. Ғарыштық жылдамдықтар.

6 тақырып (конспект): Сұйықтар мен газдағы қысым. Паскаль заңы. Архимед күші. Идеал сұйық. Бернулли теңдеуі. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Ламинар және турбуленттік ағыс. Дененің сұйықтар мен газдағы қозғалысы. Стокс өрнегі.

7 тақырып (конспект): МКТ эксперменталдық негіздері. Идеал газ. Қысым. Температура. МКТ-ның негізгі теңдеуі. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі. Ішкі энергия. Максвеллдік үлестіру. Барометрлік өрнек.

8 тақырып (конспект): Термодинамиканың І-бастамасы. Жылу сыйымдылығы. Изопроцесстер. Адиабаталық процесс. Қайтымды және қайтымсыз процестер. ПӘК. Карно циклі. Карно теоремасы. Термодинамиканың ІІ-бастамасы.

9 тақырып (конспект): Зарядтың сақталу заңы. Кулон заңы. Ортаның диэлектрлік өтімділігі. Электр өрісі. Өріс кернеулігі. Суперпозиция принципі. Остроградский-Гаусс теоремасы. Потенциал. Эквипотенциалдық беттер. Электрсыйымдылық. Конденсатор. Электростатикалық индукция және оның векторы. Электр өрісінің энергиясы.

10 тақырып (конспект): Электр тогы. Тізбектің бөлігі үшін Ом заңы. Бөгде күштер. ЭҚК. Тұйық тізбек үшін Ом заңы. Тармақталған тізбектер. Кирхгоф ережелері. Джоуль-Ленц заңы. Электролиз құбылысы. Фарадей заңдары.

11 тақырып (конспект): Электр тогының магнит өрісі. Токтардың әсерлесуі. Ампер заңы. Магнит өрісінің индукциясы және кернеулігі. Био-Савар-Лаплас заңы. Лоренц күші. Магнетикатер. Диамагнетиктер және парамагнетиктер. Ферромагнетиктер. Кюри температурасы. Электромагниттік индукция. Магнит өрісінің энергиясы.

12 тақырып (конспект): Жарық интерференциясы. Когеренттілік. Интерференцияны бақылау әдістері. Жарық диффракциясы. Гюйгенс-Френель принципі. Бір саңылаудағы дифракция. Дифракциялық тор. Жарықтың поляризациясы. Поляризаторлар. Малюс және Брюстер заңдары. Поляризациялау жазықтығының айналуы.

13 тақырып (конспект): Геометриялық оптиканың негізгі заңдары. Толық ішкі шағылу. Жұқа линзалар. Линзаның оптикалық күші. Көз. Көздің кемшіліктері. Оптикалық микроскоп. Жарықтың дисперциясы. Жарықтың жұтылуы. Фотоэффект. Фотоэффект заңдары. Эйнштейн өрнегі. Жарықтың кванттық қасиеттері.Жарықтың биологиялық әсері. Жарықтың химиялық әсері. Жарықтың қысымы.

14 тақырып (конспект): Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлвық-ядролық үлгісі. Сутегі атомының спектрі. Бор постулаттары. Атомдардың қозуы және сәуле шығаруы. Кванттық механиканың негізгі идеялары. Кванттық сандар. Рентген сәулдесінің табиғаты. Мозли заңы.

15 тақырып (конспект): Атом ядросы. Ядроның құрамы, негізгі сипаттары. Ядролық күштер. Изотоптар. Радиоактивтілік. Радиоактивтіліктің . Радиоактивтіліктің ыдырау заңы. Ядролардың жасанды түрленуі. Атом ядроларының бөлінуі және олардың синтезі. Тізбекті реакция. Реактор. Ядролық энергетика. Басқарылатын термоядролық реакция.

7. БІЛІМДЕРДІ БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ

@@@ $$$ Механика

$$$ 1


Поезд 36 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келеді. Егер ток берілуін тоқтатсақ, онда поезд бірқалыпты баяу қозғала отырып, 20с өткеннен кейін тоқтайды. Поездің үдеуін табу керек:

A. а=-0,5м/с2

B. а=-2м/с2

С. а= 4м/с2

D. а= 1 м/с2

E а=-3м/с2

$$$ 2

Дененің жүрген S жолының t уақытқа тәуелділігі теңдеуі S=At-Bt2+Ct3, арқылы берілген, мұндағы А=2м/сек,В=3м/сек2,С=4м/сек3. Қозғалыс басынан 2 сек уақыт өткеннен кейінгі дененің жүріп өткен жолын табу керек:



А. s=24м

В. s=10м


С. s=25м

D. s=30м


Е. s=40м

$$$ 3


Белгіленген сызықтарының қайсысы бір қалыпты үдемелі қозғалыстың графигі болады:

А. 4


В. 1

С. 2


D. 3

Е. 5



$$$ 4

Қай қатынас бір қалыпты қозғалысқа тура: (- радиус-вектор ):

А. .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет