ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3деңгейлі СМК құжаты
|
ПОӘК
|
ОӘКҚ 042-18.21.59/03-2013
|
ПОӘК
«Тыңайтқыштар және оларды пайдалану» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар.
|
Басылым
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В080100 «Агрономия»
мамандығына арналған
«Тыңайтқыштар және оларды пайдалану» ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
СЕМЕЙ –2013
МАЗМҰНЫ
Дәрістер
Тәжірибелік және зертханалық сабақтар
Ұсынылатын өзіндік сабақтарының тізімі.
Дәріс 1
Тыңайтқыштар және оларды пайдалану пәніне кіріспе.
Жоспар:
Тыңайтқыштар және оларды пайдаланудың даму тарихы.
Тыңайтқыштар және оларды пайдаланудың міндеттері мен тәсілдері.
Азық түлік программасының талаптарына сәкес халық шаруашылығының тыңайтқыштарды,машиналарды және олардың агрегаттары мен бөлшектерін жетілдіру,дақылдардың шығымды сорттарын қолдану,шаруа қожалықтарының одан әрі жетілдіру қажет.Бұл бағыттағы қадамымыз жаман емес.
Жер шарындағы қазіргі кезде барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының 50%-ке жуығы минералды тыңайтқыштарды қолдану арқылы өсіріледі.Сокет ғалымы Ш.И.Ширактың зертеуіне сүйенсек біздің елімізде алынған қосымша өнім мөлшері бүкіл Қазақстан егістігінде алынатын өнімге тең екен.Сонымен тыңайтқыштың қаншалықты пайда беретінін білдік. Ал егіс таңаптарында тыңайтқыш қолданбаса болмай ма деген сұраққа келсек мұның да жауабы дайын.Себебі жерді үздіксіз пайдалану оның құнарлылығын бірте бірте төмендете береді.Мәселен бір тонна дәндік жүгері өніміналғанда оның жерден 100килограмға жуық қоректік заттарды бойына сіңіретіндігі,сөйтіп топырақ құнарлылығын кемітетіндігі анықталады.Демек,өнім төмендемес үшін құректік заттардың осы шығындарының орнын үнемі тыңайтқыштарды қолдану арқылы толықтырып отыру керек.
Ауыл шаруашылығы дақылдару үшін минералды тыңайтқыштардың қолданылуын және өнімділікті арттыруға әсерін ғалым Д.Н.Прянишников егіншілікте жаңа «континентің ашылуы»деп бағалады.Алайда минералды тыңайтқыштарды қолданғанда ғылыми ұсыныстарды басшылыққа алып,нормадан асырмау керек.
Агрономиялық химия(немесе агрохимия)басқа ғылымдар секілді адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай әуелгі кезде теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан бірден практикада қолданыла бастады.Оған көптеген зерттеулер,ғылыми тұжырымдар дәлел бола алады. Мәселен,сонау ерте кездің өзінде-ақ, жердің тоза бастағаның байқаған диқандар,егіс алқаптарына көң, күл төгіп,құнарлылығын арттырған еді.Сонымен,жылдар өткен саын өсімдіктердің құрамы,топырақ құрамы,сыртқы әсер күші жөніндегі көзқарастар да өзгеріп,кейін өнім молшылығын жасау жолындағы алғашқы талпыныстар бірте бірте ғылыми сипатқа ие бола бастады.Әр елде өсімдік биологиясын, құрылымын зерттеумен шұғылданатын шоқ жұлдыздай ғалымдар бой көтерді.
Агрохимияның қалыптасуы мен тарихы
Жер бетіндегі халық санының өсуі мен оларды азық түлікпен қамтамасыз етудегі ресурстардың жыл өткен саын кеміп бара жатқандығына орай осы мәселені қалай және ненің есебінен шешуге болады деген сұрақ дәл қазір барлық ғалымдарды қатты толғатып отыр.Себебі тамақтық өнімдер әлі күнге дейін негізінен тікелей жерден алынатындықтан, заводтық өндірістің жан жақты дамымағандығынан барлық назар ауыл шаруашылғының негізгі саласы егіншілікке аіударылуда. Бұдан шығатын қорытынды осы саланы өркендету, оны ғылыми негізге көшіру керек. «Ас адамынң арқауы» демекші, азық түлік молшылығын жасамай, адамзат денсаулығын сақтау проблемасын шешу мүмкін емес.
Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі кезде азық түлік проблемасын шешу үшін тың жаңалықтардың жеткіліксіз екенін және мойындамасқа болмайды. Олай дейтініміз көптеген процестер бір бірімен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде жер жүзіндегі өндірілетін азық түлік өнімінің біршама көбейгеніне қарамстан ол биологиялық құрамының (әсіресе белоктігі мен калориялығы төмен болуынан)жетіспеуінен әлем халқын сапалық жағынан қамтамасыз ете алмай келедк.Жер жүзіндегі бүкіл халықтың 60%-ті жеткіліксіз мөлшерде тамақтанады,әрі олар тұтынатын азық түліктің құрамында белокті заттар жетіспейді.Бірақ,соған қарамстан адамзат тіршілік ету үшін табиға ресурстардың кемуіне қармастан өзіне қажетті азық түлік және басқа байлық түрін үнемі жерден алуға тырысады. Бұл бұлжымас шындық.Адамның табиғатпен әрекеттестігі адамзат қоғамы өмір сүруінің ең мағызды шарты болып табылады.Күнделікті өмірде бұл әрекеттестік адамның еңбек қызметінің түрлі формаларында жүзеге асырылады.
Атап айтқанда адамдар сонау ерте кездің өзінде неғұрлым көбірек қамтамасыз ету үшін қарапайым әдістерді қолданып, егіс танаптарын арамшөптен арылтты.Сөйтіп дақылдардың қоректік заттарды топырақтан мол алуын қамтамасыз етті.Кейінірек адам органикалық,содан кейін минералдық тыңайтқыштарды қолдана бастады.Бірақ минералдық тыңайтқыштарды қолдану арқылы біз дақылдың түсімділігн белгілі бір мөлшерге дейін ғана көтере аламыз.
Табиғаттың болашақтағы дамуын болжаудың халық шаруашылығындағы маңызы зор.Дәлірек айтсақ,осының бәрі, біріншіден, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен қорғаудың, екіншіден, табиғатты өмір қажетіне бейімдеудің, үшіншіден, адамзаттың қазіргі кездегі қажеті және болашақ ұрпақтар үшін экологиялық ортаны сақтау және оны ұдайы қамтамасыз ету қажеттілігінен туып отыр.Адамзаттың табиғи ортаға жұмсайтын жоспарлы ықпалы бір жағынан,қоғамның табиғи ресурстар жөніндегі өскелең қажеттерін қанағаттандыруды, ал екіншіден, табиғи ресурстардың өздігінен қалпына келіп,молаюын сақтауды және бәрін мақсаткерлікпен одан әрі молайтуды көздейді.
Бақылау сұрақтары
1 Тыңайтқыштарды пайдаланудың даму тарихы
2 Үлес қосқан ғалымдар
3 Пән аралық байланысы
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі әдебиет:
1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС
Қосымша әдебиет:
Бегенов А.Б., Мухитдинов Н.М., Айдосова С.С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. Алматы, 1996.
Бессчетнов П.П., Мальцев С.Н. Редкие и ценные растения Казахстана. А., 1981.
Закиров М. Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі., Рауан баспасы, 1991.
Жизень растений. т. IV-VI. М., Просвещение, 1978-1988
Дәріс 2,3
Өсімдіктердің қоректенуінің ғылыми негіздері,химиялық құрамы,элементтердің маңызы
Жоспар:
1 Макро,микро элементтер
2 Элементтердің өсімдік қоректену үшін маңызы
3 Қазақстанда егілген дақылдарға қоректік заттарды пайдаланудың сипаттамасы
Мырыш.Әдетте ферменттер құрамына еніп,катализатор қызметін атқарады.
Мырыш өсімдіктердің өсуіне дем беретін заттарды – ауксиндерді кушті күйінде жинақтауға , оның үстіне өсімдік организміне болатын аса маңызды реакцияларга қатысып , плазмалардың жабысқақтығына әсер етеді ,өсімдіктердегі тотығу процестеріне байланысты жүретін реакцияны жеделдетеді , өсімдіктердегі углеводтың өзара алмасуына орай ферменттік жүйенің құрамына қосылады.Мырыш әсерінің арқасында өсімдіктерде С витамині , каротин , углевод пен белоктар көбейеді.Өсімдіктердін тамыр жүйесінің өсуін күшейтіп , оның аязға , құрғақшылыққа және тұз – сотаңға төзімділігін күшейтіп , жеміс салу процесі үшін маңызды түрде ықпал етеді.Сонымен қатар мырыш өсімдіктердің түріне , топырақ пен климатқа сай құбылып тұрады.Орта Азия мен Қазақстанның суармалы жерлерінде өсірілетін техникалық дақылдардың өнімділігінің жоғары болуына байланысты тыңайтқыштар аса көп қолданылмайды. Міне , осыған орай оның қоры жылдан – жылға кеміп келеді.
Мыс.Клеткадағы тотығу – тотықсыздану процестеріне ,ондағы ферменттер құрамына кіреді.
Мыстың қатысуымен амин қышқылдары ұзыннан ұзақ шұбатылып , күрделі органикалық қосылыстар түзеді , және оның химиялық құрамына әсер етеді.Мырыш секілді оны да дақылдардың дәні мен түйнегі бойына жақсы сіңіреді.
Өсімдіктер мен жануарлардың бірқалыпты өсіп, жетілуі үшін аздаған мөлшерде болса да мыс өте қажет. Ол хлорофилл сияқты аса күрделі органикалық қосылыстардың түзілуін тұрақтандырып, оны ыдыраудан қорғап тұрады. Клеткаларында болатын тотықтандыру процестеріе қатысып,ферменттердің құрамына кіреді, ол ферменттердің кейбіреулері. В12 тобындағы витаминдердің әрекетін күшейтіп, өсімдіктердегі углевод пен белоктардың алмасуына әсер етеді. Топырақта мыс жеткілікті болса , өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруына шалдығуы азаяды. Мысалы, картоптығ тамырымен бірге оның жер бетіндегі сабағы мыс тұзымен үстеп қоректендірілсе , оның «көк» және «қызыл шірік» ауруына шалдығуы азайып, түйнектерінің ауруларға төзімділігі арта түседі.
Өсімдіктерде белоктарды синтездеуге мыстың жақсы әсер ететіндігі және осының арқасында өсімдік тканьдерінің су ұстау қабілетінің артатындығы анықталады. Ал мыс жеткіліксіз болса, ткань коллоидтерінің суды өзінде ұстау қабілеті нашарлайды. Астық тұқымдас дақылдар мұндай ауруға шалдыққанда жапырақтары, барлық жеміс ағаштарының ұштары қурайды немесе солып қалады.
Кобальт өсімдіктердің барлық түрлерінде кездеседі. Олар әсіресе теңізде, суларда өсетін өсімдіктерде көп, ал тұщы суларда батпақты және теңіз жағалауындағы өсімдіктер құрамында аз болады. Мұның өзі осы маңайда мал шаруашылығы орналастын шаруашылықтарда малдың әр түрлі ауруға ұшырауына әсерін тигізеді. Кобальт өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін күшейте түседі. Өсімдіктердің кобальтты пайдаланудағы ерекшелігі, топырақтың сіңіріп алған кобальттың төрттен үшіне дейіні өсімдіктің ұсақ тамырларына жиналады. Көкөніс дақылдарына кобальт қолданған кезде алқаптардың түсімі артатындығы айқындалды. Мұнымен қатар, өсімдіктердің химиялық құрамы өзгеріп, хлорофилл және аскорбин қышқылы, құрғақ заттардың мөлшері едәуір көбейеді.
Минералдық қоректену дегеніміз өсімдіктердің минералдық тұздарды өз бойына сіңіру қабілеті. Бұл процессіз өсімдіктер бойында органикалық қосындылардың пайда болуы, яғни олардың өсу, дамуы тіпті де жүзеге аспайды.
Өсімдіктің дамуының әр қилы кезеңінде оның минералдық заттармен қоректену жүйесін өзгертіп, өсу қарқынын реттеп қана қоймай , сонымен бірге оның дамуын да тездетуге болады. Олардың өсуінің бастапқы кезеңінде қоректік заттар жетіспесе, бұл көптеген өсімдіктер тіршілігіне елеулі зиян келтіреді.
Топырақта өсімдік организмін қанағаттандыратын минералдық заттар кемісе немесе мүлде жоқ болса, ол кезде қолдан тыңайту жүргізіледі. Көбінесе топырақты азотты, фосфорлы,калийлі және микроэлементтердің тұздарымен тыңайтады. Бұл ретте егістік көлемі, топырақтың, егілетін өсімдіктің түрі мен сортының ерекшеліктері, сол өсімдік тамырларынан бөлініп шығатын заттардың қасиеттері ескерілуі тиіс. Сонымен қатар минералдық заттар топыраққа өсімджіктің өсуі мен дамуы кезеңдеріне орай да беріледі. Мысалы , көптеген өсімдіктер өз дамуының алғашқы кезеңінде фосфорлы заттарды көбірек тілейді де, азотты қосындыларды онша қажет етпейді. Егер азотты, фосфорлы және калийлі тыңайтқыштарды енгізу көзделсе, оларды тұқым себілместен бұрын жер жыртқан кезден ақ топыраққа араластырып жібереді. Өсімдікке қажет болған тыңайтқыштарды топыраққа араластырып (тамыр арқылы) берумен қатар, соңғы кезде олардың ерітінділерін өсімдіктің үстінен бүркіп (жапырақ арқылы) сіңіру яғни қосымша қоректендіру жолдары да көп қолданылып келеді. Тәжірибесі бар егінші өсімдік тіршілігінің кез келген фокторына тікелей әсер етуімен бірге онымен тығыз байланысты
7. 1 тонна биологиялық өнім өндіруге жұмсалатын қоректік заттардың мөлшері, кг
Дақылдар N P2O5 K2O
Қара бидай
Күздік бидай
Жаздық бидай
Арпа
Көп жылдық шөптер (беде ат қонақпен араластырып егілген)
Кеш пісетін картоп
Ас бұршақ
Ақ қауданды капуста
Дақылдар
|
1 тонна өнім алу үшін топыраққа сіңірілген қоректік заттардың мөлшері,кг
|
|
N
|
P2O5
|
K2O
|
Қара бидай
Жаздық бидай
Сұлы
Тары
Дәндік жүгері
Сүрлемдік жүгері
Қарамық
Ас бұршақ
Мақта
Қант қызылшасы
Картоп
Жоңышқа
Күріш
Жеміс және жидек
|
31
33
33
25
33
34
31
30
55
40
4
60
23
40
34.5
|
10
12
14
11
10
10
1.5
15
15
12
1.2
1.5
12
6
7.9
|
32
28
29
20
34
37
3.5
40
20
48
7.5
15
25
18
25.6
|
болатын басқа факторлар арқылы жанама түрде де ықпал етуге мүмкіндіктің бар екенін, соның арқасында тіпті ауа райы тым күрделі, қолайсыз болған күннің өзінде де бітік егін өсіре алатынын білді. Мысалы, өсімдіктердің пісуін тездететін фосфор және калий тыңайтқыштарын қолдану арқылы қуаңшылық жағдайында шығындылықты едәуір арттыруға болады. Кезінде К.А.Тимирязев тыңайтқыштар өсімдіктердің қоректік көзі болып қана қоймайды, олар сондай ақ куаңшылықпен күрес құралы болып табылады деп көрсеткен болатын. Себебі егер өсімдік бойында қоректік заттар көп болған сайын ол құрамында элементтер аз дақылдарға қарағанда суды аз буландырады.
Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, оларды өсірудің климат-топырақ және агротехникалық жағдайлары, топырақтағы қоректік элементтерді дақылдардың өнімділігі арқылы бағалау биологиялық, шаруашылықтық болып екіге бөлінеді.
Атап айтқанда дақылдардан негізгі және қосымша өнімдер өндіруге, сонымен бірге аңыз қалдықтары, тамырлары, жерге түсіп қалған жапырақтары үшін қоректік заттарды топырақтан алған жағдайда бұл биологиялық болып табылады (7-таблица). Ал қоректі заттарды тек қана негізгі және қосымша өнімдер үшін пайдаланса, бұл дақылдар шаруашылықтық болып саналады. Дақылдардың қоректік заттарды пайдалануы шаруашылықтарды алатын өнімдерге қарағанда биологиялық өнімдерге анағұрлым жоғары болады. Қоректік заттарды дақылдардан белгілі өнімдері үшін пайдалануы өнім түрлері мен сыртқы құрылымына байланыста өзгеріп отырады. Мысалы, дәнді дақылдар егістігінен жоғары дәрежелі биологиялық өнім алған кезде сабанының үлес салмағы көп болған жағдайда 1тонна дәніне сәйкес минералды элементтер көп жұмсалады. Ал картоп, күнбағыс, капуста, қантқызылшасына келетін болсақ дәнді дақылмен салыстырғанда оның 1тоннасына негізгі өнімнің жинақталуы үшін калий элементі, ал беде, зығыр дақылдарына кальций анағұрлым көбірек беріледі. Дәнді дақылдардан сабағына қарағанда дәнінде азотпен фосфор 4 есе, ал сабағындағы калий мен кальций дәнге қарағанда 2-3 есе артық болады.
8. Қазақстанда егілген дақылдарға қоректік заттарды пайдаланудың сипаттамасы.
Мысалы, профессор А.Т.Полномареваның деректеріне сүйенсек Қазақстан жағдайында кейбір ауыл шаруашылығы дақылдарының қоректі элементтерді 1тонна шаруашылық өнімге есептегенде пайдаланылуы мына жоғарғыдағыдай болады (8-таблица) екен. Бұл таблицадағы көрсеткіштер еліміздің әр түрлі климат-топырақ аймақтарында егілген дақылдардың қоректі заттарды пайдалануынан өзгеше болып келеді. Мына төмендегі 8- таблицаның жалғасында Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс аймақтарының әр түрлі аудандарында егілген дақылдарды өсіруге сіңірілген тыңайтқыштың мөлшері де Қазақстан бойынша алынған көрсеткіштерге дәл келе бермейді.
Мысалы, Республикамызда орта есеппен 1 тонна күздік бидай осынша мөлшердегі сабанымен қоса 31кг азотты, 10кг фосфорды және 32кг калий пайдалантын болса, Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында орналасқан ашық қара қоңыр топырақтың парлы алқабында егілген күздік бидай 25,7кг азотты, 6,9кг фосфор, 23кг калий тыңайтқышын пайдаланады. Ал енді сүдігер алқабына егілген күздік бидай жоғарыда аталған қоректі элементтерді тиісінше 34,6 ; 8,6 және 44кг болды (7-таблица). Мұндай құбылыстарды әр түрлі климат-топырақтарында егілген басқада ауыл шаруашылығы дақылдарынан байқауға болады.
Өсімдіктерден алынатын жоғары өнімдерді осындай схема түрінде біліп болжау, бізге егіншіліктегі барлық жұмыстардың түрлерін индустриялық негізде көшіруге жағдай жасайды.
ІІ. 3. Өсімдіктер пайдаланатын элементтер қосылыстарының формалары.
Өсімдіктердің өсіп дамуы кезінде топырақтарда өтетін биологиялық, химиялық,физика-химиялық процестер нәтижесінде күрделі минералды, органикалық және жай заттар үнемі түзіліп тұрады. Мұнда ыдыраған, немесе бөлінген заттардың кейбіреулерін өсімдіктер қоректену үшін пайдаланса, оның кейбір бөліктері судың әсерінен топырақтың астыңғы қабатына кетип қалады немесе газ күйінде ауаға сіңіп жоғалады. Ал кейбір бөліктері суда ерімейтін тұздар құрамына кіріп өсімдіктер тіршілігінде ешқандай маңызы болмайды. Өсімдіктер қоректік элементтерді, олардың суда еритін тұздары мен иондарын тамырлары арқылы пайдаланады.Өсімдіктердің айналадағы орта мен зат алмасуы қоректену болып саналады, бұл құбылыстар топырақ, ауадағы заттардың өсімдіктер құрамындағы кіретін органикалық заттардың түзілуіне алғашқы тұрған жерінен кетип қалып, қоныс аударады.
Өсімдіктер көмір қышқылын пайдалануы көбіне ауа арқылы өтетіндіктен олар тамыр жүйелеріне қарағанда бір қалыпты өтеді. Фотосинтез процессінің белгілі нормаларда жүруіне жарық, жылу, ылғал, қоректі элементтермен қамтамасыз етілуі, өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері, тығыздығы үлкен рөл атқарса, тамыр жүйелерінің жақсы дамуына жоғарғы факторлардан басқа топырақтың құрылымы, аэрациясы, ортаның реакциясы, қолданатын қоректік заттардың мөлшері, формалары, олардың ара қатынасы, микрофлорасы және тамырда бөлінетін заттар әсер етеді. Өсімдіктер ауа және тамырмен қоректену арқылы өзінің құрылымын құрайды. Қолайлы тепе-теңдікте қоректі элементтерді пайдалануы, олардың массасының көлеміне әсер етеді. Өсімдіктер жапырақтар арқылы 95 процент көмір қышқыл газын, ал тамырлары арқылы тұз ерітінділеріне күлді элементтерді, азот және күкіртті пайдаланады.Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерімен лоардың өсіп қну жағдайлары тамыр жүйелерінің әр түрлі дәрежелерде дамуына ықпал етеді.
Кейбір өсімдіктер өзінің құрамында кремийді, алтынды, литийді т.б элементтерді көптеп жинақтайды. Мысалы, теңіз балдырлары өзі өсіп тұрған теңіз суының құрамына қарағанда титан элементін 1000 есе көп жинақтаса, теңіз капустасы (ламинариясы) 12 0 есе артық жинайды. Теңіз суларында 0,0001 процент иод болса, капуста құрамындағы бұл көрсеткіш 0,3 процентке жетеді екен. Өсімдіктердің клеткаларының қоректі элементтерді пайдалану диффузия құбылыстарымен түсіндіріліп келді. Топырақ ерітінділері иондарының қозғалысы жоғары концентрациялы ерітіндіден сұйытылған ерітіндіге қарай қозғалады деп есептеді. Ал шын мәнінде өсімдік тамырлары селінің концентрациясы қоршаған ортадағы топырақ ерітінділерінен көп жоғары болады.
Сондықтанда клеткалардың қоректі элементерді пайдалануы, әрі қозғалсысы күрделі физиологиялық құбылыс ретінде олардың дем алу, фотосинтез, басқа да биохимиялық процестердің әсерінен кейін белгілі энергия жұмсалуына байланысты болады.
Кез келген өсімдіктер қоректі элменттерді пайдаланғанда өзінің биологиялық ерекшеліктеріне қарай талғампаздық танытады. Қазіргі кезде қоректі заттарды өсімдіктердің топырақ ерітінділеріндегі катион, аниондардан, өсімдік клеткасының құрамындағы иондармен пайдаланатыны анықталады.
Сондай-ақ отандық агрохимия мектебі өсімдіктерге қоректік заттың енуі мен өсімдікте қоректік заттың алмасу байланыстылығын үнемі зерттеп, өсімдіктерге тыңайтқыш беру арқылы тұқымның құрамы мен өнімді арттыруы болатындығы ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Осы жұмыстардың негізінде өсімдіктердің қоректену ілімі қалыптасты
Бақылау сұрақтары:
1 Элементтер,олардың маңызы
2 Өсімдікте кездесетін негізгі элементтер
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі әдебиеттер:
1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС
Дәріс 4,5
Өсімдіктің ауа және тамыр арқылы қоректенуі.
Жоспар:
Өсімдіктің қоректенуі.
Өсімдік тамырларының суды пайдалануы.
Өсімдіктердің ауа арқылы қоректенуі.
Көптеген зерттеушілер өсімдік тамыры жүйелерінің суды пайдалануы олардың белсенділігіне байланысты болады деп дәлелдеді.
Біріншіден, тамыр метабиологиялық энергия жұмсаса, екіншіден тамыр жұту ерекшелігіне сәйкес сұйықты бойына сіңіреді. Қазіргі кезде өсімдік тамырларының суды пайдалануы транспирация құбылысымен тамыр қысымының өзара ара қатынастарының тығыз байланысты болуы арқылы түсіндіріледі. А. Ивановтың пікіріне сәйкес олар суды пайдалануы үшін біріншіден, топырақ бойындағы суды тарату күшін жояды, екіншіден, тамыр бойындағы судың фильтрациялық кедергілерін төмендетеді, үшіншіден, сабақтарда қозғалатын судың кедергілерін азайтып, топырақта жеткілікті түрде ылғал болғанда ғана бұл істі жүзеге асырады. Бұл мәліметтерден түрлі дақылдардың тұқымы көктеуі , өсіп-дамуы үшін әр түрлі мөлшерде су керек екендігін көруге болады. Ал мұны білудің маңызы зор. Әр дақылдың суды пайдалануды тұқым көктеуден бастап кейінгі даму кезеңдерріне ғана суды пайдалану едәуір азаяды. Мұның негізгі себебі – күз айларындағы күннің салқындауы және өсімдіктердің вегетациялық өсуінің біршама бәсеңдеуі болып табылады. Өсімдіктердің суды пайдалану мөлшерін транспирациялық коэфициент арқылы білуге болады. Өсімдіктердің суды буландыруы – оның транспирациясы .
Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын өз бойына сіңіріп қатты қызады. Егер олар осылай ұзақ уақыт бойына қызатын болса, онда клеткалардың белоктар каогуля жасайды да, өсімдіктер тіршілік қабілетін жояды.
Бақылау сұрақтары:
Өсімдіктің қоректенуі.
Өсімдік тамырларының суды пайдалануы.
Өсімдіктердің ауа арқылы қоректенуі.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.1 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989.
1.2 Елешов.Р.,Бекмағамбетов.А. Агрохимия, 1989. Елюбаев.С, Е
1.3 Асанов Жуматай. Химиянын ауыл шаруашылыгындагы рөлі. Алматы 1977.лешов.Р. Система применения удобрений 1994.
1.4 Агрохимия. Ягодин.Б.А., Жуков.Ю.П., Кобзаренко.В.И 2004. Мир.
1.5Муравин.Э.А. Агрохимия 2004. КолосС