Тақырыбы: Дәрілік заттарды парентеральдық жолмен енгізу.
Тері ішіне дәрі енгізу алгоритмі. Тері астына дәрі енгізу алгоритмі.
Бұлшықетке дәрі енгізу алгоритмі.
СТАНДАРТ
Дәрі – дәрмекті тері ішіне егу тәсілі.
Мақсаты: диагностикалық сынама
Қолдануы: диагностикалық:ауруларға иммунитеттің бар немесе жоқтығын анықтау, туберкулез (Манту сынағы), бруцеллез аурулары, жергілікті ауырсынуды басу.
Қолданбауы: инъекция жасайтын орнында тері ауралары болса
Асқынуы: инфильтрат
Салынатын жерлер:
Білектің ішкі бетінің ортаңғы бөлігі
Иықтың сыртқы жоғарғы бөлігі
Әзірле:стерильді бір реттік: 1мл, 2мл шприцтер, иненің ұзындығы 15мм, мақта, қолғап, қажетті дәрі – дәрмектер; 700 спирт, КҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жүргізілетін процедураны түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептиктерімен өңдеңіз. Қолғап киіңіз.
Бір реттік қолданатын шприцтің пакетін ашып құрастырыңыз.
Шприцке қажетті дәрінің мөлшерін сорып алып, қалпағын шешпей ауасын шығарыңыз. Қайтадан пакеттің ішкі бөлігіне салыңыз.
Науқастың білегінің ішкі бетін жоғары қаратып отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.
Инъекция жасацтын жердің терісін спиртке малынған мақтамен 4х8см көлемде, сосын инъекция салатын жерді бір бағытта жоғарыдан төмен қарай сүртіңіз. (Мақтаны КҚЖҚ-қа салыңыз) Спирттің кепкенін күтіңіз.
Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ-канюляда, қалған саусақтар - цилиндрде.
Иненің қақпағын шешіп, ине қиығын жоғары қаратыңыз.
Сол қолмен инъекция салатын жердің терісін өзіңізге қарай тартыңыз, терімен қатарластыра ұстап, терінің ішіне иненің қиығын ғана енгізіңіз. Оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясын тұрыңыз.
10. Шприцті бір қолдан екінші қолға ауыстырмай, сол қолдың ІІ және ІІІ саусақпен цилиндерден ұстап, І саусақпен жаймендеп поршеньді итеріп 0,1 мл мөлшерінде дәріні жіберіңіз.
11. Инъекция салған жерде диаметрі 2-4мм түйін пайда болады.
12.Тез қимылмен иненің канюлясынан ұстап тұрып,суырып алыңыз. (спиртке малынған мақтамен сүртілмейді)
13. Шприцті КҚЖҚ-қа салыңыз.
14. Қолғапты шешіп КҚЖҚ-қа салыңыз.
15. Қолды жуып кептіріңіз.
16. Науқасқа 15 минут көлемінде инъекция салған орынға су тигізбеуін ескертіңіз.
Ескерту!
диагностикалық сынаманы жасаған кезде реакцияға инструкция бойынша арнайы уақыт ішінде баға беріледі, сынақ қорытындысы ауру тарихына жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |