1 – д ә р І с дәрістің мақсаты


ХИМИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ



бет2/21
Дата03.01.2022
өлшемі197,5 Kb.
#108820
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
1-дәріс

1. ХИМИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
Химия ғылымы заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін және олардың басқа заттарға айналу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Химия ғылымы да басқа жаратылыс тану ғылымдары сияқты табиғатты, қоршаған ортаны, ондағы болып жатқан химиялық өзгерістерді зерттейді.

Химия ғылымының міндетіне – химиялық элементтер мен сол элементтерден түзілген қосылыстардың қасиеттерін, элементтердің және олардың қосылыстарының бір-бірімен әрекеттесу заңдылықтарын зерттеу жұмыстары жатады.

Тірі (биологиялық) ағзалар негізінен көміртек, сутек, азот және оттек атомдарының күрделі молекулаларынан тұратыны белгілі. Сондықтан агробиология, агрохимия, ветеринария және тағы басқа да ауылшаруашылық ғылым салалары көбінде жоғарыда аталған элеметтердің, олардың қосылыстарының химиясын оқытады.

Ауылшаруашылық ғылымын, оның әртүрлі салаларын оқып үйренуде химия ғылымының алатын орны үлкен. Себебі агробиология, ветеринария, өсімдік қорғау және т. б. ғылым салаларының негізі химия ғылымымен тікелей байланысты.

Жалпы, химия ғылымының адам баласының өміріндегі маңызы зор. Адамға ең қажетті, атап айтсақ киім, үй тұрмысында, өндірісте және техникада қолданылатын заттардың барлығы да химия ғылымының көмегімен қолданысқа еніп отыр. Сол үшін кез-келген адамның қоршаған ортада, табиғатта қандай процестер болып жатқанынан хабардар болу үшін химия ғылымының негізін түсінгені абзал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет