Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет4/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt
бағалау, agrohimiya lektsiya zhi nt
Негізгі органикалық затттарға белоктар, көмірсулар (қант, крахмал, клетчатка), майлар жатады. Бұлардан басқа өсімдік құрамында пектин заттары, витаминдер (дәрумендер) басқа да азотты органикалық қосылыстар болады. Өсімдіктен алынатын өнімнің биологиялық сапалылығы, оның құрамындағы органикалық заттардың түрімен және мөлшерімен бағаланады. Бұлардың мөлшері өсімдік түріне, ауа-райына, топыраққа, агротехникалық және агрохимиялық шараларға байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, бидай дәнінде белок 15 % болса, күріште – 7, ал қытай бұршақта (сояда) 35 % ға дейін жетеді.
Белоктар - жоғары молекулалы органикалық қосылыстар. Белоктар зат алмасу үрдісінде шешуші рөл атқарады. Олар клетка протоплазмасының негізі болып табылады және катализатор қызметін атқарады. Сонымен қатар өсімдіктің негізгі қор зат болып табылады.
Белоктың элементтік құрамы: көміртек 51-55%, оттек – 21-24%, азот – 15-18%, сутек – 6,5-7%, күкірт – 0,3-1,5%. Өсімдік белогының құрамына 20 амин қышқылдары және 2 амид (аспарагин және глютамин) кіреді. Белоктар екі топқа бөлінеді: тек қана амин қышқылдарының қалдығынан тұратын қарапайым белоктар немесе протеиндер және қарапайым белок молекуласы басқа затпен байланысқан болса күрделі белоктар немесе протеидтер.
Көмірсулар. Өсімдіктің құрғақ затының 85-90 %-ын көмірсулар құрайды. Көмірсулардың биологиялық қызметі әр түрлі. Олар әр түрлі зат алмасу үрдістеріне қатысады, қоректік және энергетикалық қор заттары болып табылады.
Өсімдікте көмірсулар қанттар (глюкоза, фруктоза – моносахаридтер, сахароза – дисахарид) және полисахаридтер (крахмал, клетчатка, пектин заттары) түрінде кездеседі.
Майлар өсімдік протоплазмасының негізі болып табылады. Олар қоректік және энергетикалық қор заттары болып келеді. Майлар мөлшері астық дақылдарының дәнінде аз болса, майлы дақылдарда көп. Мысалы, күнбағыстың тұқымында 40-50 %, қышада – 34-40 %, мақтада – 17-27 % май бар.
Витаминдер (дәрумендер) өсімдіктерде өте аз мөлшерде түзіледі, бірақ олардың атқаратын рөлі зор. Витаминдер тек өсімдікте ғана түзілетіндіктен, олардың адам мен жануарлардың өмірінде маңызы өте үлкен.
Қазірде витаминдердің 40-тан аса түрлері бар екендігі белгілі.
Құрғақ зат жеке химиялық элементтерден тұрады. Өсімдік құрамында 70-тен астам химиялық элементтер болады. Өсімдіктерге міндетті түрде қажет элементтердің саны 20, шартты түрде - 12 элемент қажет болып есептеленеді. Бірақ осылардың тек 16-сы ғана өсімдіктер үшін аса қажет. Олар: көміртек, оттек, сутек, азот, фосфор, калий, кальций, магний, күкірт, темір, бор, марганец, мыс, мырыш, молибден және кобальт.
Солардың ішінде көміртек, оттек, сутек және азоттың үлесіне өсімдіктің құрғақ салмағының 95% тиеді (көміртек – 45%, оттек - 42, сутек – 6,5, азот – 1,5%). Сондықтан осы элементтер органоген деп аталады. Ал фосфор, калий, кальций, магний, темір, бор, марганец, мырыш, натрий, алюминий, кремний тағы басқа элементтерді күл элементтері дейді. Өйткені олар өсімдікті күйдіргенде (жандырғанда) оның күлінде оксид түрінде қалады. Құрғақ зат құрамындағы күл элементтерінің мөлшері оның салмағының шамамен 5 %-ын құрайды.
Өсімдіктің құрамындағы мөлшеріне қарай қоректік элементтер үш топқа бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет