070-нұсқа мәтін Бөлтірік шешеннің сөзі



бет25/46
Дата21.04.2020
өлшемі0,55 Mb.
#63774
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
2132-Нұсқа 1-мәтін
Пән тарихының тамыры ежелгі заманға кетіп жатыр. Ғалымдардың пікіріне қарағанда, ол он бес мың жылды құрайды екен. Алғашқы пәннің өсімдігі бидай да, суды да, арпа да емес, кәдімгі емен екен.

Ежелгі адамдар емен жаңғағын үгіп, одан ұн жасаған. Бұған археолотардың қазба жұмыстары дәлел. Дәнді-дақылдарды қолдан егуді, оның дәнінен ұн жасауды адамдар бірте-бірте меңгерген. Сұйық ботқа қазіргі нанның бастапқы түрі болған. Ал Африка мен Азияның бірқатар елдерінде осындай быламықтарды нан ретінде әлі де қолданады.




  1. Алғашқьі нан неден жасалған?

  1. Арпа-бидайдан С) Емен жаңғағынан Е) Қарағай жаңғағынан

  2. Шырша жаңғағынан D) Ұннан

  1. Мәтін мазмұнына қай макал сәйкес келеді?

  1. Ас елдің құты C) Ас атасы нан Е) Ac иесімен тәтті

  2. Жаман ауруға жақсы ас D) Kәciп, кәсіп түбі нәсіп




  1. мәтін




  1. «Көптік - құдіреттіліктің бір белгісі» дегенді айтқан қазақ қандай шаруаға болса да жұмыла қимылдаудың артықшылығын пайымдаған. Сондай істері арқылы бауырмалдығын, ынтымағын, бір-біріне ізет-құрметін танытып отырған. Ел ішіндегі күш-қайраты жоқ, жалғыз ілікті қарт адамдарға қамқорлық жасау арнайы ұйымдастырылады. Кеудесінде жаны бар қазақ канша қалжыраған халге түссе де, ары мен намысын жоғары ұстайды. «Жаным - арымның садағасы» дейтіні содан. Қандай қамқорлық жасалса да, ол сол адамның намысыпа тимеуі керек. Барлык шара сол негізге құрылады. Сопдай шаракыц бір түрі асар. Жапғыз басгы қарт адамдардың бітпей жатқан жұмысына ауылдың жігіт-желеңдері жабыла қолқабыс беріп, тез тындырып тастау әдісін қазақтар «асар» деп атайды. Мұның өмірлік, коғамдық және әлеумеіттік мәні бар. Жұмыс күші кем, ісі бітпей жатқан адамдар осы шараның арқасында шаруасын тындырып алады.

  2. Асардың да ел қолдаған жөн-жосығы бар. Кез келген кісі асар салмайды. Тіл назарын аударған, жұрт қолдаған сипаты сақталады. Күші мығым, қайратты жігіттердің құрбы- құрдастарын жәрдемдесуге шақыруы асарға жатпайды. Асарды үйінде қайратты кісісі жоқ не наукасқа шалдығыпқалған, шаруасының науқаны өтіп бара жатқан адамдар жасайды. Ағайын - жұрты мұны қостайды. Сөйтседе асар салушы жиналған қауымды қанағаттандыратындай дәрежеде дайындалады. Жұмыс істеушілердің қажетіне керектігі толық әзірленді.

  3. Асар - қазақ арасында біріне-бірі көмек көрсететін ымыралы салт. Ағайынын разы қылy үшін қандай киындық болса да көптің біріккен күшімен қатар тұрып жеңудің амалы, нақты шара.




