27-билет. 1.Құс аспергиллезі. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.Аспергиллез (пневмомикоз) – аспергилла тұқымдасының патогенді саңырауқұлақтары, әсіресе Aspergillus fumigatus тудыратын , тыныс алу мүшелерінің және сүйектерінің ауа қуыстарының жіті және созылмалы лейкозы түрінде өтетін құстардың ауруы. Сояр алдындағы диагностика. Клиникалық белгілердің ішінде басты өзгерістер ретінде аз қозғалу, әлсіздік, айдары мен бас терісінің көгеруі, тыныс алуының бұзылуы (дем алғанда мойнын созып, тұмсығын ашуы және дем шығарғанда ысқырық тәрізді шудың, сырылдың естілуі) байқалады.Сойғаннан кейінгі диагностика. Ұшаның нашар қансыздануы, кейде қоңдылықтың төмендеуі немесе арықтау анықталады. Негізгі өзгерістер тыныс алу мүшелерінде болады: өкпеде көптеген немесе жекелеме орналасқан сұрғылт, сұрғылт - сары, үлкендігі тары дәнінен бұршақ дәніне дейін болатын түйіндер, ошақты немесе жайылған пневмония, бронхтардың және кеңірдектің катаралды қабынуы және оларда кілегейлі – ірімшікті тәріздес заттың жиналуы; Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Арық ұшаларды, сонымен қатар өкпесі зақымдалған және бұлшық еттерінде саңырауқұлақтар өскен және ауа қапшығында мицелийлері бар ұшаларды ішкі мүшелерімен қоса үтилдейді. Тек өкпе зақымданса, ішкі мүшелерді ғана утильдейді. Құс мамығын, жүнін және жұмыртқаларын шектеусіз қолданады.2. Қояндардың жұқпалы емес (жарақатану, арықтау, ірінді жаралар) кезіндегі сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Арықтау (жүдеу). Арықтау кезінде бұлшық ет ұлпасының дегенеративтік өзгерістері, бұлшық ет семуі және май жиналатын жерлерде іркілдек ісіктер байқалады.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Арықтаудың себебіне қарамастан ұшаларды және мүшелерді утилдейді.Абсцесстер, флегмоналар, іріңді жаралар. Абсцесстер тері асты клетчаткасында, бұлшық еттерде, лимфа түйіндерінде, ішкі мүшелерде шоғырлануы мүмкін. Абсцесстер табылған жағдайда сарапшы оған жақын жатқан ұлпалар мен лимфа түйіндерін зерттейді. Бірен - саран бітеу жаралар табылған жағдайда, оларға жақын жатқан ұлпалар мен лимфа түйіндерінде өзгерістер болмаса, бұл етте іріңдетуші микрофлораның жоқ екенін көрсетеді. Іріңді ошақтар бауырда табылса, іріңдетуші микрофлораның қақпа венасы арқылы ішектен келгенін көрсетеді, бұл жағдайды жалпы септицемия ретінде қарауға болады.Флегмона - бұл жайылып, тарауға бейім қауіпті үрдіс, бұнда іріңдетуші бактериялар зақымдалған жерлерден әртүрлі мүшелер мен ұлпаларға тез тарайды. Іріңді үрдіспен асқынған жаралар - іріңдетуші микрофлораның көбею(таралу) көрсеткіші болып табылады.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Бірен-саран бітеу жаралар және жаралар кезінде, егер олардың мөлшері үлкен болмаса, оларды қоршап жатқан ұлпаларда домбығу болмаса және лимфа түйіндері өзгерістерге ұшырамаса, зақымданған бөліктер мен ағзаларды жарамсыздыққа жатқызып, ұшаны шектеусіз босатады.Көптеген бітеу жаралар жеке мүшелерде табылса немесе бірен-саран бітеу жаралар мен аймақтық лимфа түйіндерінің өзгерістері және жайылған флегмоналар табылса, зақымдалған мүшелерді немесе ұлпаларды жарамсыздыққа шығарады, ал етті бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты қолданады. Бітеу жаралар лимфа түйіндерінде және бұлшық еттерде табылса, ұшаны техникалық утилизацияға жібереді.3.Жұмыртқаны және меланжді сараптау. Ауылшаруашылығы құстарының жұмыртқалары (тауық, үйрек, қаз, күрке тауық, бөдене) құрамындағы қоректік заттарға бай болғандықтан құс жұмыртқасы тағамдық және дәмдік қасиеттері жоғары өнім ретінде саналады.Барлық құс жұмыртқаларының құндысы және кеңінен таралғаны тауық жұмыртқасы. Үйрек пен қаз жұмыртқалары балауса күйінде тағамға қолданылмайды, өйткені адамдардың салмонеллезбен ауруының көзі болуы мүмкін. Оларды жоғары температурада дайындалатын нан өнімдерін пісіруде пайдаланады. Меланж– тауық жұмыртқасының белогы мен сарысының табиғи жағдайындағы қосылысы. Мұздатылған, сапалы мелаждың түрі қою сары түсті, тығыз, тұзды не тәтті (қоспаға байланысты), бөгде и»с», дәмі жоқ. Жібітілген меланж ашық сарғыш түсті, консистенциясы – сұйық. Егерде меланждың органолептикалық көрсеткіштері қалыпты жағдайда болса, әр топтан 1% ғана зерттейді, құрамында ішек таяқшасы тобына жататын микроорганизмдердің бар-жоғына назар аударады. 0,1 коли – титріндегі жұмыртқа меланжы мен ұнтағын жоғарғы температурада өңдейтін тағам өнеркәсібінде пайдаланады. 0,1 коли - титрінен төмен болған жағдайда, егерде органолептикалық көрсеткіштері қалыпты жағдайда болса, зардапты Salmonella және протея топтарының микроорганизмдері жоқ болғанында, меланж бен жұмыртқа ұнтағы өте жоғары температурада өңделетін өнімдер жасауда қолданылады. Залалды Salmonella және протея топтарының микроорганизмдері бар болғанында, меланж бен жұмыртқа ұнтағы тағамға қолданылмайды. Меланж бен жұмыртқа ұнтағын дайындауға 90 күннен аса сақталған жұмыртқалар жарамайды.
28-билет. 1.Сазқұндыз туберкулезі. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Туберкулез. Адамдарда, жануарларда, саз құндыздарында кездесетін созылмалы қауіпті, індетті ауру. Саз құндыздарында ауру жиі ұшырасады, қоздырғыштар ауа және азық арқылы беріледі.Сойғаннан кейінгі диагностика. Өкпені туберкулез ошақтарын анықтау үшін жарып қарайды. Бронхтарда жарып қарағанда каверналар бар. Көк етте көптеген сұлы дәнінің көлеміндей түйіндер пайда болады. Кеуде қуысында сұйық жиналады. Өкпенің лимфа түйіндері ұлғайған, кескенде шырынды, туберкулез ошақтарының іші ірімшік тәрізді массаға толы. Көк бауыр, бауыр және порталды лимфа түйіндері ұлғаяды. Аурудың нақты диагнозы бактериологиялық зерттеу нәтижесінен кейін қойылады. Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға. Ұшалар мен ішкі ағзаларды утилдейді. Терілерді шектеусіз босатады.
2.Әр түрлі балаусалықтағы құс ұшасының негізгі органолептикалық көрсеткіштері. Құс етінің балаусалық дәрежесін анықтауға арналған органолептикалық зерттеулерді МЕМСТ 7702.0-74 бойынша жүргізеді, ал осы мақсаттағы микроскопиялық және химиялық сараптаманы МЕМСТ 7702.1-74 бойынша регламенттейді.Органолептикалық, химиялық, микроскопиялық сараптауларды жүргізу үшін жәшіктерден үш ұша (тушка) сынамасын алады. Алынған сынама үлгілерін орама және мөр соғылған күйінде жолдама құжатпен зертханаға жібереді. Органолептикалық зерттеу кезінде сыртқы түрін және тұмсықтың тұсын, ауыз қуысының кілегей қабатын, көз алмасын, ұшаның үстін, тері асты және ішкі май ұлпаларының жағдайын, кесіндідегі бұлшық етін, оның консистенциясы мен иісін, сорпаның мөлдірлігі мен иісін анықтайды.Құс етінің балаусалығын химиялық сараптамасын жүргізу үшін аммиак және аммоний тұздарын анықтау, пероксидазасын анықтау (бұл әдіс суда жүзетін және балапандар етіне қолданылмайды). Ұшатын май қышқылдарының көлемін анықтау, майдың қышқыл санын және асқын тотығы санын анықтау әдістері қолданылады.
3. Қоян миксоматозы және листероз ауруы.сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау.Миксоматоз – бұл жіті түрде өтетін вирусты, жоғары контагиозды ауру. Миксоматозда серозды – іріңді конъюктивит, бастың, сыртқы жыныс мүшелерінің және дененің басқада бөліктерінде тері асты клечатканың ісікті - қою сұйықты инфильтрациясы байқалады. Осы инфильтраттарға байланысты гиперемия байқалады және өкпе ұлғаяды, лимфа түйіндері, көкбауыры ісінеді. Ауру жоғары өлім-жітіммен сипатталады.Сойғаннан кейінгі диагностика. Диагнозы сарғыш сұйықтықпен сінген қою сұйықты инфильтраттар табылса қойылады. Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Миксоматозбен ауырған қояндарды союға жібермейді, ауру толығымен зерттелген соң ұшаны ішкі мүшелерімен қоса және терісінде жойып жібереді. Бөлмені, арнайы киімдерді және құрал – саймандарды залалсыздандырады.Листериоз – орталық жүйке жүйесінің салдануымен, септицемиямен, түсік тастаумен және желінсаумен сипатталатын індетті ауру.Қоздырғышы – Listeria monocytogenes.Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру қояндарда аса жіті және созылмалы түрде өтеді. Аурудың жіті түрінде бауырда, көкбауырда, бүйректе некрозды түйіндер пайда болады. Бауыр ұлғайған, консистенциясы – былжыраған. Аурудың созылмалы түрінде патологиялық өзгерістер ауру белгілері көбінде жатырда байқалады (іріңді метрит).Ветеринариялық – санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Зақымдалған мүшелерді (жүрек, бауыр) және қоян басын утилдеуге жатқызады. Ұшаны қайнатып залалсыздандырады. Терісін бір мезгілде құрамында 0,3% сульфанол, 2% алюмокалилі квас, 0,2 %натрий кремнийліфторлы және 26% ас тұзы 1:5 сұйық арақатынасында 20 сағат залалсыздандырады.
29-билет. 1.Құстардың инфекциялық бурситі ( Гамборо ауруы). Сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Жұқпалы бурсит – фабрициев қапшығының, бүйректердің қабынуы, бүлшық еттерінің қан құйылулары және жіті созылмалы түрде өтетін 2-15апталық балапандардың ауруы. Қоздырғышы- Авиреавирус. ВСС. Ауру құстарды сойғанда ішкі мүшелерін толықтай алып тастайды. Б.е қан құйылған, некроздары ісіктері бар, сүт қышқылды тұздар жиналған ұшаларды ішкі мүшелермен қосып утилизацияға жібереді. Пат.өзгерістер жоқ болса ұшаларды қайнатқаннан кейін қолданады немесе өнеркәсіптік өңдеуге жібереді, ішкі мүшелерін утильдейді. Ауру және ауруға күмәнді құстардың жүні мен мамығын кептіріп заласыздандырады немесе жалпы қабылданған тәсілдермен дезинфекциялайды. Сойғаннан кейінгі диагностика. Ішкі мүшелердің серозды қабығында, сан, кеуде бұлшық еттерінде ұсақ нүктелі қанталаулар табылады. Бауыр ұлғайған, қанға толы, бүйректері домбыққан, бүйрек түтікшелері және зәр түтікшелері тұзға толы, сол себепті бүйрек мәрмәр тәрізді болады. Ауруға тән жиі кездесетін өзгеріс - фабрициев қапшығының 2-5 есе ұлғаюы. Фабрициев қапшығы және оны қоршап жатқан ұлпалар ісінген. Қапшықтың кілегей қабықтарында қан құйылулар, некроздар, қуысында қан мен фибрин үлпершектері аралас кілегей болады. Созылмалы түрімен ауырған немесе жазылу стадиясындағы құстарда қоңдылығының төмендігі, фабрициев қапшығының атрофиясы байқалады.Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ауру құстарды сойғанда ішкі мүшелерін толықтай алып тастайды. Бұлшық еттеріне қан құйылған, некроздары, ісіктері бар, сүт қышқылды тұздар жиналған ұшаларды ішкі мүшелермен қосып утилизацияға жібереді. Патологиялық өзгерістер жоқ болса, ұшаларды қайнатқаннан кейін қолданылады немесе өнеркәсіптік өндеуге жібереді, ішкі мүшелерін утилдейді. Ауру және күмәнді құстардың жүні мен мамығын кептіріп залалсыздандырады немесе жалпы қабылданған тәсілдермен дезинфекциялайды.
2.Қоянның Бронхиттер, пневмониялар, бронхопневмониялар, плевриттер, плевропневманиялар. Жұқпалы емес этиологиялы бұл аурулар көбіне төлдерде кездеседі. Бұл аурулардың себебі көбіне жануарларды ылғалды суық қораларда, өтпелі желде, цемент еденде ұстағаннан, зеңденген азықпен азықтандырғанан болады.Бронхит кезінде бронхтарда және кеңірдекте сұйық немесе көпіршікті экссудат табылады, кілегейлі қабығы қызыл түсті, домбыққан, катаралды және катаралды – геморрагиялық қабынуға үшыраған. Бронхопневмония кезінде бронхтардағы өзгерістермен қатар, өкпенің барлық бөлігінде немесе жеке бөлігінде тығыздалған ошақтар табылады. Бронхиалды және аралық перде лимфа түйіндері шырынды, ұлғайған болуы мүмкін, қанталаулар кездеседі. Плеврит кезінде косталды және өкпе плеврасының түсі өзгерген, плеврада фибринозды экссудат табылады. Сойыс өнімдерін дұрыс санитариялық тұрғыдан бағалау үшін жұқпалы этиологиялы аурулардан ажырату қажет.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Барлық ауруларда өкпені жартылай немесе түгелдей жарамсыздыққа шығарады. Жұқпалы емес ошақты пневмония кезінде егер бронхиалды және перде аралық лимфа түйіндерінде және плеврада өзгерістер болмаса, барлық сойыс өнімдерін (өкпеден басқа) шектеусіз босатады. Егер аймақтық лимфа түйіндерінің айқын өзгерістері болып, плеврит және плевропневмония табылса, онда сойыс өнімдерін қолдануды бактериологиялық зерттеуден кейін шешеді. Сонымен қатар аспирацияның (бітелу) кез келген түрінде өкпе жарамсыздыққа шығарылады.3.Жабайы кәсіби андар мен құс етін ветеринариялық санитариялық сараптау. Жабайы жану/ң ұшасын вет/қ тексеру тек мүшелеген соң ғана жүргізіледі. Ірі жабайы жану/ң ұшасы тексеруге бөліктерге бөлінген күйде келуі мүмкін. Олар суытылған, салқындатылған, мұздатылған жағдайда болады. Ауланған құстың иесі тексеруге қауырсынымен және ішін жарып әкеледі. ВСС-ға жылы уақытта ауланған құстарды, ауланған соң 2 сағаттан кем емес уақытта әкелу керек, ал суық кезде 10 сағаттан кем болмау керек. ВСС.Ет балаусаболатын болса, тығыз, серпімді болып келеді, пайда болған шұңқыр өз қалпына тез келеді. Жас екендігіне күмәнтудыратын ет болса, аса тығыз болмайды, шұңқыр өз қалпына жайырақ келеді (1 минуттан соң ), еттің майы жұмсақ болады. Бұзылған ет (жас емес) жұмсақ болып босап кетеді, шұңқыр өз қалпына қайтып келмейді.
30-билет. 1. Жабайы құс етінің ерекшеліктері және сипаттамасы. Ұшаның бұлшық еттері жақсы дамыған, кеудесі домалақтанған. Кеудесінде бауырында және арқасында тұтас ұзынша тері асты майы жиналады. Мысыр тауығы арқасында түйіршіктеліп май жиналады. Кеуде сүйегіндегі тостігі шығынқы емес. Б.е дамуы қанағаттанарлық. Кеуде сүйек төстігімен бірігіп бұрыштанған бірақ ойық емес. Бауыры мен арқасында аздап тері асты майлары жиналған. Мысыр тауығының ұшасында да май тек арқасында жиналады. Үйрек, қаз. Б.е жақсы дамыған кеудесінде бауырында және арқасында тері аасты майлары жинаклған, қаздарда қанатының астында жақсы шоғырланған кеуде сүйегінің ұшы шығынқы емес. Ұша б.е дамуы қанағаттанарлық. Б.е жақсы дамыған, бірақ тері асты майлары жинақталмаған. 2.Құстардың респираторлық микоплазмозы. Сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау. Респираторлы микоплазмоз – Mycoplazma galli septicum тудыратын, тыныс алу мүшелерінің созылмалы ауруымен сипатталатын ауру.Сояр алдындағы диагностика. Респираторлы микоплазмоз қоңдылықтың төмендеуі немесе арықтау, анемия, әлсіздік, ринит, тыныс алудың қиындауы, сырыл байқалады. Күрке тауықтарда ауруға тән белгі – интраорбитальды синустардың ісінуі.Сойғаннан кейінгі диагностика. Бұлшық ет атрофиясы, тері мен кілегей қабықтарының бозаруы, катаралды – фибринозды өліеттенуші ренит, синусит, трахеит, бронхит, катаралды – крупозды пневмония, серозды – фибринозды аэросанулитпен сипатталады.Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар.Ауа қапшықтарының зақымдануы болса, ұшаны ішкі мүшелерімен қоса утилдейді, ал бұндай зақымдану болмаса және қондылығы қанағаттанарлық болса, құстың басын және ішкі мүшелерін ғана утилдейді, ал ұшасын қайнатқаннан кейін қолданады. Клиникалық белгісі бар ауру құстардың етін қайнатып, шаруашылықтың ішінде қолданады.Шартты түрде сау құстардың ұшалары мен жұмыртқалары тағамдық мақсаттарда шектеусіз қолданады. Жүн мен мамықты да шектеусіз босатады.
3.Құс етінің балаусалығын анықтау. Жас еттің (балауса) қабықшасы қағаз тәрізді шытырлап түрады, түсі ақшыл-қызыл, бұлшық етті кескен кезде сәл ылғалды - сүзгіш қағазында дақ қалмайды, еттің сөлі тұнық болады. Жас екендігіне күдік, немесе күмән тудыратын ет ылғалдылау, жабысқақ, сәл күңгірт тартқан болып келеді, кескен еттің арасы ылғалды. Тоңазытылған ет болса, жібіген кезде еттің сөлі бұлыңғыр (тұнық емес) болуы мүмкін..Ет балаусаболатын болса, тығыз, серпімді болып келеді, пайда болған шұңқыр өз қалпына тез келеді. Жас екендігіне күмәнтудыратын ет болса, аса тығыз болмайды, шұңқыр өз қалпына жайырақ келеді (1 минуттан соң ), еттің майы жұмсақ болады. Бұзылған ет (жас емес) жұмсақ болып босап кетеді, шұңқыр өз қалпына қайтып келмейді.Еттің иісін анықтау. Ол үшін ең алдымен еттің сыртқы қабатының иісін, содан кейін оны тіліп, ішкі қабатының иісін анықтайды, әсіресе сүйектің тұсындағы еттің иісі жақсы сезіледі. Қайнату реакциясымен апықталады.Жас еттің, әр малдың өзіне тән иісі болады. Күмәндіеттің иісі қышқылдау болып келеді. Бұзылғанеттің иісі қышқыл, сасық болады.Еттің жас екендігін оның майы бойынша анықтау. Ол үшін майдың сыртқы түрін, иісін және жұмсақтығын (консистенция) анықтайды. Балауса ет майы ақ, ақ - сары немесе сары не ақшыл қызғылт түсті болады, консистенциясы тығыз, жұмсақ, созылмалы. Күмәнді ет майының түсі өзгеріп сұрғылт боз түсті болып келеді, қолға сәл жабысады, аздаған жағымсыз иісі болуы мүмкін.Бұзылған ет майының түсі күңгірт-сүр болады, саусақтардың арасына салып езген кезде, жағылып (жүғып) қалады.Еттің сапасын оның сіңірінің сапасы бойынша анықтау. Жас еттің сіңірі серпімді, тығыз, беті жылтыр, тегіс болады. Күмәнді еттің сіңірі аса тығыз болмайды, беті жылтыр емес, күңгірттеу келеді. Бұзылған еттің сіңірі жұмсақ, түсі сұрғылт, сырты шырыштанып тұрады.