1 – д ә р І с дәрістің мақсаты


Температурасы мен қысымдары бірдей әртүрлі газдардың тең көлемдеріндегі бөлшектерінің сандары да тең болады



бет9/21
Дата03.01.2022
өлшемі197,5 Kb.
#108820
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
1-дәріс

Температурасы мен қысымдары бірдей әртүрлі газдардың тең көлемдеріндегі бөлшектерінің сандары да тең болады.
Бұл гипотеза кейіннен тәжірибе жүзінде дәлелденіп, Авогадро заңы деп аталды. Осы Авогадро заңы бойынша температурасы мен қысымдары бірдей газдардың тең көлемдеріндегі молекула сандары да тең болса, онда кезкелген газдың 1,0 моль зат мөлшерінің алатын көлемдері де бірдей болады. Себебі, кезкелген заттың 1,0 моль зат мөлшеріндегі бөлшектерінің саны бірдей және ол Авогадро санына ( NA = 6,02∙1023 ) тең. Температурасы 0oC, қысымы 1,0 атм, яғни қалыпты жағдайдағы кез келген газдың 1,0 моль зат мөлшерінің алатын көлемі 22,414 дм3 немесе 22,4 л. Бұл көлемді газдардың молярлық көлемі деп атайды.

Бойль-Мариот пен Шарль заңдарына бағынатын идеал газдардың көлемі сыртқы жағдайлардың әсеріне тәуелді болады. Идеал газдарға арналған PV/T = const. өрнегі белгілі-бір масса үшін тұрақты шама.

Авогадро заңы бойынша, қалыпты жағдайдағы газдың 1,0 моль зат мөлшерін қарастырсақ, онда const. мәні барлық газдар үшін бірдей болады. Осы константа универсал газ тұрақтысы деп аталады да, R әрпімен белгіленеді. Қалыпты жағдайдағы зат мөлшері 1,0 моль идеал газдың алатын көлемі 22,414 дм3 екенін ескеріп, осы жағдайдағы Р, Vм және Т физикалық шамалардың өлшем бірліктерін СИ жүйесінде ала отырып, R мәнін есептеп табуға болады.

Идеал газдар теңдеуіне берілген мәндерді қойсақ:

R-дің өлшем бірлігі:


Қалыпты жағдайда газдың 1,0 моль зат мөшері алынғанда ,теңдеудегі көлемнің орнына молярлық көлем қойылады да идеал газ күйінің теңдеуі былай жазылады.

PVМ = RT
Ал, қалыпты жағдайдан өзгеше жағдайларда зат мөлшері моль газ үшін теңдеу мына түрге ауысады:

PV = RT

Осы теңдеуді идеал газ күйінің немесе Менделеев-Клапейрон теңдеуі деп атайды.

Менделеев-Клапейрон теңдеуін қалыпты жағдайда қолдансақ, онда P,R,T шамаларының қалыпты жағдайдағы мәндерін пайдаланып, газдардың әртүрлі зат мөлшерлерінің қалыпты жағдайдағы алатын көлемін есептейтін теңдеуді қорытуға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет