070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі


мәтін Ғылым артық па, әлде мал артық па?



бет2/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
мәтін

Ғылым артық па, әлде мал артық па?
Бір топ адам бірде Әзірет Әлі шешенге келіп: «Бір сұрақ берейік, егер шын саңлақ болсаң, он түрлі жауап тауып сөйле»,- дейді. Сонымен жаңағылар Әзірет Әлі шешенге:

  • Ғылым артық па, әлде мал артық па? - деп оқыстан сұрақ қойыпты. Сол мезетте шешен:

  • Біріншіден, ғылым артық. Өйткені ғылым - әулие-әнбиелердің мирасы; ал мал - перғауын мен Қарынбайдың мирасы. Екіншіден, ғылым сені сақтайды, ал малды сен сақтайсың. Үшіншіден, ғылымның досы көп, ал малдың дұшпаны көп. Төртіншіден, ғылымды жұмсасаң, арта береді, малды жұмсасаң, азая береді. Бесіншіден, ғылым саған құрметті атақ береді, ал мал сараң деген атақ береді. Алтыншыдан, ғылым өзін-өзі сақтайды, ал малды үнемі бағып, қағу керек. Жетіншіден, ғылым қиямет күні иесіне шапағатын қылғызады, ал мал иесіне қисапсыз жауап бергізеді. Сегізіншіден, ғылым тозбайды, жоғалмайды. Ал мал болса, қолдың кірі, өледі, жоғалады. Тоғызыншы, ғылым көңілді нұрландырады, адамға ақыл-ой қосады, ал мал масаттандырады, болған үстіне бола берсе екен деп дүниеқоңыз етеді. Оныншыдан, ғылым құдайға зәһәт, таупиық, ғибадат қылады, ал мал өз иесінің көңіліне тәкаппарлық салады, - деп тапқырлық танытыпты.

  1. Әзірет Әлі шешеннің сөзін ұтымды етіп тұрған тәсіл

А) Баяндап айту В) Суреттеп айту С) Жобалап айту D) Жырлап айту Е) Салыстыра айту

  1. Ғылымның дүниеден артықшылығы

А) Адамның тынышын алады. В) Мінезін нашар жаққа өзгертеді. С) Адамға ақыл-ой қосады. D) Досың санаулы ғана болады.

Е) Адамды масаттандырады.



  1. Мәтін мазмұнына сай мақал

  1. Аңқау бөрі қой үркітеді, Ақылсыз адам ел үркітеді.

  2. Мың малың болғанша, Бір балаң ғалым болсын.

  3. Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді.

  4. Мал көтерер өлімді, Дос көтерер көңілді.

  5. Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер.

  1. Ғылымның адамға құрмет әкелетіні шешеннің нешінші жауабында айтылған? А) Үшінші В) Төртінші С) Жетінші D) Алтыншы Е) Бесінші




    1. мәтін

Музыка аспаптарында орындалатын шығармаларды аспаптық музыка деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, шертер сияқты ұлттық музыкалық аспаптарында орындалатын әуен күй деп аталады. Бізге жеткен ең көне күйлер - күй атасы Қорқыттың шығармалары. Күй - бағдарлы мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Онда табиғат құбылыстары («Алатау», «Саржайлау», «Көбік шашқан»), тарихи оқиғалар («Ел айырылған», «Жеңіс»), халық мерекелері («Тойбастар», «Балбырауын»), жан-жануарлар («Аққу», «Қоңыр қаз», «Көкала ат»), аңыз-ертегілер («Мұңлық-Зарлық», «Қос мүйізді Ескендір»), жеке адамдар («Байжұма»,

«Абыл»), адам сезімдері («Қуаныш», «Сағыныш») және т.б. түрлі оқиғалар мен құбылыстар суреттеледі. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына қарай аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер, арнау күйлер, лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып жіктеледі.

Қазақтың аспаптық музыкасы XVIII ғасырдың соңында жоғары деңгейге көтерілді. Бұл кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Байжігіт, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен мәлім болды. XIX ғасырда ежелгі күйшілік өнердің одан әрі өрістеп дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Тоқа, Абыл, Есір, Ықылас, Байсерке, Қазанғап, Сейтек, Дина, Сүгір сияқты күйшілік өнердегі ірі тұлғалар елеулі үлес қосты.

Домбыра күйлері орындалу мәндері мен құрылымдылық ерекшеліктеріне қарай төкпе және шертпе деп аталатын екі үлкен түрге бөлінеді. Төкпе күйлер ұрақты екпін мен өлшемде орындалады. Ал шертпе күйлер көбінесе жалғыз дауысты болып орындалады.

Ежелгі түркі тектес халықтарда қобыз күйлері жыраулар өнерінен бастау алады. Бұл өнерді дамытуға Кетбұға, Кербала, Айрауық, Көккесене, Ықылас және Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сынды ұлы күйшілер зор үлес қосқан.



  1. XVIII ғасырда халыққа кеңінен мәлім болған күйшілер

А) Тәттімбет, Баламайсан В) Ықылас, Айрауық С) Есжан, Байжігіт Д) Махамбет, Даулеткерей Е) Қазанғап, Дина

  1. Мәтін мазмұнының реттілігі

  1. Домбыра күйлерінің құрылымдық ерекшеліктері

  2. Күйлердің тақырыптары

  3. Күйдің өрістеп дамуы

  4. Күйдің жоғары деңгейге көтерілу кезі

  5. Күй - аспаптық жанр

А) 1,5,2,4,3 В) 3,1,5,2,4 С) 4,3,1,5,2 D) 5,2,4,3,1 Е) 2,4,3,1,5

  1. Шертпе күйлері қалай орындалады?

  1. Жалғыз дауысты болып, қолдың тұтас сілтенуімен

  2. Тұрақты екпінмен, саусақтың ұшымен

  3. Тұрақты екпінмен, қолдың білегімен

  4. Жалғыз дауысты болып, саусақтың ұшымен

  5. Тұрақты екпінмен, қолдың тұтас сілтенуімен

  1. Қорқыт пен Кербала өнеріне ортақ нұсқа

А) Қобыз күйі В) Орындау мәнері С) Шертпе күй D) Дауыс ырғағы Е) Домбыра әуені

  1. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына қарай дұрыс жіктелуі

A) Арнау күйлер, лирикалық күйлер B)Тарихи күйлер, эпостық күйлер

C) Тартыс күйлер, саяси күйлер D) Психологиялық, батырлық күйлер

E) Арнау күйлер, әлеуметтік күйлер


  1. Ең көне музыкалық шығармаларды жеткізген аспап А) Дауылпаз В) Сырнай С) Қобыз D) Жетіген Е) Домбыра

    1. мәтін

Майқы би (ХІІ - XІІІ ғғ.) - халықтың ауызша тарихының айтуында, Шыңғысты хан көтеруге қатысқан атақты 12 бидің бірі. Әділ билігімен, тапқыр шешендігімен бүкіл қазақ қауымының арасында атағы шыққан адам. Халық арасында: «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы - Майқы би» деген ескі сөз бар.

Шежіре деректері бойынша Ұлы жүздің түп атасы Ақарыстан Ұзынсақал Ыбрайым, одан Кейкі, одан Төбе би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Майқы есімі қазақтардың шығу тегіне қатысты көптеген аңыз әңгімелерде кездеседі. «Қазақ Совет энциклопедиясында» оның Шыңғыс ханның ел бастау ісіне көмектесіп, ақылшысы, өзі жорыққа аттанғанда орнына қалдыратын биі болтаны, Жошы ханның Батысқа жасаған жорығында моңғол әскерінің он қанатын басқарғаны айтылады. Осыған қарағанда, Майқы би жас жатынан Шыңғыс ханмен қарайлас болған.

Ал қазақ аңыздары оны одан бірер ғасыр кейін жасатып, қазақтардың үш жүзге бөліну кезеңінде үлкен рөл атқарды дегенді айтады. Мұнда Майқы би Орманбек би өліп, он сан Ноғай елі бүлінгенде, қазақ ұлысын құрған тарихи қайраткер есебінде көрсетіледі.

Майқы би қазақ руларын үш жүзге бөліп, Үйсін бастаған бөлікті Ұлы жүз, Арғын бастаған бөлікті Орта жүз, Алшын бастаған бөлікті Кіші жүз деп атайды. Ноғайлы хандарының бірі - Қызыл Арыстанның баласы Ахметті Ұлытауда үш жүздің ханы етіп көтереді. Ол ұлысқа кірген 40 руға таңба таратып, таңбаны әр рудың ерекшелігіне қарай белгілейді. Ұлыс туын ұстаған Үйсінге «жалау», ортада жүрген Арғынға «көз», жауға алдымен шабатын Алшынға «найза» таңбасын берген. Аталмыш 40 рудың таңбасын жартасқа қашатқан. Кезінде «Майқының таңбасы» деп аталған бұл таңбалы тас кейін «Нұра таңбасы» аталып кеткен.

Майқы би қазақ ұлысын құра отырып, кейінгі ұрпақтарына: «Хан ақылды, әділ болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді... Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, ел болуды ойлаңдар», - деп өсиет қалдырған.

Ел аңыздарының деректеріне қарағанда, Майқы бидің өз заманында ел қамын ойлаған үлкен ойшыл адам болғаны аңғарылады, халықгың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңға айналдыруда Майқы бидің орнының ерекше болғаны көрінеді.


  1. Шежіре деректер бойынша Майқы бидің түп атасы кім болған? А) Төбе би В) Шыңғыс хан С) Арыстан D) Теле би Е) Ақарыстан

  2. 40 руға таңба таратқанда Алшынға «Найза» таңбасын беруі нені білдіреді?

  1. Жауға бірінші болып шабатындығын

  2. Дауларда бірінші болып сөз бастайтындығын

  3. Жаудың қайдан келетінін жорамалдап білетінін

  4. Халықты бір найзаның астына жинайтын қасиеттерін

  5. Найзамен аңшылық жасап халқына азық табатынын

  1. Майқы бидің өсиетіне сай даналық сөз

  1. Бірлік жоқ болса, ұйым жоқ, Ұйым жоқ болса, күйің жоқ.

  2. Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген.

  3. Сөздің көркі - мақал, Жүздің көркі - сақал.

  4. Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар.

  5. Ер - елінде, Гүл - жерінде.

  1. Аңыз әңгімелерде келтірілген деректер бойынша Майқы би

А) Ақылгөй дана, ел билеуші В) Би, шешен, үш жүздің ханы С) Батыр, дана, хан D) Шешен, әскер басы, тарихи тұлға

Е) Әскер басы, дана би, хан



  1. «Майқының таңбасының» кейінгі атауы немен байланысты? А) Тау атымен В) Жер атымен С) Ел атымен D) Ру атымен Е) Өзен атымен

  2. Майқы бидің кейінгі ұрпақтарына қалдырған өсиеті

A) Ақыл азбайды, білім тозбайды B) Ердің атын еңбек шығарар

C) Бірлік бар жерде тірлік бар D) Әдепті бала - арлы бала

E) Өнер алды - қызыл тіл


  1. «Хан ақылды болса, қарашасы ынтымақты, батыл болса, қара жерден су ағызып, кеме жүргізеді» деген Майқы бидің сөзіндегі қарашасы сөзін алмастыратын қатар

А) Жалшысы мен малшысы В) Баласы мен данасы С) Ел-жүрты мен халқы D) Жұбайы мен жары Е) Отбасы мен ұрпағы

  1. Қазақтардың шығу тегіне қатысты аңыз әңгімелерде Майқы би кімнің замандасы? А) Ақарыстың В) Төле бидің С) Ұзынсақалдың D) ЬІбырайымның

Е) Шыңғыс ханның



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет