Килограмм масса бірлігі



Дата04.09.2023
өлшемі17,42 Kb.
#180178
Байланысты:
ОлшеуТеория


Табиғаттағы құбылыстарды бір-бірімен салыстыра отырып сипаттау үшін физикалық шамалар қолданылады. Физикалық шамалар құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды. Физикалық шамалар құбылыстарды ғана емес, денелердің де қасиеттерін сипаттау үшін де қолданылады. Мысалы, денелердің беріктік қасиеттерін сипаттау үшін қаттылық деген шама енгізіледі. Ең қатты дене – алмас, одан кейін – шыны (шынымен болаттың бетін тырнауға болады), ал болаттың қаттылығы мыстан жоғары. Негізгі өлшем бірліктерді қарастырайық:
Метр – ұзындық бірлігі,
Килограмм – масса бірлігі,
Секунд – уақыт бірлігі,
Градус – температура бірлігі,
Моль – зат мөлшерінің бірлігі,
Ньютон – күш бірлігі.
Физикалық шаманың мәні деп, оның өлшем бірлігі көрсетілген сандық мәнін айтады. Мысалы, 10 с, 15 км, 200 кг т.с.с. 1 км = 1000 м; 1,5 км = 1500 м; 1 мин = 60 с;
Физикалық шамалардың мәндерін физикалық аспаптар жәрдемімен арнайы өлшеулер жүргізу арқылы анықтайды. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз – оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.
Сызғыш – ұзындықтың өлшеу құралы,
Таразы – массаның өлшеу құралы,
Секундомер – уақыттың өлшеу құралы,
Термометр – температураның өлшеу құралы,
Динамометр – күштің өлшеу құралы.
Аспаптардың бөлік құнын анықтау үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Аспап шкаласындағы кез келген екі мәнді аламыз;
Олардың айырмасын табамыз;
Екі мән арасындағы бөлік сызықтарының санын анықтаймыз;
Айырма нәтижесін бөлік сызықтарының санына бөлеміз.
Бұл сан шкаладағы ең кіші бөлік мәні, яғни анықтама бойынша бір бөліктің құны болып табылады.
Кило қосымшасы мыңды білдіреді, сондықтан
1 км = 1000 м;
1 киловольт = 1000 Вольт.
Милли қосымшасы бірліктің мыңнан бір үлесін білдіреді, сондықтан
1 мм = 0,001 м;
1 мг = 0,001 г.
Санти қосымшасы бірліктің жүзден бір үлесін білдіреді, сондықтан
1 см = 0,01 м;
1 мг = 0,001 г.
№2-зертханалық жұмыс.
«Физикалық шамаларды өлшеу»
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Топтық жұмысқа арналған ресурстар
Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут Ой қорытыу
Өлшемдердің метрлік жүйесі бір өлшемнен екінші өлшемге өтуді, соның ішінде квадраттық және кубтық бірліктерге ауысуды жеңілдетеді. Мысалы,
1 м =100 сантиметр (см) болғандықтан,
1 м2 =1002 см2 =10 000 см2, сондай-ақ
1 см = 10 миллиметр(мм) немесе 1 мм=1 см: 10=0,1 см болғандықтан,
1 мм3 = (0,1 см)3=0,13 см3 = 0,001 см3.
Ұзындық өлшемдері:
1) елі ≈ 2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені);
2) тұтам ≈ 8-10 см (жұдырық ені);
3) сынық сүйем ≈ 13-15 см (бүгілген сұқ саусақ пен бас бармақ арасындағы қашықтық);
4) сүйем ≈ 17-20 см (көсілген бас бармақ пен сұқ саусақ арасындағы қашықтық);
5) қарыс ≈ 20-22 см (көсілген бас бармақ пен ортаншы саусақ арасындағы қашықтық);
6) кез ≈ 70-75 см (саусақтардың ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық);
7) 1 кез ≈ 7-9 тұтам.
Биіктік өлшемдері:
1) оқ бойы ≈ 1,0-1,5 м жебе ұзындығы;
2) найза бойы ≈ 3-5 м
3) арқан бойы ≈10-12 м т.б.
Сұйыққа арналған өлшемдер:
1) қасық ≈ 50 г;
2) ожау ≈ 0,5 л;
3) тостаған ≈ 0,5 л;
4) аяқ ≈ 1 л;
5) шара ≈ 1,5-2 л;
6) тегене ≈ 8-10 л;
7) тосық ≈ 8-10 л (ешкі терісінен тігілген ыдыс)
8) көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан тігілген ыдыс)
Салмақ өлшемдері:
1) 1 пұт ≈ 16 кг, жарты п.ұт ≈ 8 кг;
2) қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ ≈ 100 г.
3) 1 қап немесе 4 п.ұт ≈ 65-66 кг;
4) 1 мысқал ≈ 4,46 г;
5) 1 жамбы күміс ≈ 6 кг;
6) 1 пітір. бидай ≈ 3 кг;
Практикалықтапсырма. Кестенітолтыр.
Аспапаты Өлшенетінфизикалықшама Аспапшкаласыныңбөлікқұны Физикалықшаманыңмәні
1. Сызғыш
2. Мензурка
3. Секундомер
БББ кестесі
Білгенім Білдім Білгім келеді
Тақырып бойынша түйген білімдерін жазады.
Бағалау

Өлшеу (Measurement) - объект, немесе оқиға қасиеттерінің сандық көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жасалатын анықтау процессі.[1][2] Басқаша айтқанда, өлшеу мәлім негізгі анықтамалық шамамен (өлшем бірлігімен) салыстырғанда физикалық шаманың қаншалықты үлкен, немесе кіші екенін айқындау процесі.[3]
Өлшемнің көлемі мен қолданысы контекстке және пән саласына байланысты. Жаратылыстану ғылымдары мен техникада өлшеулер объектілердің немесе оқиғалардың номиналды қасиеттеріне қолданылмайды, бұл Халықаралық салмақтар мен өлшемдер бюросы жариялаған халықаралық метрология лексикасының нұсқауларына сәйкес келеді.[2] Дегенмен, статистика, сондай-ақ әлеуметтік және мінез-құлық ғылымдары секілді салаларда өлшемдер номиналды (nominal), реттік (ordinal), интервалды (interval) және арақатынастық (retio) шкалаларды қамтитын бірнеше деңгейге ие болуы мүмкін.[1][4]
Өлшем сауданың, ғылымның, технологияның және көптеген пәндердегі сандық зерттеулердің тіректасы болып табылады. Тарихта, адам өмірінің әртүрлі өрістері үшін көптеген өлшем жүйелері бірліктері түрлі салаларда салыстырма үшін қолданылған. Көбінесе ондай өлшемдік бірліктерге сауда серіктестігі, немесе серіктестер арасындағы келісімдер арқылы қол жеткізген. ХVIII ғ-дан бастап біртұтастыққа қарап дамудың арқасында, адамзат қоғамы қабылданған стандарттарға келісе бастады, нәтижесінде қазіргі заманғы Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) пайда болды. Бұл жүйе барлық физикалық өлшемдерді жеті негізгі бірліктен тұратын математикалық комбинацияға дейін азайтады. Өлшеу ғылымы метрология саласында да жүргізілуде.
Қарапайым етіп айтқанда, өлшеу әдетте белгісіз шаманы белгілі, немесе стандартты шамамен салыстыру барысында анықтайды.
Өлшенетін шама бірнеше рет бақыланады, одан алынған нәтижелер математикалық жолмен өңделеді және ең соңында өлшеудің жүйелік қателіктерін шығарып тастап, шаманың ақырғы мәні алынады.[5] Өлшеу - берілген өлшем бірліктерінде өлшенер шаманың сандық мағынасын табу үшін өлшем құралдарымен орындалатын әрекеттер жиынтығы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет