Коучинг сабағы туралы рефлексивтік есеп



Дата22.08.2017
өлшемі167,2 Kb.
#24306

Сыздыкова Данагуль Бекеновна мұғалім портфолиосы В1.1 есебі

3 топ II деңгей

Алматы қаласы ББЖ ҚБАРИ 10.11.2014


Коучинг сабағы туралы рефлексивтік есеп
Мен мектепке келгенде мектеп директорымен жолығып сұхбаттасып, коучинг жоспарымады растатып, қол қойғыздым. Мұғалімдермен отырыс өткізгенде Екінші деңгей бағдарламасының мақсат, міндеттерімен таныстырып өттім және қандай нәтижеге қол жеткізетінін айтып өттім. Коучинг өтер алдында мұғалімдермен сұхбаттасу барысында бағдарламаның жеті модулімен «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету», «Дарынды және талантты балаларды оқыту», «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу», «Қалай оқу керектігін үйрену», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану», «Оқытуды басқару және көшбасшылық» оларды сабақта кіріктіру туралы мағлұматтармен таныстырдым. Модуль идеяларына түсініктеме бердім.Коуч сөзіне де түсінік беріп кеттім.Коучинг(ағылш.Couching)сөзбе-сөз аудармасы тәлім ету,дайындау,жаттықтыру.Бұл-әріптестердің (коуч пен әріптесі) құпия белсенді және жасампаз өзара әрекеттестік үдерісі. Оның барысында қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексиялық диологқа тарту негізінде басқа мұғалімдер өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру, оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғары сапалық деңгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибесін жетілдіреді.Александер,2001 (МАН 80 бет) Қарашаның 10-ында әріптестерімді бірінші коучинг сабаққа шақырдым. Коучингке бастауыш сынып мұғалімдері, математика, тарих пән мұғалімдері қызығушылық танытты. Үлестірілген сауалнамада «Нені білгіңіз келеді?» дегенде «Бағалауды білгім келеді», «Бағалаудың жаңа тиімді түрлерін білгім келеді» деп жауап беріпті

Тақырыбы: «Оқыту үшін бағалауды тәжірибеде тиімді пайдалану жолдары»

Тақырыптың маңыздылығы бұл тақырыпты таңдауымның себебі, менің өзімнің де ойымда жүрген мәселенің бірі болатын.Әріптестерімнің де көкейінде жүрген мәселе осы оқыту үшін бағалау болар.Олай дейтінім күнделікті сабақ болсын немесе ашық сабақтар болсын оқушылардың білімін қалай бағаласақ деген сұрақ тұрады.Соның жауабын осы курсқа келгенде жауабын тапқандай болдым.Өйткені осы курста мен «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» бөлімінен көптеген мәлімет алдым. Коучинг өткізу үшін мен курста меңгерген теориялық материал мен интернеттен қажет ресурстар іздеп дайындалдым. Сонда да бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде өзім үйренген, көрген , білгенімді мұғалімдерге толық жеткізе алам ба, мұғалімдерді қызықтыра алам ба, коучингті сапалы өткізем бе деген ой мазалап қоймады. Атам қазақ айтқандай «Қол- батыр, көз- қорқақ» деп екі коучингті де өткіздім. Сабақтарым әріптестерімнің көңілінен шықты. Жаңа әдіс-тәсілді өздеріне өлшеп көріп, енді сабақта қолдану жолдарын ойластырдым.



Мақсаты : Мұғалімдерге оқушылардың оқыту сапасын жақсарту үшін бағалаудың түрлерін қолдануды түсіндіріу.

Мұғалімдерге бағалаудың әр түрін сабақта пайдалану да заман талабына сай, қажетті деп тапты. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дұрыс бағалап үйренсек, бағалаудың түрлері оларды оқуға ынталандырады, оқуын жақсартады, мұғалімнің де статусын көтереді деп түйіндеді. Әріптестерімнің пікірлерімен танысқан соң,сабақтарым сәтті, нәтижелі өтті деп есептеймін.. Бұрында да бағалау болды оқушыларды сандық бағамен және білгенімізше критериалды бағалауды қолданып жүретінмін, бірақ соған өзім қанағаттанбайтынмын.Сыныптағы бағалау тек техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды.Олар қолданатын кез келген нысананың артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай ақ баланың дамуы,оқуы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін –өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Александер,2001(Мұғалімге арналған нұсқаулық 104 бет) Кез-келген мұғалім «Оқу үшін бағалау» неліктен оқыту мен оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Оқу үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидаттар:

Оны әзірлеудегі жіне тіжірибеде қолданудағы бірінші басымдық бағалауды оқушылардың оқуына ықпал ету мақсатына бағындыру болып табылады.

Бағалау ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе алады, ол ақпаратты мұғалімдер мен оқушылар өзін-өзі және өзара бағалауға арналған кері байланыс ретінде пайдаланады.

Оқушының өзін –өзі бағалауын дамыту «Қара жәшік » ішіндегі жұмыс

* Сұрақтың тиімді қойылуы,

* Оқушымен бірге критерийлерді талдау,

* Сыныптасын және өзін-өзі бағалау,

* Кері байланыс қамтамасыз ету. Блек пен Уильям (Мұғалімге арналған нұсқаулық 109 бет)

Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін білуге тиіс. Қатысушыларға психологиялық ахуал туғызып,оларды үш түрлі көңіл-күйді білдіретін смайликтерді ұсынып, топқа бөлдім.Әріптестерім әзілдеп,кейбіреуінің жағдайына сәйкес келгенін бірден айтып кетті. Коучинг өткізбес бұрын коучинг өткізуге қажетті ресурстарды жинақтадым. Ол үшін неше түрлі стикерлер, түрлі-түсті қарындаштар, қатты қағаз дайындадым. Топтың атын шығарып,басшыларын сайлап, ережені ұстанып жұмыс жасау қажеттілігін өздері-ақ еске салды.Бірінші мәрте қатысып отырған әріптестерін топ ережесімен толық таныстырдым.

Алдымен мұғалімдердің пікірлерін білейін деп:

-Бағалау деген не?



-Бағалау қазіргі таңда мектепте өз мәнінде дұрыс жүріп жатыр ма?
-Сіз бағалаудың қандай түрлерін ұсынар едіңіз?-деген сұрақтар қойдым.

Әр топ өз ойларын ортаға салып топтан спикер шығып бірлесе отырып құрған постерлерін қорғады, онда өздерінің күнделікті қолданып жүрген бағаларын айтып өтті. Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау түрлерін атап кетті,бірақ коучинг соңында айырмашылығының бар екенін атап өтті.Осыдан барып АКТ-ны пайдалана отырып әріптестеріме бағалау туралы түсінік беріп кеттім.Арасында көңілдерін көтеру мақсатында сергіту сәті өткізілді.



Екінші тапсырмада әр топқа үйдің суретін салуды тапсырдым.Тапсырма орындалып болған соң, кері байланыс арқылы салған суреттерін түсіндіріп өтті.Содан барып тақтада қорғап, әр топ алмастыру арқылы критерийалды бағамен бір-бірін бағалады. Мен өткізген бірінші коучингте топқа берілген тапсырмалардың орындалуы өте сәтті шықты. Мұғалімдер белсене араласып, топ ережелерін сақтап, тапсырманы қызығушылықпен орындады. Коучинг идеясына қызығушылықтарын білдірді.

Коучинг барысында байқағаным: екі топ мүшелері де топтық жұмысқа дағдыланып қалыпты. Тапсырма орындау барысында әркімнің рөлі белгіленіп,бір-бірімен ойларымен бөлісіп, ең жақсы идея дегенді ашып отырды.Осы коучингтер өткізу арқылы олардың Екінші деңгей бағдарламасы қарастырған әдіс-тәсілдерге,оқушыларға білім берудегі жаңалықтарға қызығушылығы арта түсті.Ал сәтсіз тұсы әліде кейбір мұғалімдеріміз бұрынғы әдеттерінен арыла алмай жүргендерін байқадым. Мағынасын түсінбей отырды ма, бір-екі мұғалім қызығушылық таныта қоймады.Өз бетімен отырып, өзінің басқа жұмысымен айналысып отырды.

Коучинг сабақ нәтижесінде мұғалімдер бағалауға көзқарасын өзгертіп, оқушылардың оқуын жақсарту және ынталандыру мақсатымен оқыту үшін бағалауды еліміздің білім беру жүйесіне енгізу қажеттілігі туындап тұр деген ойға келді. Осы коучингті қорытындылай келе: «Қатысқан мұғалімдер нені үйренді? Неге қол жеткізді? Көріп-білгендерін оқушылардың оқытуын жақсартуға ықпалын тигізе ме?»-деген сауалдар өзімді мазалап,оларға рефлексия жасауды ұсындым. Кейбір мұғалімдер бағалау түрлерін өзіме шығарып алып қолданамын, маған ұнады деген тұстары да болды.Кері байланыс орнатылды. Коучинг сабағы кезінде сіз қызығушылықты сезіндіңіз бе? деген сұраққа бір әріптесім былай деп жазыпты.Менің өз басыма жаңа оқу формасы ұнайды, сондықтан сізден көп нәрсе үйренгім келеді. Әріптестерімнің коучингке берген бағасынан олардың өздерінің жұмыстарына өзгеріс еңгізуіне дайын екенін байқадым. Оларға зор әдістемелік көмек көрсету менің міндетім .Енді өзімнің толық өзгеруім қажет. Оларға қосылып мен де жоспарларымды болашақта өзгертемін. Осы курстан алған білімдерімді әріптестеріммен болашақта бөлісуге әрқашан да дайынмын. Болашақта тағы да коучинг өткізсем бұдан да гөрі түсінікті, жеткілікті және қызықты етіп өткізер едім . Және оларға қызықты тапсырмалар бере отырып, үйрете отырып, өз қателіктерін табуға көмектесер едім.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Екінші деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2014

2.Мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар Екінші (негізгі) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ,2014



Тақырыбы

Оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді пайдалану жолдары.

Мақсаты

Мұғалімдерге оқушылардың оқыту сапасын жақсарту үшін бағалаудың түрлерін қолдануды түсіндіру.



Сілтеме

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық; үлестірмелі тапсырмалар.


Күтілетін нәтижесі

Тапсырмаларды орындау мақсатында тәлім алушылардың оқыту үшін бағалаудағы мақсат пен нәтижеге жету тәсілдерін игерту.


Ресурстар:

Интерактивті тақта,плакаттар, маркерлер, презентация,

Түйінді идея

Оқыту үшін бағалау – оқушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен мұғалімдер қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі,  оқыту мен оқу сапасын жақсартатын құрал.

Дереккөздері

Мұғалімге арналған нұсқаулық




Коучинг сессияның өтілу кезеңдері

Уақыты

Коучтың іс-әрекеті

Мүғалімдердің іс-әрекеті

Амандасу

2 мин

Коуч кочингтің тақырыбы мен мақсатын ашады




Психологиялың

ахуал


2 мин

«Сағат бойынша достар»

1.Қолдарымызды қысамыз

2.Арқасынан қағамыз

3.Күлімсірейміз

4.Бір-бірімізге қараймыз,

көзімізді қысамыз

5.Комплимент айтамыз

6.Массаж жасаймыз

7.Құшақтасамыз


Мұғалімдер шеңбер құрып тұрады коучтың айтуы бойынша қайталайды.

Топқа бөлу

2 мин

Смайликтер арылы топқа бөлінеді

Смайлик түрлерін алу арқылы топқа бөлінеді

Ой шақыру

10 мин

Бағалау дегеніміз не?


Әр мұғалім өз ойларын ортаға салады.Постерға салады.Топтан бір спикер шығып қорғайды.

Сергіту сәті

2мин

«Көңілді күн»

Интерактивті тақтадан бейне жазбасын көрі арқылы жасайды.

Жеке топтарға тапсырма

10 мин

Үйдің суретін салу. Суреттерді өзара бағалау

Кері байланыс, салған суретті критерий бойынша бағалайды..



Бір-бірінің салған суреттерін критерий бойынша бағалайды

Қорытынды

3мин

Бағалаудың жаңа түрлерін атаңыздар?

Мұғалімдер сабақта үйренген баға түрлерін атап айтады және оны қай жерде қалай қолданатындарын айтады.

Рефлексия

5 мин

Не ұнады? Бағалаудың қандай түрлерін білдіңіздер? Ойларыңызды стикерға жазыңыздар.

Стикерге жазып тақтаға іледі.



Каталог: uploads -> doc -> 00fb
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
00fb -> Тақырыбы: «Әдебиет-сырлы әлем»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет