Кеуде ағзаларының хирургиялық аурулары
Жедел плевра эмпиемасы
Плевраның іріңді қабынуы плевра қуысына абсцесстің енуі, инфекциялануы, пневмония немесе кеуде клеткасының жаралануы кезінде серозды бөлінді нәтижесінде пайда болады.
Эмпиема кезінде микроб флорасы әртүрлі болуы мүмкін: пневмококктар, стрептококктар, стафилококктар. Абсцесстің енуі кезінде бронхпен байланысы болса, пиопневмоторакс пайда болады-плевра қуысына ірің мен ауаның жиналуы.
Клиникалық көрінісі. Плевра эмпиемасы кезінде айқын интоксикация белгілері байқалады: дене қызуының жоғарылауы, ентігу, тахикардия, кілегей қабаттардың циа-нозы, кеуде клеткасында ауырсыну. Кеуденің зақымданған жағы тыныс алу экскурсиясынан қалуы, перкуссия кезінде өкпе дыбысының тұйықталуы, аускульта-цияда әлсізденген тыныс және дауыс дірілі анықталады. Абсцесстің плевра қуысына енуі кезінде шок болады.
Қанда лейкоцитарлы формуланың солға ығысуы, жоғарылаған ЭТЖ, анемия, несепте белок, цилиндрлер анықталады.
Рентгеноскопияда өкпе алаңдарының мөлдірлігі төмендейді, сұйықтық жиналған кезде толық қараю байқалады. Пиопневмоторакс кезінде сұйықтық деңгейінің үстінде ауа анықталады. Зақымдану жағында диафрагма көлеңкесі және плевральді синус анықталмайды.
Плевра эмпиемасы іріңнің кеуде клеткасы арқылы сыртқа жарылуымен, қабырғалардың остеомиелитімен, бронхоплевралық жыланкөздермен асқынуы мүмкін.
Емі. Аурудың бастапқы кезінде қабынуға қарсы терапия тағайындалады. Анти-биотиктер беріледі, оларды сульфаниламидті препараттармен бірге береді. Дезинток-сикация үшін 5% глюкоза ерітіндісі инсулинмен, гемодез, жаңа цитратты қан вена ішіне құю жүргізіледі. Парентеральді В тобының және С витаминдерін, жүрек дәрілерін егеді. Плевра қуысына қайта пункция жасайды және қуысқа антибиотиктер енгізеді. Егер пункция көмегімен емделу болмаса, плевра қуысына резиналы немесе полиэтиленді дренажбен тұрақты дренаждап қояды. Іріңді ағынды су немесе механика-лық сорғыш көмегімен белсенді түрде аспирация жасайды. Іріңді бөлінді тоқтағаннан кейін және бақылау рентгенограммаларда сұйықтық жиналуы анықталмағанда дренаж-ды түтікше алынады. Дренаж арқылы плевра қуысын антисептикалық ерінтінділермен немесе антибиотиктермен жуады.
Консервативті емге көнбейтін ауыр ағымды эмпиема кезінде оперативті емге жүгінеді: плевра қуысын ашу, іріңді бөліндіні алу және іріңді ошақты Вишневский мазімен турундамен тампондау. Тампондар сирек ауыстырылады, оларды байлап-таңу кезінде мазьбен малындырып қояды.
Плевраның жедел және созылмалы эмпиемасымен ауыратын науқастарды іріңді хирургия бөлімшесінде емдейді. Олар тұрақты оттегі терапиясымен, құрамында белок және витаминдерге бай толыққанды тамақтанумен қамтамасыз етіледі. Жараның жазылу кезеңінде қан, белоктар, антистафилококкты сары су құю қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |