Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет1/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ


С.СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Топырақтану және агрохимия кафедрасы


5В010800 - Агрономия тобы үшін


«АГРОХИМИЯ» пәнінен дәріс
сабақтартарының жиынтығы

Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды,


Хаттама № __11__ «__30__» ____05___ 2018_ж.

Кафедра меңгерушісі Рамазанова Р.Х.


АСТАНА – 2018 ж.


КІРІСПЕ

АГРОХИМИЯ – ЕГІНШІЛІКТІ ХИМИЯЛАНДЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗІ


1. Ауыл шаруашылығын дамытуда егіншілікті химияландырудың маңызы.


2. Агрохимия – егіншілікті химияландырудың ғылыми негізі. Агрохимия пәні және оның зерттеу әдістері. Агрохимияның басқа ғылымдармен байланысы.
3. Тыңайтқыштарды өндіру мен қолдану. Қазіргі агрохимияның жетістіктері мен оның даму перспективалары. Егіншілікті химияландырудың экологиялық аспектілері.

Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек. Ал топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктің өніміне қарай жұмсалып, белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан егістік жерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш енгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады.


Дүниежүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей, өнім деңгейі қолданылатын тыңайтқыш мөлшеріне тәуелді.
Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуінің 50% тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50% агротехника, сорт, мелиорация т.б. шаралардың үлесіне тиеді. Д.Н. Прянишников ауыл шаруашылығы дақылдарына минералдық тыңайтқыштарды қолдануды және олардың түсімді арттыруға тигізетін әсерін егіншілікте «жаңа континенттердің ашылуы» деп бағалады. Дақыл өнімін арттыруда органикалық тыңайтқыштарды қолдану да маңызды рөл атқарады.
Тыңайтқыштарды қолдану дақылдардың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді. Мысалы, фосфор мен калий тыңайтқыштары қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін шамамен 0,5%-дан 1,2%-ға дейін арттырады. Азот тыңайтқышы бидай дәнінің құрамындағы белокты көбейтеді.
Агрохимия өсімдіктің, топырақтың және тыңайтқыштардың өзара қатынасын, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырып, сапасын жақсарту үшін, топырақ құнарлылығын жоғарлатуды зерттейтін ғылым.
Агрохимия немесе агрономиялық химия әрі биологиялық әрі химиялық ілім болып саналады. Өсімдік шаруашылығын дамытуда және жетілдіруде тыңайтқыш қолдану ең тиімді әдістің бірі болып есептелетіндіктен, агрохимияның агрономия ілімдерінің ішіндегі алатын орны үлкен.
Ұлы ғалым К. А. Тимирязев: «Егіншілік агрохимия мен өсімдіктер физиологиясы арқасында ғана ғылымға айналды...» деп айта келіп «Ең аяғында егіншіліктің басты мақсаты өсімдіктердің қоректенуін дұрыс қадағалау» - деп ескертті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет