дерматит-артрит-тендосиновиит синдромы сепсистік моноартикулярлы артрит сирек кездесетін зақымданулар (эндокардит, менингит)
Жасырын кезеңі 2-4 күн. Содан кейін зәр шығаратын жолдардан іріңнің ағуымен және зәр шығару кезінде ауырсынумен сипатталады. Ауру симптомсыз созылмалы формаға ауысуға бейім. Емделмеген жағдайда ер адамдарда және әйелдерде бедеулікке әкеледі.
Микробиологиялық диагноз қою.Жедел созға және бленнореяға диагноз қоюдың негізгі әдісі – іріңді бөліндінің жағындысын Грам бойынша, метилен көгінің 1% ерітіндісімен және эозиннің 1% спиртті ерітіндісімен бояп, бактериоскопиялық зерттеу. Нәтижесі теріс болса бактериологиялық әдісті қолданады.
Бактериологиялық әдіс: зерттеу материалын (іріңді бөлінділер) құрамында сарысу, қан немесе асцитті сұйық бар арнайы қоректік орталарға себеді, өсу оптимумы-ауада 10-20% көмірқышқыл газының болуы, рН 7,2-7,4 және 37°С температура.
Серологиялық әдіс: науқастың қан сарысуымен қойылған КБР (Борде-Жангу реакциясы) немесе ПГАР.
Жеделдетілген әдіс: Молекулярлы-генетикалық әдіс – ПТР, ИФР.