Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тыңайтқыштар туралы қызықты мәліметтер бере отырып,олардың маңызын түсіндіру



Дата14.04.2017
өлшемі53,63 Kb.
#13990
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Тыңайтқыштар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тыңайтқыштар туралы қызықты мәліметтер бере отырып,олардың маңызын түсіндіру.

1) Оқушыларды минералды және органикалық тыңайтқыштарымен таныстыру (азотты,фосфорлы,калийлі);

2)Химия мен биология пәнінің арасындағы пәнаралық байланысты дамыту,тыңайтқыштарды үемді пайдалануды үйрету;

3) Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Көрнекілігі: периодтық жүйе, тірек схемалар, кеспе қағаздар, тыңайтқыштар түрлері (фосфор ұны, калий тыңайтқыштар, азот тыңайтқыштары) селитралар, аммиак суы, аммоний нитраты)

Сабақтың өту барысы:


  1. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

  2. Негізгі бөлім.

Жаңа сабақ

Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәлімет

Азот, фосфор және калий тыңайтқыштары

Жаңа сабақ түсіндіру үшін тақтаға тірек сызбалар ілінеді.

Құрамындағы қоректі эементтері болатын заттарды тыңайтқыштар дейміз. Қоректік элемент дегенімз өсімдіктің толық өсіп, өнім беру үшін қажетті элементтерді айтамыз. Фотосинтез кезінде өсімдіктер жапырағы арқылы және топырақтан алатын химиялық элементтерінің саны 50 шықты.

1 –слайд


Тыңайтқыштарды жіктеу


Тыңайтқыштар






Бейорганикалық

органикалық



Азоттық, фосфорлы, калийлі

Сұйық, қатты




Шығу тегіне қарай

Қоректік элементтің болуына қарай

Агрегаттық күйіне орай



Азот тыңайтқышы. Құрамына қоректік элемент азот бар тыңайтқышты азот тыңайтқышы дейміз. Азот тіршілік үшін маңызы бар элемент. Ол жетпеген жағдайда өсімдіктің жапырағы бозғылт жасыл болып бойы өспей, жапырағы жұқа және шырыны аз, гүлі майда болады. Азот тыңайтқышы Атырау мен Теміртауда өндіріледі.
2 слайд
Азот тыңайтқышы



Органикалық

минералдық

Сұйық

Қатты

Селитра, несепнәр

Аммиак суы

Мал қиы, қорда, құс саңғырығы, жасыл өсімдіктер


Фосфор тыңайтқыштары. Барлық тірі организмдердің құрамына кіретін маңызды элемент. Фосфор ферменттердің, витаминдердің құрамыне кіреді. Фосфорсыз хлорид түзілмейді. Өсімдікте жетіспесе, жапырақтары қара қою жасыл, қара дақ пайда болады, өсімдіктің гүлденуі мен пісуі баяулайды. Адамның сүйегінде, жұлынында, бұлшық етінде болады.
3 слайд


Фосфор тыңайтқышы


Суда нашар еритін

Суда еритіндер

Преципитат

Жай суперфосфат, қос суперфосфат, аммофос, нитрофос

Суда ерімейтін

Фосфорит ұны

Жай суперфосфат Са(N2PO4)2*CaSO4

Қос суперфосфат Са(N2PO4)2*H2O

Фосфарит ұны Са 3(PO4)2

Преципитат Са HPO4* 2H2O

Диаммофос(NH4)2HPO4



  1. Қазақстан жеріндегі бай фосфор қорын өңдеу жолын іздеу фосфорлы қосылыстар химиялық дамытуға негізі болады. Академик Бектуров Қаратуфосфортиттерінен әртүрлі фосфор тыңайтқыштарын алудың ғылыми негізін қалады. Қарату бассейннің фосфорит кенін Тараздың және Шымкент өндірістік бірлестіктері және басқа химия кәсіпорындары фосфор тыңайтқыштарын өндірді

Калий тыңайтқыштары

Кез келген өсімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе фотосинтез қарқыны төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзіледі.


4 слайд.
Калий тыңайтқышы



Жай

Кешенді

Калий селитрасы, калий фосфорты, аммофос

Калий хлориді, калий сульфаты, күл

Массасы 1 т жүгері топырақтан 14 кг азот, 2,5 кг фосфор, 3,5 кг калий, 1,5 кг күкірт әкеліп отырады. Сөйтіп топырақтың құнарлығы кемиді. Содан тыңайтқышты қоладану қажеттігі туады.

Калий тыңайтқышының негізгі шикізаты өсімдіктердің, ағаштардың күлдері, сиыр, жылқы малдарының қилары жақсы өнім алуға көмектеседі.

Қорытынды: Оқушылардың жергілікті жерлердің картоп салатын, жеміс салатын бақшаларын осы тыңайтқыштармен тыңайтуға үйрету.

Тыңайтқыштарды күз айларында шашу керек. Минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдаланған дұрыс, оны көп шашуға болмайды. Себебі жемістердің ішіне тұз жиналады. Адамдардың денсаулығына зиян келтіреді. Онымен жұмыс жасағанда абайлау керек.


Оқушылар білімін бағалау.

Үйге тапсырма:§22 №7 тұратын жердің топырағын сипатта./жергілікті материал/



Қоланылған әдебиеттер.

  1. Химия- 9- сынып. Н. Нұрахметов. Алматы « Мектеп» баспасы 2009 ж

  2. Химия- 9- сынып. Н. Нұрахметов. Алматы « Атамұра» баспасы 2005ж

  3. Биология 6-сынып. Жүнісқызы К., Әлімқұлова Р., Жұмағұлова Қ. Алматы « Атамұра» баспасы 2006-2008ж

  4. « Химия Қазақстан мектебінде» №4 17-18 бет

  5. «Оқу тәрбие участогында өткізілген сабақтар» Алматы 1953ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет