Кеуде ағзаларының хирургиялық аурулары Жедел плевра эмпиемасы



бет3/4
Дата31.03.2022
өлшемі137 Kb.
#137409
1   2   3   4
Байланысты:
5 Кеуде ағзалары мен сут бездің зақымдануы
Әріптестерге көмек квалға-2021, Әріптестерге көмек квалға-2021
Клиникалық белгілері. Өкпенің іріңдігімен ауырған науқастың денесінің ыстығы көтеріледі, кеудесі ауырады, жөтел пайда болады, қақырғанда аздап қан аралас түседің, тамаққа зауқы соқпайды, түнде терлейді, тез шаршайды. Қанның ақ түйіршіктері көбейеді, ЭТЖ жоғарылайды, өкпенің іріңдігі асқынып жарылып кетуі мүмкін, онда ірің кеуде қуысына жиналады, оны пиопневмоторакс деп атайды, өкпенің қан тамырларынан қан кетеді. Осыдан кейін науқастың кейде хал-жағдайы жақсарып, денесінің ыстығы бір жағдайда кеңірдекшеден тесік, жыланкөз (свищ) іріңмен, іріңдеген өкпенің ткандерімен бітеліп, тығындалып, іріңдігі созылмалы түріне айналады. Қақырық иісі сасық. Қақырықты тұндырып қарағанда ол үш қабаттан тұрады. Жоғарғы қабаты көбік, ортаңғы қабаты ылас судан, төменгі қабаты қою іріңнен тұрады.
Емі. Ауру басталған түрінде консервативтік ем жүргізіледі. Көк тамырға, бұлшықетке пенициллин үлкен мөлшерде беріледі, тәулігіне 32 000,000 ЕД, ампициллин, оксациллин, тетрациклин ерітіндісі жіберіледі. Көмей жолына арнайы шприцтің көмегімен ем науқасқа жақсы көмек береді. Кейде арнайы аспап (бронхоскоп) көмегімен іріңді сорып алып, ірің қуысна антибиоиктер жіберіледі, өкпенің іріңдігі кеуде қабырғасына жақын жатса оны инемен тесіп, ішіндегі іріңді сыртқа ағызып улануын азайту үшін көк тамырға 5% глюкоза, 300 мл 1% хлорлы кальций ерітінділері, тұзды ерітінділер, белогі көп дәрілер және қан беріледі, жүрек-тамыр қызметінжақсартатын дәрілерді, әлсін-әлсін оттегімен дем алдыруды үзбеу керек. Өкпе абсцессімен ауырған науқасты жеке бөлмеге жатқызған жөн, қақырығын жинап отыру үшін ауызы жабылатын түкіргіш беріледі. Іріңдік өз бетімен тыныс жолына ашылған болса ондай науқасты сау жақ қырына, жамбасына жатқызып өкпедегі іріңдіктің қуысынан ірің өз бетімен тыныс жолдар арқылы шығуына мүмкіндік жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет