Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет64/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Жартылай шіріген – құрамындағы төсеніш (сабан) берік емес, түсі күңгірт-қоңыр. Оның суының сүзіндісі қою, қара. Массасы жас көңнің массасынан 20-30 % аз болады.
Толық шіріген көң – жабысқақ қара түсті масса. Оның суының сүзіндісі түссіз. Массасы жас көңнің массасынан 50 % аз болады.
Шірінді – органикалық затқа бай топыраққа ұқсас біртектес қара масса. Массасы жас көңнің массасынан 75 % аз болады.
Көңді малдың астында сақтау – мал дамылдайтын шарбақпен қоршалған алаңдарда көңді жинау.
Көңді тығыздап сақтау – көңді қабаттап жаяды және әрбір қабатты тез арада тығыздайды.
Көңді қопсытып-тығыздап сақтау – көңді қабаттап жаяды және әрбір қабатты 3-5 күннен кейін тығыздайды.
Көңді қопсытып сақтау – көңді қабаттап жаяды және тығыздамай қалдырады.

2-тақырып. ТӨСЕНІШСІЗ КӨҢ, КӨҢ САДЫРАСЫ ЖӘНЕ БАСҚА ОРГАНИКАЛЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР


1. Төсенішсіз көң, оның құрамы, қасиеттері, тиімділігі, қолдану ерекшеліктері.


2. Көң садырасы, оның құрамы және қолдану ерекшеліктері.
3. Сабанды тыңайтқыш ретінде пайдалану.
4. Құс саңғырығы, оның құрамы, қасиеттері және қолдану ерекшеліктері.


Төсенішсіз көң – малдың қатты және сұйық заттарының сумен әр түрлі дәрежеде араласқан қоспасы. Ірі мал фермаларда мал төсінішсіз тұрғанда алынады. Құрамы мал түрі мен су мөлшеріне қарай өзгеріп тұрады.
Жартылай сұйық көң – төсенішсіз көңнің түрі, ылғалдылығы 90%-ға дейін.
Сұйық көң – төсенішсіз көңнің түрі, ылғалдылығы 90-93%.
Шайынды су (көң ағыны) – төсенішсіз көңнің түрі, ылғалдылығы 93%-дан жоғары.
Көң садырасы – органикалық тыңайтқыштардың бірі, малдың денесінен бөлінетін сұйық заттардан тұрады, негізінде малдың іріген зәрі. Көң неғұрлым тез ыдырайтын болса, соғұрлым одан көң садырасы көп бөлінеді. Орта есеппен оның құрамында 0,25-0,30% N, 0,03-0,06% P2O және 0,4-0,5% К2O болады.
Құс саңғырығы – тез әсер ететін, құнды органикалық тыңайтқыш. Құрамындағы қоректік заттардың мөлшері құс түріне, оларға берілетін жемнің түрі мен сапасына қарай күшті өзгеріп тұрады.
Қордалар – өсімдік пен малдың қалдықтарынан, басқа тастандылардан араластырып жасалған тыңайтқыш.
Жасыл тыңайтқыш – органикалық тыңайтқыштардың бірі, топырақтағы органикалық заттар мен азоттың қорын арттыру мақсатында көктеп шығып жетілген соң жер қыртысына аудара жыртылатын өсімдік массасы. Жасыл тыңайтқыш үшін көбінесе бұршақ тұқымдас дақылдар пайдаланады.
Шымтезек – органикалық тыңайтқыштардың бірі, батпақ өсімдіктерінің мөлшерден тыс ылғалдандыру және ауа жеткіліксіз жағдайда өліп қалу мен жартылай ыдырау нәтижесінде пайда болады.
Сапропель – органикалық тыңайтқыштардың бірі, тұщы тоғандар мен көлдердің түбінен алынатын органикалық және минералды шөгінділер. Бұл ылғалдылығы 60-97 % біркелкі коллоидты масса, құрамында 12-80 % органикалық зат және 19-88 % күл болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет