2 практика Тақырып: Жеке микробиология. Іріңді қабыну ауруларының қоздырғыштары: стрептококктар пневмококктар, стафилококктар, гонококктар, менингококктар. Жоспар: 1.Стафилококтар. 2. Стрептококтар. 3. Энтерококтар.4.Пневмококктар.6. Менингококтар 7.Гонококк Таксономиясы. Ферменттік қасиеті. Антигендік қасиеті. Микробиологиялық диагноз қою. Коктар Коктар – морфологиясы ұқсас микробтардың өте үлкен тобын құрайды: коктардың пішіндері шар тәрізді болып келеді. Коктар бір–біріне морфологиялық қасиеті бойынша ғана емес, адам патологиясында іріңді-қабыну процестерін тудыру қабілеттіліктері бойынша да ұқсас (25 – 50%). Коктар арасында патогенді (менингококтар, гонококтар, пневмококтар), шартты-патогенді және сапрофитті түрлері кездеседі.
Стафилококтар. Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Мicrococcacеae. Туыстастығы: Staphylocоccus. Түрі: S.aureus, S.epidermidis, S.saprophyticus. Стафилококтар (Staphylocоccus) туыстастығына жатады 31түрі бар , медицинаға маңызды үш түрін ажыратады: Staphylocоccus aureus - алтын түсті
S.epidermidis - эпидермальды
S.saprophyticus - сапрофитті
Бұл грам оң факультативті - анаэробты коктар. Стафилококтарды Л.Пастер және Огстен (1880 ж.) ашқан. 1884 жылы Розенбах стафилококтардың толық сипаттамасын берген. Staphylocоccus туыстастығының 3 түрі кездеседі. S.aureus, S.epidermidis, S.saprophyticus.Соңғы кезде ұсынылған жіктеуде стафилококтардың көптеген түрлері бар - S.hаemolyticus, S.hominis, S.warneri, алайда олар тек ғылыми зерттеулерде ғана қолданылады. Морфологиясы. Стафилококтардың барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5 – 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық түзеді. Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі. Спора түзбейді, талшықтары жоқ. Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі мүмкін. Жасуша қабырғасында пептидогликан, тейхой және глицеролтейхой қышқылдары кездеседі. Көптеген стафилококтар беткей орналасқан капсула түзеді. Дақылдандыру.Стафилококтар қарапайым ортада (рН 7,0-7,5) өседі және факультативті анаэробтар. Каталазасы бар, оксидазасы жоқ. Элективті қоректік орта – сарыуызды - тұзды агар немесе сүтті -тұзды агарда өсе алады. Сарыуызды - тұзды агарда бұлыңғыр, айнала – шеті тегіс, домалақ пішінді әртүрлі пигменттелген (сарғыш, сары, қызыл - сары түсті) колониялар түзеді. Құрамында 8-10% NaCI бар ортада жақсы өседі. Сондықтан сарыуызды - тұзды агарда лецитовителлаза ферменттің түзілуіне байланысты колониялар айналасында тәж тәрізді сақина орналасады. Қанды агарда колониялар айналасында гемолиз аймағы пайда болады. Сұйық қоректік ортаны стафилококтар біркелкі лайландырады, кейін кілегейлі тұнба пайда болады. Антигендік қасиеті. Стафилококтардың антигендік құрылымы өте күрделі және құбылмалы. Ақуыз, пептидогликан, тейхой қышқылынан, капсуласынан тұратын антигендері белгілі. Бактериофагтарға сезімталдығы (фаготип) тұрақты генетикалық сипаттамасына жатады, олар беткейлі рецепторларға негізделеді. Стафилококтардың көп штамдары лизогенді болып келеді. Экзотоксиннен анатоксин дайындалады. Микробиологиялық диагноз қою. Негізгі әдіс бактериологиялық: зерттеу материалы ретінде қан, ірің, қақырық, несеп, мұрын – жұтқыншақтың шырышты қабығынан жағынды, құсық массасы, нәжіс. Зерттелетін материалды тығыз элективті орта сары - уызды- тұзды агарға себеді. Қанды алдын ала қантты сорпаға және т.б. себеді, өсінді болса сары - уызды- тұзды агарға себеді. Ферменттік қасиеті. Биохимиялық белсенділігі жоғары: Түрге дейін идентификациялау үшін 3-4 негізгі тесттерді қолданады: плазмокоагулазаны,
лецитовителлазаны бөлу
маннитті және глюкозаны анаэробты жағдайда ыдыратуы.
Күдікті жағдайда ДНҚ-аза
экзотоксин түзілуін анықтайтын тест жүргізіледі.
Астан улануларда S.aureus бөлінген болса, оның энтеротоксин түзуін биологиялық сынама арқылы анықтайды немесе гелдегі преципитациялық реакция арқылы анықтауға болады. Стафилококтық эпидемия ошақтарында инфекция көзін анықтау мақсатында адамнан бөлінген дақылдардың халықаралық 22 стафилококтық типтік бактериофагтар жинағы көмегімен фаготиптеу жүргізеді. Экспресс әдіс: ИФА, ПЦР Серологиялық әдіс тек созылмалы инфекцияларда қолданады. Streptococcaceae тұқымдастығы.
Таксономиясы. Тұқымдастығы: Streptococcaceae. Туыстастығы: Streptococcus. 20-дан астам түрі бар. Олардың ішінде адам ағзасының қалыпты микрофлорасына кіретін өкілдері және де адамдарда ауыр түрде өтетін эпидемиялық ауру қоздырғыштары кездеседі.Клиникалық мағынасы бар - Streptococcus, Enterococcus. Ең жиі кездесетін түрлері
– Str.pyogenes,Str.pnеumoniae, Str.faecalis, Str.agalactiaе т.б. Streptococcaceae тұқымдастығының өкілдері әртүрлі жүйелер мен ағзаларда іріңді-қабыну ауруларын тудырады, және де әрбір өкілі өзіне тән үрдіс тудырады. Стрептококтарды әртүрлі жүйелер мен ағзалардан бөліп, таза дақылын алған ғалымдар: Билрот (1874), Л.Пастер (1879), Огстон (1881), Филяйзен (1883), Розенбах (1884). Морфологиясы. Стрептококтар ұсақ, шар тәрізді жасушалар, тізбектеліп немесе жұптасып орналасады, грам оң, спора түзбейді, қозғалмайды. Дақылдандыру.Стрептококтар - факультативті анаэробтар. Қанды агарда өсуі бойынша стрептококктар бөлінеді; альфа-гемолиз (толық емес гемолиз,қоректік ортада –жасылдану )
бетта-гемолиз (толық),
көзге көрінбейтін гемолиз береді.
Адамның негізгі аурулар қоздырғыштары А тобына жататын бетта-гемолиз беретін түрлері болады. Пневмококтар (Streptococcus pneumoniae) –сопақша немесе ланцет тәрізді коктар, клиникалық материалдан дайындаған жағындыда жұптасып орналасады, айналасында өте қалың капсула пайда болады. Қапсуланың түзілуін қан, сарысулар, асциттік сұйықтықтар белсендіреді. Қозғалмайды, спора түзбейді. Пневмококтар 0,1% глюкозамен байытылған қанды немесе сарысулық ортада жақсы өседі. Сұйық қоректік ортаны біркелкі лайландырады және жапалақ қар секілді тұнбаға түседі; тұрып қалған дақылда тұнбасы қалыңдайды. Тығыз қоректік орталарда нәзік жартылай мөлдір, шеттері тегіс диаметрі 1 мм колониялар түзеді; кейбір жағдайларда ортасы шұнқыр жазық колониялар пайда болады; стрептококтардың колониялары бір-бірімен қосылмайды. Қанды агарда пневмококтардың колониялары альфа-гемолиз түзеді де, түссізденген жасылтым аймақпен қоршалады. Стафилококтармен салыстырғанда ферменттік белсенділігі төмен. Каталазасы жоқ.
Стрептококтарды энтерококтардан ажырату үшін келесі ерекше белгілерге назар аудару қажет: 10-45 0С температурада өсу қабілеттілігі, NaCl-дың жоғары мөлшеріне тұрақтылығы, пенициллинге тұрақтылығы, сілтілі ортаға тұрақтылығы (рН 9,6).
Басқа стрептококтардан пневмококтарды ажыратып-анықтау үшін оптохинмен сынама қояды (олардың өсуін тежейді); жасыл стрептококтардан айырмашылығы пневмококтар инулинді ыдыратады және өтке сезімтал.