Ж а м б ы л м е д и ц и н а л ы қ к о л л е д ж і
Кәсіби қазақ тілі пәнінен
« Фармация» бөлімінің
ІІІ курс білімгерлеріне V семестрге арналған тест жинағы
Құрастырған: Жунисова Д.М.
Тараз қаласы.
Модуль 1. Өсімдік – дәрінің негізі.
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - ... .
а) қазақ тілі ә) орыс тілі б) түрік тілі в) қыпшақ тілі
2. Сөз тіркесінің қанша түрі бар?
а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5
3. Сөз тіркесі қалай жасалады? Көрсетіңіз.
а) толық мағыналы екі сөзден болады. ә) заттың атауын білдіреді
б) заттың сынын білдіреді в) заттың санын білдіреді
4. Қайсысы сөз тіркесіне қатысты емес?
а) қосарлы айқындауыш ә) басыңқы сөз б) бағыныңқы сөз в) есімді тіркес.
5. Еркін сөз тіркесін табыңыз.
а) жүрегі соғу ә) жүрек жұтқан б) жүрегінің түгі бар в) тас жүрек
6. Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.
а) елді қорғау ә) іске шебер б) ізгі сөз в) іске шебер
7. «Синтаксис» сөзі қай тілден енген.
а) грек тілінен ә) араб тілінен б) түрік тілінен в) орыс тілінен
8. Тіркес түрін анықтаңыз.
Су жүрек.
а) тұрақты тіркес ә) есімді тіркес б) етістікті тіркес в) күрделі сөз
9. Есімді тіркесті табыңыз.
а) үлкен үй ә) онға жуық б) он шақты в) үйге дейін
10. Тіркес түрін анықтаңыз.
Қолы ашық.
а) тұрақты тіркес ә) мақал б) мәтел в) күрделі сөз
11. Алғашқы дәуірде адам баласы немен қоректенген?
а) өсімдікпен ә) тамақпен б) сумен в) жауабы жоқ
12. Ауруларды емдеу рецептісі неге жазылған?
а) папирусқа ә) теріге б) тасқа в) қағазға
13. Папируста көрсетілген дәрілер құрамы неден болған?
а) өсімдіктен ә) дәріден б) тұнбадан в) жауабы жоқ
14. Сөздердің қанша байланысу түрлері бар?
а) 5 ә) 2 б) 6 в) 3
15. «Сон» - сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
а) ұйқы ә) ылғал б) қырыл в) қуқыл
16. Дұрыс аудармасын көрсетіңіз.(Лечебное свойство растений )
а) Өсімдіктің шипалы қасиеті ә) Өсімдіктің пайдалы қасиеті
б) Өсімдіктің арнайы қасиеті в) Өсімдік – дәрі негізі
17. Дұрыс аударманы табыңыз. " Жалоба"
а) шағым ә) кәсіби б) тән в) тұрмыс
18. "Асқа дейін" сөзінің аудармасын көрсетіңіз.
а) до пищи ә) после пищи б) вовремя пищи в) после 2-х часов пищи
19. Сөйлемді толықтырыңыз: Табиғатты қорғау ... адамның борышы.
а) барлық ә) сен б) ешкім в) ол
20. Екі немесе бірнеше адамның сөйлескен сөзін қалай атаймыз?
а) диалог ә) сөйлем б) монолог в) сөз тіркесі
21. «Мемлекеттік тіл» сөзінің аудармасы
а) государственный язык ә) казахский язык б) мой язык в) родной язык
22. Дермене қандай өсімдік?
а) жабайы ә) улы б) ащщы в) жауап жоқ
23. "Болезнь - от пищи" қазақша аудармасын көрсетіңіз.
а) Ауру - астан. ә) Ауру - темекіден.
б) Ауру - ішімдіктен. в) Ауру - есірткіден.
24. "Бірінші байлық - ..." мақалды аяқтаңыз.
а) денсаулық. ә) он саулық. б) ақ жаулық. в) байлық.
25. "Чистота - залог здоровья" қазақша аудармасын көрсетіңіз.
а) Тазалық - денсаулық кепілі. ә) Тәні саудың - жәні сау.
б) Саулық - байлық негізі. в) Саулықта - мал қымбат.
26. Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
а) кімдер? нелер? ә) кімді? нені? б) қашан? қай? в) кімнің? ненің?;
27. Атаулы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Жаз. Қайнаған күн. ә) Ол ерте келді.
б) Менің оқығым келеді. в) Мен ауылға бардым.
28. Тиянақты ойды білдіретін сөздер тобын қалай атаймыз?
а) сөйлем ә) сөз б) сөз тіркесі в) ой
29. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
а) 4 ә) 2 б) 3 в) 5
30. Нүкте қандай сөйлемнен кейін қойылады?
а) хабарлы ә) сұраулы б) лепті в) бұйрықты
31. Сұрау белгісі қандай сөйлемнен кейін қойылады?
а) сұраулы ә) хабарлы б) лепті в) бұйрықты
32. Бұйыру, тілек-өтініш ету мақсатынды айтылған сөйлем қалай аталады?
а) бұйрықты ә) лепті б) сұраулы в) хабарлы
33. Сұраулы сөйлемді табыңыз.
а) Сіз колледжге қашан келесіз ә) Сіз менен аулақ жүріңіз
б) Дала қараңғы болып тұр в) Далада қар жауып тұр
34. Сөйлем мүшелері қызметіне қарай қаншаға бөлінеді?
а) 2 ә) 3 б) 4 в) 5
35. Сөйлем құрауға негіз болатын мүше қалай аталады?
а) тұрлаулы ә) тұрлаусыз б) жалаң в) жайылма
36. Сөйлем құрамына қарай нешеге бөлінеді?
а) 7 ә) 5 б) 8 в) 2
37. Бастауышы бар сөйлем қалай аталады?
а) жақты ә) жақсыз б) жайылма в) атаулы
38. Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгі қойылады?
а) леп белгісі. ә) жақша; б) сызықша; в) нүкте;
39. Біздің колледжде көп ұлт... өкілдері білім алады. – тиісті жалғауды жалғаңыз.
а) -тың; ә) -қа; б) -ыңыз; в) -пен.
40. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
а) Өсімдік дәрі ме; ә) Өсімдіктер күннің көзін жақсы көреді;
б) Жарыс туын жоғары ұстайық; в) Аспан шайдай ашық
41. Хабарлы сөйлемнен кейін қандай тыныс белгі қойылады?
а) нүкте; ә) леп белгісі; б) сұрақ белгісі; в) тырнақша;
42. Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
а) кімдер? нелер? ә) кімді? нені? б) қашан? қай? в) кімнің? ненің?
43. «Кемшілік» - сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз.
а) недостаток; ә) измерять; б) прививка. в) длина;
44. Ауру дегеніміз не? – сөйлемді дұрыс аударыңыз.
а) Что такое болезнь? ә) Какие у вас причины?
б) Когда вы заболели? в) Вы болеете?
45. Тұрлаусыз мүшелерге не жатады?
а) толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш; ә) анықтауыш, бастауыш, толықтауыш.
б) бастауыш, баяндауыш, анықтауыш; в) толықтауыш, анықтауыш, бастауыш;
46. Дермене қандай ауруға шипа?
а) құрт ауруына ә) тұмауға б) асқазан ауруына в) іш қатуға
47. Тәтті нандарға қандай өсімдіктің дәнін себеді?
а) көнәрдің ә) раушанның б) дермененің в) мияның
48. Қай өсімдіктің дәні өте улы?
а) меңдуана ә) меруертгүл б) тырнақшагүл в) шайқурай
49. Тырнақшагүлдің орысша атауы қандай?
а) календула ә) чабрец б) солодка в) ландыш
50. Көкнәрдің шырыны қандай у?
а) апиын ә) морфин б) түтін в) жауабы жоқ
51. «Порошок, настойка, раствор» сөздерінің аудармасын табыңыз.
а) ұнтақ, тұнба, ерітінді ә) ұнтақ, тұнба, сұйық
б) ұнтақ, қайнатпа, жағылма в) ұнтақ, сығынды, ұнтақ
52. «Меңдуананың ... , мидың қызметін бұзады» сөйлемді толықтырыңыз.
а) уы ә) гүлі б) жапырағы в) тамыры
53. «Ларингит және ... кезінде тырнақшагүл дәрісімен тамақты шаяды» сөйлемін толықтырыңыз.
а) баспа ә) бас ауырғанда б) көз ауырғанда в) жауап жоқ
54. «Александриский лист» аудармасын көрсетіңіз.
а) сана ә) дермене б) көкнәр в) шайқурай
55. «Александрия жапырағы» деген ат неліктен берілген?
а) Александрия қаласы арқылы шығарылғандықтан
ә) Александрия адамның есімі
б) Александрия жерінде өскендіктен
в) Жауабы жоқ
56. Мақалды толықтырыңыз.
Отансыз.....-ормансыз бұлбұл
а) Адам ә) ел б) жер в) аспан
57. Шайқурай майы нені емдеуге қолданылады?
а) жараны ә) шаш түсуін б) іш қатуын в) жауабы жоқ
58. Өздігінен сөйлем құрай алмайтын мүше қалай аталады?
а) тұрлаусыз ә) тұрлаулы б) толымды в) жалаң
59. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
а) Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем. ә) Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем.
б) Мазмұны толық берілген сөйлем. в) Бастауышы жоқ сөйлем.
Достарыңызбен бөлісу: |