  1. Мәтін бойынша асар сала алмайтын адамдар

  1. Шаруасының науқаны өтіпбара жатқан қауқарсыз адамдар D) Жалғыз басты қарт адамдар

  2. Күші мығым, қайратты жандар E)Үйінде ер адамы жоқ қауқарсыз жандар

  3. Үйінде қайратты адамы жоқ, балалы-шағалы әйелдер

  1. Асты сызылған сөзге балама бола алатын нұсқа

  1. Келісімге келу C) Ақылы көмек беру Е) Бірлесіп көмек беру

  2. Тіл табысу D) Жоспарлы көмек беру

  1. Мәтінде қозғалатын мәселе

А) Аяушылық C) Туысқандық E) Жолдастық

B) Шыдамдылық D) Қамқорлық



  1. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтіннің 1-бөлімінің мағынасын ашып тұр?

  1. Жаман бұзар, жақсы түзер. D) Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.

  2. Барымен базар, жоқты қайдан табар? Е) Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.

  3. Көп түкірсе- көл.

  1. мәтін

Тау етегі. Жалпақ аңғардың теріскен беті сірескен қалын қарағай. Күнгей беті тақырлау. Өрге тырмысып, жотаның төбесіне қарай өрмелеген, таспадай тартылған жалғыз-аяқ жолдың жатасында бармақтай-бармақтай кілтиген кішкене көкшіл гүлдер өсіп тұр. Әлденедей үмітпен алысқа, көкпеңбек аспанға телміреді.



  • Coншақадалып, қайда қарап тұрсыңдар? деп сұрады гүлдерінің желкесіне өрмелеп шығып алған қызғылт түсті, белі қылдырықтай, буындары бунақ-бунақ құмырсқа.

  • Бір қиырға созылып, бел-белестерден асып кетіп жатқан жалғыз аяқ соқпақтың қайда барып тұйықталатынын білу үшін соның түкпіріне көз жіберіп тұрмын.

  • Оның сендерге не қажеті бар? Мына өсіп тұрған жерлеріңнің өзі қандай әсем, жаннат секілді. ІІІөбі де қою, құйқадай ұйысқан.

  • Жаңа ғана алақандай қызыл қанат көбелек төбемізден елпелектей ұшып өтті. Соның басқан жолының түбін бағдарлап тұрмыз. Күндердің күнінде ұша қалсақ, адаспаспыз.

  • Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жеп, босқа әуреленбей-ақ қойыңдар.

  • Е, неге, біз де жол тауып алайық та.

  • Гүлдср ұшпайды, орнында тұрып тұқым себеді. Сол тұқымы келесі жылда көктеп, ұрпағы тарайды. Ал гүлдің ұшқаны өлгені. Шаңға көміліп, жүргіншілер табанының астында жаншылып жатады.

Құмырсқаның сөзінен шошыды ма, әлде иланды ма, бармақтай гүлдер таласып дау айтпастан бүрісе состиып қалысты. Жел есті. Қарағайлар уілдей теңселеді.

Жұлдыздар төніп, Қадала жерге қарайды. Жарығын төгіп, Бакытқа соны балайды. Үмітке теліп,

Телміртіп тұрды талайды.

Алайда гүлдер кызыл қанат көбелек ұшып кеткен кеңістіктен көз алмайды. Әлдеқандай бір жарқын жол іздеген отты үміттерінен арыла ұшар емес.




  1. Құмырсқаның: «Қолдан келмейтін әрекеттің қамын жен, босқа әуреленбей- ақ койыңдар» деген сөздері қандай мақсатпен айтылған?

  1. Жігерлендіру үшін C) Қанағаттандыру үшін Е) Көңілін көтеру үшін

  2. Қол ұшын беру үшін D) Босқа үміттендірмеу үшін.

  1. Құмырсқа мен гүлдердің диалогынан гүлдердің қандай қасиеті көрінеді!

  1. Талапшылдығы C) Даукестігі E) Қайрат-жігері

  2. Мақсатшылдығы D) Арманшылдығы

  1. Мәтін тақырыбына сәйкес мақал-мәтел

  1. Жол мұраты - жету C) Арманның үлкен, кішісі болмайды E) Жақсы сөз - жарым ырыс

  2. Шірік шірітеді, бұзық бүлдіреді D) Таң атпаймын десе, күн қоймайды

  1. Мәтіннің стилі

  1. Публицистикалық C) Ғылыми Е) Көркем әдебиет

  2. Ресми іс қағаздар D) Ауызекі сөйлеу

  1. Гүлдердің армандауына себеп болған не?

A) Құмырсқа

C) Жұлдыздар

Е) Көбелек

B) Қарағай

D) Жел




12. Мәтіннің тақырыбына лайық атау

A) Қызыл қанат көбелек

C) Арманшыл гүлдер

E) Гүлдер айтысы

B) Орындалған арман

D) Қызғаншақ құмырсқа







  1. мәтін

Ертеректе, өзі бай, өзі дана бір кісі болыпты. Үлкен шаһардың шетінде өз қолымен тұрғызған сән-салтанатты үйлері, ат шаптырым ауласында түрлі-түрлі жеміс ағаштары сыңсып, бұлбұл құстары жүз құбылта, құйқылжыта ән салады екен.



Сонау-сонау қиянда тұратын бір адам әлгі дана кісінің әңгімесін тыңдауға құмартып жолға шығыпты. Апталап сапар шегіп, шаршап-шалдығып бір күні келіп жетеді. Паңдықтан ада, қарапайым бай жолаушыны қабылдап, ас суын ұсынып бұйымтайын сұрайды.

  • О, қадірменді ақыл иесі! Алыс-алыс қияндағы елімнен келгендегі мақсатым, сіздің даналық сөздеріңізді тыңдасам деп едім, – дейді ілтипатпен.

  • Дәл қазір даналық әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұрғаны, – дейді бай. – Ас ішіп, әл жинасаң, былай істе. Қолыңдағы қасыққа екі тамшы май тамызайын. Бірер сағат осы маңда бол, қасықтағы майға да көз қырыңды сала жүр, келістік пе?

  • Келістік, – дейді жолаушы.

Уақыт жылдам өте шығады. Жолаушы дана қарияның алдына келеді.

  • Жә, айта қойшы жарқыным, бағанадан бері не көрдің? Не білдің?

  • Ештеңені көре қойғаным жоқ… Баққаным, қасықтағы екі тамшы май болды.

  • Онда, дана сөздерімді естуге асықпа! Тағы екі сағат жүре тұр.

  • Тақсыр-еке, неге олай айтасыз? Өзіңіз емес пе, майға қара деген…

  • Ия, солай дедім! Бірақ, мынау сән-салтанатты үйлер, анау жеміс-жидектері сыңсыған ағаштар, онда сайраған бұлбұлдардың әуезді үндеріне құлақ түрмейсің бе?! Алла Тағаланың жаратқандарына таң қалмайсың ба?! Бірақ, қасықтағы майға да көз қырыңды салғайсың…

  • Мақұл, – дейді жолаушы.

Межелі уақыттан соң мейман тағы да байдың алдына келеді.

  • Не көрдің, не білдің! Баянда?!.

  • Бау-бақшаңыздағы ағаштарға қарап, терең-терең ойларға кеттім! Алланың құдіретіне қайран қалдым! Таң-тамашамын… Сіздің еңбегіңізге, соншама құштарлықпен, махаббатпен өсірген өскіндеріңізге Жаратқан иіп, мейірімін төгіп осыншама көркемдік пен келісімді сыйлаған екен!

  • Жолаушы алған әсерінен айыға алмай, аузы ашылып таңырқауын айта берді, айта берді.

  • Тәңірінің сый-құрметін, табиғаттың үйлесімділігін көре білген көкірек көзің ояу екен! Рахмет, жолаушым! Ал қасықтағы май қайда?

  • Ой-бу, қа-ап!.. Сән-салтанаты келіскен шаһарды, бау-бақшаны тамашалаймын деп қасықтағы майды төгіп алыппын!

  • Ендеше, даналық сөздеріме құлағың сал, қадірменді мейманым! Әлбетте, он сегіз мың ғаламның иесі Рахман-Рахымның жаратқандарына таңырқағаның жөн! Сол арқылы Алланың ұлылығы мен құдіретіне көзің жетеді! Сондай-ақ, Раббымыздың пенделеріне парыз еткен іс- амалдарына да аса ұқыпты болғын! Ең ұлығы – Ұлы үйлесім разылығы үшін сәждеге бас қойып, намазға жығылу екендігін есіңнен шығарма! Қасықтағы майға келер болсам, ол фәни жалғандағы – тіршілігің, нәсібің! Оны да ұмытуға болмас! Бірақ, дінде де, дүниеуи тіршілікте де орташа болғын! Отаныңды сүю, жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу, иманды, инабатты ұрпақ тәрбиелеу де адами міндетің! Осы айтқандарымды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа кенелесің! Жортқанда жолың оңғарылып, Жалғыз Жаратушы жар болсын! – дейді дана қария батасын беріп.




  1. Екінші кейіпкердің данакісіні іздеп келудегі мақсаты

  1. Әнгімесін тыңдау C) Ақыл сұрау E) Кеңес беру

  2. Батасын алу D) Жақын танысу

  1. Жолаушыны таңырқатқан үй иесінің касиеті

  1. Жомарттылығы С) Құдіреттілігі Е) Шешендігі

  2. Еңбекқорлығы D) Асқан дәулеті

  1. Дана қарияның батасы

А) Осы айгқандарымды тепе-тең ұстасаң, екі өмірде де бақытқа кенелесің! В) Жортқанда жолың өзі арылып, Жалғыз жаратушы жар болсын!

  1. Отаныңды сүю, жақсы сөзсөйлеу, жақсылық істеу міндетің!

  2. Дінде де, дүниеуи тіршілікте де орташа болғын!

Е) Иманды, инабатты ұрпақ тәрбиелеу де адами міндетің!

  1. Байдың даналық әңгіме айтуға уақыт тарлық етіп тұр деп, қасықтағы екі тамшы май ұсыну себебі

  1. Қонағының көңілін аулау D) Майдың пайдалы қасиетін анықтау

  2. Майдың шипалық қасиетін анықтау E) Бойынан өткерген жағдайлар арқылы ой түйгізу

  3. Қонағының шыдамдылығын сынау

  1. Мәтін мазмұны бойынша Алланың ұлылығы мен құдіреті

  1. Сайраған бұлбұлдардың әуезді үні D) Екі өмірде де бақытқа кенелу

  2. Он сегіз мың ғаламды жарату E) Инабатты ұрпақ тәрбиелеу

  3. Жақсы сөз сөйлеу, жақсылық істеу

I8. Байдың мейманына айтқан даналық сөздеріне қатыстынүсқа

А) Құрғақ cөзбас ауыртар, D) Дүние бақыты тыныштық Құрғақ қасық ayызды жыртар. тапқан жүрек пен адал нәсіпте

В) Көп ішінде сөйлеген көсемдіктің белгісі. Е) Ақылды адам жай-жай сөйлейді, С) Енбектің қадірін білген адам бакытты адам Жан-жағын байқай келеді


  1. Дана қарттың екі тапсырманы қатар беруініңсыры

  1. Асқан ақылың болсын, ақылыңа бақ-дәулетің сай болсын

  2. Жаратушының құдіретіне таң қалумен қатар, несібеңді де ұмытпау

  3. Бұлбұлдардың сайраған үніне құлақ түріп, рахат ғұмыркешу

  4. Уақыт аз кесілгендіктен, бос уақытыңды пайдалы іске арнау

  5. Жаратқанға таңырқап, ұлылығы мен құдіретіне куә жеткізу

  1. Адам несібесінің символы

А) Салтанатты шаһар С) Ат шаптырым аула Е) Бақша

ағаштары

В) Қасықтағы май D) Сайраған бұлбұлдар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет