13-билет. 1) Жұмыртқа микрофлорасы. МемСТ бойынша тауарлық жұмыртқалардың жіктелуі. Жұмыртқа екі түрлі жолмен зардапталуы мүмкін.Олар эндогенді жолмен
тауықтың организмінде пайда болу процесі кезінде микробтардың енуі кезінде, экзогенді жолмен жұмыртқаның қабығының тесіктері арқылы сыртқы ортадан енуін айтамыз.Эндогенді зардапталу ауру тауықтар мен ауру қоздырғыштарын тасымалдап жүрген тауықтардың аналық безі мен жұмыртқа жолынан жұғуы
мүмкін.Нәтижесінде жұмыртқаға көптеген инфекциялық аурулардың
қоздырғыштары (паратиф, пуллороз, туберкулез, оба, ларинготрахеит, лейкоз,
салмонеллез және т.б.) түсуі мүмкін.Бұндай жұмыртқаларқұстардың арасында жұқпалы аурулардың таралуына, сонымен қатар адамдарда тағамдық токсикоздары мен токсикоинфекциялардың таралуына себепші болады. Экзогенді зардапталуда жұмыртқаға қабығы арқылы түрлі шіріткіш бактериялар мен зеңдер, онымен қоймай қабығының ластану барысында,
жұмыртқаны жуу және сақтау режимі бұзылғанда олардың көбею жиілігі
артады. Тауық жұмыртқалары 52121 – 2003 мемлекеттік стандарты бойынша. сақталу мерзімі мен сапасына байланысты диеталық және асханалық болып бөлінеді. Жұмыртқаларды сорттау жұмыртқалаған соң бір күннің ішінде, ал дайындау орындарынан әкелінген жұмыртқалар жасы күннен аспауы керек, ондай жұмыртқаларды 2 күн ішінде сорттап, диеталық және асханалық жұмыртқалар салмақтарына байланысты 5 санатқа бөледі: ең жоғарғы, таңдамалы, бірінші, екінші және үшінші. Ең жоғарғы санат бойынша бір жұмыртқаның массасы 75 г кем аз болмауы керек, таңдамалы санатқа - бір жұмыртқаның массасы 64-74,9 г кем аз болмауы керек, бірінші санатты жұмыртқа, тиісінше, - 55-64 г.,; екінші санатты жұмыртқалар - 45 – 54,9 г, ал үшінші санат үшін 35-44,9 г. Құс жұмыртқаларын санаттау кезінде диеталық және асханалық жұмыртқалар мынадай таңбалар соғылады: Ең жоғарғыға «Ж», таңдамалы - «О», бірінші - «1», екінші - «2», үшінші «3» деп белгіленеді. Диеталық жұмыртқаларға қызыл, асханалыққа - көк түсті дөңгелек немесе сопақ пішінді таңба қойылады. Таңба ретінде қойылатын мекеменің аты, санаты, сорттау уақыты, сан мен әріптердің биіктігі 3мм кем болмауы тиісті.2) Қоян пастереллезінің патологиялық - анатомиялық белгілері және сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Пастереллез (геморрагиялық септицемия) – ауылшаруашылығы малдары, құстары және жабайы жануарлар мен қояндардың жіті түрде өтетін індетті ауруы. Қоздырғышы – Pasteurlla multocida.Патологиялық- анатомиялық өзгерістер. Көмекей ,өңеш, кеңірдектің кілегейлі қабығы аса қызыл түсті, жұтқыншақтың жоғарғы бөлігі ісінген.Қабырға және өкпе плеврасы іріңді-фибринозды қабықпен жабылған. Кеуде қуысына сұйық жтналған, өкпеде ұлпа байланыстырушы капсулалармен қоршалған іріңді ошақтар, ал бронхтарда серозды немесе іріңді эксудат жиналған. Бауырда, көкбауырда, бүйректе некрозды ошақтар мен нүктелі қан құйылулар кездеседі. .Ветеринариялық- санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Егер бұлшық етте, ішкі мүшелерде инфилтраттар мен сему өзгерістері табылған жағдайда ұшаны ішкі мүшелерімен қоса утильдеуге жіберіледі. Ал, егер органолептикалық көрсеткішері сау қоянға тән болып , пастереллезге тексеру нәтижесі теріс болса, ұша мен ішкі мүшелерді пісірілген шұжық дайындауға жіберіледі. Ауру қояндардың ішкі мүшелерін утилдейді. Терілерін алғашқы өңдеу орындарында 1% тұзды қышқыл ерітіндісінде немесе 20 %ас тұзы ерітіндісінде 48 сағат бойы дезинфекциялайды.
3) Сазқұндыздын жұқпалы емес ауруларында (жарақатану, арықтау, абцесс, ірінді жаралар, флегмона) ұшалары мен ішкі мүшелерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Арықтау. Ұшаларды және мүшелерді себебіне қарамастан, арық болса утилизациялайды. Жарақатпен (травма) зақымданулар. Олар тасымалдау ережелерін дұрыс сақтамағанда, төбелес кезінде болады. Сонымен қатар, жараларын, қанды ісіктерін, терісі сыдырылған, сынған жерлерін тіркейді.Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау Асқынған жағдайда іріңдеп кеткен болса, шешімді бактериологиялық зерттеудің қорытындысы негізінде анықтайды, ал егер бұндай зерттеулерді жүргізу мүмкіндігі болмаса, ұшаларды және ішкі органдарды утилизациялайды. Іріңді ісік (флегмона), бітеу жара (абсцесс), іріңді үрдістер. Іріңді ісіктерді бұлшық еттерде, лимфа түйіндерінде, тері асты клетчаткасында, ішкі органдарда кездестіреді. Ветеринариялық-санитариялық сараптаушы лимфа түйіндерін және жақын жатқан ұлпаларды тексереді. Бірлі-жарым іріңді ісік шықса, ал тексергенде ешқандай өзгерістер болмаса, онда етте іріңді микрофлора жоқ екендігін білдіреді. Бауырда іріңді ошақтардың болуы, ішектен қақпалы вена арқылы іріңді микроорганизмдердің кіргенінің белгісі. Ол жалпы қағыну (септикалық) құбылысы ретінде қаралады.Бітеу жара (абсцесс) – басқаларына қарағанда қауіпті үрдіс, себебі ол ішкі органдарға және ағзаларға таралуына себеп болады. Іріңді үрдіспен асқынған жаралар іріңді микроорганизмдердің көбейгенін көрсетеді. Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау. Шағын көлемді бірлі-жарым іріңді ісіктерде және жараларда лимфа түйіндерін және маңындағы ұлпаларды жарамсыздыққа жатқызады және зақымдалған жерлерін, мүшелерді утилизациялайды, ал ұшаларды шектеусіз босата береді. Егер бөлек органдарда көптеген іріңді ісіктер немесе лимфа түйіндерінің маңында бірлі-жарым іріңді ісіктер, немесе үлкен көлемді іріңді ісіктер табылса, онда зақымдалған ағзаларды утилизациялайды, ал етті бактериологиялық зерттеудің қорытындысына байланысты қолданады. Бауырдың іріңді ісігінде барлық ағзаларды жарамсыздыққа жатқызады, ал етті бактериологиялық жолмен тексереді. Лимфа түйіндерде және бұлшық еттерде іріңді ісіктер табылса, ұшаларды утилдейді.
14-билет. 1)Құстардың пуллорозы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағалануы.Пуллороз (құстардың тифі) - Salmonella pullorum – gallinarum тудыратын, жас құстарда жіті, жітіден төмен септикалық процесс түрінде, ересек құстарда – жіті, созылмалы нмесе бактерия алып жүрушілік түрінде өтетін ауру. Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Кеуде-құрсақ қуысының қан құйылулары, ұлпалардың пат. өзгерістері, перитонит табылса, ұшаны ішкі мүшелерімен қоса уилизацияға жібереді. Егер тек ішкі мүшелері зақымдалса, оларды утилизациялап, ұшаны қайнатқаннан кейін қолданады. Сонымен қатар бұндай ұшаларды консерві дайындауда қолдануға болады. Жүні мен мамығын екі қабат қапқа салып, дезинфекциялауға жібереді.Ауру немесе пуллороз антигеніне оң реакция берген құстардан алынған жұмыртқаларды нан және кондитерлік өнімдерді (жоғары температурада) дайындау үшін жібереді. Бұл туралы ет куәлікте көрсетілуі керек. Ал сауда орындарына бұндай жұмыртқаларды жіберуге болмайды. 2) Қояндардың жергілікті патологиялық үрдістерінде ( гидремия, уремия, сарғаю) ұшалары мен ішкі мүшелерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Гидремия - бұлшық ет және дәнекер ұлпаларында, дене қуыстарында көп мөлшерде транссудаттың жиналуы. Бұл бауырдың ауыр түрде зақымдануының немесе әртүрлі этиологиялы аурулардың нәтижесі болуы мүмкін.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Арықтау немесе кахексия байқалады, тері асты клетчаткасында, бұлшық еттерде сұйықтың жиналып, бұлшық еттер болбыр, сулы болады. Бұл кезде жамбас қуысында, бүйрек маңында жиналған майлар азаяды, олардың орнында іркілдек масса пайда болады. Гидремия белгілері айқын болған жағдайда ұша мен мүшелерді техникалық утилизацияға жібереді. Егер белгілері әлсіз болып, бір тәулік ұстағаннан кейін жоғалып кетсе және де бактериологиялық зерттеу нәтижелері теріс болса ұшаны шектеусіз босатуға болады. Уремия - бүйрек аурулары немесе бүйректің зәр шығару қызметінің бұзылуы, зәр шығару түтіктерінің бітелуі нәтижесінде болатын несептің құрамдас бөліктерінің өнімдерімен организмнің өзіндік улану үрдісі.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық бағалау. Қансыздандыру кезінде қанда несеп иісі болады. Тері асты және бұлшық еттер аралық дәнекер ұлпа несеп иісі бар сұйыққа толы, кейде қан құйылулар болады. Қуық жыртылған кезде, несеп құрсақ қуысына жиналады. Уремия кезінде несеп және аммиактың иісі бүкіл ұшадан шығып тұрады, қайнатқан кезде иіс күшейеді. Сондықтан да, уремиямен ауырған қояннан алынған барлық сойыс өнімдерін утилизацияға жібереді. 3) Жабайы құс етінің балаусалығын анықтау әдістері.Сынама алу: жабайы жануарлардан алынатын еттің мөлшері 200 г кем болмауы керек. Ол үшін 4-5-ші мойын омыртқа тұсынан, жауырын және жамбастың қалың бұлшық етінен кесіліп сынама алынады. Керек болған жағдайда ішкі ағзалардан (субөнімдерден) да 200 г мөлшерінде сынама алынады. Жабайы құстардың етінің ұшасын толығымен алынады.Органолептикалық зерттеулер үшін құс ұшасының сыртқы түрін, тұмсығының түсін, ауыз қуысының кілегей қабаттарын, көз алмасын, ұшаның беткі қабатын, ішкі және тері асты май ұлпаларын, кеуде құрсақ қуысының кескен жеріндегі қабықтарын, еттің кескен жерін, консистенциясын, иісін, сорпасының мөлдірлігін және иісін анықтау.Еттің сыртқы түсін анықтау. Ол үшін еттің сыртқы қабатындағы қабықшаға көңіл аударады. Саусақпен еттің жабысқақтығын, сүзгіш қағазбен ылғалдығын (сүзгіш қағазды еттің кескен жеріне қою арқылы) анықтайды.Жас еттің (балауса) қабықшасы қағаз тәрізді шытырлап түрады, түсі ақшыл-қызыл, бұлшық етті кескен кезде сәл ылғалды - сүзгіш қағазында дақ қалмайды, еттің сөлі тұнық болады. Жас екендігіне күдік, немесе күмән тудыратын ет ылғалдылау, жабысқақ, сәл күңгірт тартқан болып келеді, кескен еттің арасы ылғалды. Тоңазытылған ет болса, жібіген кезде еттің сөлі бұлыңғыр (тұнық емес) болуы мүмкін.Бұзылған еттің сыртқы жағы кеуіп кетеді, шырыштанып, немесе көгеруі мүмкін. Кесілген жер ылғалды, сүзгіш қағазына дақ қалдырады, ет қолға жабысып тұрады. Қайта жібітілген еттің сөлі өте бұлыңғыр болады.Еттің консистенциясын (жұмсақ - қаттылығы) анықтау үшін саусақпен ет үстінен басып керіп, пайда болған шүңқырдың қалпына келу жылдамдығын қадағалайлайды.Ветеринариялық – санитариялық сараптау. Ет балауса болатын болса, тығыз, серпімді болып келеді, пайда болған шұңқыр өз қалпына тез келеді. Жас екендігіне күмән тудыратын ет болса, аса тығыз болмайды, шұңқыр өз қалпына жайырақ келеді (1 минуттан соң ), еттің майы жұмсақ болады. Бұзылған ет (жас емес) жұмсақ болып босап кетеді, шұңқыр өз қалпына қайтып келмейді.Еттің иісін анықтау. Ол үшін ең алдымен еттің сыртқы қабатының иісін, содан кейін оны тіліп, ішкі қабатының иісін анықтайды, әсіресе сүйектің тұсындағы еттің иісі жақсы сезіледі. Қайнату реакциясымен апықталады.Жас еттің, әр малдың өзіне тән иісі болады. Күмәнді еттің иісі қышқылдау болып келеді. Бұзылған еттің иісі қышқыл, сасық болады.Еттің жас екендігін оның майы бойынша анықтау. Ол үшін майдың сыртқы түрін, иісін және жұмсақтығын (консистенция) анықтайды. Балауса ет майы ақ, ақ - сары немесе сары не ақшыл қызғылт түсті болады, консистенциясы тығыз, жұмсақ, созылмалы. Майда бөтен, ашыған иіс болмауы керек. Күмәнді ет майының түсі өзгеріп сұрғылт боз түсті болып келеді, қолға сәл жабысады, аздаған жағымсыз иісі болуы мүмкін.Бұзылған ет майының түсі күңгірт-сүр болады, саусақтардың арасына салып езген кезде, жағылып (жүғып) қалады.Еттің сапасын оның сіңірінің сапасы бойынша анықтау. Жас еттің сіңірі серпімді, тығыз, беті жылтыр, тегіс болады. Күмәнді еттің сіңірі аса тығыз болмайды, беті жылтыр емес, күңгірттеу келеді. Бұзылған еттің сіңірі жұмсақ, түсі сұрғылт, сырты шырыштанып тұрады.Сорпаның тұнықтығы мен хош иісін анықтау. Оны қайнату сынамасы арқылы анықтайды. Ол үшін ұсақталған 20 г етті колбаға салып, үстіне 60 мл тазартылған су құяды, жақсылап араластырып, бетін шынымен жауып, қайнап тұрған су ваннасына қояды. Температура 80°С - қа жеткенде шыныны ашып, шыққан буды зерттеушінің танауына қарай желпу арқылы сорпа иісі анықталады.Сорпаның біраз мөлшерін таза пробиркаға құйып, жай көзбен оның тұнықтығын анықтайды.Жас еттің сорпасы тұнық, хош иісті, майы бетінде қалқып тұрады. Күмәнді еттің сорпасы тұнық болуы мүмкін, бірақ аздаған жағымсыз иісі болады. Бұзылған еттің сорпасы бұлыңғыр, жағымсыз иісті.
15-билет. 1.Құс сальмонеллезі сойғаннан кейінгі диагностикасы. Ұша мен мүшелердің санитариялық бағасы.Сальмонеллез (паратиф)- жұқпалы, кейде энзоотиялық түрде өтетін үй және жабайы құстардың, әсіресе жас құстардың ауруы. Сойғаннан кейінгі диагностика. Қоңдылығының төмендеуі, көздің, мұрынның және көз асты синустарының кілегейлі қабықтардың серозды қабынуы, бауырдың, талақтың, бүйректердің ұлғаюы және ұсақ, сұр түсті некроз ошақтарының болуы, өт қабының ұлғаюы, соқыр ішектің ішкі беткейінің сұрғылт- сары түсті ірімшікті- фибринді пленкамен жабылуы, ошақты катаральды немесе крупозды пневмония табылады. Ұша мен мүшелержің санитариялық бағасы. Арық, ісіну және қабыну ошақтары, перитонит және басқа да патологиялық өзгерістері бар ұшаларды, ішкі мүшелерді утилизацияға жібереді.Тек қана ішкі мүшелері зақымданса, ұшаны қайнатқаннан кейін консерві дайындауда қолданады, ішкі мүшелерін утильдейді.Жүн мен мамықты шектеусіз босатады.
2.Үйрек және қаз жұмыртқаларын ветеринариялық - санитариялық сараптау. Балауса жұмыртқалардың сырты жылтыр емес, өйткені кепкен сұйықпен қапталады, ал көп сақталған жұмыртқалардың сырты жылтыр болады. Сырты бұдырланған жұмыртқалар сақтауға жарамайды. Құс жұмыртқасы қабығының астында қабық асты астары және белок оранған белокты қабық болады. Бұл қабықтар газдарды өткізгенімен, коллоидты ерітінділер мен микроорганизмдерді өткізбейді.Үйрек және қаз жұмыртқалары сатылымға жіберілмейді, өйткені олар сальмонелланың тасымалдаушы көзі болып табылады. Сондықтан оларды кондитерлік мақсатта қолданады. 3.Сазқұндыздардың топалаң және құтыру аурулары анықталғанда жүргізілетін алдын алу шаралары мен ветеринариялық - санитариялық сараптау. Топалаңға (сібір жарасы) күдік туған жағдайда сою үрдісін дереу тоқтатады. Күдікті ұшадан көк бауырды, өзгеріске ұшыраған ұлпалардан, зақымдалған лимфа түйіндерінен сынама алып бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға жібереді. Нәтиже шыққанға дейін, ұшаларды бөлек жерде оқшаулайды. Бактериоскопия нәтижелі болса, бактериологиялық зерттеуді күтпей ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге өртеуге жібереді. Саз құндызынан қалған басқа да өнімдерді, шикізаттарды да міндетті түрде жояды. Құтыру.Ауру жануарлар сойысқа жіберілмейді. Сойып қойған жағдайда ұшаны ішкі ағзаларымен өртеуге жібереді.
16-билет. 1.Құс тұмауы. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағалануы. Тұмау – вирусты жұқпалы ауру. Ауру көбіне жіті өтеді, әсіресе жас құстарда қысқа уақыт ішінде құстар арасында тез таралып, өлім - жітім 80-100% жетеді, кейде созылмалы түрде немесе тіпті ешқандай белгісіз де өтеді. Сойыс өнімдерінің санитариялық бағалануы Ауру құстарды аурудың таратпау шараларын сақтай отырып өлтіреді. Құс ұшаларының ішкі мүшелерін толықтай алып тастайды. Патологиялық өзгерістер табылған жағдайда (кеуде құрсақ қуыстарының қан құйылулары тері астының домбығуы, перитониттер ) ұшаны ішкі мүшелерімен қосып утилдейді. Егер ондай өзгерістер болмаса, ішкі мүшелерін утилдеп, ал ұшаны қайнатқаннан кейін тағамдық мақсатта немесе шұжық, консерві дайындау үшін қолданады.
2.Қоян миксоматозы сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Миксоматоз – бұл жіті түрде өтетін вирусты, жоғары контагиозды ауру. Миксоматозда серозды – іріңді конъюктивит, бастың, сыртқы жыныс мүшелерінің және дененің басқада бөліктерінде тері асты клечатканың ісікті - қою сұйықты инфильтрациясы байқалады. Осы инфильтраттарға байланысты гиперемия байқалады және өкпе ұлғаяды, лимфа түйіндері, көкбауыры ісінеді. Ауру жоғары өлім-жітіммен сипатталады.Сойғаннан кейінгі диагностика. Диагнозы сарғыш сұйықтықпен сінген қою сұйықты инфильтраттар табылса қойылады.Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Миксоматозбен ауырған қояндарды союға жібермейді, ауру толығымен зерттелген соң ұшаны ішкі мүшелерімен қоса және терісінде жойып жібереді. Бөлмені, арнайы киімдерді және құрал – саймандарды залалсыздандырады.
3.Сазқұндыздардың сіреспесі және геморагиялық септицемияда сояр алдындағы және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау. Геморрагиялық септицемия, пастереллез – жіті түрде өтетін індетті ауру. Терісі бағалы аңдардан бұл індетке саз құндызынан басқа құндыз, ақ кіс, өзен борсықтары және т.б. бейім. Сойғаннан кейінгі диагностика. Көк етте (плеврада), өкпеде, , эндокардта әр түрлі көлемдегі қан ұйықтары кездеседі. Кеуде қуысында іріңді жалқаяқ кездеседі. Саз құндызының өкпесі ісінген, шеттерінде қан немесе сұр гепатизация байқалады. Бауыры жұмсақ, ұлғайған, кейбір тұстары қоңыр қызылдан сарғыш - қызылға дейін әртүрлі боялған. Бүйректер де солған, кескенде шырынды, ұлғайған. Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға. Сойыс өнімдерін шикі күйінде жіберуге тыйым салынады. Бұлшық етте дегенеративті өзгерістер болса, ұшаны барлық ағзаларымен утилизацияға жатқызылады. Патологиялық өзгерістер байқалмаса, бактериологялық зерттеуді жүргізгеннен кейін ғана тағамға қолдануға рұқсат етіледі. Салмонела жоқ болса, ұшаларды қайнатылған немесе қайнатылып-қақталған шұжық өндіруге жібереді. Терілерді нұсқаға сәйкес залалсыздандырады. Сіреспе (Tetanus) Денедегі барлық, не жекелеме бұлшық еттердің селкілдетіп жиырылуымен сипатталатын контагиозды емес, уытты жара инфекциясы. Бұл аурумен барлық ауылшаруашылық малдары, жабайы жануарлар және адамдар зақымданады. Сойғаннан кейінгі диагностика. Диагноз қою қиын, өйткені патологиялық өзгерістер айқын емес. Кейбір жағдайларда бұлшық еттердің сірілі қабықтары қабынған, ылғалды, кей жерлері үзіліп, қанталаулар болады, жүрек еттері май дегенерациясына ұшырайды, эпикард астында қанталаулар бар, жүрек қабында, өкпеде ақшыл сары түсті сұйық жиналады. Мал тез арада тұншығып өлгенде, қан ұюы нашар жағдайда болады. Ветеринариялық - санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Эпизоотиялық қауіптілігіне байланысты ауру және оған күдікті малдарды союға жібермейді. Ауруға диагноз мал сойылып қойғаннан соң байқалса, ұшаны, терісін, шикізаттарын түгелімен және жанасқан басқа да сойыс өнімдерін өртеп жібереді.
17-билет. 1.Жұмыртқаның құрамының сипаттамасы және санитариялық бағалануы. Құс жұмыртқасы негізгі үш қоспадан тұрады: белоктан, сарысынан, және қабығынан. Қабығы жұмыртқа ішіндегі заттарды кебуден және сыртқы әсерлерден қорғайды. Ол көмірқышқылды калцийден , көмірқышқылды натрийден және аз мөлшерде органикалық заттардан құралады. Жұмыртқа қабығында өте ұсақ тесіктер болады (1см2 - 100-150 тесік) , сол тесіктер арқылы жұүмыртқа ішіне ауа мен микроорганизмдер енуі мүмкін. Балауса жұмыртқалардың сырты жылтыр емес, өйткені кепкен сұйықпен қапталады, ал көп сақталған жұмыртқалардың сырты жылтыр болады. Сырты бұдырланған жұмыртқалар сақтауға жарамайды. Ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде құс жұмыртқасын сыртынан қарап, түсін, тазалығын, қабығының бүтіндігін тексереді және овоскоп арқылы ауа кеңістігінің биіктігін, белогы мен сарысының күйін анықтайды. Күмән туған жағдайда жұмыртқаны жарып, оның ішкі құрылысына зерттеу жүргізеді. Бұзылмаған жұмыртқа ағы таза, мөлдір созылмалы, сары жасыл реңді немесе қызғылт сары түске боялған, иісі өзіне тән, ұрығы дамымаған болуы керек. 2.Қоянның Ауески ауыруындағы сойыс өнімдерінің санитариялық бағасы. Бұлшық етте дегенеративті өзгерістер табылса, ұшаны ішкі мүшелермен бірге утилдеуге жібереді. Егер дегенеративті өзгерістер табылмаса, ішкі мүшелерді ғана утилдейді, ал ұшаны қайнатқаннан кейін қолдануға рұқсат етіледі.. Терілерді залалсыздандыру мен сақтау кезінде бір теріге (100 %) құрамында 5% алюмокалилік квас, 5% хлорлы аммоний және 90% ас тұзы құрғақ тұзды қоспамен бір мезгілде жүргізіледі. Бірінің үстіне бірі қойылған қоян терілерін 3 тәулік ұстайды.3.Сазқұндыздардың листериозы және туляремиясы. Сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Листериоз. Жіті және сепсис түрінде өтетін індетті ауру, ағзалар мен жүйке жүйелерінің зақымдалуымен сипатталады. Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға. Зақымдалған ағзалар мен басын утилизацияға жатқызады. Ұшаларды қайнатады. Теріні залалсыздандырып, сақтайды. Туляремия. Кемірушілердің, саз құндызының сонымен қатар адамдардың індетті ауруы. Лимфа түйіндерінің ұлғаюымен сипатталады. Ұлпалы ағзаларда некрозды ошақтар болуымен сипатталады. Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Туляремия кезінде ұшаны, ішкі ағзаларымен, терісімен бірге өртеуге жібереді. Ұшамен, ішкі ағзаларымен, қанмен жанасқан барлық өнімдерді қайнату арқылы залалсыздандырады.
18-билет. 1)Құстардың Марек ауруының патологиялық - анатомиялық белгілері. Сойыс өнімдерінің - санитариялық бағасы. Ұшалардың және мүшелердің ұлпаларының анемиясы, кейде аяқтарының, қанаттарының атрофиясы табылады. Ауруға тән паталогоанатомиялық өзгерістер - аталық және аналық жұмыртқа бездерінде, жүрек етінде, өкпеде, бауырда, бүйректе, ұйқы безінде, фабрициев қапшығында, бұлшық еттерде табылатын сало тәрізді консистенциялы, сұр түсті және әртүрлі конфигурациялы ісіктердің болуы. Бауыр, көк бауыр, бүйректер ұлғайған, беттері тегіс немесе бұдыр, сұр түсті диффузды немесе ошақты түйіндер бар. Ауру жіті өткенде құстарда көздің және жүйкелерінің зақымдалуы болмайды, қондылығы қанағаттанарлық, бірақ та, тіршілікте маңызы бар мүшелерде ісіктер болуы мүмкін.Санитариялық бағасы.Бұлшық еттерінің анемиясы, сарғаюы, патологиялық өзгерістері болмаса немесе ішкі мүшелерінің ғана зақымдалса, ішкі мүшелерді утилдеп, ұшаны қайнатады немесе консерві дайындауға жібереді. Жалпылай зақымданған кезде терісінің және бұлшық еттерінің зақымдалуында, сарғаюында, зақымдалу деңгейіне қарамастан ұшаны, ішкі мүшелерімен қоса утилдейді. 2.Сазқұндыздардың колибактериоз және некробактериоз ауруларында сояр алдында және сойғаннан кейінгі диагностикасы және ветеринариялық - санитариялық сараптау.Колибактериоз. 1-5 күндік жаңа туған саз құндыздарында жиі кездесетін індетті ауруы. Ауру іш өту, тыныс алу ағзаларын, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Аналықтары буаз болған жағдайда түсік тастайды немесе төлдерін өлі туады. Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға. Ұшаны, бұлшық ет талшықтарында дегенеративті өзгерістер болмаса, қайнатып залалсыздандырады. Ішкі ағзаларды жойып жібереді. Ал бұлшық етте дегенеративті өзгерістер байқалса, онда дереу утилизация жібереді. Некробактериоз. Ауыз қуысының, бауыр, өкпе, артқы бөліктердің іріңді некрозды ошақтар болуымен сипатталатын қауіпті індетті ауру. Сойғаннан кейінгі диагностика. Негізгі патологиялық-анатомиялық ауытқулар некробактериозды ошақтар пайда болған жерде инфильтрат, іріңді жара түрінде кездеседі.Сойыс өнімдеріне ветеринариялық-санитариялық баға. Патологиялық өзгерісі бар мүшелерді жақсылап тазалаған соң, ұшаларды шектеусіз босата береді. Теріліерді оқшауланған жерде 2 жұмадай кептіреді. Некробактериоздің асқынған түрінде ұшаларды ішкі ағзаларымен бірге утилдейді.
3.Балаусалығы әр түрлі дәрежедегі құс ұшасының органолептикалық, химиялық және микроскопиялық көрсеткіштері. Органолептикалық зерттеулер үшін құс ұшасының сыртқы түрін, тұмсығының түсін, ауыз қуысының кілегей қабаттарын, көз алмасын, ұшаның беткі қабатын, ішкі және тері асты май ұлпаларын, кеуде құрсақ қуысының кескен жеріндегі қабықтарын, еттің кескен жерін, консистенциясын, иісін, сорпасының мөлдірлігін және иісін анықтау.Микроскопиялық әдіс. Егерде жұғынды да ешқандай микрофлоралар болмаса немесе препараттың көру аймағында 1 – 2 коккалар мен таяқшалар ( 10 шақты) болса және бұлшық ет ұлпаларының ыдыраған ізі байқалмаса ет жас не балауса ет деп есептелінеді. Жұғынды да 30 – ға дейін микрофлоралар табылса, бұлшық ет ұлпаларының ыдыраған ізі байқалса ет жас екендігіне күмәнді ет саналады. Жұғын таңбада 30-дан астам микрофлоралар болып, бұлшық ет ұлпаларының толықтанып, ет талшықтары бір – бірінен мүлдем ажыратылмаса онда мұндай ет бұзылған деп есептеледі.Химиялық көрсеткіштері. Балауса еттегі ҰМҚ -ның мөлшері 4 мл - ге дейін болуы керек. Күмәнді етте 4,1- 9 мл-ге дейін. Бұзылған етте одан да жоғары болады. Балауса етінің рН шамасы 5,7 – 5,8 болуы керек, күдікті мал етінің көрсеткіші 6,3-6,5, ал бұзылған етте одан да жоғары болады.Асқын тотық санын анықтау: 0,01% - ке дейін - сапалы; 0,01 тен 0,04%-ға дейін - сапалы, бірақ сақтауға жарамайды; ал 0,0 - 0,03% көп болса - сапалы емес деп есептелінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |