СТАНДАРТ
Инсулинді егу тәсілі.
Мақсаты: Белгіленген уақытта қандағы қанттың құрамын төмендету үшін инсулиннің нақты мөлшерін енгізу.
Қолдануы: қант диабетін емдеу, кетоацидоз, кома.
Қолданбауы: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болса.
Асқынуы: аллергиялық реакция, липодистрофия, ісіктер.
Салынатын жерлер:
Иықтың сыртқы бетінің жоғарғы бөлігі
Санның алдыңғы бетінің ортаңғы бөлігі
Кіндік айналасы
Әзірле: инсулин ерітіндісі бар флакон,стерильді: бір реттік инсулин шприцтері, мақта, қолғап; 700 спирт, 6% асқын су тотығындағы пинцет, КҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа жүргізілетін процедураны түсіндіріңіз, келісімін алыңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, тері антисептиктерімен өңдеңіз. Қолғап киіңіз.
Флакондағы жазудың атын, дозасын, сақтау мерзімін оқып, мөлдірлігін, бүтіндігін мұқият тексеріңіз. Дәрігердің тағайындау парағымен тексеріңіз.
1 мл-гі инсулиннің бірлігін есептеңіз.
Әсері ұзақ инсулинді 3-5 минут көлемінде ерітінді бір түсті болғанша алақанға айналдырыңыз (шайқамаңыз!). Қысқа әсерлі инсулин - мөлдір, оны араластырмаса да болады.
Инсулині бар флаконды су буында 36-370С дейін қыздырыңыз.
Бір реттік қолданатын инсулин шприцін алып, қаптаманың бүтіндігін, мерзімін қараңыз. Пакетін ашып құрастырыңыз.
Пинцетпен флаконның метал қақпағын ашыңыз.
Резеңке тығынды қақпағын спиртке малынған мақтамен сүртіңіз.
10.Оң қолыңызға инсулин шприцін алып, қажет бірлік көлемінде поршенін артқа қарай тартыңыз. Бұл кезде шприцке ауа толады. Ауаның көлемі қажет инсулиннің бірлігімен тең болуы қажет.
11.Алынған ауаны инсулині бар флаконға жіберіңіз.
12. Науқасқа отыруын немесе жатуын сұраңыз.
13. Инъекция салатын алаңды спиртке малынған мақтамен 4х8см көлемде, сосын инъекция салатын жерді бір бағытта жоғарыдан төмен қарай сүртіңіз.
14. Иненің қалпағын шешіп, инсулиннің қажетті мөлшердегі бірлікке дейін келгенше ауасын шығарыңыз.
15. Шприцті оң қолыңызға алыңыз.
16. Сол қолдың І және ІІ саусағымен инъекция жасайтын жерді үшбұрышты етіп жиыстырыңыз.
17.Иненің қиығын жоғары қаратып тері астына 450-та етіп енгізіңіз.
18. Сол қолды босатып, жиырған жерін жіберіңіз.
19. Жаймендеп инсулинді жіберіңіз, қан тамырларына тимегенін бақылаңыз.
20. Инені алып инъекция салған жерге құрғақ мақтаны қойыңыз.
21. Қолғапты шешіңіз.
22. Науқасты тамақтандырыңыз.
23. Қолданылған шприцті, мақтаны, қолғапты КҚЖҚ-қа салыңыз.
24. Қолды жуып кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |